Материалдар / "Қазіргі оқушылардың сөйлеу мәдениеті". Мақала.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазіргі оқушылардың сөйлеу мәдениеті". Мақала.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
1230
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл – қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақылын, рухани байлығын көрсететін айна. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының жетімсіздігі. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп отырған, сондықтан бұл мәселені айналып өту мүмкін емес. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Ана тіліміздің келешегі мектеп оқушыларының қолында, яғни бізде.

Біз көптеген ғылыми әдебиеттерді, мерзімді   баспасөз   ақпараттарын талдап-зерттей   келе,   бүгінгі   күнгі   оқушылардың   тіл    мәдениеті    төменгі    

деңгейде     деген қорытындыға келдік.

Себебі, қазіргі мектеп қабырғасындағы оқушылар өз   ойларын   дұрыс,   түсінікті   етіп   жеткізе алмайды, «жаңағы», «әлгі», «немене», «неғып», «мысалы» деген сияқты басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді.

Кейбіріорысша     сөздерді     қосып,     араластыра     сөйлесе,     бірі     жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптен айтылып та,   жазылып   та   жатыр.   

Біз, осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымызға мынадай мақсаттар қойдық:

1. Өзіміздің сөйлеу мәдениетімізге назар аудару.

2. Оқушылардың сөйлеу нормаларының деңгейін анықтау.

3. Тілімізді шұбарламай, тіл тазалығын сақтай отырып, тіл мәдениетін көтеру.

Алдымыза қойылған мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:

1. Осы мәселенің тарихын зерттеп, сөйлеудегі этикет туралы дүниетнымызды кеңейту.

2. Өз сыныбымыздың оқушылары арасында сооциологиялық сауалнама жүргізу.

3. Жауаптарды сараптау, қорытындыларын диаграммаға орналастыру.

4. Зерттеу тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

5. Презентация жасау, жобаны қорғау.

Ең алдымен біз тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. 

Тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту  үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі.

 Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – қоғамдық даму үдерісінде қалыптасқан әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеріп, дидарласудың түрлі жағдайларында сөз қолданудың мақсаттары мен мазмұнын іріктей ала отырып, ойды тиянақты жеткізу ережелерінің жиынтығы. Себебі, тіл анық болмаса, ой анық емес деген сөз.

Зерттеуіміздің келесі кезеңінде біз қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейінің төмен болу себебін іздестірдік. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әтейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар"...


«Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:

1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл).

2.    Сөйлеу    дағдыларының    жоқтығы;

3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)».

Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, біз төмендегілерді сараладық:

1.   Көркем  әдебиет  оқуға деген  оқушылардың  қызығушылығының төмендігі.     Тіл     мәдениетіне     жастарды     тәрбиелеу     көркем     әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;

2.   Мәдени  орталықтарға бару,  ол туралы  пікірлесудің  өте  сирек кездесетіндігі;

3.     Ата-аналардың     балаларының     тіл     мәдениетіне     жете     мән бермеушілігі;

4. Тілдік ортаның әсері;

5.  Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ тілі сабағына міндеттеп, басқа пәндерді бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;

6. Бірнеше тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;

7.  Кей мұғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің төмендігі. Мұғалімнің оқушы алдында сөйлейтін сөзін ешбір оқулықпен айырбастауға болмайды. Оқушы мұғалімді тыңдағанда одан білім алумен қатар сұлу, көркем, анық, түсінікті сөйлей білуге үйренеді;

8.  Отбасы тәрбиесінде халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;

9. Сондай-ақ, жеңіл-желпі сөйлемдер көбірек рөл ойнайды.

- Сәлем.

- Қалайсың?

- Жүрген сол.

- Ммм.

- Қайда?

- Сабақта.

Әңгімелесу - мәдениеттің алғы шарты. "Тіл мәдениеті - кісінің бойындагы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті.

Адамдардың өзара қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөйлеу мәдениетіне соқпай кетуі мүмкін емес.

«Сәлем- сөздің атасы» - дейді қазақ даналығы.  Сәлемдесу – бұл ишара, жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. Амандасу әдебі:

Кез-келген танысу алдымен сәлемдесуден басталады. Әдеп бойынша кісілермен «Сәлеметсіз бе! (саламатсыз ба)», «Амансыз ба! (есенсіз бе)», «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» деп амандасқан дұрыс. Бірақ осы әрбір амандасудың өз уақыты бар.

Ал қазіргі оқушылардың амандасудағы қолданатын сөздері мыналар: «Сәлем», «Қалайсың?» «Каксың?» «Привет!». Яғни, қазақша – орысша сөз түбірлерін араластырып, өздеріне беймәлім жаңа сөздер ойлап тауып алды. Бұл сөздерді «сленг» деп те атауға болады.

«Сленг» - күнделікті өмірде белгілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мәнерлі сөздер. Сленг әртүрлі әлеуметтік топтардың ерекше қолданыстағы сөздері. 

Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды әртүрлі себептерге байланысты қолданады: 

  • әсер қалдыруы үшін,  

  • елден ерекше болу,  

  • өзгелер түсінбеу үшін,  

  • белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін,  

  • әзіл ретінде де қолданады. 

Компьютерлік сленгтер.

Соңғы уақытта жасөспірімдер компьютер ойындарымен әуестенуі күшейіп отыр. Бұл да бір компьютерлік сленгтердің пайда болуына алып келді. Жастардың күнделікті қолданып жүрген сленгтерінде жоғарыда атап айтқандай, орыс сөздерінің көптеген компоненттері кездеседі. Мысалы: «тормозы ұстап қалды» — бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, осыған синоним ретінде «зависать етіп қалды» деген тіркес бар, «типаж болу», «блатной болу» — менменсу тіркесімен байланысты. «Құлаққа лапша ілу» — өтірік айту, «маяк тастау», «гудок тастау» — қысқа ғана қоңырау шалу. Міне жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын уландырып барады. Осыларға төтеп беретін қазақы тіл, ұлттық салт-дәстүр. Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының нашарлығынан нәрсіз сөздер өршіп тұр.

Қазіргі жастардың сленг немесе жаргон сөздеріне мысалдар:

1. Жынданский зат- ыңғайсыз зат

2. Ботан- зерделі адам

3. Тормозы ұстап қалу,зависать ету - бөгеліп қалу

4. Базар жоқ- сенімді болу

5. Талпамен келу - көпшілікпен келу

6. Типаж болу, блатной- өзімшіл, өркөкірек

7. Косякқа кіру - ыңғайсыздыққа тап болу

8. Құлаққа лапша ілу - өтірік соғу

9. Маяк тастау, скидовать ету - қысқаша қоңырау шалу

10. Потеря болу- қобалжу, әбіржу

11. Қуғынбай - артық сөйлеп кеткен, мылжың


12. Ё маё - мәссаған, таң қалу

Қорыта айта келгенде, жастардың сөз қорында әдеби тілмен сөйлейтін адамға түсініксіз сөздер мен сөйлемдер көп. Қазір жасөспірімдер жаргон сөздерді көп қолданады әрі бір тілде таза сөйлей алмайды. Орыс тілінде сөйлесе қазақ сөздерін, ал қазақ тілінде сөйлесе керісінше орыс сөздерін араластырады.

«Тіл мәдениетіне жету жолы ұзақ әрі қиын» - дейді ғалым М. Балақаев.

Оның негізі отбасында, балабақшада қаланады. Әр отбасы бала тіліне немқұрайлы қарамай, үлкен мән беріп, жауапкершілігін түсіне отырып әрекет етуі тиіс. Өкіншке орай қазірде балаларының сөз саптауына ата-аналардың көбі көңіл бөлмейді. Егер отбасында осы мәселеге көңіл бөлініп отырса, мәнгүрттігіміздің көңілін оятып, көзін ашар едік» .

Сонымен біздің зерттеуіміз қарастырып отырған мәселенің бүгінгі күні ерекше қажет екендігін көрсете білдік деен сенімдеміз.


































8 ЖББ ОРТА МЕКТЕП












«Шаңырақ» жоба аясында 8 «А» сынып оқушыларының «Қайрат Байбосынов» қауымдастық қоғамының шағын ғылыми жобасы

Тақырыбы:

«Заманауи оқушылардың сөйлеу мәдениеті»










Қорғаған: 8 «А» сынып оқушысы

Саинова Диана










Қарағанды – 2018

Тіл – қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақылын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп отырған, сондықтан бұл мәселені айналып өту мүмкін емес. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Ана тіліміздің келешегі мектеп оқушыларының қолында, яғни бізде.

Біз көптеген ғылыми әдебиеттерді, мерзімді   баспасөз   ақпараттарын талдап-зерттей   келе,   бүгінгі   күнгі   оқушылардың   тіл    мәдениеті    төменгі    

деңгейде     деген қорытындыға келдік.

Себебі, қазіргі мектеп қабырғасындағы оқушылар өз   ойларын   дұрыс,   түсінікті   етіп   жеткізе алмайды, «жаңағы», «әлгі», «немене», «неғып», «мысалы» деген сияқты артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді.

Біз, осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымызға мынадай мақсаттар қойдық: слайд 2.

Ең алдымен біз тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. Слайд 3




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!