400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың ырым-тыйым сөздері-тәрбиенің негізгі көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқындағы ырым-тыйым сөздердің ерекшеліктері мен тәрбиеге деген ықпалы жайлы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы

««Парасат» мектеп – лицейі» КММ




ТАҚЫРЫБЫ:

Қазақтың ырым-тыйым сөздері - тәрбиенің негізгі көзі



СЕКЦИЯ:

Қазақ тілі мен әдебиеті



Авторы: Жұмабай Нұрбол

СЫНЫБЫ: 5 «А»


Қызылжар ауданы «Парасат» мектеп-лицейі



ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:

Құлатаева Анар Жақсылыққызы

Парасат мектеп - лицейінің» қазақ тілі пәні мұғалімі




















2017-2018жж.

Мазмұны

  1. Аңдатпа ..........................................................................................................3-5

  2. Кіріспе ...........................................................................................................6

  3. Негізгі бөлім...................................................................................................7

3.1 « Тойдым» емес, «қанағат» деген жөн.........................................................8-9

3.2 «Малдың алдынан ыдыспен шықса – сүті азаяды»..................................8-9

3.3 «Жанып тұрған шырақты үрлемейді»..........................................................8-9

3.4 Балалардың ырым - тыйым сөздерін білетіндігі жайлы сауалнама...10

4. Қорытынды бөлім.............................................................................................11

5. Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................12





























  1. Аңдатпа

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Қазақтың ырым-тыйым сөздері – тәрбиенің негізгі көзі

Зерттеу жұмысының мақсаты:   Тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып, оны өмірде тиімді пайдалана білуге бағыт - бағдар беру. 

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Тыйым сөздерді қолдана отырып, тыйым салынған әрекеттерден аулақ болу.

  • Балалардың тыйым сөздерді білетіндігі және оны тұрмыстық жағдайда қолданатындығы жайлы сауалнама арқылы зерттеу;

  • Тыйым сөздерге қатысты буклет шығару

Зерттеу нысаны: Қазақтың ырым-тыйым сөздері

Зерттеуге қатысушылар: «Парасат» мектеп-лицейінің 5 - сынып оқушылары.

Зерттеу өзектілігі: Қазақ халқының әдет – ғұрпы, тілі, мінез- құлқы, дүниетанымының қалыптасуындағы, ырым – тыйым сөздерінің маңызы зор, бірақ қазіргі таңда ырым – тыйым сөздер аз қолданылады. Болашақ ұрпақ ырым – тыйым сөздердің мағынасын мүлдем білмеуі мүмкін. Сол себептен осы тақырыпты өзекті деп айқындадым.

Зертеудің болжамы:  Бала тәрбиесінде ырым-тыйым сөздерінің маңызы зор екендігі көрсетілді. Жас ұрпақтың тәрбиесінде зор үлесін табатын ырым-тыйым сөздері іріктелініп алынды.

Маңыздылығы: Жасөспірім балалардың бойында патриоттық сезім, елін, халқын сүйе білуге тәрбиелеуде, қазақ халқының әдет – ғұрыптары, салт – дәстүрлері, мақал – мәтелдері, тыйым сөздерінің мәні зор екендігін балалардың санасына жеткізу.

Зерттеу әдістері мен тәсілдері: Талдау, бақылау, жинақтау, сауалнама жүргізу, жарнамалау.



Анотация

Тема исследовательской работы: «Казахские приметы , запреты как основа воспитания»

Цель исследователькой работы: раскрыть значение приметов, как они влияют на воспитание детей;

дать правильное направление использования приметов в жизни;

Задачи:

  • научить как избежать от поступков и действий на которые возложены запреты

  • проведение анкетирование на предмет: знают ли учащиеся запреты, приметы, и использют ли их в быту

  • выпуск буклета

Объект исследования: «Казахские слова приметы, запреты»

Участники исследователской работы: Учащиеся 5-х классов школы- лицей «Парасат»

Актуальность исследования: настоящее время мало кто знает значение слов приметов, в которых содержаться запреты. Так как они оказывают большую роль в воспитании детей, нужно их знать и использовать в жизни.

