Материалдар / Қазақтың қайсар қызы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың қайсар қызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ф.Оңғарсынованың өмір жолдары еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі жайлы айтылыды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлтымыздың Руханиаты, Ұлт ұстазы қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсыноваға арнаймын

(ЭССЕ)



Көңілді, жайлы күнімді,

Азапты қайғы мұңымды

Өзімменен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым

болып,

О, баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем! –


Ф.Оңғарсынова.


Қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік есімдердің бірегейі – Фариза Оңғарсынова.Сезімге толы ақын шығармалары жай ғана оқи салғанды қаламайды.Рухани тебіреніс пен шынайы лирика нәзік жанды ақынның шынайы болмысы әр шығармасының өн бойынан көрініс беріп отырады.

Ізгілік пен мөлдір сезім, махаббат пен қуаттылық, қайсарлық- ақын қыздың фабуласына айналған.

Фариза Оңғарсынова 1932жылы Батыс Қазақстан Облысында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап ақындықты ту еткен каршадай қыз жасынан ақын-жазушылардың өлең-жырларын оқып өскен. Өз бетімен үлкен шаһарға білім қуып келген қаршадай қызға бірден басқа ортаға үйренісіп кету оңай болған жоқ. Сондықтанда болар өжет, әрі қайсар қыздың елін-жерін сүйюдегі

жүрегі ерекше еді. Барлық шығармаларындағы айтар ойымен, жасаған қызметі тек халық игілігі үшін ғана екені белгілі.

Жаным әйел заты болғаннан емес,Фариза ақынның шығармаларына деген рухани ғашықтығымның әсеріне болар, ақынның әр өлеңін шынайы «оқырман махаббатымен» беріле оқимын. Әр өлеңі-жатқан бір өмір, құпияға толы жұмбақ әлем...

Бұл өмір қайда барады шабыспенен?

Ерем деп сілем қатты, қамыс-денем.

Жолшыбай жоғалтыппын бар мүлкімді

ар, ұят, имандылық, намыс деген.

Жүріппін кідіріссіз сар желіспен,

сусыным шалап екен бал деп ішкен.

Білмеймін кімдер қашан айдап кетті

шырылдап бабам жиған малды өрістен....

деп толғайды «Өмір» атты өлеңінде....

Фариза Оңғарсынова — азамат боп ашынуды, пенде болып мұңдануды, перзент болып тебіреніп, періште болып қуануды қаз-қалпында жеткізе алған аса сирек лирик ақын деп білемін. Лириктердің көбінде соның бірі жетсе, бірі жетпейді. Ал бұл ақынға адамдық кескіндемеге жататын барлық сезім гаммасын ұрымтал ұстап, ұтымды бейнелеу соншалықты оңай, соншалықты жеңіл. Әйел кешер жан азабы мен тән азабын, сезім сергелдеңін Фаризадай дәл, Фаризадай нәзік, тиген жерін ойып түсер, шоқтай отты да уытты жеткізген ақын арғы-бергіде кем де кем.

Сондықтан да болар, қазақтың ақынжанды қызы әйел, ана тақырыбына көп қалам сермеген.

Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: "Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы", – дей келе:

Өз-өзіммен өртеніп барам жанып, 
Жүректен жас ағады тарамданып.

Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,

Ақтарылар алдыңда саған барып.

Жасқа ғана толады жанар налып,

Мен үшін тұр дүние қараң қалып, –

деп, әйелдің мұң-қайғысын сыр ғып шертеді

Мен даланың қызы едім,

Жазығында жатпайтын көз ілер қара.

Жазира менің жанымның өзі де дара.

Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді

Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, –

деген шумақта, ақынның биік арманы анық көрінеді. Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік , сезім толқындары ,өмірдің қайталанбас кезеңдері.

Әдебиет әлемінде өшпес із қалдырған Фариза апамыз туындылары әр алуан саланы қамтиды.

Ал мен үшін ақынның нәзік жанды әйелдер қауымына арналған туындылыры -бір төбе!

Қыранды құздан шалатын ақиық мұзбалақ ақын шығармалары келер ұрпақ үшін мәңгілік тот баспайтын, кір шалмайтын асыл туындылар!!!

Сондықтан да Мұқағали ағамыз айтқандай «шаң басқан архивтерден табарға» жеткізбей, Фаризадай ақын тұлғаларымыздың құнды туындыларын «көзіміздің қарашығындай» сақтай білейік!!


Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі: Акбидаева Кулипа Токтарбековна



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!