Материалдар / Қазақтың ұлттық сәндік- қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз басу)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақтың ұлттық сәндік- қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз басу)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2020
478
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мұғалімі: Л.Абсатова

Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу технологиясы

   Сабақтың мақсаты: көркемдік көктеу тігінің түрлерін тігіп үйрену және оларды қолдану орнымен танысу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:қайшы, түсті кесте жіптері, инелер ине қыстырғышта, бір түсті мата, түсті бор, қалам, фломастер, сызғыш, оймақ, сантиметрлік таспа, кестелер эскиздері, кергіш, жақтаулар, канва.  

  Көрнекілігі:  кестелі бұйымдар, буклеттер, дайын бұйымдар.   

Сабақтың барысы  мен  мазмұны: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  Жаңа тақырып. Адам баласы табиғаттан да, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде де әдемілік пен жарасымдылықты таңдайды. Біздің жүрген ортамыз – үй, көше, дала, үстіміздегі киіміміз, жүріс-тұрысымыз бен қылығымыз, іс-әркеттеріміз – бәрі де әдемі болу керек.  Осы әдемілікке біз де үлесімізді қоса аламыз.

Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.              Оқушы білімін тексеру. —          Кесте дегеніміз не? —          Кестені қалай орындайды? —          Кестелі бұйымдарға нелер жатады? —     Өздерің кестенің қандай түрлерін орындай аласыңдар? Бұйымдардың демонстрациясы, слайд-шоу. Байқап қарасақ, біздің үй-тұрмысымызда  тұтынатын бұйымдарымыз – сулық,  майлық, қол сүлгі, терезе пердесі, жастық тыс, сейсеп, ақ жайма, жастық жапқыш, сәндік киімдерді, қабырғалық суреттерді т.б. көптеген бұйымдарды әсемдеуге болады екен. Дәстүрлі өнер  туындысы-  дизайнерлің диван жастықшасы.              

Ине  мен  жіпті қолданған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер. —            Инені    арнайы  қыстырғышта сақта; —         

Қайшыны,инені біреуге  ұсынғанда    ұшын  өзіңе қаратып  ұста; —          Инені  аузыңа  салма; —         

Қайшымен қиған  кесде,  сол қолыңды жаралап алма!

4- әдісті тігу  технологиясы.

Алдымен  бірінші жолда көрінетін адымдармен көктеу тігісін орындаймыз. Екінші жолды тігу үшін осы тігістің тұсында  2 см жерден тағы да  көктеу тігісін жүргіземіз. Енді басқа түсті жуан жіпті инеге сабақтап алып, инені көктеу тігістерінің бір шетіне бекітіп алып, көрінетін адамдардың арасынан арлы –берлі өткізе отырып Х  тәрізді көркемдеуші тігістерді орындаймыз. 6- әдісті тігу технологиясы Бұл тігісті орындау  дегеніміз — алдыңғы екі тігістің  қосаланған   түрі десе де болады. Ол үшін матаға  үш жерден көктеу тігісін жүргіземіз. 1-3 жол тұспа-тұс тігіледі де 2 жол қиылысып тігіледі. Көркемдеуші жіп екі қатар  жүргізіледі.               

  Шеберлік  пен дағдыны шыңдау және қалыптастыру                 Сарамандық   жұмыс бөлімі. Оқушылар  берілген нұсқаулық бойынша көркемдік көктеу тігісінің  4-5-6 түрлерін орындайды. Таратпа  карталарға  оқушылар орындайтын тігістің эскизін салып отырады. Жұмысты ұқыпты әрі тез орындаған оқушыға жеңімпаз жалауы беріледі.  

«Алтын балдақ қол сәні, Әшекей кесте тон сәні»  Сергіту бөлімі. Мақалдың  жалғасын тап. Кесте  туралы Кестенің сыры түрінде, 

Кілемнің сыры ………………. (түгінде)

Кестені  көңіл сызады, қол тігеді, көз  …………………..(сынайды)

Қыз еркем, кестесімен ………………………  (көркем)

Ұл еркем, өрнегімен ………………………… (көркем)

Шебер туралы Шебердің қолы ……………., шешеннің  тілі ………………..(ортақ)

Шебер қол шет ………………(қалмайды)

Шеберді өнер ………………….(асырайды)

Шебердің ісі ……………, шешеннің сөзі ……………..(мерген)

Шеберлік шексіз …………………(байлық)

Ине туралы Жолды инемен өлшемес …………….(болар)





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!