Материалдар / Қазақтардың ру-тайпалык құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтардың ру-тайпалык құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтардың ру-тайпалык құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары. Тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау; 1) Қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа», «жүз», «ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдаланады; 2) Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттарын атайды; 3)Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылымына баға береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2024
949
4 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Оқу сабағының жоспары

Қазақтардың ру-тайпалык құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары. 2 сағат

   Модуль /пән атауы: Қазақстан тарихы

    Педагог: Алтаева Фатима Жалаладиновна дайындады

  1. Жалпы мәліметтер

      Курс, топ І.

   Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Мақсаты, міндеттері:

  • Оқыту нәтижелері: Тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау;

  • Бағалау критерийі: 1) Қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа», «жүз», «ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдаланады;

2) Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттарын атайды;

3)Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылымына баға береді

  • Тарихи ойлау дағдылары: Тарихи талдау және түсіндіру

  • Тарихи концепт: Фокус: Маңыздылық

Қосымша: Дәлел, өзгеріс пен сабақтастық

  • Зерттеу сұрағы: Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылымының ерекшелігі неде?

      3. Қажетті ресурстар:

  • З.А. Джандосова Қазақстан тарихы 10 сынып. «Мектеп»2019

  • Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін бес томдық Алматы «Атамұра» 2010. 3 – том, 3-тарауға Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы. (XVIII ғасырдыың 30-40 жылдары)Бас ред. Қойгелдиев М. Қ.

  • Қазақ ұлт – азаттық қозғалысы. – Астана: Ел – шежіре. Т.4. Қазақ шежіресі, 2007

  • https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B5%D0%B6%D1%96%D1%80%D0%B5

* Қосымша элементтерді енгізу тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтай отырып және пәннің немесе модульдің ерекшеліктерін және білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып айқындалады.

      4. Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Мұғалімнің амандасуы

Журналға белгілеу.

5Т ережесі сақтау.

  • Тәртіп

  • Талап

  • Тыныштық

  • Тазалық

  • Татулық

  1. Білім алушыларды CASTLOTS арқылы аралас 3 топқа бірігеді.

http://castlots.org/razdelit-na-gruppy/

  • 1 топ: Төле би

  • 2- топ: Қазыбек би

  • 3-топ; Әйтеке би

3.Ұжымдық жұмыс.

БЫМ: «Тұлғаны таны» әдісі


863cc6360384fe33.jpeg (1120×549) (nur.kz)

Оқытушы студенттерге назарын сабаққа жоғырландыру үшін «Тұлғаны таны» әдісі арқылы миға шабу жасайды. Білім алушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.

(Саралау: Берілген сұрақтар блум таксономиясы бойынша жеңілден күрделіге қарай құрастырылған. Білу- түсіну деңгейіндегі сұрақтарға барлық студенттер жауап берсе, жоғары деңгейдегі күрделі сұрақтарға кейбір студенттер ғана жауап береді.

  • Суретте кімдерді көріп тұрмыз?

  • Олар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды?

  • Неліктен қазақ жері үш жүзге бірікті?

  • Көшпелілерде ру-тайпалық ұйым неліктен маңызды?
    Жүздердің құрылу факторларын атаңдар?

  • Қазақ қоғамындағы шежіре және туыстық пен туыстық қатынастар қағидасының маңызы туралы не білеміз?


4. Ұжымдық жұмыс: Оқу нәтижесі, бағалау критерийі, зерттеу сұрағымен таныстыру

Студенттер оқу нәтижесі, бағалау критерийі және зерттеу сұрақтарын оқушымен бірге талқылап, бүгінгі тақырып бойынша өз сұрақтарын қояды.

ҚБ: Ауызша кері байланыс

Сабақтың ортасы:

Жеке жұмыс.

«Глоссарий» әдісі: Төменде берілген терминдердің ішінен міндетті 5 ұғымның анықтамасын жазып, мағынасын түсіндіріңіз. Қалауыңыз бойынша барлық ұғымдарға жазуға болады.


Ұғымдар

Анықтамасы

Түсіндір

Шежіре


Ауызша тарихи дәстүр



Экзогамия


Ру тайпалық ұйым


Ұлыс


Жүз


Ру


Ру -тайпалық бірлестік



Этникалық аумақ



Этногенез



Ұлы жүз


Орта жүз


Кіші жүз



Кестені тотырып болғаннан соң білім алушылар өз отбасының шежіре ағашын толтырады.