Гипотиза: показали значение слов приметов, выделили наиболее значимые

Значимость: в воспитании детей большую роль играют казахские обычаи и традиции, приметы, запреты, пословицы, поговорки. Донести, разъяснить детям их значение и смысл

Методы исследования: сбор, анализ информации, анкетирование, реклама








Abstract

Theme of research: the Kazakh signs are the basis of upbringing

Aim of research: to find out the meaning of signs, their influence on children’s upbringing, to give directions of using signs in life

Tasks:

  1. To teach to avoid from actions which are forbidden

  2. Questioning: if pupils know forbidden signs and if they use in life

  3. To issue booklet

Object of research: the Kazakh words, signs

Participants of research: the 5th form pupils of school-lyceum “Parassat”

Relevance of research: nowadays not many people know the meaning of signs which have prohibitions. As they influence on pupils’ upbringing it is necessary to know and use in life. We proved the relevance of this theme.

Hypothesis of research: the meaning of signs are found out, the most significant are highlighted

Significance: the Kazakh traditions and customs, signs, proverbs, prohibitions play the big role in children’s upbringing. Our task is to explain the signs’ meaning and value.

Methods:

-analysis

-observation

-collection of information

- questioning

-advertising





  1. Кіріспе

Қазіргі заманда ырымдар мен тыйымдарға адам баласы көп мән бермейді. Ал ата-бабаларымыз болса оларды мұқият ұстанған. Жалпы қазақта тыйым сөздер көп қой. Қазақ халқының қанына сіңген тектігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден,әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы,яғни бала бойына ертеден сіңіргеннен. Біз сол ата-әжелеріміздің тыйымымен өсіп өніп келеміз.Бұл сөздер балаларды жаман әдет,жат пиғыл,орынсыз қылық,теріс мінездерден сақтандырып отырған. Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Осы тыйымдардың өзі ертеңгі күнгі үлкен тәрбиенің қайсар бұлағы екенін ұғына білуіміз керек. Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау-жаман ырым. Егер адам оны кигісі келмесе, біреуге сыйлауы керек, тәубе айтып жүру, міне, осының бірі-үлкен тәрбие. Қазір біздің баламызды әкесі мен шешесі тәрбиелеп жатқан жоқ компьютер мен теледидар тәрбиелеп жатыр. Жалпы қазақ халқы тұрмыс-салтымызға ырым мен тыйымға айрықша мән беретін елміз.

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі-тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.

Алдымызға қойған зерттеу жұмысының мақсаты:   Тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып, оның өмірде тиімді пайдалана білуге бағыт - бағдар беру. 


Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Тыйым сөздерді қолдана отырып, тыйым салынған әрекеттерден аулақ болу.

  • Балалардың тыйым сөздерді білетіндігі және оны тұрмыстық жағдайда қолданатындығы жайлы сауалнама арқылы зерттеу;

  • Тыйым сөздерге қатысты буклет шығару



3. Негізгі бөлім

Ырымдар мен тыйымдар қатар жүреді. Ырым мен тыйым дүниежүзі халықтарының бәрінде бар. Бұлардың ұқсастығы екеуінің де тәрбиелік мәнге құрылғандығында.

Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдар жүйесі хал­қы­мыз­дың өмірінде, салт-санасында, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі. Ырым-тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді ескерту және т.б. нәрселер ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан тарихи, этномәдени, әлеуметтік мәні те­рең дүние. Кейбір ырым-тыйымдар бағзы замандардағы шамандық, тәңірлік наным-се­німдердің сипаты, белгісі ретінде де көрініс беріп жатады. Қалай дегенмен, ырым-тыйым­дарды халқымыздың ұлттық болмысынан бөле-жара қарауға болмайды. 

