Материалдар / Қазақтың ұлттық ши тоқу өнерінің дамуы тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың ұлттық ши тоқу өнерінің дамуы тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық өнерін дамыту мақсатында қолдану
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ТУРИСТЕР СТАНСАСЫ











ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ

«ҚАЗАҚТЫҢ ШИ ТОҚУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ»

(Туған өлке – тұнған тарих)






Жазған: Едіге Аңсаған

Жетекшісі: Аймаганбетова Ш.С.










Ақтөбе,2023



АННОТАЦИЯ

Біздің ата — бабаларымыз ерте кезден табиғи материалдарды күнделікті тұрмыста қолдануды білген. Шикізатты экологиялық таза аймақтардан жинау, бүлдірмей сақтау, олардан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау ісін біздің ата-бабаларымыздан артық білетін халық жоқ десек дұрыс шығар. Бұл зерттеу жұмысы қазақ ұлтының қолөнер туындыларын насихаттаудың бір жолы ғана. Қазіргі заманда қолданылатын әрбір бұйымдардан қазақ халқының ұлттық нақыштары көрініс тапқаны дұрыс деп ойлаймын. Сол арқылы қазақ халқы басқа халықтарға өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, олармен теңесе алады. Осындай жұмыстар келешекте қолөнер саласында өзіндік қолтаңбасы бар азаматтар тәрбиелеуге септігін тигізері сөзсіз. 

АННОТАЦИЯ

Наши предкие с давних времен умели использовать в быту природные материалы. Даже можно сказать, что лучше них никто не знал, как собирать сырье с экологически чистых мест, хранить их и сделать из них необходимые в быту предметы.  Эта исследовательская работа является частицей пропоганды казахских национальных ремесленных произведении. Будеть правильно, если в современных изделиях будет присутствовать национальные стили. Благодаря им казахский народ может показать себя достоино и быть полноправным. В будущем такие работы помогуть воспитать поколение, которые будут показать себя в ремесленном искусстве. 

ANNOTATION

Our grandparents knew, early time natural materials applied in daily way of life. To collect raw materials from the clear regions, to keep them, and to make necessary object for our life our grandparents have known ancient time. I think that national styles people of Kazakh found each objects, that are used on nowadays epoch, spectacle. According to this way people of Kazakh specified on high level and they can equal other people. In future industry of handicraft to bring up students and citizens.
















Кіріспе


Ғылыми жобаны зерттеудің өзектілігі: ХХІ ғасыр — дамыған заман. Бірақ та ұлттық өнерді үйрену, ата  кәсіппен айналысу бүгінгі күннің басты мақсатының бірі. Ұлтымыздың шеберлігін қастерлеу, іскерлікке дағдылану барлық адамның міндеті. Ши тоқу өнері бұрын киіз үймен байланысты көрінетін. Енді қазіргі заман талабына сай күнделікті шиді сәндік бұйымдар ретінде қолдануға болады. Ши тоқуды жаңа өмір талабына сай өзгертіп, күнделікті өмірде пайдалануға болады. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді басқа халықтарға көрсете аламыз. Шеберлер қолынан шыққан заттар қашан да маңызды. Сондай қол өнеріміздің бірі — ши тоқу өнері. Ши тоқу – ата-бабаларымыздан қалған кәсіп. Нағашы әжемнің айтуынша бұрындары, яғни ол кісінің бала кезінде ауылдағы әрбір үйдегі әжелер, апалар, қыздар, жас балалар ши тоқу өнерін білген екен. Зерттеушілердің пікірінше бұл өнер ХV ғасырдан бастап дамыған. Ши тоқудың қазақтардың өмірінде ерекше маңызы болған. Ата-бабамыз табиғаттағы әрбір өсімдікті өз керегіне жаратуды білген, оны ұрпақтарына үйретіп отырған екен. Сол дәстүрмен нағашы әжем мен анамның арқасында мен де ши тоқу өнерімен таныстым. — Ши қалай тоқылады? — Оны біз неге пайдаланбаймыз? — Қазіргі кезде осы жайлы барлық адам біле ме? Осылар жайлы білгім келді, сол себепті сұрақтарыма жауап іздей келе, ғылыми жұмысқа кірістім. Соның ішінде «Қазақтардың ши тоқу өнерін» зерттеу менің жұмысымның негізгі мақсаты болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдық:

1. Осы тақырыпқа байланысты әдебиеттер қарастырып, талдау жасау;

2. Шикізаттың дайындалу және шидің тоқылу жолдарын үйрену;

3. Тоқылған шиді қазіргі кезде күнделікті өмірде пайдалану жолдарын қарастыру.