Білім алушылар берілген ұғымның ішінен бесеуін таңдап алып, анықтамасын жазып, мағынасын түсіндіреді. Қалауы бойынша басқа да ұғымдардың анықтамасын жазады. Қарқыны жылдам, дағдысы жоғары білім алушылар барлық ұғымдарды сипаттап, мағынасын түсіндіреді. (қарқыны және қызығушылығы арқылы саралау)

ҚБ: Екі жұлдыз, бір ұсыныс

ЕББҚ 2 санаты бар гипербелсенді студент назары басқа жаққа ауып кетпеуі үшін, анықтамалардың барлығын жазу тапсырылады.


6. Оқушылар берілген дереккөзбен танысады. Талдау жасап, жұбымен бөліседі. Қосымшада берілген дереккөздер мен оқулықтағы ақпаратты пайдаланып, қалаулары бойынша төменде берілген ұғымдарың екеуін пайдаланып, қазақтардың этникалық құрылымына сипаттама береді. (Қарқын және қызығушылығы бойынша саралау)

ЕББҚ 2 санаты гипербелсенді оқушы егер де тапсырманы тез орындап қоятын болса, қосымша деректі ауызша түсіндіруге мүмкіндік беріледі.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін -өзі бағалайды.


Топтық жұмыс: «Фрейра моделі» әдісі

Бағалау критерийі: Қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа», «жүз», «ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдаланады

Тапсырма нұсқаулығы: Қосымшада берілген дереккөздер мен оқулықтағы ақпаратты пайдаланып, қалауыңыз бойынша төменде берілген ұғымдардың екеуін пайдаланып, қазақтардың этникалық құрылымына сипаттама беріңіз.

1.«Ру» ұғымын қолданып, қазақтардың этникалық құрылымын сипаттаңыз.




2.«Тайпа» ұғымын қолданып, қазақтардың этникалық құрылымын сипаттаңыз.




3. «Ата-жұрт» ұғымын қолданып, қазақтардың этникалық құрылымын сипаттаңыз.




4. «Атамекен» ұғымын қолданып, қазақтардың этникалық құрылымын сипаттаңыз.




Тапсырма нұсқаулығы: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттарын берілген цикл бойынша талдап шығамыз. Критерий бойынша постерге тұжырымдамалық органайзер құрастырамыз.

1 -топ: Ұлы жүз

2-топ: Орта жүз

3-топ; Кіші жүз

Тапсырма критерийі

  • территорияны анықтау;

  • территорияда бір немесе бірнеше этностардың өмір сүруі;

  • белгілі бір этностың пайда болуы туралы аңыз-дастандардың орын алуы;

  • этностың күшейе бастауы;

  • этностың шарықтау кезеңі;

  • этнос дамуының бәсеңдеуі;

  • тұрақтылық.

Топтық жұмыс:

  • «Зерттеу және талдау» әдісі

  • Бағалау критерийі: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттарын атайды

  • Өзгеріс пен сабақтастық концептісі

  • Оқытушы сөзі: Студенттерге кез-келген этностың қалыптасуы белгілі бір даму үдерісінен өтетіні, шарықтау және күйзеліс кезеңдерін бастан кешіретіні туралы түсінік қалыптастырамын. Оларға этностың өмірлік циклін қайталап өтіңіз және қазақ халқының қалыптасу үрдісін осы негізде талдауға тапсырма ұсынамын:

8. Жұптық жұмыс: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттарының белгілері қандай ?

  • Тапсырма нұсқаулығы: Қазақты «халық» болып қалыптасты деп қалайша дәлелдей аламыз? Төменде көрсетілген критерийлер негізінде әр пункт бойынша дәлел келтіріңіз.

Студенттер берілген критерийлер бойынша Қазақты «халық» болып қалыптасты деп қалайша дәлелдей аламыз?

сұрағына дәлел келтіреді

Қалыптасу шартының критерийі:

  • халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы;

  • халық мекендеген аумағының қалыптасуы;

  • өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;

  • халықтың тілінің қалыптасуы;

  • халықтың ортақ атауының қалыптасуы;

  • халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.

ҚБ: «Мадақтау сенгвичі» әдісі

Сабақтың аяғы: Рефлексия.

11. “ТРИ М” әдісі

Сабақ барысында жақсы орындаған үш нәрсені тізіп, келесі сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетті ұсыныңыз.



12. Үй тапсырмасы:

Барлығына міндеті. Оқулықтағы мәліметтерді оқып, негізгі идеялар, фактілер, тұлғалар, даталар, локализацияны анықтап, шағын концекті әзірлеу

Қалауы бойынша:

1.Ұлы жүз қазақтарының этногенезі жайлы (150 сөзден тұратын эссе, кросворд, 5 минуттық видеоролик, таныстырылым) әзірлеу;

2.Орта жүз қазақтарының этногенезі жайлы (150 сөзден тұратын эссе, кросворд, 5 минуттық видеоролик, таныстырылым) әзірлеу;

3.Кіші жүз қазақтарының этногенезі жайлы (150 сөзден тұратын эссе, кросворд, 5 минуттық видеоролик, таныстырылым) әзірлеу

























Қосымша №1

1 қосымша Қазақ қоғамындағы «ақсүйек» және «қарасүйек» ұғымдары

Дәстүрлі қазақ қоғамының қатаң иерархиялық құрылымы болды: ол ақсүйекке және қарасүйекке бөлінді. Шыңғыс ұрпақтары жоғары үстем топты – ақсүйекті құрады. Сұлтандар жүздер жүйесіне кірмеді, қоғамнан жоғары тұрды. Шыңғыс ұрпақтарының балалары сұлтан лауазымына ие болды, яғни өз құқықтары мен артықшылықтарға ие болды. Хандық таққа қатысты құқық Шыңғыс ұрпақтарында ғана сақталды.Олар халықтың таңдаулы тобы болып қалып, ешқандай міндеткерліктерді (әскериден басқа) алмады. Олар тән жазасынан құтқарылып, билер сотына тартылмады.Ақсүйекке – қожалар мен сейіттер де жатты. Шыңғыс ұрпақтары оларды Жошы мен Шағатай ұлысында ислам ресми дін болып танылған, ХІVғ. артықшылығы бар топ деп таныды.Сейіттер – Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары. Олар әулие болып есептеліп, өлім жазасына кесілмеді. Қожа –алғашқы араб басқыншылары мен араб миссионерлерінің (VІІІғ.)ұрпақтары. Қожалардың Шыңғыс ұрпақтары мен сейіттерден айырмашылығы – олардың ортақ шежіресі жоқ. Қожаларға күш жұмсауға рұқсат етілмеді. Олар сұлтандар мен сейіттер сияқты тұйық оқшауланған бекзаттық топты құрады. Халықтың барлық қалған бөлігі қарасүйек деп аталды. Бұл қазақ қоғамының негізгі және көп санды бөлігі. Қарасүйек өкілдерінде ақсүйекке қарағанда жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну сақталды. Қарасүйектің әр өкілінің қоғамдық жағдайы оның руы мен тайпасының артықшылық деңгейімен анықталды. Қарасүйек қауымының өз арасында бірнеше жоғары саналатын топ бөлінді. Бұлар билер мен батырлар болды. Би-әкімшілік және сот істерін атқарды. Батыр –жеке ерлігі немесе соғыста әскери іс- қимылдарды білгірлікпен басқарғаны үшін берілетін құрметті атақ. Мұндай атақты қоғамның шыққан тегіне қарамай кез-келген еркін мүшесі ала алды. Көшпелілерде сонымен қатар құлдар болды. Шығу көзі –тұтқын және құл саудасы.

