Материалдар / Қазіргі фиқһ мәселелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазіргі фиқһ мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақыттағы отбасына қатысты мәселелерді шешуге арналған тақырып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
650
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары № 3

Оқытушы: Аюпова Феруза

Пән: Қазіргі фиқһ мәселелері

Мамандық топ: 0112000 - «Исламтану» 2-курс 23-11-71

Сабақтың тақырыбы: Жанұя. Неке. Отбасы. Талаққа қатысты қазіргі фиқһ мәселелері.

Күні:

Сабақтың мақсаты: Студенттерге адамның ойында болатын, жүрегін нұрландырып, өмірін көркейтіп, болашаққа –арман, үміт, сенімге алып келетін ғажайып сезімнің бар екендігін ұғындыру. Бұл сезімнің қасиетті де, қастерлі сезімі тұтастай ұғым екендігіне көз жеткізу, студенттерге Құран аяттарында келген талақ жайлы мәлімет беру және Пайғамбарымыз с.а.с-ның сүннетіне амал ету,талақтың түрлерін ажрата білу күнаға бой алдырмау

Күтілетін нәтиже:

1. Отбасындағы әр-бір жанның құқығын және міндеттерін біледі

2. Неке және талаққа қатысты шариғат үкімдерін үйренеді

Сабақтың түрі: Практикалық

Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, .

Сабақтың көрнектілігі: Слайд, сұрақ параұшалары,хадистер жиынтығы

Пәнаралық байланыс: Ақида, фиқһ, тәпсір, Құран

Әдебиет:

Негізгі: Бурхонуддин марғинани Хидая, Адалат 2001. Имам Қудури, Тасхил ал Зарури, Мадина, 1995.

Қосымша: Исаұлы М. Отбасы ғылымхалы. – Алматы: «Нұр-Мүбарак», 2011.





Сабақтың барысы және уақытының өлшемі.

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайыдығын тексеру,қызығушылығын ояту,шеңбер құрып жақсы тілек айту

5 минут

2

Білімдерін тексеру

Білім бағалау өлшемі

Сұрақ парақшалары,тақта алдында сұрақ қою арқылы: Имам Әбу Ханифа фиқһ ілімін қалай түсіндірді? Шариғат пен фиқһ ұғымының айырмашылығы неде? Мужтаһид дегеніміз кім? Шариғат адамзат өмірін қандай тәртіппен ретке келтірген? Фиқһ ілімінің бүгінгі күнге дейінгі кезеңдерін айтыңдар?



25 минут

3



Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

Ауызша және қосымша сұрақтар: Он сегіз мың ғаламның жаратушысы Жаббар иеміз Хақ тағалаға сансыз мақтаулар болсын. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұсафаға, ардақты жанұясына, саңлақ сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Бұл, неке, отбасы деген сонау адамзаттың жаратылуынан яғни Адам ата мен Хауа анамыздан бастап келе жатқан өте қасиетті ұғым. «Отан отбасыдан басталады»-деп дана халқымыз айтқандай, бір қоғамның және халықтың негізгі ірге тасы жанұя болып табылады





25 минут

4

Оқушылардың өздік жұмысы

Жаңа терминдермен таныстыру және студенттің өз пікірлерін жазу, некенің түрлерін, талақтың үкімін әңгімелеу


10 минут

5

Тақырыпты бекіту

Жалпы сұрау: Құранда талақ жайлы қалай баяндалған? Ер мен әйелдің отбасындағы міндеттері қандай? Талаққа қолданылытын сөздер нешеге бөлінеді? Талақ сөзінің сөздікте мағынасы қандай?

20 минут

6

Сабақ қорытындысы

Сандық жүйе арқылы бағалау.