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Халқымыздың қолданбалы өнерін  үйреніп,  технологиялық  білімді  теориялық  саралану  тұрғыдан  тұжырымдау.  Шиден   тоқылған  туындыларды  жасау  арқылы ежелден келе жатқан қазақ  халқының  қолөнерін жандандыруға үлес қосу. Күнделікті тұрмыста қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару.

Ғылыми жобаның гипотезасы: Шидің қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмауы, қазақтың ою — өрнектерін пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрді сақтау, жаңарту. 

Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:1. Ши тоқудың әсем, әрі тұрмыстық салтта өте ыңғайлы екендігін дәлелдейтін мәліметтер жинастыру.2. Ши тоқудың түрлерімен танысу.3. Жинаған әдебиеттерді талдау.4. Ши тоқудың сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу.5. Көненің көзін көрген қариялармен, мектеп оқушыларымен сұхбаттасу арқылы ши тоқу жайлы мәлімет алу.6. Өзіндік пікір, тұжырым жасау.

Ғылыми жобаның зерттеу болжамы:

  • Халық  қолөнерін  оқып  үйренуде  технологиялық білімдері   қалыптасады, егер;

  • Шығармашылық  ізденіс  барысында  технологиялық  білімінің  мазмұны  ашылса;

  • Қоғамдағы  еңбектің  рөлін  түсінсе;

  • Өз  ауылындағы, туыстары мен жақындарының өнер туралы ұғымдарын ұштастырса;

  • Тұрмыстағы  көріксіздікті  сезіне  білсе.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: Тақырыпты ашу барысында қосымша ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасау. Өзіндік тұжырым жасай отырып, салыстыру әдісін де қолдану.

Ғылыми жобаның жаңашылдығы: Үйге шиден түрлі заттар тоқу арқылы жұмсалатын шығынды азайту жолдары. 

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақ ою-өрнектерінің маңызды екеніне көз жеткіздім. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білдік.

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Тақырып негізінде жинақталған материалдар келешек күнделікті өмірімізде пайдалануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдаланудың зор мәні болады.





























Мазмұны


Аннотация................................................................................2

Кіріспе.......................................................................................3-5

1. Қазақ халқы ши тоқу өнерінің даму тарихы.........................6-7

2.Шиді өңдеу жолы мен пайдалануы....................................................................................8-10

3.Шидің тоқылу технологиясы...................................................11-12

Қорытынды............................................................................13-15

