Материалдар / Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі 1. Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі 2. Геосаяси үдерістер және әлем дамуы 3. Бейне баян (4 мин)
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәні: География

Оқытушы: Ибрагимова Н

География пәнінен «Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі» атты ашық сабақ

Жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

Негізгі геосаяси обьктілер мен субьектілер.

  1. Негізгі геосаяси обьктілер мен субьектілер.

  2. Геосаяси ықпалдың негізгі құралдары жіне оларды зерттеу

1 тапсырма: «Географиялық диктант» әдісі (10мин)


2-тапсырма: «Ой түйіндеу» ойыны (10мин)


ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин)

  1. Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі

  2. Геосаяси үдерістер және әлем дамуы

  3. Бейне баян (4 мин)


ІV. Бекіту (30 мин)

1-тапсырма. «Сен білесің бе?» ойыны.  (10мин)

2-тапсырма. «Құпия ұяшық» ойыны. (10мин)


3-тапсырма: «Мозайка» ойыны. (10мин)


V. Бағалау (7 мин)


VІ. Үйге тапсырма (2 мин)


VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (1 мин)















Пәні: География

Сабақтың тақырыбы:Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі

Сабақтың мақсаты:Дүниежүзінің геосаяси кеңістіктері мағұлмат беру

1.Білімділік Дүниежүзінің геосаяси кеңістіктерінің алуан түрлілігі туралы түсіндіру;

2.Дамытушылық: Қазіргі заманның геосаяси үдерістерін,әлемнің геосаяси бейнесі таныстыру;

3.Тәрбиелік: Алған білімін іс жүзінде қолдана білуге, ұжымдасып жұмыс істеуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейне баян, плакат, житондар бағалау парағы

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: Экономика, тарих

Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

Негізгі геосаяси обьктілер мен субьктілер.

  1. Негізгі геосаяси обьктілер мен субьктілер.

  2. Геосаяси ықпалдың негізгі құралдары жіне оларды зерттеу

1-тапсырма: «Географиялық диктант» ойыны.дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр (15мин)

  1. .............. – мемлекеттің стратегиялық әлеуетіне ықпал ететін географиялық,саяси, тарихи және басқа факторларды тұтас бірлікте зерттейтін ғылым.

Ж:Геосаясат

  1. .............. - өзара байланысқан және даму үстіндегі географиялық нысандар орналасқан аумақ.

Ж:Геокеңістік


  1. Геосаяси ықпал жасау ........ , ................. , .............. , ................ , .............. құралдар арқылы жүзеге асады.

Ж:Саяси,Иделогиялық,экономикалық, ақпараттық, мәдени.

  1. .............. . сана мен еркі бар, белсенді танымдық және басқа әрекет ететін жеке тұлға немесе әлеуметтік топ.

Ж:Субьект

  1. ................. , субьектінің танымдық немесе басқа әрекеті бағытталған нысан.

  2. Геосаясат терминінің авторы – шевд ғалымы .............. ................... .

Ж: Рудольф Челлен.


2 тапсырма: «Ой түйіндеу» ойыны (5мин)

Студенттер интерактивті тақтада 10 сұрақ көрсетілген тест сұрақтарға жауап береді.

1.Геосаясаттың негізгі обьектісі.....

а)Ғаламшар кеңістігі, мұнда барлық геосаяси күштер орналасып, геосаяси үдерістер мен құбылстар жүзеге асады.

б)Өзіндік мүдделерін жүзеге асыру.

с)геосаяси күштер мен мүдделерін жүзеге асыру

д) мемлекеттер одағы ұлт,жергілікті жер, халық,әлеуметтік топ

2.Геосаясаттың басты әрекет етуші тұлғалары.

а)халық,ұлт, жергілікті жер,мемлекет, мемлекет одағы

б) саяси белсенділікке ие суьбектілер

с) Суьбекті,обьектілер

д) Геосаяси үдерістер

3.Геосаясат субьктілері.........

а)мемлекеттер одағы,халық,ұлт,әлеуметтік топ

б) саяси белсенділік

с) Ғаламшар кеңістігі

д) Геосаяси үдерістер

4.Геосаясаттың негізгі құралдары

а)Ланкестік әрекеттер

б) Саяси,Иделогиялық,экономикалық, ақпараттық, мәдени

с) Ілімнің маңызды құралдары

д) Әскери күш қолданбай қарсыласу

5.Геосаясат мемлекетті қай тұрғыдан зерттейді?

а) Мемлекеттің кеңістікте алып жатқан аумағын зерттейді

б) Елдегі шет ел азаматтарын зерттейді

с) Сырттан келетін заттарды зерттейді

д) Ауылшаруашылық өнімдерін зерттейді

6.«Жұмсақ күш » деген ұғым

а) Әңгімелеу арқылы жаулап алу

б) Әскери күшті қолданып басып алу

с) отырықшы елді қуып жіберу

д) Әскери күш қолданбай қарсылас мемлекеттің геосаяси жағдайын,беделін түсіру

7. Идеологиялық құралдар

а) халықтың арасына іріткі салу

б) Әңгімелесу арқылы қауіп төндіру

с) Елдерді әзілмен ыдырату

д) Әскери күш қолдану

8. Геосаяси ықпал етудің аса маңызды құралдардың бірі

а) Экономикалық әрекеттер

б) Мәдени әрекеттер

с) Саяси әрекеттер

д) Ақпараттық әрекеттер

9.География ғылымдары тұрғысынан зерттеуге болатын тағы бір құбылыстың бірі

а) Экономикалық

б) Мәдени

с) Саяси

д) Ақпараттық

10.Геосаясатқа ................. (дін,тіл,әдебиет,өнер)

а) Өнер

б) Мәдениет

с) Саяси

д) Идеология


ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин)

  1. Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі

  2. Геосаяси үдерістер және әлем дамуы

  3. Бейне баян (3 мин)

Shape1 Shape2 Shape3

Дүниежүзінің геосаяси кеңiстiгi ала-құлалығымен және өзгермелі сипатымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде әскери қақтығыстар алаңы болып тырған аймақтарға, ең алдымен, Африка, Азия жатады. Солтүстік Африкада үкіметке қарсы әртүрлі қозғалыстардың әрекеттері саяси жағдайды тұрақсыз етіп отыр. Алжирде Ислам құтқару майданы, Сириядағы халықаралық күштер араласуға мәжбүр болған жанжал, Сомалиде мемлекеттің бірнеше бөліктерге бөліну қаупін туғызатын ұзаққа созылған азамат соғысы жүріп жатыр. Геосаяси құбылыстар мен үдерістердің дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысында өте қарқынды жүрді. 60 - жылдарда отарлық жүйенің күйреуі , 90-жылдарда федерациялардың ыдырай бастауы саяси картада үлкен өзгері


стерге алып келді. Бір-біріне қарсы тұрған екі полюсті әлемнiң орнын жаңа геосаяси жағдай алмастырды. Халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталған күрес арқылы АҚШ-тың стратегиялық мүдделерi басым бола түсті. 2011 жылдың басында араб әлемін (Египет, Тунис, Ливия, Бахрейн және т.б.) қамтыған оппозициялық қозғалыс халықаралық деңгейде аландаушылық тудырды.


Сонымен, ХХІ ғасырдың басында халықаралық аренадағы саяси күштердің арасалмағы едәуір өзгеріске түсті. Бұл өзгерістерге төмендегі жағдайлар себепші болды (61 - сурет).

Picture 1

Осы аталған факторлардын аса қауiптiсi-халықаралық лаңкестік. Халықаралық ланкестік - кең таралған құбылыс. Бұл әсіресе 2001 жылы 11 қыркүйектегі тарихта бұрын - соңды болмаған лаңкестік әрекеттен соң айқын байка лды. Сол кезде АҚШ-тың өзi осынау ғаламдық лаңкестіктің адам айтқысыз салдарынан зардап болмаған шеккен еді.

Лаңкестіктің ғаламдық ауқымда таралу себептеріне әлемнің көптеген елдеріндегі байлық пен кедейшіліктің арақатынасының алыстай түсуі, әлеуметтік теңсіздік пен ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығы жатады (62-сурет).