3 минут

7

Үй тапсырмасы

Бурхонуддин марғинани Хидая, Адалат 2001. Имам Қудури, Тасхил ал Зарури, Мадина, 1995

2 минут



Оқытушының қолы__________________

Әдіскер ______________________________



Жанұя.Неке және отбасы

Он сегіз мың ғаламның жаратушысы Жаббар иеміз Хақ тағалаға сансыз мақтаулар болсын. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұсафаға, ардақты жанұясына, саңлақ сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Бұл, неке, отбасы деген сонау адамзаттың жаратылуынан яғни Адам ата мен Хауа анамыздан бастап келе жатқан өте қасиетті ұғым. «Отан отбасыдан басталады»-деп дана халқымыз айтқандай, бір қоғамның және халықтың негізгі ірге тасы жанұя болып табылады. Егер отбасымызды Исламға сай етіп құратын болсақ, жәннәттағы сарай секілді іші тыныштық пен берекетке толы болмақ. Осындай мықты отбасыдан құралған мемлекет те, бейбітшіліктің қайнар көзіне айналмақ. Асыл Ислам дініміз әрбір жеке тұлғаның және қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету үшін жанұяға өте қатты көңіл бөледі. Отбасы іргесін сақтау һәм ішіндегі берекетті арттыру үшін өзіндік қағидалар, міндеттер қойған. Отбасыдағы әрбір жанның құқығы және міндеті бар. Егер осы міндеттер орындалып, құқықтар сақталған жағдайда жанұяның тұғыры биік, керегесі кең болмақ. Құметті оқырмандар! Біздердің дара көшбасшымыз, еліктейтін жалғыз тұлғамыз сүйікті Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) отбасы құруға ынталандыратын хадистеріне назар салайық:«Отбасы құрыңыздар, християн діндарлары секілді болмаңыз». «Құл үйленген сәтте дінінің жартысын толықтырған болады». «Әрбір мүмин ахиреттегі бақыты үшін жәрдемші болатын өмір жолдасымен үйленсін». «Ризық-несібені отбасы құрудан іздеңіздер». «Үйленіңіздер, көбейіңіздер! Өйткені қиямет күні Мен сіздердің көптікткріңізбен қуанамын».«Үйлену менің сүннетім. Кім мұны тәрк етсе менен емес». Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осынау сөзіне құлақ аса отырып, сәті келгенде уақыт өткізбестен балаларын үйлендіру әрбір ата-ананың міндеті. Қоғамнан ар-ұят кеткен осындай заманда түрлі себептермен үйлендіруді кешіктіруге мүлде болмайды. Екі қолымызды сыбана кірісіп баршамыз осы жастарға жәрдемші болуымыз қажет. Қазіргі кезде көптеген жастар болмашы сылтаулармен үйлендіруді кешіктіріп жатыр. Осының салдарынан жаңылыс жолдарға қадам басып жатады. Басым көпшілігінің айтатын себептерінің бірі «Қалың малға ақша жоқ, тойға ақша жоқ». Еуропаға, өзгелерге еліктеп, шамамыз келмесе қарызданып, не болмаса несие ақша алып ысырапшылыққа жол беріп жатамыз. Мұндай істерді шариғатымыз құптамайды. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Жеңілдетіңіздер, қиындатпаңыздар» деген. Мемлекетіміздің, халқымыздың ірге тасы бекем болып жалғасын табуы, ұрпағымыздың көбейуіне, отбасыға байланысты. Сондықтан мұндай болмашы себептермен жастарымыздың бойдақ жүріп, нәсіліміздің көбейуін кешіктіру орны толмас өкініштерге алып келері ақиқат. Өзгелерге еліктеп жалтақтамай, жалған, негізсіз ойлардан арылып ұрпағымыздың келешегін ойлауымыз қажет. Ең бастысы бабаларымыз жүріп кеткен сара жолдан айнымай, шариғаттың шеңберінен ауытқымай әрекет жасауымыз керек. Сонда ғана екі дүниеде де жүзіміз жарық, абыройымыз асқақ болмақ. Енді хақ Ислам дініміз бойынша отбасы қалай құрылады және отбасыдағы жандардың өзара міндеттері қандай, соларды қысқаша атап өтсек: Әуелі үйленетін қыз бен жігіттің мұсылман болулары керек. Дінімізде, мұсылман еркектің тек християн және яһудилік дінін ұстанушы әйелдермен үйленуге рұқсат етілген, ал мұсылман әйелдерге өзге діндегі адамдармен үйленуге тыйым салынған. Үйленетін қыздың әке-шешесінің разылығы керек. Әке-шешсінің хабарынсыз жасырын некелесуге болмайды. «Тең теңімен, тезек қабымен» дегендей, үйленетін екі жас бір-біріне тең болуы керек. Мәселен материалдық тұрғыдан, діндарлық, білім деген секілді. Ең бастысы болашақ жардың имандылығына, ибалығына қарап алған жөн. Өйткені отбасын айрандай ұйытып, береке кіргізетін, ұл-қызды тәрбиелеп ұрпақты өсіретін сол аналар. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Әйелді үш нәрсесіне қарап таңдайды, сұлулығына, байлығына және діндарлығына. Сен діндар болғанын таңда» деген. Отбасын құру өте жауапты іс, бұған немқұрайды, селқос қарауға болмайды. Өкінішке орай бүгінгі күнде жаңа құрған отбасылардың ажырасуы белең алып отыр. Мұның басты себебі материялдық нәрселерді бірінші кезекке қойулары. Діндарлық, тәрбие деген қалды, дипломға, байлыққа, мамандыққа қарап үйленетін болды. Өмірдің өзі түрлі ауыртпалықтардан, сынақтардан тұрады. Жеңіл жүріске үйренген жастарымыз қиындықтарды бірге жеңіп, асуларды бірге асудың орнына айрылысып кете барады. Егер отбасыдағы әрбір адам өз міндетін атқарса, мұндай келеңсіздіктер болмас еді. Енді осы міндеттерге тоқталсақ: Ер мен әйелдің өзара міндеттері: Ер мен әйел бір-бірінің қате-кемшіліктерін көрместікке алып, ар-ұяттарын қорғаулары керек. Осылайша бір дене секілді шаңырақтың тұрақтылығын сақтау қажет. «Еркек үйдің егесі, Әйел үйдің шегесі» дегендей, үйдің басшысы ер кісі болып саналады. Бүкіл ғаламды жаратқан жалғыз Алла. Алладан басқа тәңір жоқ. Бір елде екі басшы болмайды. Бұл табиғаттың заңдылығы. Міне сол секілді ер кісіде үйдің басшысы. Айрандай ұйып отқан отбасының бытшыт болып, ұрыс-керістің туындауы, үйден құт-береке қашып жанжалдан арылмауы еркек пен әйел тең деген жалған ұранды жаттап алып байбалам салуымыздан келіп шығады. Бұл Алла тағаланың жаратқан заңдылығы. Мұны жоққа шығарып кім бұзбақ. Егер осы жаңсақ пікірден арылмасақ, қасіреттен арыла алмаймыз. Ер кісі үйінің басшысы болғаннан кейін сол үйдің, бала-шағаның, әйелдің қажетін тауып беріп, тамақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуі керек. Ал әйел болса, бала-шағасын тәрбиелеп, үйінің жамандығын жасырып, жақсылығын асырып, жарының тауып келген нәпәқасын ысырап етпестен, орынды жұмсай білуі қажет. Міне, сонда ғана шаңырақ шайқалмай, үйдің құт-берекесі артып, ырысқа толы болмақ. Әке-шешенің балаларының алдындағы міндеттері: Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде былай деген: «Ата-ананың баласының алдында үш міндеті бар: туылғанда жақсы есім қою, жақсы тәрбие беру, ұл бала болса, иманды қызға үйлендіру, қыз бала болса, иманды жігітке беру». Шетелге еліктеп ұл-қызымызға кез келген атты қойып жатамыз, бұл дұрыс емес. Бұл ата-ананың міндеті болғаннан кейін жауапкершілікпен қарап мән мағыналы ат қойған жөн. Екінші Алланы танытып, дінді үйретіп тәрбиесіне баса назар аудару керек. Егер ұрпағымыз жақсы болса, өзіміздің пайдамызға, ал егер жаман болатын болса керісінше зиянымызға болады. Өйткені Пайғамбарымыз (Оған Аллнтың игілігі мен сәлемі болсын): «Артында өзіне дұға ететін ұрпақ қалдырған адамның амал дәптері жабылмайды, үнемі сауап жазылып отырады»-деген. Әрі олардың қажеттіліктерін өтеу де ата-ананың міндеті екені айтпаса да белгілі. Тек ысырап жасамау керек және сараңдықта танытпай орта жолды ұстану қажет. Бұл жайында Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Бір адамның жақсылық үшін жұмсаған ақшасының ең абзалы, жанұясы үшін жұмсаған ақшасы»-деген. Сондай-ақ балалардың арасын бөліп жармай тең қарау керек. Бес саусақтың бірдей болмағаны секілді балалардың да бірдей болуы мүмкін емес. Сол себепті ағаң жақсы сен болсаң..., әпкең жақсы ал сен..., деген секілді салыстырудан, кемсітуден, айыптаудан