Қазақтың көне музыка аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың көне музыка аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныпқа арналған Қазақтың көне музыка аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев тақырыбындағы Презентация музыка пән мұғалімдеріне арналған материял
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

22 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ







Ашық сабақ

(3б сынып)


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көне музыка аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев















Музыка пән мұғалімі: Өндірқан Амангүл







Семей қаласы 2016


Қазақтың көне аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев.


мақсаты: балаларды қазақтың ұлттық аспаптар жайлы мағлұмат бере отырып, аспаптық музыкаға және ән өнерге деген қызығушылығын ояту;
Білімділік мәні : Музыкатанушы, өнертану кандидаты Болат Сарыбаевтың шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан –ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.

Көрнектілігі: суреттер, аспаптар, салайд.






















Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Болат сарыбаевппен таныстыру

б) қазақ музыка аспаптарымен таныстыру

3. Тақырыпқа байланысты кескін көру

4. Халық күйі Кеңес тыңдау

5. Музыкалық жаттығу жасау

6. музыкалық аспаптармен таныстыру

7. сабақты қорытындылау

8. Үй тапсырмасын беру

9. сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау

10. оқушылармен қоштасу



























Сабақтың барысы:
Салемдесу , Мұғалімнің кіріспесі, сабаққа дайындықтарын тексеру

Жаңа сабақты түсіндіру.
"Қазақтың музыкалық аспаптары"
Домбыраны қазақтар «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра », деп аса құрметтесе.ал, Қорқытты өлімнен құтқарған аспап қобыз аспабы болатын. Міне, бұл аспаптар ұлт аспаптар оркестрінің құрамына кіреді.
Осындай ұлттық музыка аспаптарды жинап, зерттеп білген Болат Сарыбаев.


Жаңа тақырып:

Сарыбаев Болат Шамғалиұлы (1927-1984) Музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. 1964 жылдан қазақтың көне музыкалық аспаптарын (сыбызғы, сазсырнай, жетіген, үскірік, шертер, шаңқобыз, дабыл, даңғыра, т.б.) зерттеумен шұғылданып, қазақ және орыс тілінде “Қазақтың музыкалық аспаптары” (1981, 1978) атты кітабын жарыққа шығарып, осы тақырыпқа кандидаттық диссертациясын қорғады Б. Сарыбаев "Қазақтың халық аспаптары" монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен "Қазақтың музыкалық аспаптары" әдемі альбомы жарық көрді.

Б.Сарыбаев музыка тануда ежелгі аспаптарды біліп, тауып, мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қана қойған жоқ, сондай-ақ, бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне ендірді. Сарыбаевтың ұмытылған ескі аспаптарды жаңартып, оларды іздеуі, зерттеуі нәтижесінде біз қазақтардың ерте кезден музыкаға, әнге, әуенге құмар екендігін, ерте кезде олардың әлемдегі ең бай аспаптарды қолданғандағын білеміз.

Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор, себебі-ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады, ол - қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып, толығып отырады.

Болат Сарыбаев - қазақ халқын төл өнерімен қауыштырған жан




Музыка сауаттылығы: До, ре, ми, фа, соль ноталары.

Ән орындайық: Келді, міне, жаңажыл!

Ойланда тап : жұмбақтар

1.Екі ішекке,бір тиекті қондыра,

Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.

Білсең егер,айта қойшы балақан.

Бұл қай аспап?Бұл кәдімгі-домбыра.

Дұрыс,балалар!дұрыс айтқан баланың үстеліне домбыра қояды.

2.Бас,құлақ,мойны бар!

Үп-үлкен шанағы бар.

Ысқышпенен ысқанда

Әндетіп шығар әні бар.

Қобызды екінші үстелге қояды.

3.Сызылған үні,сүйкімді тілі

Үрлесең ойнайтын,аспаптың бірі

Сыбызғыны үшінші үстелге қояды.

4.Кездеседі бұл аспап,некен-саяқ

Сыңғырлаған қоңырауы өзіне сай-ақ

Бақсылардың қолында жүрген талай

Қазағымның аспабы-асатаяқ.

Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,
Бұл қандай аспап?
Жетіген

Күй тыңдайық!

Музыка пән мұғалімі халық күйі кеңесті домбыра аспабында орындап және екі оқушыны шығарып Асатаяқ ,Сылдырмақ аспаптарымен сүйемелдейды.

      Ойын: “Бұл қандай аспап?”(күйтабақтан тыңдап,аспаптардың атымен,өзін көрсетеді.)

Сәйкестікті  дұрыс табыңыз (төменде берілген жауаптардың қасына суретте көрсетілген реттік нөмірлерін жазып сәйкестікті тап).



Сазсырнай-                              Саксофон-                         Даңғыра-
Аса таяқ-                                  Қылқобыз-                        Қамыс сырнай-
Домбыра-                                 Сыбызғы-                         Шертер-


Қорытындылау : Бүгінгі тақырыпты пысықтау мақсатында мынадай сұрақтарға жауап берейікші.

  • Болат сарыбаев қандай көне музыкалық аспаптарды қайта жаңғыртты?

  • Болат сарыбаевқа кім бата берді?

  • Қазақтың қандай көне музыкалық аспаптарының үнін естідің


Үйге тапсырма: Қазақтың көне аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев туралы әңгімелеу, Келді, міне. Жаңа жыл! Әнін жаттау

Бағалау

Оқушылармен қоштасу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
761
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі