Материалдар / Қазіргі заманда медицина саласында жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазіргі заманда медицина саласында жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманда медицина саласында жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда медициналық жоғары колледжі


Қазіргі заманда медицина саласында жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану

Информатика пәні оқытушысы : Сеилханова Қ.Н.

Жоспары:

І. Кіріспе

Ақпараттық жүйелердің жіктелуі.

ІІ. Негізгі бөлім:

1) Медицина саласында жаңа технологиялық әдістерді қолдануды ұйымдастыру

2) Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер;

3) Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны.

ІІІ. Қорытынды

Жаңа ақпараттық технология құралдарының медицина саласындағы маңызы.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

І. Кіріспе:

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар өміріміздегі барлық салаларына еніп, оның табиғи ортасына айналып отыр.

Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құрамына айналды.
Өзімізге белгілі информациялық жүйелер медицина мен денсаулық сақтау ұйымының барлық саласында ауқымды орынды алады. Информациялық ақпаратты медицинада өңдеу информациялық технологиялары арқылы іске асады. Ал жаңа ақпараттық технологияларды медицинаға еңгізу денсаулық сақтау ұйымындағы информаатизация деп аталады. Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі информатизациясы - ақпараттық жүйе болып табылады.Сол себепті денсаулық ұйымының әр-түрлі бағытына байланысты медициналық ақпараттақ жүйелері де жіктелінеді. Медициналық ақпараттық жүйелердің жіктелуі иерархиялық принципке негізделген және медицинаның барлық құрылымына сәйкес келеді.

Негізгі деңгейлері:

  1. Базалық деңгей клиникалық немесе әр-түрлі профильдегі дәрігерлер;

  2. Мекемелер деңгейі – поликлиника,стационарлар,диспансерлер, жедел-жәрдем орталықтары

  3. Территориальды деңгей – профильді немесе мамандандырылған медициналық қызметтер және аймақтық басқару органдары.

Жалпы, әрбір деңгей өзінің атқаратын қызметіне байланысты жіктелген және дәлірек айтқанда есептерді осы жүйемен шешу мақсатында.

Бұл тақырыпта медициналық ақпараттық жүйелердің ішінен қарастырылатын деңгей базалық деңгей болып отыр, яғни базалық деңгейдің бағыттары, түрлері және тағы басқалар қарастырылады.

Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер технологиялық процесстер көмегімен ,медико-технологиялық ақпараттық жүйемен, іске асады.


ІІ. Негізгі бөлім:

Медицина саласында жаңа технологиялық әдістерді қолдануды ұйымдастыру.

Денсаулық сақтау – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Елбасы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына жолдауында денсаулық сақтау ұйымдарының жаңартылуына, ауруханаларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, олардың заманауи құралдармен жабдықталуына, білікті мамандар даярлауға ерекше мән беріп отыр. Мақалада балаларды емдеу және балалардың стационарларда шетінеуін төмендету жөніндегі жаңа технологиялық әдістерді қолдануды ұйымдастыру жұмыстары берілген. Стационарлық медициналық көмек көрсету үшін, елімізде барлық ауруханалар Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесімен жұмыс атқаруда. Елбасымыз «ХХІ – ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп айтқанындай, заман талабына сәйкес,бәсекеге қабілетті,сапалы медициналық көмек көрсету үшін,ауруханамыз жыл сайын Республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражат арқасында және демеушілік көмекпен қажетті медициналық құрал-жабдықтар, аппараттармен жабдықталады.

Қызылорда облыстық балалар ауруханасы 2002 жылдан бастап,облыс балаларына медициналық көмек көрсетуде.Бiр жылда ауруханадан 7500-нан астам науқас бала ем қабылдап шығады. Олардың 25 пайызы ауыл тұрғындары,70 пайыздан астамы қала тұрғындары. Жас ерекшелігіне қарай, 39 пайызы 1 жасқа толмаған балалар. Материалдық-техникалық базамыз жылдан жылға жақсаруда. Емхана мен ауруханада диагностикалық-емдеу жұмыстарын бүгiнгi таңның соңғы жетiстiктерiне сәйкес атқаруға толық мүмкiншiлiктер бар, - деп айтуға болады. Зертханада толық түрде клиникалық, биохимиялық, иммунологиялық анализдер жасалынады, сапалық сертификаты алынған. Биылғы жылы жаңадан алынған аппараттардың, яғни газды анализатор, биохимиялық анализатор, билирубинометр, микроколориметр, фотоэлектрлік фотометр, емдеу-диагностика сапасын жақсартқаны анық, құрсақiшiлiк инфекцияға және басқа жұқпалы ауруларға ИФА тексеруiн жүргiзiп, жаңа антибактериалдық емдер қолданылуда әсiресе, газды анализатордың жұмысы реанимация бөлiмшесiне оң ықпалы көп. Тыныс алу жүйесiнiң ауруларында “Небулайзер” аппараты кеңiнен қолданылып, антибиотиктер электрофорез әдiсiмен бiрге егiлiп, оң нәтиже алудамыз. Осы жылы алынған жаңа «Биоптрон» аппараты физиоемдердің түрлерін кеңейтті. Ультрадыбыстық зерттеу кабинетiнде 10 түрлi зерттеулер жасалып, саны былтырғы жылдан 22,4%-ке өстi.Ультрадыбыстық зертеулерiн кеңейтудi, яғни мойын омыртқасының зерттеулерiн еңгiзудi жоспарлап отырмыз. Көру органдарын ультрадыбыстық зерттеу әдiсiмен зерттеудемiз. Биылғы жылы допплермен зерттеулер жасау эхокардиография тәсiлi еңгiзiлiп,1128 науқас балаға жүрек қан-тамыр жүйесiнiң ауруларын анықтауға оң ықпалын берiп тұр,оның ішінде 47 баладан біріншілік жүрек ақаулары осы зерттеу арқылы, аурулары нақтыланды. Жапон гранты бойынша алынған гастрофиброскоп аппаратын балалардың асқазан-iшек жолдары ауруларын терең анықтап, емдеу барысына оң ықпал бергенi сөзсiз. Осы грантпен реанимация бөлiмшесiне алынған кювез және жасанды дем беру аппараты ауыр хәлдегi балаларға жедел көмектiң сапасын жоғарылатып, ауруханаiшiлiк шетiнеу көрсеткiшiн төмендетуге мүмкiншiлiк бердi. Балалар шетінеуін төмендету барысында, емдеу-диагностикалық жұмыстары бүгiнгi таңның соңғы жетiстiктерiне сәйкес атқарылып келеді. Реанимация бөлiмшесiнде ауыр хәлдегi балаларға желдетілген жасанды демдi ұзақ уақытқа және осы жағдайда диоксидин дәрiсiн асқынулардың алдын-алуға пайдалану, жаңа туған нәрестелерде «СИПАП» аппаратын қолдану,жаңадан алынған «Гемофеникс» аппараты арқылы нәрестелерге детоксикация жасау еңгiзілуі ұйымдастырылды. Аурухананың ұжымы Жаңа әлемдегі, Жаңа Қазақстанның талабына сай,қоғамның белсенді азаматының денсаулығын нығайтуда, серпімді жұмыс атқарылады.

Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер

Базалық деңгейдегі медициналық ақпараттық жүйелер информациялық технологияларды дәлірек медико-технологиялық ақпараттық жүйелер қамтамасыз етеді.

Бұл топтағы жүйелер әртүрлі саладағы дәрігерлерге әр түрлі деңгейдегі есептерді ақпараттық өңдей арқылы шығару үшін кең түрде қолданылады. Бұлардың басты мақсаты дәрігер-клиницистке, гигиенистке, лаборанттарға әртүрлі тапсырмаларды орындау мақсатында компьютерлік қол ұшын беру болып табылады. Олар профилактикалық және емдік диагностикалық жұмыстардың сапасының артуына ықпал жасайды, әсіресе, жоғары мамандандырылған дәрігерлердің жаппай тексерісі кезінде, қабылдау кезінде уақыт тым шектеулі кезде оларға деген сұраныстың, науқас жағынан, көп болған жағдайда өте маңызды болып табылады.

