Материалдар / "Қазақтың ұлттық киімі" ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақтың ұлттық киімі" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәні мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1216
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақтың ұлттық киімі!

М аңғыстау облысы,Қарақия ауданы

Құрық ауылы

«Құрық орта мектеп-гимназиясы» кмм

технология пәні мұғалімі
Серекбаева Күмісай Әлімбаевна

_____________________________________________

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өз халқынның салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, видеоролик.
Сабақтың барысы: Оқушыларды түгендеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру: Өлшемдерді фигура бойынша түсіру түрлері.
Жаңа сабақты сұрақтарға жауап беру арқылы ашу:
1.
Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихи ерекшеліктері?
2. Қазақ ұлттық киімдерінің ерекшеліктері?
3. Киім силуэтін қалай түсінеміз?
4. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің бүгінгі күндегі маңыздылығы қаншалықты?
Қазақ халқаның қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол-біздің ұлттық мәдениетіміз.Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, біркиер, салтанат киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігіледі. Той думандарға барғанда, жат елге іс сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапап, кеудеше, тон т.б жатады. Қазақ әйелінің ұлттық киімі: көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі, т.б.



Сергіту сәті. Жаттығулар мен сергіту.
I-топқа тапсырма сөз тіркестерін дұрыс аудару.
Ежелгі дәстүр – древняя традиция
Ішкі киімдер – нижнее бельё
Сыртқы киімдер – верхняя одежда
Сәнді – модный
Салтанатты – торжественный .
Мал терісі – кожа животного.
Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.
II-топ
Киім туралы мақал-мәтелдер.
1.Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
2. Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.
III-топ Киімге қатысты тиымдар мен ырымдар.
1.Киім кию оң қолдан басталады.
2.Киімнің жағасын басуға болмайды.
3.Бас киімді босағаға емес төрге іліп қояды.
4.Бас киімді тебуге лақтыруға, теріс киюге болмайды.
Пысықтау:
Сұрақ жауап арқылы бүгінгі сабаққа түсінгендерін сұрау.
1.
Қазақ халқының дәстүрлі киімдерін неше топқа бөлуге болады?
2. Ерлердің бас киімдерінің қандай түрлерін білесіңдер?
3. Сулулық киімдерге қандай киімдер жатады?
Қорытындылау:
Қорытындылай келе осы сабақ арқылы оқушыларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлумат бере отырып, ұлттық киімдермен таныстырып өттім.
Үйге тапсырма: Материалға сүйене отырып, базалық пішім негізінде қазақтың ұлттық көйлегі мен камзолды модельдеуді орындау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!