Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
қазақтың музыка аспаптары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат»
кешені» ММ
«Қазақтың музыка аспаптары»
Оқытушы:Айтбаева С .Ж.
Павлодар
.Бұның басты бір себебі,қазақ өнеріндегі материалдық мәдениетінің кенжелеп дамуы болды.
Атап айтқанда, музыка аспаптары атам заманғы халде, феодалдық дәуірдің деңгейінде болғандықтан, ілгері басу, өнерді өрбіту ісі тұйыққа тіреле берді. Бұл қиындықтан тек 30-шы жылдардың басында ғана құтылдық, өйткені нақ сол кезеңде қазақ совет профессионалдық музыкасы шын мәнінде қарыштап дамудың жолына түсті. Істің сәті айтулы шебер Мануил Романенконың,кейінірек Қамар Қасымовтың қолынан қазақтың халық аспаптарын жетілдіруден басталды. Музыкалы-драма техникумы студенттерінің 1933 жылы құрылған өнерпаздар оркестрі, 1934 жылы дүниеге келген Қазақком атындағы ұлт оркестрі – міне, жаңа оркестр коллективінің даму, дәлірек айтсақ, қалыптасу жолындағы белестер осылар.
Оркестрдің құрамына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп, 1934 жылғы слетке қатысқан аса көрнекті күйшілер қосылды. Махамбет және Науша Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қамбар Медетов, Уақат Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Ғабдулман Матов, Жаппас Қаламбаев, Ысқақ Әулиев, Қабыкеш Ыбыраев, Рүстембек Омаров, Әлмұрат Өтеғұлов, Мәлік Жаппасбаев,, Жұмағали Қасымов, Гүлнәфис Баязитова т.б. өнер ордасынв осылайша бас қосты. Күй тарту мәселесі, репертуары жағынан бір-біріне ұқсамайтын бұл музыканттар қазақ халқының ұлт аспаптары тудырған әсем әуендерді оркестрге ала келді. Бұл туындылар жаңа жағдайда жаңаша сапаларға ие болып, жаңғырып шықты.
Белгілі музыка зерттеушісі БолатСарыбаевтың ұзақ жылдар бойғы тындырымды еңбегінің нәтижесінде қазақтың 30-ға жуық көне музыкалық аспаптары табылғандығы жұртшылыққа белгілі.
Олардың ішінде ансамбльдер мен оркестрлер құрамында кеңінен пайдаланылып жүрген үні ерекше ұлттық музыкалық аспаптар бар.
Профессор Б. Ш. Сарыбаевтың өміріне қысқаша шолу
Б.Ш.Сарыбаев 1927 жылы дүниеге келеді. Ұлты қазақ және композиторлар мүшесі. Профессор Болат Сарыбаев өмірінің аяғына дейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында қызмететті.1950 жылдан бері консерваторияда бас қобыздан, қыл-қобыздан сабақ берді. Б.Ш.Сарыбаев өз класынан 60-тан аса мамандар дайындап шығарды.
Профессор Б.Ш.сарыбаев өз өмірінің жартысы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға жұмсалды. Ізденіс босқа кеткен жоқ, жылдар жемісі бізді қуанта түсті. 300-ден астам көне музыкалық аспаптар жиналып, өз пәтер үйі музейге айналды.
1972 жылы Б.Ш.Сарыбаевқа профессор атағы берілді.
1969 жылы «қазақ музыкалық аспаптары» деген тақырыпқа докторлық диссертация қорғады. Сонымен қатар консерваторияда еңбек еткен 33 жыл ішінде профессор Б.Ш.Сарыбаев қоғамдық жұмыстарға да өзінің көп үлесін қосты.
Совет-Үнді достығының мүшесі. Қазақстан композиторлар Одағының грамзапись комиссиясының мүшесі болып істеді.
Ал профессор Б.Ш.Сарыбаев соңғы жылдары көбіне музыка аспаптарын зерттеу жұмысымен айналысады
Профессор Б.Ш.Сарыбаевтың ғылыми еңбегі
Музыка зерттеушісі Болат СарыбаевШамғалиұлы көп жылдан қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинаумен шұғылданып келеді. Ол 1950 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институтын бітіріп, осы институтта оқытушылық қызметке қалады. Балалық шағынан музыкаға құмар Болат Сарыбаев институтта сабақ бере жүріп, қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинауды ойлайды. Міне, содан бергі көп жылдар уақыт ішінде ол музыка аспаптарын жинап, зерттеу жұмысымен шұғылданып келген.
