400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың киелі қара домбырасы /сыныптан тыс жұмыс/

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық қолөнері-дүние жүзінің әр халқына тән. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына қазақ халқының көшпелі өмірі көп әсерін тигізді. Төрт түлік малдың етін, терісін, жүнін тіршілік қажетіне жұмсай білген халқымыз бір емес бірнеше ғылым саласын іс жүзінде игерген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақтың киелі қара домбырасы


1-жүргізуші. Халық қолөнері-дүние жүзінің әр халқына тән. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына қазақ халқының көшпелі өмірі көп әсерін тигізді. Төрт түлік малдың етін, терісін, жүнін тіршілік қажетіне жұмсай білген халқымыз бір емес бірнеше ғылым саласын іс жүзінде игерген. Уа - білімсіз-аң ата-бабамыз әр түрлі шикізаттарды пайдаланып, өру, тоқу, тігу, мүсіндеу, бейнелеу арқылы әдемі нақыштармен әшекейленген қолөнер туындыларын ұрпақтан-ұрпаққа жетілдіріп жеткізіп отырған. Қазақ халқының қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар мал өсіруге, егіншілікке, аң аулауға қажетті құрал-жабдықтар кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже,сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, арқан-жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп өрнек өріп, адалбақан, асадал, бесік тағы басқа бұйымдарды халық шеберлері өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеген. Қазақ халқы «Қарыс қазы балықта, қалың қазына-халықта»-деген мақалы осы өнердің молшылығынан туған еді.

«Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра

Қазақ нағыз қазақ емес

Нағыз қазақ- домбыра»-деп ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай, бүгін біз ең ежелгі, ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспап-домбыра туралы сіздерді таныстырамыз.

2-жүргізуші. «Баяғыда бір байдың қызы болыпты. Қыз бір кедей жігітіне ғашық болады. Оны сезіп қойған қыздың әкесі жігіттті өлтіруге бұйрық береді. Қыз кедей жігіттен жүкті болып, егіз бала табады. Әкесі дүниеге келген екі баланы орманға апарып, біреуін батысқа қаратып, біреуін күншығысқа қаратып шырылдатып байлап кетеді.Бірнеше ай өткеннен соң қыз өзінің үйінен қашып кетеді. Өзінің балаларын іздейді. Келе жатып, баланың жылаған дауысы естілген сияқты болады. Сол дыбыс шыққан жаққа барса, бір талдың басында екі шек салбырап тұрады. Ол өзінің балаларының шегі екеніне көзі жетеді. Ағаштың ойылған жерінде, екі шек бір-біріне келіп түйісіп, дыбыс шығарып тұрған екен. Қыз жаңағы салбырап тұрған шекті тартып отырып, өзінің мұның, зарын жеткізеді. Домбыра осылай пайда болған деседі.»

1-жүргізуші. Домбыра-асқақтата ән салып, күмбірлете күй тартқан өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үні жаққан, жалғызындай аялап, қақ төріне ілетін ең қымбат, ең сүйікті, ең киелі музыкалық аспап болып табылады.

Мойын бас пен шанақ, қақпақ желімделіп бекітілетін және мойынбет жапсырылатын бөлшек. Қатты тартылған ішектің қысымына төтеп беретін ең жауапты бөлшек болғандықтан бұл да қатты ағаштардан жасалады.

Шанақ ішектен шыққан дыбысты қайта жаңғырту қызметін атқарады. Шанақ тұтас ағаштан шауып та жасалады. Ал фабрика шеберханаларында бірнеше шанақшадан құрастырылады.

Шанақша. Мұның бір ұшы түйметұғырға, ал 2-ші ұшы мойынтұғырға желімделеді. Шанақшалар арнайы қалаптың көмегімен құрастырылады. Бұған дейін олар ыстық пештің немесе электр плитканың табына қыздыру арқылы иіледі. Қажетті пішінге келтіріле иілген шанақшалар алма-кезек жапсырылады.

Түйметұғыр шанақшалар мен қақпақтың төменгі ұшын және түймені ұстап тұру қызметін орындайды.

Қақпақ – ішектің тербелесінтиек арқылы қабылдап, барлық жиеліктегі дыбысты күшейту және оған белгілі бір бояу (тембр) беру қызметін орындайды.

Қысқсыш бір-біріне желімделген қақпақшаларды, қақпаққа жапсырылған кергілерді т.б. қатты қысып қоюға арналған қарапайым құрал.

2-жүргізуші. Бетқақпақта дыбыс ойығы немесе үндітесік деп аталады.Үндітесік бетқақпақ пен шанақ ішіндегі домбыра дыбысын еркін шығару қызметін атқарады.Домбыра ішегі. Ертеде шеберлер ешкі ішегі шиырын, домбыра ішектеріне пайдаланған. Қазіргі кезде пластмассадан жасалған ішектер пайдаланылады.

Домбыраның «Ән» және «күй» домбыралары, «Кең шанақты», «Қос ішекті», «Қуыс мойын», «Кіші ішекті», «Балдырған», «Торсық», «Тұмар», «Аша» деп аталатын түрлерін Ықылас атындағы саз аспаптары мұражайында көруге болады.

1-жүргізуші.

Елдің жырын жырлаған

Қайғысын да толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған.

2-жүргізуші.

Құрманғазы, Тәттімбет

Домбырамен сайраған

Жүрекке от жақсын деп

Елге күйін арнаған.

1-жүргізуші.

Абай, Жамбыл, сал Біржан

Таңқалдырып ән салған

Жүрегіңді жандырған

Естіген жан тамсанған.

2-жүргізуші..

Домбырамен сөйлеген

Махабаты халқының

Жігер беріп күй деген

Шақырады алтын күн.

1-жүргізуші

Көне ықылым заманнан

Киелі аспап саналған

Құрманғазыменен бірге

Түрмегеде қамалған

2-жүргізуші.

Халқы барда тозбаған

Қайғы шерді қозғаған

Аққу сынды сұңқылдап

Боз інген боп боздаған.

1-жүргізуші

Сарқылғанда тойда өлең

Сырлы күйге жол берем

Хан алдында қаһарлы

Тілден бұрын сөйлеген

2-жүргізуші.

Басып дұшпан желігін

Жырла, көтер ел үшін

Қара шанақ домбырам

Күмбірлей бер, серігім.

1-жүргізуші

Ақын қазақ азаптың,

Бәрін бастан кешіпті

Іздейін деп азаттық

Тауын тастап көшіпті

2-жүргізуші.

Бәрін тастап осы күн

Жеткен ұлы мұратқа

Домбыра мен бесігін

Тастамапты бірақ-та.

1-жүргізуші Домбыра және әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын аспап . Күй өнері-қоңыр шанақ, 19 пернені бойлай тартылған, қос ішектен тарайтын жан дүниеңді босатып, рухтандыратын тамаша өнер.

2-жүргізуші.

Күй сені тәтті көрем жаным сүйіп

Тыңдаймын тыным алмай жаным күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музыканың әміріне басымды иіп

1-жүргізуші

Абайың ескі күйдің бәрін жиып

Жандырған ой-қиялды қалың күйін

Шерттіріп құмарларың домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиын

2-жүргізуші Арланның орындауында күй «Абай»



Башахов Болат Орынғазыұлы

ШҚО Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылы

«Өкпеті» орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі

Қатысатын категориясы: технология





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.12.2020
597
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі