Материалдар / "Қазақтың ұлттық ойындары" тақырыбында ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қазақтың ұлттық ойындары" тақырыбында ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
425
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тексердім»Д.Т.Ж.О: Ы.ЖаңабаеваСабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары .Сабақтың мақсаты: Халқымыздың аса құнды мәдени игіліктерінің бірі ұлттық ойындар жөнінде оқушыларға түсінік беру.ә) Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарасақ, содан үлкен де мәнді мағыналы істер туып жатқанын оқушыларға түсіндіру. Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты екенін түсіндіру.б) Өлең - жырларда халық ойынды тәрбие құралы деп танып, жастарды ойландыра түскен. Оқушылардың ақыл - ойының толысуына, есейіп өсуіне тәрбиелеу.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі А) Оқушыларды түгелдеу Ә) Оқушы мен топтың сабаққа дайындығы Б) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Ал балалар алда қандай мереке келе жатыр. Тәуелсіздікке 26 жыл 16-шы желтоқсан тәуелсіздік күні,ал 17-сі күні жаңару күні. Ал балалар қане кімде «Отан», «Туған жер» туралы тақпақтар бар , айтып беріңдерші. Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрібаев/Оқушыларды топқа бөлуОқушыларды қазақтың ұлттық ойындарының атауы бойынша топқа бөлу: «Теңге ілу». «Сақина салу». «Ханталапай»





2. Кіріспе Жаңа сабақ: «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы бейнеролик.Халқымыздың тарихы – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай - қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі - ұлттық ойындар. Манашыұлы Тұяқпай жырында:«Балалармен ойнайды,Ойнап жүріп ол бала.Кеудеге ақыл ойлайды» - депті. Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Халық өршіл ой - арманға меңзейтін шытырман оқиғалы, тіл дамыту, ой - өрісін кеңейту мүмкіншілігін байыту тілегінен туған жаңылтпаш, жұмбақ, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, балалар ертегілері, ойын - сауық жоралғыларын туғызды.Әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетін басып кірген жауынан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде халық мерекелері, ойын - сауық өткізген. Бұл мерекелер күн ілгері жарияланып отырылды. Сондықтан мерекеге қатынасушылар ұлттық ойынның түр - түріне даярланып, әзірлікпен келеді.Қазақтың ұлттық ойындары: «Көкпар, Күрес, Теңге алу, Қыз қуу, Алтын қабақ ату, Жамбы ату,Алтыбақан,Ақшамшық, және т. б спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие болды. Малға байланысты: ханталапай,тоғызқұмалақ,соқыр теке,асық,көкпар,бәйге,ақсүйек. Аңға байланысты: ақсерек-көксерек,аңшылар,аушылар мен қояндар, кірпіше қарғу,қас-құлақ,ордағы қасқыр. Түрлі заттармен ойналатын: ,арқан тартпақ,алтыбақан,жаяу көкпар,ақшамшық,аққала.
  • Нәтижеге бағыттау .
  • Сабақ барысында жауап берген топтарға – асық беріп отырамын.
Ал оқушылар өткен сабақты қайталап жиберейік: «Құрастыру» ойыны . Сұрақтарға жауап беру арқылы Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру.Логотип суретін құрастыру. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.Балалар: 
  • -Қандай үй жануарларын атай аласындар?
  • Төрт түлік малдың адамдарға қандай пайдасы бар?
  • -Төрт түліктің пірін атау?
  • -Үй жануарлары қайда тұрады?
  • Төрт түліктің төлін атау?
  • Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп аталады? 
Ал балалар өткен сабақты өте жақсы меңгердік. «Бәйге» ойынында оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын таду.1.Өнер- ағып жатқан бұлақ,...(Білім-жанып тұрған шырақ.)2.Жақсының аты өлмейді,... (Ғалымның хаты өлмейді.)3.Ақыл- тозбайтын тон,....(Білім таусылмайтын кен.)4.Өнерлінің қолы алтын,....(Өлеңшінің сөзі алтын.)5.Білегі күшті бірді жығады,....(Білімі күшті мыңды жығады.)6.Білгенің бір тоғыз,....(Білмегенің тоқсан тоғыз.)7.Қына тасқа бітеді,....(Білім басқа бітеді.)Әр топ өз атауы бойынша ойын ұйымдастырады. «Сақина салу» -ойыныОйынның ережесі: -Қазақтың ұлттық ойындардың бірі,оны халық арасында «Ақшамшық» деп атаған. Ереже бойынша-ойынға оншақты бала қатысады.Дөңгелене отырып,екі алақанын біріктіріп алға созады. Ойынды жүргізуші сақинаны кімге салсада өз еркі.Сақинаны біреуге салып,артқа қарай бір екі қадам кетіп. «Кайда менің сақинам» деп айтады.Сұрақты естіген соң сақинаның егесі орнынан тұру керек. Оң жақта отырған көршінің тапсырмасы,ұстау керек. Егер сақинаға иесі болып жүрген ойнаушыны көршісі ұстай алмаса көршісін жазалайды. Егер сақина иесі тұра алмаса,, онда өзі жазаланады.Жаза әртүрлі болады. Мысалы: тақпақ,ән,би, бір аяқпен секіру.

Алақанды беттестіріп қол ұстапОтырыңдар тұралаңы уыстап.Бір екі рет бір жүзікпен қалған бопБір жүзікті теріс жағынан салған бопСездірмейді берік болса сырға кім.Бұл жерде бір ұя тұрғанын.Бақыла өзінше түр түсіненЖүзікті бер деп сұрап біреуден.Деймінде сақинаны біреудің қолына саламын.

«Ханталапай» ойыны Ойынның ережесі: Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай». Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі «Теңге ілу» ойыныОйынның ережесі: Ойынға 5-6 оқушы қатысады.Оқушылар ортаға шеңбер болып тұрып, жүгіреді . Ортада теңге салынған қалташалар болады. Мысалы: ортаға 5 бала шықса, 4 теңге салынған қалташа қоямыз. Шеңберді айналып жүгіріп шығып, жердегі қалташаларды алады. Кім теңгені ала алмаса сол ойыннан шығады.Ойын солай жалғаса береді. Соңында қалған бала жеңіске жетеді.

«Тобық» ойыны онда оқушылар жаңылтпаштар айтады. Жаңылтпаштар сөзді дұрыс және тез айту үшін қолданылады. Бұл ойын жылдамдықты,шапшаңдықты қажет ететін ойын.

Ақ тай ақ па? Қай тай лақтай,Қара тай ақ па? Қай лақ тайлақтай



Тарбағатайда тағалай алмай, Жағажайды жағалай,Айғайды салған атай. Жүгіреді Қамажай.

Киген тоны, Сен өлше, ол өлшер,Оңды тон, Сол өлшем, сол мөлшер.Өңді тон.

«Постер қорғау»«Сақина салу» - Төрт түлікке байланысты ойналатын ұлттық ойындары «Теңге ілу»- Аңға байланысты ойналатын ұлттық ойындары . «Ханталапай»-Әртүрлі заттарға ойналатын ұлттық ойындар. «Жақсы жүрек,жақсы тілек» арқылы сабақты қорытындылау.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!