Базалық деңгейдегі медико-технологиялық ақпараттық жүйелерді атқаратын қызметіне қарай келесі топтарға бөлуге болады:

  1. Медициналық информациялық анықтамалық жүйелер;

  2. Медициналық концультациялық-диагностикалық жүйелер;

  3. Медициналық құрал-жабдық компьютерлік жүйе;

  4. Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны.


  1. Қолданушының сұранысы бойынша медициналық ақппаратты іздеуге табылған беруге негізделген жүйе медициналық информациялық анықтамалық жүйе деп аталады. Базалық деңгейдің бұл жүйесінде әртүрлі сипаттағы ақпараттар сақталады. Мысалы, ауру тарихы, науқас жайлы мәлімет немесе дәрігерлер туралы ақпарат т.б.

  2. Медициналық концультациялық-диагностикалық жүйелер әртүрлі аурулар кезінде және науқастардың түрлі котигорияларында патологиялық жағдайды сонымен қосқанда болжам (прогноз) және емдеу жолдарын, диагностикалау мақсатындағы жүйе болып табылады. Бұл жүйе медициналық ақпараттық жүйелердің ішіндегі ең алғашқысы болып табылады. Алғаш шет елдерде 1956 жылы пайда болды. Бұл жүйеде ауру симптомдары компьтерге диалогты режимде немесе арнайы өндірілген ақпараттық форматтта енгізіледі. Сонымен қатар ем шаралық мерекелері, ауру алдын алу, емдік ұсыныстарды еңгізіледі. Есепті шешу мақсатында бұның өзі екі жүйеге ажыратылады.

  • Дәлелді (вероятностный) жүйе. Бұл жүйе ауруды нақты белгісімен тану арқылы жүргізіледі.

  • Экспертті жүйе. Бұл жүйе тәжирібелі дәрігерлердің жүргізген эксперименттері болып табылады.

Консултативті диагностикалық жүйеде қауыпты жағдайда онымен қоса уақыт аздығында тексеріс мүмкіндігі аз жағдайда және адам өміріне қауыпты жоғары деңгейдегі клиникалық симптом кезінде шешімді тез табуға мүмкіндік туғызады. Тағы бір айта кететін жайт бұл жүйе барлық медициналық орталықтарда, диспансерлерден бастап госпиталды ауруханаларға дейін, кең түрде қолданылады. Бұл система диагностикалардың сапасын арттыра түскен және көмек ресурстарын тиімді қолдану, тексеріс барысын жеңілдету ең бастысы дәрігердің профессионалдық деңгейін жоғарылатқан. Бірақ, өкінішке орай бұл жүйе практикалық медицинада әлі де өз алдына кең қолдануға ие болған жоқ. Тек басқа жүйелермен бірге қолданылып келеді. Бұл жүйеге 80-жылдардың басында Стэнфорд университетінде (АҚШ) жасалған MYCIN системасы болып табылады. Бұл система экспертті жүйе және қан жүйесінің бұзылысын және менингитті инфекцияларды емдеу үшін дайындалған жүйе. Берілген симптомдарға қарап, соған сай диагноз қояды және медикаментозды емдеу курс ұсынады. Бұл жүйе күрделі 450 ережеден тұрады. Жүйенің диагностикалық сапасы жоғары дәрежедегі дәрігердің деңгейімен теңестіріледі екен.

Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны

Бұл жүйе базалық деңгейдің негізі болып табылады. Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны медициналық ақпараттарды жинау, сақтау және анализ жасауды іске асырады және диагностикалық - тактикалық (емдік, мекемелік т.б.) дәрігерлік шешімдері үшін қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген барлық клиникалық деңгейдегі информациялық жүйелер осы жүйенің құрамына кіруі мүмкін және дәрігердің технологиялық автоматтандыруын қамтамасыз етеді. Оның ішінде емдік профилактикалық және қорытынды статистикалық мәліметтер енгізу, жұмыс жоспарын құру, әртүрлі сипаттағы анықтамалық ақпаратты алу. Базалық деңгейде қолданылатын дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орнын міндетіне қарай үш топқа жатады.

