Материалдар / “Қазақтың ұлттық тағамы-құрт”
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

“Қазақтың ұлттық тағамы-құрт”

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріспе……………........... І. Әдебиеттерге шолу 1.1. Құрттың шығу тарихымен танысу............................................................. ІІ. Негізгі бөлімі 2.1. Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық………………………… 2.2. Құрттың түрлері………………………………………………… 2.3. Құрт жасау………………………………………………………… ІIІ. Зерттеу бөлімі 3.1. Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
433
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақтың ұлттық тағамы-құрт”

















































Мазмұны

Кіріспе……………...........

І. Әдебиеттерге шолу

1.1. Құрттың шығу тарихымен танысу.............................................................

ІІ. Негізгі бөлімі

2.1. Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық…………………………

2.2. Құрттың түрлері…………………………………………………

2.3. Құрт жасау…………………………………………………………

ІIІ. Зерттеу бөлімі

3.1. Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………




























Аңдатпа

Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын зерттеуге арналған. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Қазіргі замандағы көздің жауын алатын тәттілердің орнын, осы жасалған құртпен алмастыра отырып, ақуызға өте бай және адам денсаулығына өте пайдалы, таптырмас тағам ретінде ұсыну. Құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кеттік.






Аннотация

В этом проекте исследуется одно из самых древнейших блюд казахского народа – курт. Слово курт означает – сушенное молоко. В наше время много разных сладости и вместо этих сладостей заменить куртам, в котором его составе много белков и микроэлементов, полезных для здоровья человека. Также можно отметить что курт можно вывести на мировой рынок в качестве Казахстанского национального бренда. 





















І. Кіріспе

Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. 

«Ағы бардың бағы бар»- деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. «Қазақтың сүттен жасайтын ұлттық тағамындарының түріне сан жетпейді»- деп жазған ертедегі бір зерттеуші. Демек, оның барлық түрлерін айтып беру қиын. Оның ішінде қазақтың ұлттық тағамы құртқа тоқталсақ.

Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Осындай пайдалы заттардан құралған құртты сан жылдар бойы сақтауға болады. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген.

Жұмыстың мақсаты: қазақ халқының ұлттық тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету.

Жобаның міндеттері:

-Қазақтың ұлттық  тағамы – құртпен танысу;
-Құрттың қазақ  өмірінде алатын орнын көрсету;
- Құрттың адам  денсаулығына пайдасын көрсету.

Мәселе: Құрттың  адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу.

  • Зерттелетін зат: Құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу  

  • Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық. 

Берілген тақырып бойынша әдебиетпен жұмыс.
•Жасалу технологиясын анықтау;
• Құрттың пайдасымен танысу, құрттың құрамына кіретін түрлі заттарды түсіну;
• Құрт жасаумен айналысатын адамдармен кеңес қылу.Дәрігерлермен ауруға ем болып, сауға қуат болатындығы туралы сұхбат жүргізу.
• Мектепте достарыма құрттың пайдасын түсіндіру.

Зерттеу проблемасы: Қазіргі кезде балалар түрлі чупа-чупс, киндерсюрприз, сникерс, кириешки қытырлақтар сияқты денсаулыққа зиян заттарға әуес.

Бұл заттар асқа деген тәбетімізді жояды. Ал құртты да балалардың әуестеніп жеуі үшін не істеу керек? балаларға дәмді қылып ,әшекейлеп жасап берсе  неге жемеске?...Әсіресе ауылда тұратын жерлестерімізге дастарханымызда ақ заттарды көбірек қолдансақ деген ниетпен деректер жинадым.

Мен зерттеу барысында үлкен әжелерден әр аймақтарда жасалатын құрт түрі мен құрамы туралы деректер жинадым. Нәтижесінде құрттың түрлері мен жасау әдістерін анықтадым. Сонымен қатар ортаңғы буында оқушылар арасында да сауалнамалар жүргіздім. Жоба барысында құрттың халық тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық тағам екеніне және құртты үнемі қолдануда үлкен мән – мағына бар екеніне көз жеткіздім. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз мектеп оқушыларына сиыр сүтінен жасалған құрт тағамы жайында толығырақ мәлімет беру және оның пайдасын, түрлерін насихаттау. Осы еңбегіміздің  нәтижесі ретінде болашақта дүкен сөрелерінен балаларға арналған әртүрлі тәттілер мен сағыздар сияқты балалар еркін сатып алатындай құрттың әр түрі болса деп ойлаймын. Тіпті дәріхана сөрелеріне де гематоген, аскорбинкалармен қатар құрттың әр түрін қоюға болады деп ойлаймыз.