Ырымға сену керек пе, әлде сенбеу керек пе деген мәселенің құпиясы әлі күнге дейін ашылған емес. Мәселен, «көз тиюден сақтайтын» сан түрлі ырымдар бар. Ырыммен қатарлас жүретін тұмар тағу, аластау, бақсылықпен емдеу, жауырынға қарап болжау, құмалақ салу сияқты дәстүрлі ұлттық ерекшеліктер көне түркі мәдениетіне ортақ құндылықтар деп саналады. Мысалы, қазақтың ырым-тыйымдарының астарында сан түрлі тақырыпты қамтитын мәдени-этикалық тәрбиелеу таңбалары жатыр. Осы орайда біз «Сөз таным» бетінің бүгінгі шығарылымында ырым-тыйымдарды әңгімемізге арқау ете отырып, оның қыр-сыры, мәні мен мағынасы туралы, қандай мақсатпен айтылып, орындалатыны жайында хабардар ететін боламыз.

Ырымдардың барлығы бірдей жақсылыққа кенелтетін болжамдармен ғана емес, адамға төнетін қауіп-қатер туралы да жорамал жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, түнде жолыңда сиыр жатса, сапарың оң болмайды. Оқпақ шақырса, бие құлын тастайды. Алдыңнан түлкі қашса, сапарың сәтті болады.



3.1 « Тойдым» емес, «қанағат» деген жөн

«Тойдым» емес, «қанағат» деген жөн

( тағамға байланысты ырым-тыйым)

Қазақ асты ерекше қадірлейтін халық. Сондықтан ас-ауқатқа, тағамға байланысты қалыптасқан ырым-тыйымдар астың қадірін арттыруға, ысырапшылдыққа жол бермеуге бағытталғаны сөзсіз.
Қызға кәрі жілік ұстатпайды – оң жақта көп отырып қалады. Балаға ми жегізбейді – былжыр, ынжық болады. Ішіп отырған шайға сама түссе – қонақ келеді. Ас ішіп болған соң «тойдым демейді», «қанағат» деген жөн. Тұзды бей-берекет шашпайды, астың иманы – тұз деп қарайды.  Егiннiң тұқымы үшiн бiреу қарызға дән сұраса ренжiмей бередi, дәндi адам емес, қара жер тiлеп жатыр деп ырымдайды. Қазақ танымында ақ өнімдері, яғни ағарған жақсылықтың нышаны, пәктіктің, тазалықтың символы ретінде қалыптасқан. Сондықтан ағарғанға қатысты ырымдар өте көп. Мысалы, байқаусызда ақты төгіп алса, саусағын батырып, маңдайына жағу ырымын жасаған. Сосын аяққа басылмас үшін жақсылап тазалап, сүртіп алатын болған. Ақты аяқасты ысырап етпеген. Дәм үстіне келіп қалған адам немесе бір нәрсені сұрап, анықтап білуге кірген адам асығыс болып, дәмге қарамайтын жағдайда дәмнен үлкен еместігін білдіріп, қандай да бір дәмнен ауыз тиіп шығады.
3.2 «Малдың алдынан бос ыдыспен шықса – сүті азаяды»

(төрт түлікке қатысты ырым-тыйым)

Төрт түлікке байланысты ырым-тыйымдардың мәнісі малдың киесі бар екенін сездіруге, соны біліп, құрметтеуге шақырып тұрғандай әсер қалдырады. Төрт түліктің өзге де қасиеттеріне, кейбір әрекеттеріне қарай отырып ауа райын, табиғат болмысын, өзге де нәрселерді болжай алған халқымыздың рухани қазынасында осынау тақырыпқа арналған ырым-тыйымдар молынан ұшырасады. Солардың бірқатарына тоқталамыз. Сойылған малдың қанын төрт түлік (әсіресе, сиырдың) көзінше төгуге болмайды – сүтінен айырылады. Малдың алдынан бос ыдыспен шықса – сүті азаяды. Ит ұлыса – шаңырақта жаманшылық болады. Қарғалар тобымен шуылдап ұшса – қыста күн суытады, жазда ауа райы өзгереді. Үкі түнде ауылдың сыртынан шақырса – ауылда көп кешікпей өрт, қайғылы жағдай болады, үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды. Егер тауық ұясына ерте қонақтаса – жауын-шашын болады, бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса – күн суытады.