қатты сақ болу лазым. Бұл баланың тәрбиесіне өте қатты кері әсер етеді. Және соңғысы, егер қыз балаңыз болса иманды жігітке тұрмысқа беруіңіз, ал ер балаңыз болса, иманды да ибалы қызға үйлендіруіңіз қажет. Бұған жастарғой, өздері біледі деп немқұрайды қарауға болмайды. Үнемі ұл-қызымыз үшін дұға етіп жақсы тілекте болуымыз керек. Себебі Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ананың баласына жасаған дұғасының кері қайтарылмайтындығы жайлы айтқан. Балалардың ата-анасының алдындағы міндеттері: Балалар ата-аналарына мойынсұнып үнемі жақсылық жасаулары қажет. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде «Біз адамдарға ата-аналарына жақсылық жасауды әмір еттік»-деген. Балалар әке-шешелерін құрметтеп, қалауларын орындап, соңғы демдеріне дейін қызметін жасау керек. Қаншалықты қызметін жасасақ та бір түнде тұрып емізгенінің ақысын өтей алмаймыз. Сол себепті дініміз әке-шешеге жақсылық жасауды, қарсы келіп жекімеуді бұйырады. Бір адам Пайғамбарымызға (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп әуелі кімге жақсылық жасайын дегенде үш рет анаңа кейін әкеңе деген. Осыған қарап дінімізде ата-ананың орны қаншылықты маңызды екенін байқаймыз. Және бір хадисінде «Жәннат ананың аяғының астында»-деген. Егер Аллаһ тағаланың разылығын қаласақ ата-анамызды разы етуіміз керек. Өйткені Аллаһтың разылығы ата-ананың разылығында. Бір күні сахабалардың бірі тілі кәлимаға келмей жан тапсыра алмай қиналып жатады. Мұнан хабар тапқан Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оның әке-шешесі бар ма деп сұрайды. Әлгі сахабаның әкесі о дүниелік болып кеткенін, ал анасының бар екенін айтады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анасын алдырады да, ұлы жайында сұрайды. Сонда анасы, жары қайтыс болғаннан кейін баласы кейімесін деп екінші рет тұрмысқа шықпай, бағып қағып өсіргенін, үйлендіргенін, кейін әйелінің айтқанын істеп анасына қарамай қойғанын айтып разы емес екенін білдіреді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасының неге жан тапсыра алмай қиналып жатқанының мәнісін түсінеді де, анасына разылығын бер дейді. Баласына қатты ренжіген анасы разылық бермейтінін айтады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына онда отын жинап келіңдер, баланы өретйміз дейді.  Анасы шошып не үшін өртемексіңдер дейді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) о дүниенің отына өртенгенше осы дүниеде күйіп жансын дейді. Сонда ананың ет жүрегі елжіреп, көзіне жас алып баласынан разы екенін білдіріп, кешірім береді. Сол сәтте әлгі сахаба кәлимасын айтып жан тапсырады. Ата-анаға қарсы келу үлкен күнәлардан болып саналады. Бауырлардың бір-біріне деген міндеттері: Қандай жағдай болмасын айғайынды бауырлар бір-біріне құрмет етіп жақсы мәміледе болуы қажет. Кішкентайлары үлкендеріне мойынсұнып, үлкендері кішкентайларына мейіріммен қарап үлгі болуы керек. Бір-біріне деген қызғаныш, көре алмау деген сезімнен бойды аулақ ұстау керек. Бір-бірінің көзқарастарына, пікірлеріне құрмет көрсетіп, талас-тартыстан аулақ болу керек. Исламдағы отбасы жайында және жанұядағы адамдардың бір-біріне деген міндеттерін қысқаша атап өттік. Біздерге жөн сілтеп, бағыт-бағдар беретін Алланың кәләмі Құран мен Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хаидстері. Егер өмір сүру салтымызды осы Ислам дініне негіздейтін болсақ, отбасымызда, отанымызда әрқашан тыныш болып, берекеге толып екі дүниенің бақытына қол жеткізеріміз анық. Әр біріміз өзімізге тиісті міндеттерді атқарып, бізге қатысы жоқ нәрселерден аулақ болсақ Алла алдында да, адамдар алдында да, кемелді тұлғаға айналып көркем мінезді мұсылмандардан боларымыз сөзсіз.





