Материалдар / Қимақ қағанаты

Қимақ қағанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қимақ қағанаты туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
1192
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:
Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Мектеп: №28 ОМ

Күні: 05.10.2018ж.
Мұғалімнің аты-жөні: Балмуратова А.Б.

Сынып: 6
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы
Қимақ қағанаты. Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

Сабақ мақсаттары
Қимақ қағанатының ішкі және сыртқы саяси жағдайын түсінеді.
Қимақ қағанатының қала мәдениетінің дамуын сипаттайды.

Бағалау критерийлері
Қимақ қағанатының ішкі және сыртқы саяси жағдайын біледі
Қимақтардың қалалық мәдениетін сипаттайды

Тілдік мақсаттары
Қимақ қағанаты туралы мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Халық, этносаяси бірлестік, этнос, этноним
Әлеумет, әлеуметтік топ
Ақсүйектер, қара сүйектер
мүліктік теңсіздік, жер иелену түрлері
қағанат, қаған
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды
оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені
Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені

Құндылықтарды
дарыту
Мәңгілік Ел идеясынан Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы құндылығы қимақтардың саяси жағдайын талдау барысында іске асады.

Пәнаралық
байланыстар
Дүние жүзі тарихы пәнінен алған білімдерін қимақтардың ішкі және сыртқы саясатын талдау барысында қолданады;
География пәнінен картамен жұмыс жасау дағдысын қимақ қағанатын кескін картада белгілеу барысында қолданады;
Қазақ тілі пәнінен алған білімі мен дағдыларын өз ойын дұрыс жеткізу кезінде пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары
Сабақ барысында интерактивті тақта қолдану

Бастапқы білім
Берілген бөлім Қазақстан территориясындағы VI – IX ғғ. түркі тайпаларының миграциясын, олардың әлеуметтік құрылымын, қағанаттардың пайда болу тарихын, олардың ішкі және сыртқы саясатын, ірі шайқастары мен әйгілі тұлғалардың ролін түсінуге мүмкіндік береді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Б оқушыларға слайд арқылы ортағасырлық қалалардың суреттері көрсетіледі:
-Қала мәдениеті дегенді қалай түсінесіздер?
-Қала мәдениетінің дамуына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?
-Ортағасырлық қалалардың ерекшеліктері қандай?
Оқушылардың пікірлері тыңдалып, жаңа сабаққа көшу.
М Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
Презентация





Сабақтың ортасы



















1-ші тапсырма.
Қимақтар жайлы деректер.
9 ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы – Имақия, екінші астанасы – Алакөл жағасындағы Карантия болды. Әл-Идриси: Қимақ астанасы - Имекия темір қақпалы қорғандармен берік қоршалған, ішінде базарлары, ғибадатханалары бар ірі қала деп көрсетті. Тамим Ібірі Баһр: Қимақтарда қала мәдениеті мен сауда-саттық істері өрістеді, қимақ Қағанының қолбасылық ордасының жанында тұратын қала және оның атырабында егін егетін отырықшы мекедері бар деп айтты.
Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад-түтік” деп атаған.
Қимақтарда мал шаруашылығы басым болды. Гардизи: шаруалар өз мырзаларының малын бақты, ...қысқа арнап қимақтар әрқайсысы өздерінің шама-шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады деп жазды. Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, малдан айрылғандар жатаққа айналып, қолөнер мен балық аулауды кәсіп еткен. Қола айнадағы жазулар 9-10 ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді. Әбу Даулап: Қимақ жазу мәдениеті болды, оларда өздері жазу жазатын қамыс өседі.
Қимақ шонжарлары 10 ғасырда ислам дінін қабылдай бастады.
10 ғасырдың басында қимақтар тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы Жамлекесті жаулап алды. Қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға да шабуылдап тұрған. Қимақтарға 10 ғасырдың екінші жартысында Қарахан мемлекеті шабуылдай бастады. Қарахандықтардың жорықтары 11 ғасырда жиілей түскен. Осы жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады. Қимақ қағанатының құлауының екі себебі болған. Біріншісі – қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы. Екіншісі – сыртқы қайшылық.
І дискриптор: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыздар.
Қимақ қағанаты қай уақытта өмір сүрді?................................................................................
Қимақтардың тарихын кімдер зерттеді?...........................................................................
Қимақ қағанатының орналасқан жерін, астаналарын кескін картаға түсіріңіз.
Қимақ қағанатының этникалық құрамы мен қоғамдық құрылысын тірек-сызба ретінде көрсетіңіз
Қимақ қағанты неліктен ыдырады? ...................................................................................

2-ші тапсырма.
Т Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа қимақтар туралы деректер беріледі.
Топ оқушыларына қимақтардың тұрмысы жайлы кесте толтыру тапсырылады:

шаруашылығы
қолөнері
рухани мәдениеті





Әр топ сынып алдында өз жұмысын қорғайды, қалғандары толықтырады:
І топ: қимақтардың шаруашылығы
ІІ топ: қимақтардың қолөнері
ІІІ топ: қимақтардың рухани мәдениеті
Бағалау. Топтар құрастырған критерийлер бойынша өзара бағалайды. Критерийлер үлгісі:
-тақырыпты ашуы;
-дәлелдер келтіруі;
-ойын нақты жеткізуі.
Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы
3-ші тапсырма.
Д\Т Оқушыларға шығармашылық тапсырмасы беріледі. Қарастырған дереккөздер негізінде өздерін болашақ ұрпаққа қимақтардың қала мәдениеті туралы дерек жазу тапсырмасы беріледі.
Бағалау. Топтарға бөлініп, өз жұмысын оқиды. Оқушылар құрастырған критерийлер бойынша өзара бағалайды. Критерийлер үлгісі:
-тақырыпты ашуы;
-дәлелдер келтіруі;
Топ ішіндегі ең үздік жұмыс сынып алдында оқылады.
Ұлы Дала мемлекеттері. Алматы, 2010




Сабақтың соңы




Рефлексия
Бас бармақ әдісі бойынша оқушылар слайдта көрсетілгендей сабақ бойынша жасаған жұмысына өзіндік кері байланыс беріп көрсетеді.
Үйге тапсырма: параг. 6
Кескін картада қимақтардың аумағы мен орталығын белгілейді.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқу жетістіктері анағұрлым жоғары оқушыларға қорытынды жасау, бағалау, шығармашылық тапсырмалары берілді;
Тілдік қабілеті жоғары оқушылар басқаларға қолдау көрсету үшін топтарда тиімді орналастыруды қадағалау.
Мұғалімнің кері байланысы; Топтардың өзара бағалауы;
Жұптардың өзара бағалауы;
Өзін-өзі бағалауы
Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