Қолданылған әдебиеттер........................................................16



































1. Қазақ халқының ши тоқу өнерінің даму тарихы

Ши — астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 50-220 см, сабағы көп, мықты, тік өседі, түсі қошқыл жасыл, екі жағы да тықыр, тұп жағы көптеген ескі жапырақты шым түзейді. Жапырақтары ұзын, жіңішке (ені 3-2 мм), өте қатты. Сыпыртқысы жіңішке, ұзындығы 15-50 см, масағының ұзындығы 5- 6 мм, ақ не күлгін түсті. Мамыр-шілдеде гүлдеп жеміс салады. Еліміздің көп жерлерінде өседі. Қыста мал шиге жақсы жайылады. Сосын ұзын сабақтарынан ши тоқиды, гүлі мен қысқа сабағынан сыпыртқы жасайды.Ата-баларымыз осы шиді жүнмен орап, өрнектеп тоқыған. Әртүрлі әдемі өрнектеп тоқыған шилер киіз үйдің ішін бөлмелеп бөлуге ыңғайлы болған. Тоқылған ши әрі арзан, әрі ыңғайлы. Ши көшпелі заманда алып жүруге өте жеңіл. Киіз үйдің ішіне ши жалпы әдемілік ретінде өте үйлесіп-ақ тұрады. Сондықтан мал шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан бері пайдаланып келеді.Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым-ши (шымораулы ши). Қолөнер шеберлері өрнектелген шилерді қанат шилер деп атайды. Қазақ арасында осы ши түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады. Мысалы, ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, мал сойғанда еттің астына салуға, үйдің төбесіне жабуға ұстаған. Ал ұзынынан түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді. Оны киіз үйге, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнына да ұстайды. Ұзындығы тұтас емес, әр жерінен аралатып оралған шиді ораулы ши дейді.Ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу бәріне ортақ жұмыстар. Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып, қой сойып, тамақ дайындап, домбыра шертіп, ән айтып ұйымдасқан түрде кіріскен. Қазақтың «ши тарту биі», «ши шымылдық» дейтін ұлттық ойындары содан қалған деседі.Тоқылатын ши мал аяғы баспаған жерден, жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді жаңбырдан кейінгі шық кеппей тарту керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді.Ши ораудың екі әдісі бар. Біріншісі-тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау, екіншісі-жаңа өрнек үлгісімен орау. Оралып тоқылған даяр шидің өрнегіне салып орайтын шиді бір-бірлеп өрнек бойынша әр түсті оралған шидің буындарын дәл келтіріп, санап отырып орайды. Шиді орағанда оның түп жағы мен шашақ жағын үнемі кезектестіре салып отыру керек. Әйтпесе шидің бір шеті жұқа, майысқақ болып, екінші шеті тым қалың боп кетеді. Ондай шиді жинау да қиын болады. Шиді тоқуға арналған жіп бірнеше домалаққа төгіледі. Домалақтар салмақты болу үшін жіпті темірге немесе тасқа төгеді. Мөлшері орташа бір қанат шидің өн бойы 9-11 жерден тоқылады. Тоқу ісіне керекті ең негізгі құрылғы — арқалық (сырық). Арқалықты екі басынан жіппен байлап, биіктігі шамамен 1м.20 см келетін ағашқа асып қояды. Арқалықты әр жерден тоқылатын жіп ілінетіндей етіп кертеді. Содан кейін домалақталған жіптерді арқалыққа дәл ортасын келтіріп көлденең іледі. Ілініп тұрған жіптің ортасына әкеліп бірінші шиді салады да, әлгі жіптерді әрлі-берлі айқастырып домалақтарын ауыстырады, яғни арқалықтың ар жағындағы домалақты оң қолымен алып, бергі жағына түсіреді, бер жағындағысын сол қолымен ар жағына түсіреді. Арқау жіптеріміз астыңғысы ұрғашы, үстіңгісі еркек жіп деп аталады. Ұрғашы, еркек жіптерді бір-бірімен байланыстыру арқылы біздің тоқып жатқан шым шиіміз пайда болады. Осы тәртіппен шидің өн бойы тоқылып шығады. Тоқылатын шидің басталған жағы мен аяқталған жақ шетіне үш шиді қабаттап әуелі өз алдына бір рет жай жіппен сирек орап байланыстырады. Қара жүннен иірілген жіппен ақ шиге оралған осы бір сайластырудың өзі үшбұрыштардың тізбегі сияқты өрнек болып шығады. Мұны ши ораушылар «шыбын қанат» өрнегі дейді. Тоқи бастағанда бір немесе екі қарыстай жерге бірыңғай осыларды салып тоқиды. Сонда тоқылған шидің екі жақ шеті қалыңдап, берік шығады. Ши тоқушылар мұны қарақұс деп атайды. Бұған шидің бауы бекітіледі де, оны басқа бір затпен байланыстыруға мүмкіндік жасайды. Тоқылып болған шидің бас аяғын тегістеп қырқады. Кейбір адамдар қырқылған шидің екі жақ шетін әдемі матамен көмкеріп тігеді.Халық шаруашылығында шиді орап тоқумен қатар шиді байластырып тұрғын үй, мал қора салу, әр түрлі төсеніштер жасаған. Бұл әрі оңай, әрі арзанға түседі, әрі неше алуан мәнермен өрнектеледі, әрі жасалу жолдары оңай тоқылады.Шиден жасалатын заттар: алаша ши, ас шиі, аяқ қап, есік, кілем ши, киіз басатын ши, күрке, ши қалпақ, шыны қап т.б.  Сурет-Ши(1 сурет)

Ши өңдеп, өрнектеп, шиге түр салу өнерінде қазақ шеберлері көптеп көзге түскен. Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйрететін арнаулы орын бұрынғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан — ұрпаққа дәстүр бойынша келіп отырған. Балалар аналарына, әжелеріне көмектесе отырып, олардың жұмысына, өнеріне зейін қоя жүріп, үйреніп алатын болған. Шиден жасалған заттарды күнделікті сәндік бұйымдар ретінде қолдануға болатынын дәлелдейін. Ондағы мақсатым ши тоқу өнерін қазіргі заман талабына сай өзгертіп, күнделікті тіршілікте қолдану. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді басқа ұлттарға таныстыру. Осы ғылыми жобамен жұмыс кезінде бірнеше ши түрлерін тоқыдық. Бүгінгі күні ауылда әлі де мал шаруашылығымен айналысатын адамдар көп. Олар сиыр сүтінен түрлі ұлттық тағамдар дайындайды. Мысалы: қатық, құрт, ірімшік және т.б. Бұларды кептіру үшін өрені әлі де пайдаланады.Бірақ та олар өздерінің әжелерінен қалған ескі өрелерді қолданып жүр. Ал олардың көпшілігі сол өрені тоқу жолын білмейді. Солардың ішінде менің өз әжем де бар. Біз тоқыған өремізді әжеме сыйға тарттық.Әжем қатты қуанды және өзінің құрт жайып жүрген өресінің тозып кеткенін айтты. Сонымен қатар ыстық ыдыс қоятын бұйымды да дүкендерден сатып алып жүргендер көп. Олардың арасында өз анам да болды. Анамның қолынан ши тоқу келсе де, қазіргі заман ағымына қарай сол заттарды дүкеннен сатып алып жүрген. Анам енді оларды сатып алмайтын болды.