Талаққа қатысты мәселелері.

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Аллаһ Тағала Құранда айтты: «Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңнан сүйіспеншілік пайда қылғандығы да, оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар». (Рум :21) Аллаһ тағыда былай дейді: «Іштеріңдегі бойдақтарды (ер жеткен ұл-қыздарды тұл ер әйелдерді) сондай –ақ қолдарыңдағы құл-күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да. Аллаһ оларды өз кеңшілігімен оларды байытады. Аллаһ аса кеңшілік иесі толық білуші». (Нұр :32) Бауырлар! Алладан қорқыңдар араларыңдағы ер бозбалалармен бойжеткен қыздардың проблемаларына қарайласыңдар да, оларға пайдалы дауасын іздеңдер және олардың жамандыққа, қауіптілікке баруларынан алдын ала алуға қол ұшын тигізіңдер. Ажырасу: Қоғамның негізі – жанұя. Жанұясыз ешбір қоғамды елестету мүмкін емес. Әке мен шеше ол жанұяның қос қазығы. Ал, бала оның – келешегі. Қос қазықтың біреуі суырылса отау жарым-жарты болып, бала жетім қалмақ. Исламда жанұя түсінігінің үлкен орынға ие екендігі «Неке (үйлену) – менің сүннетім. Кім менің сүннетімнен бас тартса, ол менен емес», - деген Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың хадисінен-ақ байқалады. Ал, енді ажырасу Исламда «талақ» деп аталады. Сөздікте бір нәрсені босату, жібере салу дегенді білдіретін «талақ» сөзі Ислам шариғаты терминологиясында күйеудің аузынан шыққан немесе әйелдің сұранысымен қазы айтқан, ажырасуды ашық немесе астарлы түрде бейнелейтін белгілі бір сөздермен ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық байланысты үзу дегенге саяды. Жалпы адамдар арасында келіспеушіліктердің туындап отыруы – заңды құбылыс. «Егер раббың қалағанда, адам баласын бір үммет етіп жаратқан болар еді», - деген Аллаһ Тағала, адамзаттың әуел бастан-ақ бірдей түсінікте болмайтындығын тағдырына жазғанға ұқсайды. Міне, осындай түрлі түсінікке ие болушылық кей кездері Аллаһтың құлдарының, тіпті соның ішінде ерлі-зайыптылардың да ара жігінің бұзылуына апарып соғатын негізгі себептердің бірі болса керек. Демек, ажырасу да – заңды құбылыс болғаны. Сондықтан болар, Ислам ерлі-зайыптыларға ажырасуға рұқсат берген. Дегенмен, «Талақ – Аллаһ Тағала жек көретін халал іс» деген қағидатты да естен шығармағанымыз жөн. Аллаһ Тағала Құранда талаққа үш рет қана жол берілетіндігін айтады. Бұдан біз мынадай нәтиже түйеміз: Ислам ажырасуға үзілді-кесілді тыйым салмаған және де бұл «есікті» айқара ашпаған да. Сөзіміз дәйексіз қалмауы үшін, бұған байланысты Құраннан бір-екі аят келтіре кетсек. «Әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды жек көретін болсаңдар, (ұмытпаңдар) Аллаһ сендер ұнатпаған нәрсеге көп жақсылық жазған болуы да мүмкін» (Ниса сүресі 19-аят) - деп, Аллаһ Тағала шаңырақ құрғандарды үстірттіктен тыйып, ойлануға шақырып отыр. Ал мына бір аят екі жұптың тырнақ астынан кір іздемей, бір-бірлерінің жаманын жасырып, жақсысын асырып жүрулерін үгіттейді: «Егер ол әйелдер сендерге мойынсұнып жатса, (ажырасуға) сылтау іздемеңдер. Күмәнсіз Аллаһ Жоғары мәртебелі әрі Ұлы» (Ниса сүресі 