Қазақ қоғамындағы «ақсүйек» және «қарасүйек» ұғымдары — ULAGAT

2 қосымша. Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйесінің тарихи бастаулары  Дала өркениетінің тарихында ғасырларға ұласқан оқиғалар мен өзгерістер болып отырған. Осындай жағдайда көне дәуірдің мұрасы ретінде қазақтар өзінің негізгі құндылықтарын сақтап қалды. Қазақ халқының тарихи  құндылығының бірі – әдеттік-құқықтық жүйе. Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін ХІХ ғасырға дейін сақтап келді. Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйе- сінің өміршеңдігінің  екі себебі болды. Алғашқысы – көшпелі өрке- ниеттің шаруашылық-тұрмыстық негізі, екіншісі дүниетанымдық құндылығын жоғалтпаған қоғамның сұранысы болды. Қазақтың әдеттік-құқықтық ескерткіші – көшпелі өркениеттің мәдени бай- лығы. Ол мыңжылдық тарихымен  және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен ерекшеленді.  Қазақтың құқық- тық жүйесінің тарихын зерттеу қазақ қоғамының өмір тіршілігін және мемлекеттің саяси билік, әлеу-меттік құрылымы маңындағы күрделі  мәселелерді анықтауға жол ашады.  Қандай құқық болса да  қоғамның талаптарына орай туындайды, бұл жағдай қазақ қоғамына қатысты күрделі мәселелерді қарастыруда әдеттік- құқықтық қатынастардың маңыздылығын көрсетеді. Көшпелі мемлекеттердің құқықтық қатынастарды реттеу әрекеті  түрлі тари- хи кезеңде өткенімен, оның қызметі және ішкі мәні жақын болды. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы, саяси билік формасы, құқықтық  мәдениетінің даму үдерісі ертеден бастау алады. Қазақ- стан территориясында көне дәуірде өмір сүрген  тайпалардың және табиғи-дәстүрлі кезеңдегі қоғамдық қатынастар мен құқықтық жүйесінің сипаты қазақ қоғамының өзіне тән құқықтық негіздерінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Қазақ құқығының тарихи бастауларын, ең алдымен дағдылы құқық немесе әдет-ғұрып нормалары құрайды. Екінші кезеңде - қазақ әдеттік-құқықтық қатынастарына ықпал жасаған шариғат заңдары. Үшінші - кезең қазақ даласында билік құрған жеке билеу- шілердің құқықтық заң ережелері, «хан жарлықтары». Төртінші кезеңді қалыптасқан дәстүрлі қазақ қоғамының заң шығармашы- лығымен айналысқан билер институты құрайды.  Қазақтың құқықтық жүйесін құрайтын дағдылы ережелер алғашқы адамзат қоғамының қалыптасуымен қатар жүрді. Қоғам- дық қатынастардың күрделенуі әдеттегі   нормалардың  құқықтық негізде  сипат алуына әсер етті. Алғашқы құқықтық қатынастардың пайда болуы  әлеуметтік үдерістің жемісі болды. Көшпелі қоғам жағдайында рулық қатынастардың үзілмей сақталуында, көшпелі мал шаруашылығындағы қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып құқы- ғы тиімді жол болып табылды. Қоғамдағы сұранысқа ие ереже- лердің қалыптасуы үшін оның ішкі саяси құрылыммен, шаруашы- лықпен және рухани мәдениетпен ұштасып жатуы қажет болды. Осы ережелер  қоғамның өз  ішінде пайда болып, оның іске асуын қадағалау нәтижесінде ру мүшелерінің міндеттері мен құқықтары қалыптасты. Құқықтық жүйенің пайда болуына әлеуметтік және табиғи орта барынша ықпал етті. Осыған орай әр қоғамның өзіне сай құқықтық тәртібі мен меншік құқығы енді. Көшпелі қоғамдағы рулық қатынастың беріктігі индивидтік құқықтың қалыптасуына тосқауыл болды. Қоғамдағы жеке индивидтің іс-әрекеті рулық құқық негізінде қарастырылды. Құқықтық қатынастардың күрде- ленуіне төтенше жағдайлар да әсер етті. Сыртқы жаудан қорғану мақсатында рудың әр мүшесі жауынгер болды, ал ерекше қабілеті бар ру мүшесіне басқару құқығы берілді. Бейбіт өмірде құқықтық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделді. Бұл құқық отбасы, шаруашылық, қылмыстық істерді қамтыды. Көптеген зерттеулерде халықтардың дәстүрлі құқықпен қатар халықаралық, сауда құқығының болуын ол халықтың мемлекеттік құрылыс деңгейіне көтерілгендігінің айғағы ретінде қарастырылады. Әдеттегі құқық индивидті рулық құқықтан тыс қарау мүмкін еместігін анықтайды. Сондықтан әдет-ғұрып құқығы негізінде азаматтық, қылмыстық, шаруашылық тағы басқа құқық жүйелері туындады. Әдеттегі құқық көшпелі қоғамдағы мемлекеттіліктің тетіктерінің қалыптасуына жағдай жасады. Қазақ құқығының тарихи бастауы болып табы- латын ру ішінде қалыптасқан әдеттік-құқық ғасырлар бойы мазмұнын өзгертіп, негізгі мәнін сақтап қалды.

http://e-history.kz/kz/scorm/course/148



Қазақ рулары


20-шы ғасырдың басындағы Қазақстандағы үш жүздің таралуы: қызылмен Ұлы жүз, қызғылт сарымен Орта жүз, жасылмен Кіші жүз көрсетілген

Қазақ рулары — қазақ халқының негізін құраушы ру-тайпалар. Бір атадан өрбіген туыстас адамдардың жиынтығы.

Ұлы жүзЖалайырлар (110 мың), Ошақты (20 мың), Дулаттар (250 мың), Суандар (30 мың), Албандар (81 мың), Қаңлылар (әдетте шанышқылымен қосып есептеледі) (50 мың), Сары үйсіндер (10 мың), Шапырашты (60 мың), Сіргелі (40 мың) және Ысты (45 мың). Шамамен XIX ғасырдың аяғында ұлы жүз халқы 700 мыңдай болса, 1989 – 2 милиондай болған. Дулат, Жалайыр және Суандарды ұлы жүздің саны көп рулары деп атауға болады.

