Материалдар / Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары

Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына сіңіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2023
283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ







«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»

Әдіскер __________ Е. Мырзабеков ДОЖЖО __________ Е. Билалов

«____»__________20..... ж «____»__________20..... ж






АШЫҚ САБАҚ


Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары








Пәні: Дене тәрбиесі

Оқытушы: Қ. Абдуллаев.







Шардара


1 курс тобы, «_____» 20 жыл

Оқытушының аты – жөні: Қ. Абдуллаев.


САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ №


Пәні : Дене тәрбиесі


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: : Қазақтың ұлттық ойындарының шығу тарихы, ережелерімен қазіргі таңдағы даму мәселелері туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.

2.Тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды тарихи және ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке, адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың топпен жүмыс жасай білуге

, ой бөлісу, пікір алмасу, ортақ тұжырым шығару, сыни тұрғыдан ойлау, тақырыпты өз ойымен саралай білу.


Сабақтың түрі, әдісі: Аралас сабақ, сыни тұрғыда ойлау оқыту әдісі


Сабақтың көрнекілігі:Үлестірмелі суреттер, тапсырмалар қағазы.


Пәнаралық байланыс: Мәдениеттану, тарих, халықтық педагогикамен байланыстыру.

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі. ( 5 минут).

1 Студенттермен сәлемдесу

2 Студенттерді түгендеу

3 Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру тексеру

 

ІІ . Жаңа сабақ : Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары.

Ассоциограмма.

"Миға шабуыл" ( 15 минут).

1.Әр топ үлестірмелі сұрақтарға жауап береді.

2.Ұлттық спорт түрлері: Асық ату, аударыспақ, шығу тарихы қолданылуы.

3. Ұлттық спорт түрлері: бәйге, тоғызқұмалақ, шығу тарихы қолданылуы.

Постер қорғау.( 45 минут).

Осы алған мағлұматтарды постерге түсіру. (Плакат беріледі постер қорғайды).

1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.

Аударыспақ – спорттың ұлттық түрлерінің ішіндегі ең бір қызықтысы. Ол жарысқа қатынасушыдан күшті, самдағайлықты, төзімділікті, батылдықты, тапқырлықты, ат үстінде өзін жақсы ұстай білуді талап етеді. Аударыспақ, атқа мінген екі жігіттің бірін-бірі аударып тастап не ерден жұлып алу үшін шайқасатын ойын. 

Бәйге – қазақтың ат спорты ішіндегі ел арасына ең көп тараған түрі. Бәйге ұзаққа шабатын – аламан бәйге және жақын жерге шабатын бәйге болып бөлінеді. Бәйгенің бір ерекшелігі қырлы дөңесі бар табиғи кедергілер арқылы өткізілетіндігінде. Бұл спортшыларға талапты күшейте түседі. Атқа шабушы тек күшті болып қана қоймай, атқа жақсы шаба және өз атының күшін дәл бағалай білуі керек. Бірақ соңғы кездерде жарысты тегіс жерлерде немесе ипподромдарда өткізетін болды. Мұндай жағдайда қашықтықты ұзартады. Бәйгеде спортшының тактикалық шеберлігінің орасан зор маңызы бар. Қөп жағдайларда аты жүйрік және мыкты спортшылар емес, жарыс жағдайын дұрыс түсініп, өзінің сәйгүлігінің күшін дұрыс біле білген адам ұтып шығады.

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.

Қазақша күрес – қазақтың ұлттық спортының тамаша түрлерінің бірі. Қазақша күрестен жарыс Октябрь революциясына дейін және революциядан кейін біраз жылдар салмақтық топтарға бөлінбей өткізіліп жүрді. Бұл оған қатынасушылардың арасында теңсіздік тудырды. Қазіргі кезде қазақша күреске қатынасушылар салмағына қарай бес топқа бөлінеді. Бірақ оның өзі де жеткіліксіз. Қазақша күрес еркін күреске өте ұқсас болғандықтан мұнда да салмақтық топтар еркін күрестегідей болу керек. Спорттың ұлттық түрлерін мүмкіншілігінше қазіргі классикалық түрлерге жақындата түсу, оларды одан әрі өркендетудін және жетілдірудің негізгі міндеттерінің біpi. Спорттың ұлттық түрлерін бұл бағытта дамыту оны бұрынғыдан да мазмұнды және қызықты ете түседі. Бұл әсіресе еркін күрестің түрегеп тұрғанда аяқтан шалатын және қолмен белден төмен ұстауға болмайтын әдістеріне өте жақын. Қазақша күрес үшін тіпті маңызды. Мұндай әдістер орыстың, тәжіктің, қырғыздың, армянның, грузннің тағы басқа халықтардың күрестерінде бар. Бұл жағдай қазақша күрестің техникасын, тактикасын, жаттықтыру әдісін жетілдіре түсуге мүмкіншілік тудырады. Қазақша күрестегі бір ерекшелік шалу және қайыру сыяқты әдістердің өте байлығында. Мұнда түрегеп тұрып лақтыру немесе жатаберіс тастау, белге салып лақтыру сыяқты әдістері де қолданылады. Бұл негізгі әдістерге палуан аяғын жиі пайдаланады.





Жаңа сабақты пысықтау(20 минут).


"Алақан әдісі " бойынша кері байланыс


Сабақты қорытындылау: ( 5 минут)

Сабақты бекіту.

Бағалау: (3 минут)
Сабақта белсенділік танытып, бағалау тапсырмаларға дұрыс жауап берген студенттерді бағалаймын.
Үй тапсырмасы: ( 2 минут)

Үйге тапсырма беру. (Ұлттық спорт ойындарына байланысты реферат жазып келу).

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