Picture 2

Халықаралық лаңкестік лаңкестіктің аса қауіпті түрі ретінде 1960 жылдардың соңында пайда болды. Қазіргі кезде оның ауқымы қауіпті деңгейге жетіп отыр. Халықаралық лаңкестіктің негізгі мақсаты — мемлекетті басқару ісіне кедергі келтіру, экономикалық және саяси нұқсан келтіру, тұрақсыз жағдай қалыптастыру арқылы үкіметті өз саясатын өзгертуге итермелеу. Халықаралық лаңкестік қоғам тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарға қауіп төндіру, қоршаған орта мен адам өміріне жаппай қастандық жасау тәрізді әрекеттерге айналуда.


Shape4

Дүниежүзінің геосаяси кеңістігіне қарама - қайшылықты үдерістер тән. олардың бірі – геосаяси жаһандану және антиглобализм. Қазіргі геосаяси жағдайды көпполюсті күрделі әлемнің тұрақсыз арасалмағы ретінде түсіндіруге болады. Осы жағдайда дүниежүзіндегі кез келген күшті мемлекеттің немесе геосаяси орталықтың басқа саяси күштерді ескермей, өз бетінше әрекет етуіне жол берілмейді. Мұның өзі геосаяси жаһанданудың белгісі деуге болады. Антиглобализмнің алғашқы ресми ұйымы 1998 жылы Францияда пайда болған «АТТАК - Франция» (Қаржы операцияларына салық салуды жақтайтын азаматтар ассоциациясы) болды. Бұл ұйымның басты талабы әлемдегі қаржы операцияларының 0,1%-ын салық ретінде кедейшілікпен күреске және артта қалған елдердің экономикасын дамытуға жұмсау . АТТАК өкілдері дамушы елдердің қарыздарын кешіруді талап етті. Қазіргі кезде антиглобализм ұйымдары қатарына дүниежүзі бойынша әрекет ететін «Ғаламдық әрекет», «Блэк Блок», «Үшінші ұстаным», «Радикалды экологтар» атты ұйымдары бар.

Сонымен, геосаяси жаһандану әлемнің геосаяси тұтасуын көрсетсе, антиглобализм осы тұтасуға қарсы қозғалысты білдіреді.

ІV. Бекіту (30 мин)

1-тапсырма.«Сен білесің бе?» Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша тірек сызбаны толықтырыңыз.

ДShape7 Shape6 Shape5 үниежүзі елдері




ДShape9 Shape8 амыған елдер Өтпелі экономика Дамушы елдер

тShape10 ән елдер



а. Сіздің ойыңызша Қазақстан осы топтың қайсысына кіреді? ____________________________________________________________________________________________________________________________________


а. Сіздің ойыңызша Азия елдері осы топтың қайсысына кіреді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________



а. Сіздің ойыңызша Германия осы топтың қайсысына кіреді? ____________________________________________________________________________________________________________________________________


Ж:Дамыған елдер: Ұлыбритания, Германия,Франция, Жапония, АҚШ, Италия

Ж:Өтпелі экономикаға тән елдер: Қытай, Монғолия, Куба, Вьетнам, Шығыс Еуропа елдері, Лаос т.б.

Ж:Дамушы елдер: Азия елдері, Африка елдері, Латын Америкасы елдері.

1.Қазақстан өтпелі экономикаға тән елдер тобына жатады

2.Германия дамыған елдер тән елдер тобына жатады

3.Азия дамушы елдер тән елдер тобына жатады


2-тапсырма:«Құпия ұяшық» Студенттер интерактивті тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап береді.


1.АҚШ қай материкте орналасқан? 

Ж: Солтүстік Америка


2. Қазіргі кезде әскери қақтағыстар алаңына қай аймақтар жатады?

Ж:Африка, Азия


  1. Экономикасы жоғары дамыған үлкен жетілік елдер?

Ж: Германия, Жапония,АҚШ, Канада, Франция, Италия, Ұлыбритания


  1. 2001 ж. 11 қыркүйекте қандай оқиға орын алды?

Ж: АҚШ та лаңкестік әрекет


  1. Халықаралық лаңкестіктің негізгі мақсаты.

Ж: Мемлекетті басқару ісіне кедергі келтіру


  1. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі соғыстың ауқымы және неше мемлекет қатысты?

Ж: 14 мемлекеттің аумағында соғыс қимылдары жүрді, 33 мемлекет қатысты


  1. 21-ғасырдағы әлем дамуына ықпал ететін саяси факторларда Ресейдің орны.

Ж: Геоэкономикалық қуатының артуы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!