Музыка аспаптарын жинау құмарлығ ықалай басталды? Өзін оқитын, өмір жолына салған ұстазы, дарынды тамаша домбырашы Дина Нұрпейісова өз домбырасын институт бітірген Болатқа сыйға тартқан екен. Содан бері Болат көптеген музыкалық аспаптар мен көптеген фотосуреттер, этнографиялық материалдардың композициясын жинады.
Қазір Болат Сарыбаевтың музыкалық аспаптар мен түрлі фотосуреттерге, стендтерге толы үйін шын мәнінде «музей» деп атауға болады. Олардың ішінде өте сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін жетіген,шертер,асатаяқ,шаңқобыз,темір қобыз,сыбызғы,домбыра сияқты аспаптардың неше түрлі фотосуреттердің сан алуан коллекциясы бар.Мәселен,коллекциядағы жиналған домбыралар бір-бірінен өзіндік ою-өрнектері,көне құрылысы, шебер салынған әшекейімен ерекше көзге түседі. Бір домбыра сүйектен ойылған ою-өрнектермен безендіріліп, енді бірі ескі дәуірдің куәсі ретінде таң қалдырады.Талдықорған облысындағы шебер Насырбеков Адамбек жасаған домбыра да өзінің құрылысымен, нәзік үнімен ерекшеленіп тұрады. Ал мына бір домбыраның ьөрт сым шегі бар. Ол да Талдықорған облысынан. Оған жалғас өте сирек кездесетін ою-өрнектері, көне құрылысы, шебер салынған әшекейімен ерекше көзге түседі. Оған жалғас өте сирек кездесетін ою-өрнек сүйектен жасалған домбырада «Өзбек ССР, Бұхар облысы,Тамды ауданының атақты шебері Бекжасар Есенбаев /1886-1953/» деген жазуы бар.Сондай-ақ Таулы-Алтай автономиялы облысынан /Қос-Ағаш/, Гурьев, Жамбыл облыстарынан жиналған неше түрлі домбыраны көресіз.Болат Сарыбаевтың «музей үйінде» 1951 жылы Берлинде өткен Бүкілдүниежүзілік үшінші фестивальде өнер көрсеткен белгілі қобызшымыз Фатима Балғабаевтың үш шекті қобызы да тұр.Болаттың қолында музыкалық аспаптардың ішінде өте сирек кездесетін үш сыбызғы бар. Оның бірін Монғол Халық Республикасының Баян-өлгей аймағының тұрғыны, таланты сыбызғышы Қалеке Көмекеев жіберген, қалғандары Шығыс Қазақстан облысынан келген. Коллекциядағы ең кішкентай аспап – шаңқобыз бен темір-қобыз. Сыртындағы қорабы халықтық ескі үлгімен жасалған, құрылымы жағынан әйелдердің туфлиіне ұқсайды. Бұл аспаптар да сыртқы түрі ұқсас болғанмен, үн тембрі жағынан бір-бірінен өзгешелігі бар. Шаңқобызда Бұхар облысының Тамды ауданынан, темір қамыста таулы-алтай автономиялы облысының Қош-Ағаш ауданынан әкелінгендігі жайлы жазылып қойылған. Шаңқобыз республикамызың оңтүстік облыстарында ғана сирек ұшырасады. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы этнографтардың көптеген материалдарына жүгінер болсақ қолданудан мүлде шығып қалған шертер, жетіген, асатаяқ аспаптарының да бір кезде халқымыздың мәдени қазынасынан берік орын алғаны көрінеді.
Жетіген аспабының пайда болуы туралы мынадай аңыз-әңгіме ел аузында сақталып қалған. Сонау ерте заманда бір қатрттың жеті баласы болады. Ауыл тұрғындары ол кезде неше түрлі ауруларға, ашаршылыққа жиі-жиі ұшырап отырған. Бір жылы қыс қатты болып, ел аштыққа ұшырайды, мал қырылып, жұт болады. Аштық пен аурудан ауыл адамдарының көбі қырылады. Сонымен бірге қарттың жеті баласы да ажал құшағында кетеді. Қалжыраған қарт кепкен ағаштан шауып алып,әр баласы өлгенде аттың қылынан бір шек тағатын аспап жасап, оған тиек қонып алады. Өзіңше жоқтау өлең шығарып, қосылып отырады. Сонда әр баласына мінездеме беріп жылайтын болады.