Орта жүз: XIX ғасырдың аяғында 1 милион 300 мың болған, ал 1989 – 3.1 милион. Соның ішінде: Арғындар 510 мың, Наймандар 430 мың, Қыпшақтар 150 мың, Керейлер 110 мың, Уақтар 60 мың, Тарақты 10 мың және Қоңыраттар 45 мың. Орта жүздің ірі рулары деп Арғындар, Наймандар, Қыпшақтар және Керейлерді айтуға болады.

Кіші жүз: XIX ғасырдың аяғында 1 милион 100 мың адам болды. Кіші жүз үш бірлестіктен тұрады: Әліұлы, Байұлы және Жетіру. Соның ішінде Әлімұлы жалпы 350 мың, Әлімның рулары Шектілер 80 мың, Шөмекейлер 100 мың, Төртқара 60 мың, Кете 60 мың, Қаракесек 25 мың және Қарасақал 15 мың құрайды. Байұлының жалпы саны 550 мың. Байұлының ішінде: Адайлар 100 мың, Байбақтылар 40 мың, Беріштер 40 мың, Таздар 20 мың, Шеркештер 45 мың, Масқар 20 мың, Тана 25 мың, Қызылқұрт – 40 мың, Алтын – 30 мың, Жаппас – 50 мың, Ысық – 20 мың, Есентемір 20 мың, Алаша – 40 мың. Жетірудің жалпы саны 300 мың. Соның ішінде: Табын 80 мың, Жағалбайлы 70 мың, Керейт 33 мың, Тама – 45 мың, Телеу - 20 мың, Кердері 20 мың және Рамадан 5 мыңға жуық. 1989 жылы кіші жүз шамамен 1,4 милион адам болды. [1] Кіші жүздің ірі рулары деп Шөмекейлер мен Адайларды айтуға болады.

Саны 200 мыңнан асатын руларды қарасақ, жалпы қазақ халқындағы ең ірі рулар деп Арғын, Найман, Дулаттарды айтуға болады.

Қазақ рулары — Уикипедия (wikipedia.org)



ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖАЙЫНДА Қазақ жүздері ХV-ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз» атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулер оны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыс-тырады. Қайткен күнде де қазақ жүздерін «өзінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшектері» ретінде қарастырған жөн болар. Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты шығуы туралы да дәлелденген ортақ пікір жоқ. Н. И. Гродеков, Г. Н. Потанин және Н. А. Аристов сияқты зерттеушілер қазақ жүздерінің шығуы туралы кейбір халық арасына кеңінен тараған аңыз- әңгімелерді келтірумен ғана шектелген. Айталық, Н. Гродеков Алаштың Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен Ұлы, Орта және Кіші жүздердің арғы тектері болғандығы туралы аңызды келтіреді; М. Шорманов шежіресінің негізінде Г. Н. Потанин, қазақ халқының арғы тегі Қотанның Юсун, Ақжол және Алшын атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы екінші аңызды келтіреді; Диқанбай батыр шежіресінің негізінде Н. Аристов қазақ халқының арғы тегі Әбілқайырдың Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы, осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы үшінші аңызды келтіреді; біздің ел арасынан жинаған деректеріміз үш түрлі аңызға негізделген болжамдар туғызып отыр. Бірінші болжам бойынша Қазақтың (Алаштың) Ақарыс, Жанарыс және Бекарыс атты үш ұлы болған; екінші болжам бойынша Қазақтан (Алаштан) Ақшора, Жаншора және Бекшора туады, үшінші болжам бойынша Қарамендеден Байшора, Жаншора және Қарашора туады да, олардан сол ретімен қазақтың үш жүзі бастау алады. Әрине, мұның бәрі тек аңыз ғана, өйткені әр түрлі атпен қазақтың әр жүзіне жеке-дара оның түп атасын, яғни тегін табу ешбір шындыққа үйлеспейтіндігі ғылым тарапынан әлдеқашан дәлелденген жайт. Шығыстанушы ғалым В. В. Вельяминов-Зернов қазақ жүздерінің Хақназар ханның тұсында (XVI ғ.) қалыптасқандығы туралы халық аңыздары негізінде жүздердің XVII ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде пайда болғандығын баяндайды. Ресей бас штабының офицері М. Красовский қазақ жүздеріпің қалыптасуын Қасым, Хақназар және Шығай сияқты қазақ хандарының заманындағы (XVI ғ.) олардың бір-бірінен алшаң орналасқан қоныстары қазақ жүздерінің шығуына негіз болғандығын дәлелдейді. X. М. Әділгереев пен С. А. Аманжолов сияқты қазақ ғалымдары қазақ жүздерінің қалыптасуын монғол шабуылына дейінгі заманға, яғни б. з. VII-XI ғасырлардағы Батыс түрік қағанаты дәуіріне апарып тірейді. Қазақ жүздерінің қалыптасу себептері жайында тарихи шындыққа недәуір жақын келетін ой-пікірді академик В. В. Бартольд айта келіп, табиғи және климаттық жағдайына қарай бір-бірінен ерекшеленген үш аймақта (Жетісу, Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталың Қазақстан және Батыс Қазақстан), қазақ жүздері мен қазақ хандығының қалыптасқандығын баян еткен. Академик В. В. Бартольдтың бұл пікірін қолдай отырып, профессор М. П. Вяткин географиялық орта әсеріне қоса, ол аймақтардың экономикалық және саяси жағынан ерекшелене түсуі сол өңірлерде үш бірдей қазақ жүздерінің қалыптасуына негіз болғандығын дәлелдей түскен. Бес томдық Қазақ ССР тарихының авторлары да көптеген этносаяси және кәсіби факторлардың әсерімен XV-XVI ғасырларда Қазақстан жерінде үш этноаумақтық бірлестік Ұлы, Орта және Кіші жүздер қалыптасқандығын атап көрсеткен. XV ғасырдың 60- жылдарында Жетісудың батысында қазақ хандығы құрылды. Ол бұдан кейінгі жылдарда өз аумағын үздіксіз кеңейте берудің нәтижесінде Батыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның кең-байтақ атырабында мекендейтін көптеген түркі, түркіленген монғол және т. б. тайпалар мен руларды бағындырып, оларға өз үкімін жүргізді. Нәтижесінде осы кең өлкеде қазақ халқы қалыптасты. Оның құрамына негізінен Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер қоластында болған жергілікті тайпалар енді. XV-XVI ғасырларда оның құрамына Көк және Ақ ордалар ыдырауынан кейін қалыптасқан Өзбек хандығы, Ноғай ордасы, Моғолстан және т. б. мемлекеттер енді. Хандықтың және біртұтас халықтың қалыптасуы көшпөлі қоғамда ру-тайпалық жікшілдікті, феодалдық бытыраңқылықты жоя алмады. Қазақ халқыпың қалыптасуымен бірге, үш жүзге бөліну шырғалаңы басталды. Бұл, әрине, жүздеген жылдарға созылған бұралаңы мол, өте ауыр да ұзақ даму кезеңі болды. Сөйтіп, Қазақстан жерінде жүздердің құрылуы ондағы бір-бірінен оқшауланған үш табиғи географиялық және шаруашылық аймақта (Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан) саяси тұтастықтың әлсіздігіне байланысты еді. Жетісудағы