Материалдар / Қазақтың болашағы – қазақ тілінде.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың болашағы – қазақ тілінде.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдің ұлттық болашағы үшін маңыздылығын түсіну
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
479
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақтың болашағы – қазақ тілінде.

Бүгінгі пікірталасты жоспарламас бұрын алдыма мынадай мақсат қойдым:

  1. Осы тақырып бойынша оқушының ойын оятып, пікірін айтқызуға қандай мүмкіндіктер жасау керек?

  2. Пікірталастың маңыздылығы не болмақ?

  3. Әдістер таңдау арқылы ой қозғап, пікір айтуға бағыттауды көздедім.

Мағынаны тану.

Өздігінше ізденіп ақпараттарға жауап іздейді, тілді дамыту туралы өз  бағытын баяндайды.

Топта жұмыс істеу.

Тілдің ұлттық болашағы үшін маңыздылығын түсіну. Пікір айту. Жаңа ойлар айту. Сұраққа жауап іздейді, тұжырымға келеді. Ойларын көпшілікке  ұсынады. Өзін-өзі тануға талпыну.

Стратегиялар. Оқушыларды топтастыру. Оқушыларға тіл парызынан мағлұмат беру. Пікірталасқа тарту. Пікірталас барысында өз пікіріне сенімді жауап беру қабілетіне ерекше назар аударылады.


Мақсаты: Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту... Ұлтшыл емес, ұлттық сана- сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.


Б А Р Ы С Ы

І. Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіз қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын.


ІІ.Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.«Адамға екі нәрсе тірек тегі,Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 26 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойнымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.
Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл бағы,- дегендей, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған "Қазақ тілін білу- Қазақстандық патриотизмнің белгісі"» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтарымен таныстырып өтемін.


ІІІ. Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту...Бүгінгі жас ұрпақ- мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы- туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты- ұлтшыл емес, ұлттық сана- сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
 


ІҮ. Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
2. Мемлекеттік тілдің қадір-қасиеті қандай?
2. Қазақ тілінің қазіргі құқықтық аспектілері қандай?
3. Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?


Y. Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.

Жауаптарыңызға рахмет! Дағыстандық ақын Расул Гамзатов «Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім- сенсің. Мен сені мақтан етемін»,- деген екен. Олай болса, тіл жанашырлары , бүгінгі ана тіліңіздің тағдырына ризасыз ба?


YІ. Оқушылардың пікірлері тыңдалып біткен соң, сұрақтар қойылады:

 1.Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы)

2. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма? (Мұхтар Әуезов «Абай жолы»)

3. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)

4. Қазақстанда екі адам атымен аталатын қандай темір кен орны бар? (Соколов-Сарыбай)

5. Президент жарлығымен Семей полигоны қай жылы жабылды? (1991 жылы, 29 тамыз)

6. Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)

8. Қазақстанды Тәуелсіз деп таныған ең алғашқы ел? (Түркия)

9. Бес арыс кімдер? (Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев)

10.Қазақ халқының үш ағартушы-демократтары? (Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)


Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,

Қазақ болып өлген жақсы түбінде – деген ақын сөзінен қуат ала отырып, бүгінгі әңгімемізге арқау болған тіл мәселесі жөніндегі ойларымызды бір арнаға қорытындылайық. Жақсы сөзді жанына азық етіп, қазақ халқы жүйелі сөзге тоқтап, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен тең көрді. Тіл өнерін қадірлеп, құрметтеді. Тіл – халықтың тарихы.  Ана тілін қамқорлыққа алу баршамыздың қоғам алдындағы қасиетті парызымыз! Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін.

YII. Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім-тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер- сол ана тілің. Ана тілінің бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу- саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол- туған жерді, отанды, атамекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой-пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!