Біз қолдан тоқыған шымшилерді үйде ыстық ыдыс қоятын бұйым ретінде пайдаланатын болды.









2. Шиді өңдеу жолы және пайдаланылуы

«Ал, бүгінде  еңбек  — XXІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде,  жаһандық  бәсекелестік  жағдайда  алдыңғы  кезекте  ілгерілетілуі  тиіс». Елбасымыз  ұсынып  отырған  келешегіміздің   ұстанымы.Осыған  орай,  бүгінгі  заман   XXІ  ғасырда  өмір  сүретін  жастарға  ғалам  негіздерінің  жаңа   жетістіктерімен   қарулануды,  оқып,  үйренуді  талап  етіп  отыр.  Себебі,  қазіргі  ұрпақты өрісі тар, еш нәрсеге мән бермейді, түрлі жағымсыз қылықтар жасауы көбейіп отыр деп қаралайды. Санасы сәулелі жастар бұны түсінеді. «Өнер көзі  — халықта» деген, алдымен, өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып, ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз. Қазақ  ұлты  —  кең байтақ еліміздің ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртушы, жаңғыртып байытушы.

Халық  қолөнерінің  бай  мұралары  бүгінгі  күннің  алтын  қорына  айналыпотыр.  Халқының   қолөнерін  зерттеген  ғалымдар:  Ә.  Марғұлан,  зерттеуші  этнограф  С. Қасыманов,  Ө.  Жәнібеков,  Д.  Шоқпаров.  т.б. Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі шиді жүнмен орап және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнердің барлық түрлері сияқты ши тоқу,оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан келе жатқан  өнер  мұрасы.Қазақ  халқының  қолөнері  деп  халық  тұрмысында 

жиі  қолданатын  өру,  тігу,  тоқу,  мүсіндеу,  құрастыру,   бейнелеу  сияқты  шығармашылық  жиынтығын  айтады. Халықтың  өнеріне  әдет – ғұрып жабдықтарымен қатар аң аулауға,мал өсіруге  және  егіншілікке  қажетті  құрал — жабдықтар кіреді. Осылардың ішінен ши  тоқу  өнері жайлы  сөз  қозғамақпыз.

Ши тоқу  халқымыздың  өрнекті  өнерінің  бірі,  шиді  жүнмен  орап және  оны  өрнектеп  тоқу  ісі.   Қолөнердің  барлық  түрі  сияқты  ши  тоқу,  оны  түрлі  өрнектермен  безендіру  әдісі  өте  ерте  заманнан  бері келе жатқан өнер мұрасы. Сан алуан әдемі өрнектер орап тоқылған шым шилер киіз үйдің керегесі мен туылдырығының  арасында,  ыдыс – аяқ  тұрған  жаққа  тұтуға, сондай –ақ үлкен үйлердің  ішін  бөлмелеуге. Ертеректе   батырлардың  оқ  салып жүретін қорамсақ қаптары да   шиден  тоқылған. Қолөнер ісінің басқа түрлеріне қарағанда,ши тоқу  әлдеқайда  арзанға  түседі,  әрі  төзімді  келеді.Әсіресе,  киіз

үйдің  ішін  әсемдеуге  шидің  алатын  орны  ерекше. 

Неше түрлі  сырмен  боялып,  сағанақтары  күмістендірілген кереге көздері шашақталған уық бауларға, зермен кестеленіп, шұғамен оюланған тулырлық пен үзіктің ішкі  өрнектеріне  ши  жалпы  түр  беру  ретінде  өте  үйлесіп — ақ  тұрады. Осындай   әдемі  оралған  кілем  шилер  бұрын  ата – бабаларымыз, малды ауылдардың бәрі  қолданған.  Әсем   болуымен  қатар,  ши көші –

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!