34-аят). Жаратушы Иеміз «Ал енді күйеуі оны (үшінші рет) талақ етсе, ол әйел бұдан былай, басқаға үйленбейінше оған халал емес» (Бақара сүресі 230-аят), - деп, талаққа шек қойған. Демек, ерлі-зайыптыларға үш талақ мүмкіншілігі беріледі. Әйелін үш рет талақ еткен ер адам жұбайын қайта ала алмайды. Қайта үйленулері үшін әйел басқа бір еркекпен тұрмыс құрып, онымен қосылып, ол адам оны талақ етіп, әйелдің күтетін етеккір мерзімі (иддә) бітуі тиіс. Міне, сонда ғана бірінші күйеуі ол әйелді жаңа мәһрмен жаңа неке арқылы өзіне ала алады. Талақ Аллаһ тарапынан күйеуге ғана берілген құқық. Ұлы Аллаһ Құран Кәрімде «Егер сендер жақындаспай тұрып, оларға (мәһр) белгілеп, оларды талақ еткен болсаңдар, белгілегендеріңнің жартысын (беріңдер). Бірақ ол әйелдер (жартысын да алмаймыз деп) немесе неке жібін қолында ұстаған (еркек толық беремін деп) кеңшілік етсе, ол басқа...». (Бақара сүресі 237-аят) Бұл аятта өткен «талақ еткен болсаңдар», «қолында неке жібін ұстаған» деген сөздер ер адамға қаратыла айтылған. Яғни, талақты ер адам ғана береді. Талақта қолданылатын сөздер Талақта қолданылатын сөздер тура мағынасында сарих, астарлы мағынасында кинәя болып екіге бөлінеді. Тура мағынадағы сөздер айтыла салысымен талақ жүреді. Кері қайтарудың жолы жоқ. Ал, астарлы сөздердің қолданылуы жеткіліксіз. Оған, ол сөзді айтқан адамның ниетінде талақтың болуы немесе еркектің ол сөзді айтқан кездегі халі талаққа дәлел бола алуы қажет. (Мухаммед Мухиддин Абдуль-Хамид, әл-Ахуалушшахсия фи әш-шәриатиль исләмийя 269-бет) Егер айтқан адамның ниетінде ажырасу ойы бар болса немесе екеуінің арасында ұрыс болып, астарлы сөзді ашулы күйінде қолданған болса, талақ орындалады. Тікелей мағынадағы сөздер болсын, мейлі астарлы сөздер болсын әр тілдің өзіндік ерекшелігіне қарай бір-бірінен өзгеше. Мысалы, қазақ тіліндегі тікелей мағынадағы сөздер: талақ еттім, ажырастым, некені бұздым және т.б. осындай сөздер айтыла салысымен еркектің үш талақ мүмкіншілігінің біреуі кетеді. Астарлы сөздер: Кет, басың бос, боссың, бара бер, шық және т.с.с. Бұларды астарлы деп атауымыздың себебі бұл сөздер талақтан басқа мағыналарға да келеді. Мысалы, «кет» деген сөз бір жерге барып кел дегенге де саяды. (Мухаммед Мухиддин Абдуль-Хамид, әл-Ахуалушшахсия фи әш-шәриатиль исләмийя 267-бет) Міне, сол үшін мұндай сөздерді қолданған адамның оны қандай ниетпен айтқандығына қараймыз. Егер ниетінде ажырасу бар болса, оның бір талақ құқы жұмсалған болады. Талақта қолданылатын сөздерге қатысты соңғы айтарымыз: талақ мәселесін ойынға айналдыруға дінімізде қатаң түрде тыйым салынады. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Үш нәрсенің шыны да шын, ойыны да шын. Олар: неке, құл азат ету және талақ» (Тирмизи, Сүнән 1184; Хаким, әл-мустәдрак 2/198), - деген хадисі бар. Осы хадиске сүйеніп Ханафи, Шәфи және Ханбәли мәзһабтары (жумһур) ғалымдары талақ сөзін ойнап айтқан адамның әйелі талақ болатындығына бір ауыздан келіскен. Сондықтан кез келген мұсылман адам бұл мәселеде өте абай болуы керек.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!