Материалдар / "Қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалам болашақта ата-аналарға баланы қалай дұрыс тәрбиелеу жолдарын көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2020
592
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесі

Бала тәрбиелеу – бұл қоғамдағы ең күрделі және ең ұзақ жүретін процесстердің бірі. Баланы тәрбиелеу бұл нәрестенің ана құрсағына біткеннен бастап, перзенттің қоғамда өз орнын тапқанша жалғасатын үрдіс десек те болады. Баланың әр сұрағына жауап бере отырып, қажетін тауып беру, мінезінің іргетасын дұрыс бағытта қалау мен тұлғалық қаңқасын қалыптастыру бұл ата-ананың басты міндеті . Баласының болашақта саналы да, салихалы ұрпақ болып өсуін қаласа,ең әуелі ата-ана өзін-өзі тәрбиелеуі қажет. Балаға ең алдымен тәрбие беретін ол анасы мен әкесі,олардың махаббатары мен сенімдері,қолдаулары.Бала тәрбиесі ең алдымен отбасыдан басталады. Баланың тәрбиесіне үнемі ұқыптылықпен,ыждағаттылықпен қарау бұл басты шарт. Өйткені бала естігенің емес көргенін істейді. Баланың алдында өзіңізді және өзгені қалай құрметтеп қарасаңыз, балада өскенде өзіне де,өзгеге де дәл сондай құрметпен қарайтын болады. Отбасыңызға барынша ыстық ықылас, шексіз сүйіспеншілік пен өшпес махаббатпен қарайтын болсаңыз,бала да болашақта өзінің Отанына, ортасына, ата-анасына, қоғамға дәл сондай көзқараспен қарайтын болады. Ал, шексіз махаббатпен сусындаған отбасыдан тәлім-тәрбие алып өскен бала ешқашанда жаман болмайтыны анық. Ал ата-анасының жылуын сезінбеген балалар әр нәрсеге ұрыншақ келіп, жамандықты тығылып жүріп істейді. Осыдан қоғамның бұзылуы басталады. Сол үшін қоғам дұрыс болсын, адам дұрыс болсын десеңіз, ең әуелі баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліңіз. Оның әрбір басқан қадамы, араласатын ортасы, үйреніп жатқан дүниесі, алып жатқан білімі бәрі-бәрін қадағалау, қисық жерін дұрыс бағытқа бұрып,салып жіберумен қатар, баланың әрбір ісіне сенім білдіріп,қолдау көрсету, қиналаған кезіңде ата-анасының шексіз сүйіспеншілікпен демеуі бұл баланы шабыттандырады, лаулап жануына алғашқы алауындай болып,баланы зор талпыныс пен үлкен үмітке жетелейді. Перзентінің арманының орындалу үшін ең бірінші анасы мен әкесінің батасы мен сенімі қажет. Әр бір істе балаға көмек қолын созып, оны демеу, баласының арманы мен болашағына баласымен бірге сену бұл ата-ана үшін өте маңызды. Өйткені, анасы мен әкесінің берген қолдауы мен рухы бала үшін ең үлкен жігерлендіру болып саналады. Осындай үлкен сенім арқылы отбасы бірге өседі,тәрбиеленеді және махаббатарын күшейтеді. Осы арқылы тәрбе байқалады. Баласын жамандықтан тиып, жақсылыққа,оң істерге бағыттау бұл басты парыз. Артында қалатын ұрпағын дұрыс тәрбиелеу, ата-ананың ең үлкен жетістігі.

Ал,қазақ кезінде баласын қалай тәрбиелеген? Халқымыздың ұлылығы да осында жатыр. Дана халқымыз ұрпағымның ұяты болсын деп, кезінде перзентін тек үш сөзбен-ақ тәрбиелеп,қалғаның іс арқылы дәлелдеп, көрсеткен. Ең алдымен ұят болады деу арқылы өлімнен ұят күшті екенін, ұятты істі істеме дегенін, жаным арымның садағасы дегені еді;

Екіншісі жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені; жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деген еді;

Үшіншісі: обал болады. Бұл арқылы әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені еді. Бала тәрбиесін басқадан биік қойған, қызың қырық, ұлың отыз жерден тыйған қазақтың тектілігі де осында. Баланы шет елдің ағымына бағыттамай, өзіміздің өткеніміз бойынша тәрбиелеуіміз аңызды. Бұл арқылы шет елге еліктеуін тоқтату емес, шет елден өзімізге қажетін ғана алып үйрету керек. Баланың өзге тіл білуі, жоғары білім алуы бұл әрине жақсы. Бірақ өзіміздің өр рухты халықтың ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз қажет. Өз алдына жомарт, ақкөңіл өзгенің етегіне кетпей, өзің ұстай білуі де тәрбие.

Баланы дүниеге әкелу басқа да,оны ары қарай азамат қылып шығару өз алдына басқа міндет. Сол себепті жастар ең алдымен тек үйленіп ғана қоймай, өздерінің болашақтарын, ұрпақтарының болашағын және перзентінің тәрбиесіне қаншалықты дайын екендерін сезіну маңызды. Себебі үй болу оңай,ал ары қарай шаңырақтың берекесін кіргізу қиын. Ата-баба тәрбиесін қолдану арқылы өскен бала ешқашан да ынжық болмайды. Керісінше, керекті жерде өзің қалай ұстай алатын болады. Ұл тәрбиесі болсын, қыз тәрбиесі болсын бәрін шет жаққа бағыттамай, жоғарыда атап өткендей сенім, қолдау, махаббат секілді асыл да, игі қасиеттерді қолдана отырып, өзіміздің тыйымдарымызбен тәрбиелеуіміз керек. Өткен жолымызға қарап, аталы сөзге тоқтай отырып, ұлт тәрбиесіне, ұрпақ тәрбиесіне басты назарда көңіл бөлейік.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!