Қазіргі заманғы жаңа білім беру,
модернизациялау талабы
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Күллі жер жүзі
біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа
тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде
сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын
қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп,
иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып,
заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға
сіңіруіміз керек» деп атап айтып, педагог мамандарға үлкен
жауапкершілік жүктеді.
Бүгінгі мақсат-әрбір
оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және
олардың жан- жақты дамуына қолайлы жағдайлар
жасау.
Білім беруді жаңарту бұл-үнемі
алға қарай ұмтылу мен даму үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңмен
өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын
өзгерістер. Сонымен қатар, білім беруді жаңарту үдерісі
-салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің
қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден
тұрады.
Еліміздегі білім беру саласына
түбегейлі өзгерістер енгізілетін жаңа стандарттар жасалуда. Қазіргі
білім жүйесінің 12 жылдыққа көшуі орта мектептерде жаңа оқытудың
жаңа технологиясы мәселелеріне бағыттап
отыр.
«Технология» ұғымы соңғы
кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың
біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен
байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық
технологиясы, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым
қатынас технологиясы, даму технологиясы,қалыптасу
технологиясы,модульдік технология, топтық оқыту технологиясы.
«Білім беру технологиясы» ұғымын мұғалімдер мен оқушылар ды білім
берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып,арнайы ұйымдастырылған
өзара қарым қатынас процесі технологиясы ретінде
қолданамыз.
Білім беру саласы ашық жүйе
ретінде қатысушы жақтардың мақсат міндетттерді, жауапкершіліктерді
өзара бөлісу негізінде құруын қарастырады.
Оқушы өмірде және қоғамда
конструктивті роль атқару үшін болашақ нәтижелерге ұмтылуға
міндетті.
Оқытушы оқу ісін ұйымдастыру
шарты ретінде оқу процесін шығармашылық тұрғыда ұйымдастыруға
міндетті.
Қоғам күтілетін нәтижелердің
жетілдірілуіне, білім беру жүйесі жетістіктерінің ашық түрде
жарияланып отыруына жауапты.
Оқу үрдісіндегі әдістемелік
және технологиялық әдіс тәсілдерде қарама қайшылық жоқ. Себебі,
«оқытудың әдістемесі» ұғымы, «білім беру технологиясы» ұғымынан
әлдеқайда кең.
Әдетте, әдістеменің пәні білім
берудің мақсатын, мазмұнын, оқу үдерісін ұйымдастырудың әдістерін,
түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе деп
аталады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге
тырысады:
Не үщін, неге және қалай оқыту
керек? Ал,технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты
іс әрәкетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі.
Сондықтан,технология, негізінен, триаданың сұрағына жауап
береді.
Әдістемелік тәсілдердің ең
маңызды жетекшісінің бірі тұтасымен оқу процесінде және оның ішінде
сабақ кезінде қолайлы психологиялық жағдай тудыра білуі және
оқушылардың өздерінің еңбектеніп оқуға деген жоғары деңгейдегі ішкі
әзірлігін қалыптастыру болып табылады.
Бұған оқытушы мен оқушының
өзара қарым қатынасының мынадай көптеген ерекшеліктері септігін
тигізеді;
- оқушыларға үйде тапсырма
орындау міндеттелмейді,тек ұсынылады.Суретті қағаз бетіне үйлесімді
орналастыра білу, бояу «жартылай міндетті» жағдайда
жүргізіледі;
- сабақ сұрау ақырын, жаймен,
сенімді,сенімді, оқушылардың қателігі көзге түртіп
көрсетілмейтіндей формада өткізіледі;
-оқушылар сабақ үстінде сабақ
айту үшін орнынан тұрып жатпайды;
Мұғалімнің бағасының
талассыздығымен қатар талап жағдайы жоқ.
Нәтижесінде әр оқушының жақсы
оқуына болады деген сенім, әр оқушының өзін-өзі қадірлей білу
сезімі нығайып, тіпті қиын жұмысты да орындауға шамасы жететініне
сенім қалыптасады.
Оқушылар шығармашылығы бұл
мұғалім шығармашылығының жаңғырығы. Сабақ өткізуге ыңғайландыруға
болатын оқушының жауап беруіне арналған үлкен тақта, оқушыларға
арналған сыныптағы анықтама автомат, қабырғаға ілінген ашық үлгерім
стендісі, оқу барысында «релелік» тапсырмаларды қабылдау, аралық
мәреге жетер алдындағы мұғалімнің көмегі «педагогикалық десант»
т.б.
Қазіргі уақытта бейнелеу өнері
пәнін жүргізетін ұстаз практикалық сабақтарды тиімді жүргізу үшін,
баланың жас ерекшеліктерін және сонымен бірге жеке даралық даму
заңдылықтарын ескере отырып, психологиялық тестілерді тиімді
пайдалану арқылы, ғылыми зерттеу жұмыстарының жолдарын жетік білу
қажет.
Бұл білімдерді толық меңгерген
мұғалім, сабақ жүргізу барысында кездесетін кейбір қиыншылықтарды
жеңіл түрде жеңе білуіне бағыт алады.
Баланың бойындағы
психофизиологиялық даму заңдылықтарының дұрыс қалыптасуы,
мектептердегі оқу процестерінің дұрыс жолға қойылуынан
басталады.
Біздің елімізде бейнелеу
өнеріне байланысты шығармашылық ғылыми зерттеу жұмыстары мен
тәжірибелер өте сирек, орта мектепте бейнелеу өнеріне байланысты
шығармашылық тұлғаны қалыптастыру деген ол өте ұзақ та және ауыр
педагогикалық процесс. Бейнелеу өнері іс әрекетінде сезім, мінез,
қабілет, қажеттілік, ойлау, дағды, өмірге және өнерге деген
қызығушылық көзқарастар қалыптасады. Сурет салып дағдылану баланың
денсаулығына өзінің көп әсерін тигізеді
Қорытындылау:
Бейнелеу өнері пәні
мұғалімінің басты міндеті сол, ол әр баланың шығармашылық қиялының
дұрыс қалыптасуына ықпал жасай отырып, соны дамыту жолын өзара
қарым қатынас технологиясы мен білім беру оқыту технологиясының
жаңа әдіс тәсілдерін қолдана отырып, нәтижеге қол
жеткізу.