Материалдар / "Қазақтың тау тұлғалы тарланы" сыныптан тыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақтың тау тұлғалы тарланы" сыныптан тыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты»







«Қазақтың тау тұлғалы тарланы»

( Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы)





Өткізген: Мұханова Ж.С

Мұғалім-олигофренопедагог













Өскемен



Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың тау тұлғалы тарланы»

Сабақтың мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың өмірімен таныстыру.

  1. Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту.

  2. Тәрбиелік: Адамгершілікке , Отанын , елін , халқын сүюге тәрбиелеу.

  3. Сабақтың көрнекілігі. Суреттер, плакаттар.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру.

Мұғалім:

Құрметті қонақтар, оқушылар “Қазақтың тау тұлғалы тарланы” атты әдеби кешімізді бастаймыз.

-Балалар бүгінгі әдеби кешімізді бастамас бұрын , мына бейнесуреттерге назар аударайық . Мынау кімнің суреті?

Оқушылар:

-Қожаның суреті.

Мұғалім:

- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл- Қожаның суреті. Ал Қожа қай фильмде ойнады?

Оқушылар:

-Менің атым- Қожа фильмінде.

Мұғалім:

-Әрине балалар қай қайсысымызда күнделікті экраннан көріп жүрген Қожаны білмеуіміз мүмкін емес.

Ал осы «Менің атым -Қожа шығармасын жазған жазушыны білеміз бе? Оқушылар:

- Бердібек Соқпақбаев атамыз.

Мұғалім:

Ал ендеше, бүгінгі әдеби кешіміздің мақсаты, негізгі арқауы балалар әдебиетінің атасы Бердібек Соқпақбаев атамыздың өмірі мен шығармаларына арналады.

Әлемдегі қай елде болмасын балалар әдебиетінде , балалар ақын- жазушыларына деген көзқарас пен құрмет ерекше. Неге десеңіз балаларға

арнап қызықты шығармалар жазу екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Жазған шығарма арқылы балалардың көңілінен шығу , сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен талпынысты қажет етеді.

Біздің қазақ балалар әдебиетінде осындай құрметке ие болғандардың бірі - Б.Соқпақбаев. Міне биыл Бердібек атамыздың туғанына 84 жыл толғалы отыр. Бүгінгі әдеби көрінісіміз осы кісінің шығармасына байланысты болады.

Енді Бердібек атамыздың өмірі мен шығармаларына қысқаша тоқтала кетейік. (Мұғалім слайд көрсету).

Жазушының көзі тірісінде 20-дан астам кітаптары жарық көрді. Бердібек Соқпақбаев есімі тек қазақ балаларына ғана емес , көптеген шетел балаларына да жақсы таныс. Оның кітаптары әлемнің 20 шақты елінің тіліне аударылса , ал “Менің атым -Қожа” шығармасы бойынша түсірілген киноны 28 елдің бүлдіршіндері тамашалапты. Әрине бұл біздің әдебиетіміз бен кино өнері үшін үлкен жетістік болғаны даусыз. Ал бұл киноның экранға шыққанына 43 жыл болыпты.

(Менің де атым Қожа фильмімен салыстыру).

Енді қазір осы “Менің атым-Қожа” шығармасынан үзінді тамашалаңдар. Мұғалім: “Менің атым-Қожа” шығармасының өз оқырманы үшін берер ғибраты , берер тәрбиесі мол . Әр адам баласы өзінің істеген ісіне есеп беруі керек. Өзін-өзі жөнге келтіріп, қателіктерін мойындап , шешім қабылдаса , үлгі алса , болашағының ертеңі жарқын болары хақ.

Енді осы фильмдегі рөлдерді сомдаған актерлермен танысқыларың келе ме?

Мұғалім: Ендеше тыңдаңдар.

  1. Басты рөлде- Қожа - Нұрлан Сегізбаев.

  2. Кішкене Жанар қыздың рөлінде - Гуля Қарабаева.

  3. Мұғалім С. Майқанова - Райса Мұхамедиярова .

Сценаридің авторы - Б.Соқпақбаев .

Қоюшы режиссер- Абдолла Қарсақбаев.

Ал қазір бұл кісілер көптеген киноларға түскен атақты актерлер.

