400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың дастарқаны

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология» бөлімі Қазақтар асты «дәм» деп атайды. Халық арасында біреуді еске алғанда «дәмдес болып едік», «үйінен дәм татып едік» деп, ренжігенде, өкпелегенде «дәм тұзым атсын», «дәм тұзыма салдым» деген сөздердің ұлт тұрмысы мен өмір жолында, таным-түсінігінде, наным-сенімінде өзіндік дара орны бар. Өйткені әр қазақ өздерінің жақын-жуығы мен ілік-жекжаттарына ғана емес, ел сыйлаған белгілі, құрметті азаматтарына, қадірлі ақсақалдарына, ана-әжелеріне өз үйінен дәм татыруды үлкен мұрат, елдік, адамдық парыз деп санаған және ол жолдан күні бүгінге дейін тайған жоқ. Тек таныстар емес кез келген жолаушы, үйге келген бейтаныс кісіге де дәм татырмай жібермеген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы

№1 гимназиясы» КММ

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

«Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология»

Педагогтің аты-жөні:

Мұсабекова М.Д.

Пәні:

қазақ тілі

Күні:

02.03.2022ж.

Сынып: 6 «Ә»

Қатысушылар саны: 29

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың дастарқаны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Үстеудің мағыналық түрлерін өзара ажырата алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Үстеулерді қатыстырып, сөз тіркестерін түрлендіріп, қолдана алады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Үстеудің мағыналық түрлерінің синонимдік қатарларын құрай алады;

Бағалау критерийі:

  • Үстеудің мағыналық түрлерін өзара ажыратады.

  • Үстеулерді қатыстырып, сөз тіркестерін түрлендіріп, қолданады.

  • Үстеудің мағыналық түрлерінің синонимдік қатарларын құрайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Басы













































































Орта-сы













































Соңы

Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал туғызу.


Тыңдалым. Мәтінмен жұмыс.

Дәм татыру

Қазақтар асты «дәм» деп атайды. Халық арасында біреуді еске алғанда «дәмдес болып едік», «үйінен дәм татып едік» деп, ренжігенде, өкпелегенде «дәм тұзым атсын», «дәм тұзыма салдым» деген сөздердің ұлт тұрмысы мен өмір жолында, таным-түсінігінде, наным-сенімінде өзіндік дара орны бар. Өйткені әр қазақ өздерінің жақын-жуығы мен ілік-жекжаттарына ғана емес, ел сыйлаған белгілі, құрметті азаматтарына, қадірлі ақсақалдарына, ана-әжелеріне өз үйінен дәм татыруды үлкен мұрат, елдік, адамдық парыз деп санаған және ол жолдан күні бүгінге дейін тайған жоқ. Тек таныстар емес кез келген жолаушы, үйге келген бейтаныс кісіге де дәм татырмай жібермеген. Себебі, ұлт ұғымында дәмде, аста, тамақта, кие, қадір- қасиет,ырыс,береке, тірлік бар деген терең түсінік тым ертеден-ақ қалыптасқан. Дәм татырудың қоғамдық, әлеуметтік, елдік істерде қызметі өте зор болған. Ең алдымен, әдейі шақырып дастарқаннан дәм татыру- ата салт, қазақи тәртіп әрі жол-жоралғы, әдеп. Екіншіден ол сыйлаудың, аса құрметтеудің, жақсы көңілдің айғағы. Үшіншіден қай жерде де, қай күнде сыйласа, қорған, қамқор, тілектес бола жүрудің кілті. Дәмдес болған адамдар бір-біріне ел дәстүрі бойынша қиянат жасамайды, жоғалғанын іздеседі, табысына қуанады. Қуаныш, қайғысына да да ортақтас болады. Бұл ғасырлар бойы санаға сіңген салиқалы салт, бұлжымас әдет. Демек дәм таттыру, дәм тату – таза адамгершілік, достық, бірлік белгісі және куәсі. Бұл жақсы үрдіс халықпен бірге жасайды.

Топтық жұмыс

І топ

1-тапсырма.Мәтіннен құрамында үстеулері бар сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар, синонимдік қатарын табыңдар.
Дескриптор:
- мәтіннен құрамында үстеуі бар сөйлемдерді көшіріп жазады;
- үстеулердің мағыналық түрлеріне қарай ажыратады;
-синонимдік қатарын анықтайды;


ІІ топ

2-тапсырма
Берілген сөзжұмбақты шешеді, жасырын тұрған негізгі сөзге анықтама береді;

Дескриптор:
-Сөзжұмбақты дұрыс шешеді;
-жасырын тұрған негізгі сөзге анықтама береді;

3-тапсырма

III топ

Сәйкестендіру тесті.
Берілген үстеулерді мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіреді.
Берілген үстеулер: бүгін, ертең, бүрсігүні, жоғары, төмен, әдейі, жорта, қасақана, бірен-саран, біраз, қыруар.

Дескриптор:
- Үстеулерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратып, дұрыс сәйкестендіреді;

Жазылым. 4-тапсырма.

«Ойлан да бөліс әдісі»

Үстеулерге мысалдар жазып, синонимін табады, сөйлем құрайды.


Үстеулер

Синоним

Мысалы














Дескриптор:

- Үстеулерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратып, синонимін табады;

-берілген үстеулермен сөйлем құрастырады.


5-тапсырма. «Артығын алып таста» әдісі арқылы қазақтың салтына сәйкес келетін мақал-мәтелдерді теріп жаз.

6-тапсырма.

Дескриптор:

- «Сыбаға» ұғымына түсінік береді;

- «Ерулік» ұғымына түсінік береді;



Бағалау. «Жетістік баспалдағы» әдісі

Үй тапсырмасы: Дастарқанға берілетін бата түрлерін жазып, жаттап келу.



Рефлексия «ПОПС формуласы» әдісі

Мұғалімнің тиімді кері байланысы.







Балалар мұғалім сөзін

мұқият тыңдайды







Балалар мәтінді мұқият тыңдайды



































Оқушылар мәтіннен үстеулері бар сөйлемдер-ді көшіріп жазып, мағыналық түрлерін анықтайды, синонимдік қатарын жазып шығады.







Оқушылар сөзжұмбақ-ты дұрыс шешеді, жасырын тұрған негізгі сөзге анықтама береді.




Оқушылар

үстеулерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратып, дұрыс сәйкестендіреді



Оқушылар берілген үстеулерге сөйлем құрап, синонимін табады











Оқушылар қазақ салтына сай мақал-мәтелдерді теріп жазады.



Оқушылар «сыбаға», «ерулік» ұғымына түсінік береді.













Оқушылар «ПОПС формуласына» бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, өз ойларымен бөліседі.





Мұғалім-нің ауызша кері байланы-сы







Мұғалім-нің ауызша кері байланы-сы































«Бес бармақ» әдісі





















«Бес бармақ» әдісі







«Бес бармақ» әдісі









«Шапа- лақ» әдісі









Мұғалім-нің ауызша кері байланы-сы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 наурыз
438
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі