ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ
ЖАҢАРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік
қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт
киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын
Аяқ-киім,тігін-галантерия бұйымдарын
өндіретін салалармен мен кәсіпорындар жиынтығы
жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары
–мақта-мата,зығыр,жүн,жібек,кендір-кенеп,аяқ-киім,былғары
және аң терісі бұйымдарын өндіретін
салалар.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды
әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ
киіммен камтамасыз ету. Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми –
техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің,
еліміздің өндірістік потенциялын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың,
ресурстардың барлық түрлерін жан – жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын
жақсартудың қарқынды жолына көшу негізінде адамдардың әл-ауқатын
одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып
табылады.
Іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді
адамзаттың ақыл ойымен мәдениеттің
дамуындағы бағалы байлықтың
бәрін игере отырып, оны бүгінгі
ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен
біртіндеп сіңіру арқылы ғана
жүзеге асыруға болады. Жеңіл өнеркәсібінің мақсаты
ғылым техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, қазіргі
заманға сай, сапалы және кең көлемді ассортиментті өнім шығару
болып табылады. Минимальды операциялы техникамен конструкцияны
қолдану арқылы еңбек өнімділігінің жоғары болуын уақыт нормасын
ұтымды пайдалануға жоғары сапалы өнім дайындауды қамтамасыз
етеді.
Тігін бұйымдарын өңдеуге арналған
жабдықтар технологиялық процестердің
комплекті механизациясын құрып
өңдеу әдістерін параллельді
орындап отырады.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де
ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім
адаға ең қажетті зат болып табылады.
Сондықтан да оған қойылатын талаптар күннен күнге
өсіп отырады.
Жаңа киім моделін орындау суретші,
модельер, конструктор, технолог мамандарының шығармашылық
еңбегінің туындысы. Киім кешек ұғымы адамдардың
уақытша және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық
туралы бір ұғымды бейнелейтін модельімен
тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы
дамыған сайын бұл көзқаратар өзгереді, яғни мода да
үнемі жаңарып отырады. Адамның киімге
деген талғамы әр қашан жоғары болған. Әсіресе
қазіргі экономиканың дамуына байланысты адамдардың
әлеуметтік жағдайының жақсаруы және
жалпы өркениеттік дамуына байланысты киім
негізгі адам қажеттілігі ғана емес,
сонымен қатар сәндік функциясын атқара бастады. Киімге,
матасына, оның сапасына қойылатын талаптар жылдан
жылға жоғарылай береді. Киімнің әр
түрлі ассортиментіне деген сұраныстың жоғарылау
жағдайында, әсіресе шағын өндірістер, ательелер адамдары жақсы
киініп қоймай ,сонымен қатар басқалардан ерекшеленгісі
келеді.
Тігін өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі
мен сапасын арттыру үшін отандық және шетелдік
ең алдыңғы қатарлы
тігін технологиялар мен киімдердің
әлемдік модельдерін жасау арқылы
Қазақстан халықаралық киім үлгісінің көрмелерінде
жақсы көрсеткіштермен әлемге танымал.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы
шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол
экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып
есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс.
Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері
илеу салалары.
Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) -
материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін,
экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер»
қызметінің саласы. Өнеркәсіптін өнімі жөне өңделген
шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады.
Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін»
көрсетеді.
Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала
- мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін
пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма
өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе
жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып
жасайды.
Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту
сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын
зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен,
қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір
мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған
талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң
матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу).
1
т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта
талшығын алу үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтанбастапқы
өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын
орналастырылады.