Бердібек атамыз әр түрлі тақырыптарға қалам сілтеген адам. Соның ішінде мысалы табиғатқа, адамзатқа ортақ әңгімесіне тоқтала кетсек. Адам мен табиғат бір-бірін түсінетін, бірімен-бірі ұғынып сөйлесетін кез болады екен. Кейде біз тіршіліктің де жаны бар екенін , иесі бар екенін бағаламай келеміз. Мынау табиғатта болып жатқан өзгерістер, орманды өртеу, ағаштарды орынсыз кесу , айналамыздағыларды ластау тек қана адамдардың қолдарынан жасалынады. Кейде табиғаттың аяқ астынан ашуланып сілкінуі болмаса, басқадай апаттардың болуы тіршіліктің де адамдарға деген ашу ызасынан туындай ма деп те ойлайсың .

Қазір біз атамыздың “Ағаштар неге ашуланды?» деген әңгімесінен алынған көріністі тамашалап, кешімізді ары қарай жалғастырамыз.

Көрініс (мұғалімнің оқуы).

Бұл әңгімеде Б.Соқпақбаевтың шеберлігін тағы бір қырынан көріп отырмыз. Қаламгер табиғат пен адамзатты бір-бірін түсіністіріп , татуластырды. Енді өзіміздің күнделікті өмірімізде , бүкіл қаламызда сенбілік өтіп жатыр . Тіпті әркім өзіміз тұратын үйіміздің ауласын сыпырып тазалаймыз. Бізде жұма күні тазалық күні деп жарияланған . Ауламыздың тазалығы осы сендердің арқаларың. Арамызда Алмабек сияқты оқушылар бар ма? Алмабектің қандай халге душар болғанын айта жүріңдер.

Мұғалім:

Бердібек атамыздың келесі әңгімесіне тоқталайық . Өздеріңіз білесіздер жыл сайын мектебімізде құстар күні мерекесі болып өтеді. Көктем айында оралатын жыл құстарына арналған бұл бастама барлық мектептерде өткізіледі. Бұл аптада оқушыларға құстарды қорғауға , аялауға тәрбиелейміз. Қазір Бердібек атамыздың «Балапан торғай» атты әңгімесінен көрініс тамашалайық, назар салыңыздар.

Көрініс

Шындығында осы отырған әрқайсысымыз құстардың бізге деген қандай пайдасы бар екенін білеміз. (Мәлімет келтіру).

Тоқылдақ пен шымшық

Екі сары шымшық бір жылда 40 жеміс ағашын жәндіктердің жарақаттауынан сақтайды.

Тоқылдақ- орман дәрігері . Ағаш қабығын жарақаттайтын жәндіктерді жейді. Бір тоқылдақ күніне 750-900 жәндік жейді екен.

Сабақты қорытындылау.

Бердібек атаның кандай шығармасын алмайық тек өз өмір шындығынан алынған. Бұл кісінің бүкіл әңгімелері 40 минут ішінде айтып жеткізу мүмкін емес, әлі де оқимыз.

Мұғалім: Балалар мен сендерге мынандай сұрақ қойғым келіп тұр, әдебиетке қалам тартқан тек Бердібек атамызғгана ма?

Оқушылар: Сайын Мұратбеков, Өтебай Тұрманжанов, Оралхан Бөкей. Мұғалім:

Бүгінгі әдеби кешімізде өздеріңіз куә болғандай Бердібек Соқпақбаевтың қай еңбегін алсақ та тілі шебер , өзіне тән стилі бар , өз айтар ойы дербестігі бар және тәрбиелік мәні бар шығармалар екенін көрдік. Шығармаларының көбі балалар өміріне арқау болған ,түсінікті болсын деген оймен қарапайым тілмен жазған.Көбіне әңгіме арқауы мына тұрған мектеп оқушылары. Осында не сыр бар, неге кейіпкерлерін балаларды алған. Өйткені, бала адалдык, «Балалы үйде ұрлық жатпайды»,- деген қазақ халқы. Бала жаны нэзік. Дүниеге бала көзімен караған адамдар көзімен қарайды. Осы отырған әр бала Отанымыздың тірегі, жүрегі дей келе , бүгінгі Бердібек Соқпақбаевқа арналған кешімізді « Біз Отанның ұланымыз» атты әнімен аяқтауға рұқсат етіңіздер!

Сонымен балалар «Қазақтың тау тұлғалы тарланы» атағына әбден лайық Б.Соқпақбаев шығармаларын оқып, адамгершілікті үйрене беріңдер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!