Материалдар / "Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы" атты ата-аналарға арналған семинар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы" атты ата-аналарға арналған семинар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналарға мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
2256
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ата-аталар жиналысының жоспары

Мектеп ___11

Мұғалім:Балымбетова А. С.

Ата-аналарға арналған әдістемеліксеминардың тақырыбы:

Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы


Мақсаты:Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығының мәнін аша отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздерімен таныстыру;

- Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерінің мәнін ашу.

-Жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы отбасын ынтымақ пен ізгілікке тәрбиелеу


Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

Оқулық, бейджик, пенал, үнтаспа, т.б


Жоспар

1.Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы.

2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

3.Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері.

4.Отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие. Ұл бала және қыз бала тәрбиесі




Семинар барысы

Амандасу.

1Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

1.Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы.

1. Бүгінгі күні оқытудың тәрбиелік компонентін күшейту маңыздылығы өсіп тұр. Әлемді шарпыған рухани дағдарыс бүгінгі таңда жаһандық мәселе болып, бүкіл әлемді алаңдатып отыр.

Дағдарыстың түрлері

1.Жекетұлғалық дағдарыс(интеллектуалды, эмоционалдық, физикалық.

2.Қоғамдық дағдарыс: (экономикалық, саяси, мәдени, отбасылық, білім беру).

3.Экологиялық дағдарыс: (ресурстық, климаттық,табиғи).

Қазіргі кезеңде жаһандық мәселелерді шешудің жетекші орталығы Рим Клубы болып саналады.Рим Клубы қатарында әлемдік деңгейдегі әйгілі ғалымдар мен саясаткерлердің басын біріктіріп отыр. Рим Клубы адамзаттың материалдар мен ресурстарды шектеусіз және шексіз қолданудың әлемдік деңгейдегі қайшылықтарын анықтады. Материалдарды тұтыну идеологиясы тұлғаның рухани дамуына кері әсерін тигізуде. Рухани жетістікке «жаңа гуманизмді» дәріптейтін баршаға ортақ жаһандануға (Ақиқат, Тыныштық), сүйіспеншілік пен әділеттілікке (Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет)және озбырлықтан жиіркенуге (Қиянат жасамау) тәрбиелеу нәтижесінде адамның қасиеттерін өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Рим Клубының негізін қалаған А. Печчеи адамзат өндірісті арттыру және қолдану идеологиясынан, рухани жетілуге қарай өзгеруі қажет деп санайды.

Біздің елімізде “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол оқу, жазу, арифметика және т.б. пәндердің балаларымызды адамилыққа, ізгілікке баулуға көмектесу керек.

2. Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

Білім берудің заманауи кезеңіндегі педагогиканың типтері: қалыптастыру педагогикасы, қабілеттерін арттыру педагогикасы, кемелдендіру педагогикасы. Ізгілік психологиясының классиктері:

Гераклит (б.з.д.544-483)«Барлығын бір нәрседей көре білу бұл даналық».

«Біздің әрқайсысымыз жан мен тән, сезім мен парасаттылық арасындағы айырмашылығы жойылған, өзара интеграцияланған бір бүтіндікке жанталаса талпынған екі бөліктен тұрамыз. Адамның ізгілігіне сенбейтін адамдарға ізгіліктің көрінісі де сирек кездеседі.»К.Р. Роджерс (1902-1987)

Рухани деңгей (интуиция, ар-ұждан, шабыт)

Ажырату деңгей (сана, парасат)

Ментальді деңгей (ақыл ой)

Эмоционалдық деңгей

Тәндік деңгей

Сананың құрылымы, оның болмысы (З.Фрейд, К.Г. Юнг). З.Фрейд алғашқыларың бірі болып сананың құрылымы туралы айтты. Және ол адамның сезімдері мен эмоциялары сақталатын түпкі сана деп көрсетті. Ал К.Г.Юнг сананың құрылымын одан әрі жетілдіріп, санадан да жоғары тұратын жоғарғы сананы бөліп көрсетті. Біз бізді қоршаған әлемнен ақпаратты сезім мүшесі арқылы қабылдаймыз (көру, есту, сипап сезу, дәм сезу, иіс сезу), олардың ішіндегі көру мен есту арқылы мол ақпаратты қабылдаймыз. Риясыз сүйіспеншілік арқылы санамызды жетілдіреміз. Бұл бізге мәңгілік ақиқатты тануымызға, рухымызға жетуімізге жол ашады. Рух мәңгілік және біздің шынайы табиғатымыз. Жоғарғы санада мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар бар. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға бойлау арқылы түпкі сананы тазарту керек.

3.Өзін-өзі тану пәнін оқытудың аксиологиялық аспектілерінің мәнін ашу.

Аксиология «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады.

Жеке адамның барлық құндылықтары белгілі бір дейгейде иерархияланған: жеке адам үшін бірінің маңызы жоғарырақ болса, екіншісінің маңызы азырақ болады. Өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады. Аксиологияда құндылықтар жәктелудің түрлі нұсқалары ұсынылды (Г.Реккерт, Г.Мюнстерберг, Б.Ерасов). Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік. (Слайд)

Адам ішкі үйлесімділікке жету үшін ойында, сөзінде және іс-әрекетінде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануы қажет, оларға тұлғаның адамгершілік құрылымының келесі деңгейлері сәйкес келеді. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.

Ұлы ақын Абай атамыз:

Ақыл мен жан - мен өзім, тән менікі,

Мені мен менікінің мағынасы екі.

"Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

"Менікі" өлсе өлсін, оған бекі, - дейді.

Ақиқатты түсінуі керемет күш–жігерге жол ашады, ол адамның барлық дүниесін жігерлендіреді.

4.Отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие. Ұл бала және қыз бала тәрбиесі

Отбасы бұл ұлттың, елдің, әлемнің адамзаттың негізі және сондықтан да отбасында дұрыс қарым-қатынас орната білу қажет. Баланы тәрбиелеу – бұл өзгеше күш – рухани күшті жұмсау. Бүгін отбасында еркелеп ұстап отырған қыздардың күні ертең бойжетіп, өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті. Қыздардың бойында ізеттілік, ар-ұят, ұяңшақтық, үлкенге қызмет көрсету, жан ашу қасиеттері қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Отбасында ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.  Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде.



Үй тапсырмасы.Қыз бала мен ұл бала тәрбиесі туралы қосымша оқулықтардан оқып танысу.

Топпен ән айту: «Мейірімді болайықшы ағайын» Қ.Маханов

Жиналыстың соңғы қорытынды сәті.Құрметті ата-аналар жиналысқа қатысқандарыңызға ризашылық білдіремін. Бүгінгі алған әсерлеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Рахмет!





Мұғалім :Балымбетова А. С.

Директор :Адилбекова Қ.Х.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!