Үлкен ұлы Қани өлгенде, қарт бір шекті байлап, тиегін қояды да, «қарағым» атты күй шертеді; екінші ұлы Төреалым қаза болғанда екінші шекті тағып шығарған күйін «Қанат сынар»; үшінші ұлы Жанкелдіге арнап «Құмарым»; төртінші ұлы Бекенге «От сөнер» атты күйін арнады; бесінші ұлы Қауасқа «Бақыт көшті»; алтыншы ұлы Жүлзарға «Күн тұтылды»; ең кенже ұлы Қиястан айырылғанда қайғылы қарт жетінші шекті тағып, «Жеті баламнан айрылып, құса болдым» деген күй шығарады. Сол себепті де домбырашылардың арасында «жетіғанның жетеуі» деген атпен бұл күй кең тарап кеткен. Бұл аңыз-әңгімені Өзбек ССР-ның Бұхар облысындағы Тамды ауданында болғанда жергілікті домбырашы Жақсылық Елеусінов деген кісі балакезімде атамнан естіген едім деп Болатқа айтып берген.
Кейбір этнографиялық материалдарға қарағанда 1860 жылы Орынбор даласындағы қазақтар арасында жетіген аспабының біреуі болған. Этнографтардың суреттеуінше аспап тұтас құрғақ ағаштар ойылып шабылып, шек саны жетіген аспаған; әрбір шектің тиегі жылжыту арқылы келтіріліп отырған. Ал, ертедегі жетіген аспабының келе-келе жобасы сақталады да, оның өзі де бертін халық арасынан жоғалып кетеді. Шертер – шертіп тартатын шағын ғана шекті аспаптарға жататын, құмдағы көнмен қапталған, шегі аттың қылынан жасалған, құлаққа жағымды, нәзік үнді аспап. Әрине, бұдан көне түрі қыл-қобыз екендігін аңғару қиын емес. Бұл аспаптардың жасалуы оңай болғандықтан, көбінесе малшылар пайдаланған.Асатаяқ – металл сылдырмақты соғып ойналатын көне дәуірден келе жатқан, бірақ қазір сирек кездесетін музыкалық аспап. Болаттың «музей үйіндегі» стендінің бірінде белгілі суретшіміз Әбілхан Қастеев салған асатаяқтың суреті ілулі тұр. Осы суретке қарап, Құрманғазы атындағы өнер институтының жанындағы музыка силау шеберханасының аға шебері Оразғазы Дүйсенбаевтың жасап шығарған асатаяғы да стендіге қойылған.Осыған жалғас екі стенді қазақ халқының ойшыл, ұлы ағартушылары Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлихановтарға арналған. Онда өз кезінде Абай мен Шоқанның этногрфиялық заттарды жинаумен қатар қазақтың музыкалық аспаптарды да қызыға жинап, Ленинград, Семей музейлеріне сыйлық ретінде тапсырғандықтары туралы қызықты материалдар бар. Сонымен бірге қазақтың музыкалық аспаптарын жинаумен белгілі музыканттар, тарихшылар,т.б. шұғылданғандығы туралы сөз болады.Қыл-қобыздың өте ерте кездегі /1768жыл/ Петербург академиясы ұйымдастырған қыл қаламынан туған фотосуреті қойылған стенд көз тартады. Сондай-ақ жеке-жеке бірнеше стенділеррге атақты қобызшы Ықыластың, Жаппас Қаламбаевтың, әнші Жаяу Мұса, Әміре Қашаубаев, т.б. күйші-әншілердің фотосуреттері қойылған.
Қазіргі уақытта халық арасында көп тараған халықтық музыкалық аспап-домбыралық алуан түрінің фотокомациясы жасалған. Болаттың «Музей үйінде» жоғарыда айтқан дарынды домбырашы, асқан күйші Дина Нұрпейісованың домбырасынан бастап, сонау Әміре Қашаубаев қосыла тартып ән салған Науша Бөкейханов, Қали Жантілеуов, Ғарифолла Құрманғалиев қосыла шырқайтын көркем домбыра мен атақты композитор Сейтектің шәкірті Мәжит Есмұхамбетовтың, Абайдың немересі Ысмайылдың домбыралары бар.Күләш Байсейітова, Мұхтар Әуезов, Құрманбек Жандарбековтерге сыйға тартылған домбыралардың әртүрлі музейлерде сақталғандығы жайлы мәліметтерді көруге болады. Сондай-ақ Болат Сарыбаевтың «Музей үйіндегі» фотосуреттердің біразы қазіргі кезде өте сирек кездесетін үш ішекті және қос ішекті домбыра тілдерін бейнелейді. Сол сияқты музыкалық аспаптарды жасаушы атақты шеберлер Қамбар Қасымбеков, РРомененко, Оразғазы Бисенбиевтердің қайтадан өңдеп жасаған екі бөлімнен құралып жасалған домбыралар мен аспаптардың фотосуреттері де қойылған. Бұл аталған шеберлердің қолынан шыққан аспаптар Прагада, Монреальда, Лейпцигте,т.б. қалаларда болған халықаралық көрмелерде үздік орын алып, елімізден тыс шетел жұртшылығын таңқалдырғандығы жайында материалдармен қоса, республикамыздың көптеген облыс, аудандарында талантты қарт шеберлерінің бар екендігі сөз болады. Атап айтқанда, Жамбыл облысынан Т.Қаңтарбаев, А.Аққозов; Павлодардан Исалинов; Бұхар облысының Тамды ауданынан Б.Есенбаев; Монғол Халық Республикасының Баян-өлгей облысынан Х.Оспанов; гурьев және оның маңындағы облыстарға атағы кең тараған аспаптарды жаушы шебер Б.Мырзалиев пен Қ.Оңалбаевтың шеберлік істерін баяндайтын материалдар бар.
Бір айта кететін нәрсе, өте сирек кездесетін музыкалықаспаптардың фотосуреттерін Болат Сарыбаевтың өзі 19661967 жылдары экспедиция кезінде түсірген. Осы суреттердің ішінде Өзбек ССР-ның Бұхар облысының Тамды ауданынан түсіріп алған тұтас ағаштан ойылып шабылған, қарапайым жасалған екі қыл-қобыз ерекше көзге түседі. Оның біреуі жергілікті шебер, тамаша музыкашы Ж.Таймановтікі де, екіншісі қобызшы С.Досмұратов 1942 жылы жасаған қыл-қобыз, қобыз құндағы жабайы ешкінің бой терісінен тұтас қапталған, үні құлаққа жағымды және нәзік екендігін жазылып алынған лентадан байқауға болады.
Осындай қазақ халқының мәдени тұрмысында бұрыннан көп тараған, уақытты озған сайын қазір ұмыт қалып бара жатқан ұлттық аспаптарымызды қалпына келтіруші Құрманғазы атындағы өнер институтының жанындағы музыка сынау шеберханасының аға шебері Оразғазы Бисенбиевтің еңбегі зор екендігін атағанымыз жөн. Ол өткен ғасырдағы этнографтардың сипаттауы бойынша жетіген, шертер, асатаяқ сияқты аспаптарды қайта жасап қалпына келтіріп, ұлттық аспаптарымыздың қорына қосты. Сондай-ақ Москва, Ленинград, Алматы, т.б. қалалардың музейлерінде сақталынған сыбызғы , шаңқобыз,темір-қобыз сияяқты аспаптарды салып сақтайтын қораптар да жасаған. Соңғы жылдары ұмыт қалған аспаптарды тауып, оларды жаңартып жасау жөнінде бірқатар жұмыстар істеді. Саяхатшы-этнографтардың жазбаларын, музейлерде сақталған аспаптар үлгісін пайдалана отырып, домбыраның бірнеше түрін, ссоның ішінде үш ішекті домбыраны, шертер мен жетігеннің 5-6 түрлерін;даңғыра,дабыл,асатаяқтың 8 түрін; қыл-қобыз, саз сырнай, үскірік, сыбызғы барлығы 50-ге жуық музыкалық аспаптар жасалды. Оның ішінде 30 шақты аспап қайта жаңғыртылды. Соның нәтижесінде бұған дейін тек ел аузында сирек айтылып жүрген ескі ән мен көптеген күйлер кең түрде орындала бастады. Олардың орындалуына кейінгі жылдары құрыла бастаған көне аспаптар ансамбльдерінің рөлі ерекше.Олардың бүгінгі тандағы басты міндеті – ескі аспаптарды насихаттаумен қатар, оның байырғы өнерпаздарының ойнау тәсілдерін жасақтау. Мұндай ансамбльдің, әрине, советтік Қазақстанның музыка мәдениетін одан әрі дамыта, байыта беруге айтарлықтай үлес қосатыны анық. Осыдан қиын істі музыканттар шертерде ойнаушы Өтепберген Хамзин, шертерде және үш ішекті домбырада ойнаушы Жарқын Шәкерімов бірінші болып қолға алған.Ол кезде Құрманғазы атындағы консерватория студенттері: қыл-қобызшылар Базархан Қоббасаров, Құдайберген Нұрмаков, Қуаныш Әжімұратов; жетіген, шаңқобызшы Талғат Сарыбаев; астаяқта Нұрсейіт Базарбаев ойнау тәсілдерін үйреніп игерді. Кейін аспаптар ансамблі жаңа аспаптармен жеке орындаушылармен толықтырыла түсті. Міне, осы сияқты түлек таланттар хас ансамбльді ұйымдастырып, оны жедел шындау ісіне белсене ат салысты.
Ансамбль өзінің творчестволық бет-бағдарын табу жолында көп ізденіп, репертуарын жаңа шығармамен байыта берді. 1972 жылы 21-февраль күні Абай атындағы академиялық операжәне балет театрының сахнасында ансамбль кезекті концертін өткізді.
1975 жылы Алматыда граммпластинка жазу студиясы халқымыздың мұра қазынасын сақтау, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатымен көне музыкалық аспаптардың орындалуындағы күйлерді күйтабағына ижазып алынған.
1974 жылы Арқалық қаласындағы облыстық филармония жанынан «шертер» ансамблі ұйымдастырылды.Ансамбль құрамында жетіген,дабыл, шаңқобыз, қылқобыз,даңғыра, асатаяқ, сырнай, үскірік,домбыра,саз сырнайдың бірнеше түрлері, шертер сынды көне аспаптар бар.
1975 жылы Торғай облысы, Торғай селосынан көне аспаптарда құрылған «Ғасырлар пернесіә атты ансамбльдің үні шықты. Бұл ансамбль жергілікті ақын Н.Ахметбеков атындағы аудандық Мәдениет үйінің жанынан ұйымдастырылды.
1979 жылы Республикалық «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» музейінің атынан «Сазген» ансамблі ашылды.
1984 жылы Алматы Мемлекеттік Консерваториясының жанынан студенттерден құрылған «Мұрагер» ансамблі ашылды. 1986 жылы Алматы облыстық филармониясынан «Адырна» ансамблі ашылды.
Отырар қаласының орнын қазу кезінде саз сырнай табылған. Сол саз сырнайды кейін басқа көне аспаптармен бірге пайдаланып «Отырар сазы» ансамблі ашылды. Бүгінгі күнде бұл ансамбльдің құрамы ұлғайып, мемлекеттік фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестр атағы берілді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және дирижері СССР халық артисі композитор Н.Тілендиев 1981 жылдан бері жетекшілік етеді. Оркестр Бүкіл Одақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. Бұл күнде «Отырар сазы» оркестрі бүкіл елге аты танымал оркестрге айналып отыр. Репертуарында қазақ халқының ескі әуендерімен, күйлері және Қазақстан Композиторларының жаңа шығармаларына бай.Сөйтіп, көне аспаптар ансамбльдермен көне аспаптар оркестрінің құрылуы – оларды жетілдіру, зерттеу әрекеттері – ең алдымен көне аспаптардың жұмысын шексіз дамыта беруге және біздің заманымыздағы музыка мәдениетімен сәйкес етіп кеңінен пайдалануға болатынын көрсетеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі»;
-
Б. Сарыбаев «Қазақтың музыкалық аспаптары»;
-
Октябрь туы. 1968 ж.июль № 50;
-
А.Жұбанов «өскен өнер»;
-
А.Жұбанов «Ән-күй сапары».