Материалдар / Қазақтың ұлттық ойындары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Денешынықтыру пәнінен "Қазақтың ұлттық ойындары" қысқа мерзімді сабақ жоспарында сабақтың кезеңдері, мұғалімнің әрекеті және оқушынының әрекеті толық қөрсетілген. ҚМЖ талапқа сай әзірленген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2023
265
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жетісу облысы

Қаратал ауданы,

«Абай атындағы орта мектебі

Балқаш бастауыш мектебімен» КММ

денешынықтыру пәні мұғалімі

Төлеуқасен Мағжан Аханұлы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары. 6-сынып



Білім беру ұйымының атауы

«Абай атындағы орта мектебі Балқаш бастауыш мектебімен»

Қаратал ауданы, Жетісу облысы

Педагогтің аты –жөні:

Төлеуқасен Мағжан Аханұлы

Сынып:

6

Күні :


Бөлім:

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу;

Сабақ мақсаты



Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларын қолдана біледі, үйретеді.

Бағалау критерийлері

Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру. Спорттық киімдеріне назар аудару.





Сыныпта жaрақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.



Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді. Қозғалыс дағдыларын дамытуға бағытталады.

Сұрақтарға жауап береді.

Белсенділікпен қатысады.

Дене жаттығуларын орындайды.







Мұғалімнің қолпаштауы



Үлкен, бос ойын кеңістігі





Мұғалімге ысқырық




Сабақтың ортасы


1-тапсырма.

Топтық жұмыс

«Арқан тартыс» ойыны.


1-белгі «Арқанға жақында!» команда жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады.

2-белгі «Арқанды ұста!» жұптар еңкейіп, арқанды көтереді.

Мұғалімнің ысқырығы.

Командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.

Қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударады.

Ойынның ережесін түсіндіреді.

2-тапсырма. Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар

Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.











Дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана біледі.







Жарыс барысында қауіпсіздік талаптарын орындайды














Өзара бағалау









Мадақтау



















Топтар бірін-бірі бағалайды










Үлкен, бос кеңістік. Ұзындығы 3-5 м кем емес арқан, сызықты белгілеу үшін бор, мұғалімге ысқырық.











Үлкен, бос ойын кеңістігі







асықтар


https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақтың_ұлттық_ойындарының_тізімі



Сабақтың соңы


Қорытынды. Сұрақтар арқылы қорытындыланады.


Кері байланыс

Рефлексия

Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі.

Мен білдім ...

Қызықты болды...

Мен үйрендім...


Үй тапсырмасы: дене жаттығулары


Оқушылардың өзін бағалау дағдылары қалыптасады.



Өзін-өзі бағалау






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!