Зерттеуіміздің жаңалығы: құрттың адам ағзасына пайдасы,болашақта құртты кіші жастағы балаларға қызықтыра жегізіп үйретудің әдістерін анықтау, егер құрт жайлы көбірек оқып білсек, құрттың көптеген сырларын ашар едік.

Құрттың қысқаша шығу тарихы

Құрт — сүт өнімдерінен дайындалатын тағам.

«Құрт» сөзінің мағынасы – «құрғақ, кептірілген сүт». Құртты дайындау үшін пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада сүзіп алып, тұздайды, өреде кептіріп сақтайды.

Бұл тағам ақуыздарға өте бай. Жасалу тәсілдеріне қарай сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деп бөлінеді. Олардың бәрі жыл бойы, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді.

Бір кездері құрт көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған.

Соғыс жылдары бір газетке «1942 жылы Ленинград қоршауында Кеңес Одағының ұшақтары қала тұрғындарына құрт шашып, аштықтан құтқарды» деген мақала да жарияланыпты.

Демек, құртты түр-түрімен еліміздің ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығарған тиімді.

Құрт- сүттен дайндалып, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті біртіндеп жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, тек іркітке айналып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға құйып, суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап әбден қоюланған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт қапта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, ұсақтап бөліп, шиге, тақтайға қолмен әр түрлі формаға келтіре сықпалап өреге жайып кептіреді. Оның негізгі түрлері: күлше, жарма, сықпа, шүйірмек.

Объект 3

Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық

Іші-бауырымыз құрысып-тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады. Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен-жегені нағыз дәрумендердің көзі екен.Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы – дәруменнің, күш-қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалапсыртына ірімшік деп жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22,85-34,52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40-42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4,52%-тен аспайды, ал ірімшікте ол 10,93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0,51%, ал кальций 2,3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268,8-401,38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408,4 қуат береді.

Құрттың түрлері

Қазақ халқының, яғни біздің аналаымыз тағамның түр – түрін жасап, оның бабын да жақсы таба білетінін ғылыми жобамыздың басында да атап өткен болатынбыз. Мәселен аналарымыз бір ғана сүттің өзінен түрлі тағам жасай білген. Ал сол сүттен жасалынатын құрттың өзі жасалу жолына қарай сан түрге бөлінеді. Осы орайда құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет деп таптық. Мәселен құрт:

1) Жас құрт
2) Көбік құрт
3) Ыстық құрт
4) Сықпа құрт, немесе сүзбе құрт
5) Малта құрт
6) Езген құрт
7) Ақ малта
8) Ұнтақ құрт
9) Ақ құрт
10) Қара құрт
11) Құрт май
12) Ежігей немесе ежегей құрт деген түрлерге бөлінеді.

Жасалған құртты алып өлшедім, ондағы құрттың массасы 50 гр болды, кепкеннен кезде құрттарының кішірейгенін және құрттың массасының 40 гр, ал сықпа құрттың массасының 15 гр болғанын көрдім, яғни құрт кепкен кезде оның құрамындағы су буланып соның нәтижесінде құрттың массасының азайғанына көз жеткіздім.

Құртты өлшеу

Рисунок 3

Қазіргі кезде балалар  көп пайдаланатын әртүрлі сағыздар мен  шоколодтардың орнына құрттарды пайдаланса деп ойлаймын. Балалар ойнап жүргенде, бос кездерінде ауыздарына сағыз салғанша құрт салса, денсаулығына да өте пайдалы болар еді. Мен өз сыныптастарыма құрттың маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Сыныптастарыма өзім дайындаған құрттардан бердім, олар маған рақметтерін айтты.

Құрт құрамындағы дәрумендер:

Бұл дәрумендердің арқасында біз жарықты көреміз, түстерді ажыратамыз.

Ас қорыту жақсарады.

Дәрумені жетпесе қызыл иек қанағыш келеді, суық тию ауруына иммунитет төмендейді.

Қазақстанның ұлттық бренді – құрт

Қорытынды
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар. Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты.

Тәрбие сағатында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Сыныптастарыма бір сөзбен айтқанда, чупа-чупс сорғанша құрт жеңдер дедім. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді
Менің
зерттеуім бойынша құрттың ұлттық бренд бола алатынын атап, айтқым келеді. Менің ғылыми зерттеу жұмысыма сыныптастарым да қосылды. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды. 
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт
адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.






























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж.
2. Анфимова Н.А., Татарская Л.Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж.
3. Ермакова В.И. Аспазшылық, Просвещение 1993 ж.
4. Матюхин З.П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение 1999 ж.




























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!