3.3 «Жанып тұрған шырақты үрлемейді»

(үй тұрмысына қатысты ырым-тыйым)

Қазақ ырымдары ішіндегі кең таралғаны бұл үй тұрмысына қатысты ырым-тыйымдар. Олардың өзіндік тәрбиелік мәні бар. Мұны білген бала ұлтының салтын, болмысын терең біліп өседі.
Түнде сандықты ашпайды – біреу-міреу өледі ( өте қажет болған жағдайда «жылан кіріп кетті» деп айтып ашады). Түндікті бақанмен тіреп қоюға болмайды – жау шақыру деген ырым. Жанып тұрған шырақты үрлемейді – адам ұмытшақ болады. Шәугімнің шүмегін есікке қаратып қоймайды – ырыс-несібе кемиді. Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды – жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған. Киіз үйде құмырсқа көбейіп кетсе – жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды. «Тәңірден тілеп алған» сәбиінің екі аяғына ата-анасы ырымдап, баланы «тіл-көзден, түрлі пәле-жаладан қорғайды» деп қымбат бағалы металдан білезік соқтырып тағып қояды.








3.4 Балалардың ырым - тыйым сөздерін білетіндігі жайлы сауалнама

  1. Ырым – тыйым сөздерді білесің бе ?

  2. Қай ырым - тыйым түрін көп білесің ?

  1. Іс - әрекетке байланысты

  2. Қыз балаға қатысты

  3. Бесікке қатысты

Жол жүруге қатысты

  1. Киім киуге байланысты

  2. Ыдыс аяқ тағамға байланысты

  3. Нанға қатысты

  4. Үй тұрмысына қатысты

  5. Қоршаған ортаға байланысты

Сауалнама нәтижесі

Қатысқан оқушылар саны - 50















4. Қорытынды бөлім

Халқы мықтының – салты мықты

Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырғанын біз жоғарыда айтқандай. Халқымыздың қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес  қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы,яғни бала бойына ертеден  сіңіргеннен. Құдайға шүкір,біз сол ата – әжелеріміздің тыйымымен өсіп келеміз. Алла тағала тектен – тек ештеңені жаратпаған. Қазақта «жатқан жыланның құйрығын баспа» деген сөздің өзі біраз жайды аңғартпай ма?! Тіпті адам таңғаларлық, қазақтың әрбір мақалының өзінде ұлттық тәлім – тәрбиенің көзі жатыр деуге болады. Түсінген адамға тіпті қазақтың әрбір сөзінің өзі – ұрпағына қалдырған үлкен қазынасы. Өкініштісі, оның мағынасына терең бойламаймыз. Бүгінде көшеде төгіліп қалған  сүтке мән бермейміз, шалпылдатып басып бара жатқандарды да көреміз. Бұл да – ұлттық сананың, ұлттық психологияның сұйылып бара жатқандығы…


Зерттеу жұмысының нәтижесі:

Ырым-тыйым жақсылыққа бейімдеп, жамандықтан сақтандырып отырады. Міне, бұл–ырым-тыйымның басты қағидасы. Осыған байланысты арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ырымдардың алатын орнын, маңыздылығын, оқушыларға күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.






5. Пайдаланған әдебиеттер

kk.wikipedia.org


koshpendi.kz


anatili.kazgazeta.kz


www.zharar.com






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
869
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі