Материалдар / "Қазақтың ұлттық қол өнері және оюлары"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қазақтың ұлттық қол өнері және оюлары"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2019
654
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Білім саласы : Комуникация , Шығармашылық .

Бөлімі : Сөйлеуді дамыту . Мүсіндеу , Аппликация.

Тақырыбы:«Қазақтың ұлттық қол өнері және оюлары ».

Мақсаты: Балалардың ұлттық өнердің сән және қол өнер түріне сүйіспеншіліктерін , халқымыздың тұрмыс - салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту.

Міндеті: Көркемдік эстетикалық талғамын , шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, ептілікке сыйласттыққа баулу.

Әдіс – тәсілі: әңгімелесу, сұрақ – жауап.

Оқу қызметінің барысы .

Қайырлы таң құрметті қонақтар , балалар! Бүгінгі « Қазақтың ұлттық қол өнері және оюлары» атты оқу қызметімізге қош келдіңіздер .

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілін екенін қайдан білеміз ?

  • Көктем мезгілінде неше мезгіл бар ?

  • Бір аптада неше күн бар ?

  • Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?

Жарайсыңдар.

Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ . Бүгін біз қазақтың ұлттық ою-өрнектері қол өнері туралы әңгімелейтін боламыз .

Ұлттық қол өнер түрімен біз күнделікті үйде , балабақшада танысып жүрміз.

Әрқайсымыздың шебер әжелеріміз оюлап талай әдемі нәрселерді тігетіндерін білесіңдер .

Ұлттық бұйымдарға нелержатады?(көрпе,кілем,камзол,шапан, тақия,көйлек ,тымақ,сәукеле,текемет.).Ал бұрынғы кезде аталарымыз ағаштан , темірден қандай бұйымдар жасаған? (сандық,ер-тұрман,қамшы,домбыра т.б.) Зергерлік бұйымдарға (сақина ,білезік ,сырға, шашбау,бойтұмар, алқа)

Балалар тағы ұлттық бұйымдарға ыдыс-аяқтарда жатады олар (кесе,тостаған, астау,ожау,табақ,самаурын,шәйнек)

Осы бұйымдардың барлығыннемен әшекейлегенін білесіңдерме ?

Балаларға ою түрлерін көрсетіп , таныстыру .

Сергіту жаттығуы.

Маған арнап жекелеп

Әжем басты текемет

Үсті-үстіне төпелеп

Алда біреу жіппенен

Саумалайды жетелеп

Әрі біраз аунаттық

Бері біраз аунаттық

Қабат шидің сыртынан

Қайнақ суды саулаттық

Жарайсыңдар , балалар енді орнымызға отырып осы өнер түрлерін қалай меңгергендеріңді өз жұмыстарыңның нәтижесінен көрсетесіңдер.

1-топ оюды қиып жапсырады

2-топ ою-өрнекті бояйды .

Балалар алдымен қауіпсіздік ережесінен танысып , жұмыстарын орындайды.

Жарайсыңдар балалар мына жұмыстарыңды бітіру үшін біраз еңбек еттіңдер. Осы еңбек туралы мақал- мәтелдер білесіңдерме.

Еңбек түбі береке

Еңбек етсең енерсің,

Өнерлі бала, алтын бала.

Ойын: «Тақия тастамақ»

Қортындылау:Балалар бүгін не туралы әңгімеледік?

Қандай ою түрлерімен таныстық ?

Бұрынғы аталарымыз ағаштан , темірден қандай бұйымдар жасаған?

Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Жарайсыңдар, өте жақсы қатыстыңдар.

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек: Қазақ ою-өрнектерінің мағынасы мен тәрбиелік мәні туралы.

Нені игерді: Зергерлік бұйымдар және оюдан жасалған бұйымдарды игереді

Нені білді :Ою-өрнек сырларын біліп, жапсыра алуды.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!