  1. Емдеуші дәрігерлерге;

  2. Медициналық қызметшілерге (медбике, санитар, фельдшер);

  3. Административті шаруашылық бөлімге арналған автоматтандырылған жұмыс орындары.

Медициналық приборлық компьютерлік жүйені программалық ақпараттық комплекс немесе құрал жабдықтық компьютерлік және микропроцессорлық медико-технологиялық автоматтандырылған информациялық жүйе деп те айтуға болады. Бұл жүйе информациялық қолдау және диагностикалық және емдік процесстерді автоматтандыру мақсатында қолданылады,науқас организмімен байланыс жасау арқылы және осы байланыс жасау мүмкіншілігімен басқа жүйелерден ерекшеленеді. Бұл жүйемен жұмыс жасау үшін арнайы медициналық құрал жабдықтар, саймандар, телетехника, байланыс құралдары қажет. Мысалы, ЭЭГ, ЭКГ, ультрадыбысты диагностика, радиография. Бұл жүйе 60 жылдардың аяғында дамыды және қолданысқа түсті. Даму барысы екі жолмен жүрді:

  1. Медаппаратураларды шығару;

  2. Қолданысқа түсіру.












ІІІ. Қорытынды:

Қазіргі таңда медицинаның күрт дамуына байланысты кездесетін шешімі қиын мәселелер саныда арта түсуде. Әрине бұл жолда компьютерлік ақпарат және компьютерлік техника осы мәселелерді шешуді жеңілдету үстінде. Компьютерлік технологиялардың дамуы түрлерінің көптігі қызметтік дәрежелерінің жоғарылауы медицинада сенімділікті арттырады. Дәрігерлерге, медициналық қызметшілерге жеңісті нәтижеге жету үшін медициналық компьютерлік ақпараттық жүйені ұтымды және кеңінен қолдану керек. Бұл тақырыпта базалық деңгейдегі ақпараттық жүйені қарастырған болатынбыз. Оның түрлері, мүмкіншіліктері, жетістіктері, кемшіліктері туралы сөз қозғалды. Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер медицинаның барлық саласында кеңінен қолданылуда. Бұл тек дәрігерлерге ауруды анықтап қана қоймай, диагнозын емдеу шараларын да жоспарлауға зор мүмкіншілік тудырып отыр. Осының арқасында дәрігерлердің біліктілігін арттырып, жұмысын жеңілдетуде.

Әсіресе, базалық деңгейдегі ақпараттық жүйенің бір түрі болып табылатын консультативті диагностикалық жүйе қазіргі таңда кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар, медициналық анықтамалық жүйе, дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орнының қызметтері өте керек екенін ескерген жөн.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.


















IV. Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мартыненко В.Ф. Информационные технологии в управлении качеством медицинской помощи и лицензировании медицинской деятельности /В.Ф.Мартыненко//.

  2. Разумовский А.В. Управление лечебно-профилактическим учреждением с помощью информационных технологий /А.В.Разумовский, Н.А. Полина// Ремедиум. – 2007.

  3. Айламазян А.К. Данные документы и архитектура медицинских информационных систем /А.К. Айломазян, Я. И.Гулиев//

  4. Гусев А.В. Опыт разработки медицинской информационной системы. /А.В. Гусев, Ф.А. Романов. И.П. Дуданов.// Медицинский академический журнал.

  5. Гусев А.В. Информационные системы в здравоохранении ПетрГУ. /Ф.А. Романов. И.П. Дуданов., А.В. Воронин//

  6. Ильмаст А.В. некоторые вопросы технологии разработки МИС /А.В. Ильмаст К.М. Марусенко Е.В. Моисеев. //Медицинский академический журнал. – 2002.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!