Моғолстан мемлекетінің атырабында Ұлы Жүз бірлестігі; Орталық, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда Орта жүз бірлестігі; Батыс Қазақстандағы Ноғай ордасы атырабында Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестіктердің арасында қарым-қатынас бір сәт үзілген емес, бірақ геополитикалық талқыға түскен елде саяси бірлік әлсірей берді, әр жүзде феодалдық ыдырау күшейе түсті. Жеке хандықтар, сұлтандар иеліктері XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Жоңғар шабуылына төтеп бере алмай, олар тез арада Ташкент, Түркістан қалаларына дейін басып алды. Мұның өзі қазақ жүздерінің саяси әлсіздігін көрсетті. Қазақ халқының құрамына енген көне тайпалардың тарихы тек қазақтың ғана емес, сонымен бірге басқа да көптеген Орта Азия және Еділ бойы халықтарының шығу тегін зерттеуде де маңызды. Жетісу өңірінде ежелгі үйсіндердің маңайына басқа тайпалардың топтасуы қазақ халқының қалыптасуынан көп бұрын болған. Мұндай бірігудің кәсіби себептерімен бірге сыртқы жаудан қорғану мақсаты да болғанға ұқсайды. Сөйтіп, күндердің күнінде Моғолстан құрамындағы бір топ тайпаларының тіл табысып шығысуының нәтижесінде олардың арасында пайда болған бірлік, ортақ мәдени дәстүр Ұлы жүз бірлестігін қалыптастырды. Ұлы жүз құрамына енген тайпаларды халық «Ұлы жүз үйсін» атандырған. Бұны кейбір архив, әдеби және ел арасынан өзіміз жинаған деректер де дәлелдей түседі. Ұлы жүз құрамына жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шапышқылы және қаңлы тайпалары енеді. Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған Тәуке ханның заманында (1680-1718) Ұлы жүздің тікелей билеушісі Төле би болды. Тәуке хан, одан соң Болат хан өлгеннен кейін, әр жүзде хандықтар пайда болған кезде Ұлы жүзге Жолбарыс хан сайланды да, ол Ресеймен жақындасу амалын іздестірді. Бірақ, Жолбарыс хан 1739 жылы бәсекелестер қолынан қаза тауып, елді оның мұрагерлері басқарған. XVIII ғасырдың 40-жылдарында Ұлы жүз тайпаларының кейбір бөлігі Ресейге бодан болды. Бірақ бұл өңірдің Ресейден тым шеткері орталасуының нәтижесінде патша өкіметінің әмірі Ұлы жүз еліне шын мәнінде XIX ғасырдың ортасына дейін жүре қоймады. Ұлы жүз жұртшылығы сап рет шетел басқыншыларының шабуылына душар болды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар шабуылының зардабын шекті. XIX ғасырдың басында Ұлы жүз мекенінің недәуір бөлігі Қоқан хандығының өктемдігін мойындауға мәжбүр болса, осы ғасырдың ортасында Ресей патшалығына бодандыққа еріксіз мойынсынды. 1848 жылы патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін Батыс-Сібір генерал- губернаторының құрамында Үлкен орда приставствосын (басқармасын) құрды. XIX ғасырдың 70-жылдарында Түркістан генерал-губернаторының құрылуына байланысты, оның құрамында Жетісу және Сырдария облыстары құрылды да, олар уездерге, облыстарға және ауылдарға бөлінді. Ұлы жүз қазақтарын патшалы Ресей тарапынан осылайша басқару жүйесі Қазан төңкерісінің жеңісіне дейін созылды. XIX ғасырдың соңымен XX ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген. Қазақ хандығы мен жүздерінің қалыптасуынан көп жыл бұрын, сонау Алтайдан Дунайға дейінгі атырапта Қыпшақ тайпалық одағы өмір сүрді. Олар көптеген қазақ тайпаларының этникалық құрамына енді. Уақыт өте келе Шығыс және Орталық Қазақстан жерінде Орта жүз бірлестігі қа-лыптасты. Олардың тікелей түп төркіні Көк орда мен көшпелі өзбек мемлекетінің құрамындағы тайпалар еді. Оның ішінде әсіресе, Орта жүз бірлестігін қалыптастырудағы Арғын тайпасының ықпалы мен орны өзгеше болатын. Сондықтан да халық Орта жүз қазақтарын «Орта жүз арғын» атандырған. Оның құрамына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ және қоңырат тайпалары енеді. Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы Сырдарияның орта ағысында, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлерінде, Қаратаудың терістік беткейінде, Балқаш көлінің солтүстігінде болатып да, жазда Тобыл, Есіл, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендерінің бойлары мен Сарыарқа өңірін жайлайтын. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан бастап, оның мекен-жайының аумағы біртіндеп кеңейе түсті. XVII ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын мекендеген еді. XVI-XVII ғасырларда Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың қоластындағы кең өңірде негізінен Орта жүз қазақтары мекендеді. XVIII ғасырдың басында Орта жүз жерінде Сәмеке және Күшік хандардың дербес хандықтары; Барақ және Әбілмәмбет төрелердің дербес иеліктері жеке-дара өмір сүрді. Мұндай феодалдық бытыраңқылық қазақ жерінің айтарлықтай бөлімін XVIII ғасырдың басында Жоңғар мемлекетінің жаулап алуына мүмкіндік туғызды. Айталық, наймандар мен керейлерді Алтайдан, Ертіс бойы мен Тарбағатай өңірінен; арғындарды Орталық және Оңтүстік Қазақстанның шығысынан Орталық Қазақстанның Солтүстік-батысы мен Оңтүстік өңіріне ығысуға мәжбүр етті. Бірақ Орта жүз жұртшылығы Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Оның басында Абылай хан, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Қаракерей Қабанбай батыр, Шақшақ ұлы Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Сүйіндік, Бұқар жырау, Олжабай батырлар тұрды. Ұлы жүз тайпаларының мекен-жайы түгелдей Жоңғарлар билеуіне көшті де, Төле би Ташкентте отырып, Жоңғар хандығына бағынышты жағдайда салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Ал, Кіші жүз елі солтүстіктен казактар, башқұрттар, батыстап Еділ бойы қалмақтарының толассыз шабуылының нәтижесінде Әбілқайыр ханның басшылығымен Ресейге арқа сүйеуге мәжбүр болды. Сөйтіп, олардың Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда жоңғарға қарсы жүргізілген шайқастардан тыс қалғандары да шындық. Тіпті, Жоңғар мемлекетінің күйреуі кезінде Шығыс Түркістан шегінен өтіп жауға ойран салған да Бөгенбай, Қабанбай батырлардың айбынды қолдары болатын. XVIII ғасырдың екінші жартысында, Жоңғар хандығының күйреуінен кейін Орта жүз тайпалары өздерінің атамекеніне оралды. XVIII ғасырдың соңына қарай олар Ырғыз, Торғай өзендеріне, Ресей шекарасынан Сырдарияның ортаңғы ағысына дейінгі аралықты алып жатты. XVIII ғасырдың 40-жылдарында Орта жүз Ресей патшалығына бодандыққа түсуге мәжбүр болды. Жоңғар хандығы мүлде күйреген соң, Абылай сұлтан Орта жүз қазақтарын жеке хандыққа біріктіріп, 1771 жылы үш жүзге хан сайланды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдыц басында Орта жүз жұртшылығы біршама өсіп, олардың мекен-жайы да кеңейе түсті. Нәтижесінде 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық қалыптасып, Бөкей хан сайланды. 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін патша үкіметі Орта жүздегі хандықтарды жойып, олардың орнына 1824-1859 жылдар аралығында Қарқаралы, Көкшетау, Аякөз, Ақмола, Аманқарағай, Баянауыл. Үшбұлақ, Көкпекті, Құсмұрын және Атбасар сияқты он сыртқы дуандарды құрып, оларды дуанбасы төрелер басқаратын етті. Дуан 1520 болыстан, әр болыс 1012 ауылдан тұратын. Мұндай әкімшілік жүйесі XIX ғасырдың 60 жылдарына дейін өмір сүрді. Патшалы Ресей тарапынан қазақ хандығын жою халықтың мемлекеттігін, өз алдына елдігін жою әрекеттері отарлау саясатының негізгі мақсаты болғандығы даусыз. Сондықтан қазақ мемлекеттігі үшін күрес толастамады. Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы 1837-1847 жылдар арасында азаттық үшін күрес жүргізді. Кенесары қазақ халқының соңғы ханы болды. Оны халық ақ киізге отырғызып хан көтерді. 1847 жылы патша генералдары астыртын айдап салған Алатау қырғыздарының қолынан қаза тапты. Осы тұста азаттық қозғалыс туыс халықтың қан төгісіне ұласқанын да айту керек. 1868 жылы саяси реформа бойынша Қазақстан жері облыстарға, уездерге, болыстарға және ауылдарға бөлінді. Қазан революциясына дейін Орта жүз жұртшылығы негізінен Торғай, Ақмола, Семей және жартылай Жетісу, Сырдария облыстарында мекендеген. Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде Маңғыт немесе Ноғайлы тайпалар одағы қалыптасқанды. Бұл одақтың құрылуына ішкі себептермен қоса, сыртқы дұшпаннан қорғану мақсаты да әсер еткен болар. XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында, мүмкін сәл кешіректе шығар, Ноғай Ордасынан бөлінген қазақ тайпаларының, яғни Алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Сондықтан да Кіші жүз қазақтарын ел арасында «Кіші жүз Алшын» атандырған. Оның құрамына 12 ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш); Жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан); 6 ата Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, тортқара, кете, шөмекей, шекті) енеді. Байұлы рулары XVIII ғасырда негізінен Кіші жүз жерінің оңтүстік-батысын, яғни Жайық өзенінің төменгі ағысы мен Жем бойын, Сам құмы мен Маңғыстау түбегінде мекендейтін; Жетірудың көпшілігі Қазақстанның солтүстік-батысын, яғни Жайық өзенінің орта ағысын, Қобда, Елек және Ор өзендерінің бойын және Мұғалжар тауларының қойнауларын мекендейтін; Әлімұлы ұрпағы Батыс Қазақстанның кең-байтақ шығыс өңірін, яғни Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында, Шалқар көлінің төңірегінде, Кіші және Үлкен Борсық құмдары мен Қарақұм атырабында Портал KETPE

https://ketpe.com/zhuzderdin-qalyptasuy/



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!