Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді? 6 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді? 6 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
устаздарга
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пәні: Қазақстан тарихы

Күні:

Сынып: 6 Қатысқандар: 18Қатыспағандар:1

Сабақтың тақырыбы

Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Қимақтардың қала мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейтінін біледі (білу, түсіну)

Басым көпшілігі: Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы айырмашылығын анықтайды, талдайды, салыстырады(білу, түсіну, талдау, қолдану)

Кейбірі: Қимақ қалалары туралы деректерді жинақтайды, эссе жазу арқылы ойын қорындылайды, қала мәдениетінің дамуын сипаттайды(жинақтау, қолдану, бағалау)

Бағалау критерийі

- Қимақтар туралы дерек көздеріне сүйене отырып, қала мәдениетінің дамуын сипаттайды (білу және қолдану)

Тілдік мақсаттар

Тыңдалым:мұғалім Қимақ қағанаты жайында жалпы мағлұмат береді;

Оқылым:деректермен жұмыс және кітаппен жұмыс;

Жазылым:деректермен жұмыс, топтық тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасайды;

Айтылым:топтарда талдау, жұмыстарын қорғау, мұғалімнің сұрақтарына жауап беруі барысында

Құндылықтарға баулу

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- қарым – қатынас жасау қабілеті;

- денсаулық, достық және айналасына қамқорлық жасау;

Пәнаралық байланыс

география, дүние жүзі тарихы

Алдыңғы білім

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

«Менен - сұрақ, сізден – жауап » әдісі арқылы оқушыларға мұғалім сұрақ қою арқылы, Оғыз мемлекетінің даму ерекшеліктерін алдыңғы білімін қортындылайды. (қалыптастырушы бағалау мадақтау арқылы)

1. Оғыздар деген кімдер?

2. Олар Қазақстанның қай аймақтарын мекендеді?

3. Қандай елдермен қарым-қатынаста болды?

4. Шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысты?

5. Оғыз мемлекетінің басшысын қалай атады?

6. Атабектердің атқарған қызметі қандай болды?

7. Оғыз мемлекетінің құлауына не себеп болды?

8. Оғыз мемлекетінің астанасы қай қала болды?

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен амандасып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;

Топқа бөлу. Оқушылармен шеңбер құрып,1,2,3 деп санау арқылы топқа бөлу

І топ «Этнограф» тобы

ІІ топ «Археолог» тобы

ІІІ топ «Тарихшы» тобы

Алтын ереже құру, қажеттігі туралы айту


Алтын ереже, слайдтар

Сабақтың ортасы

25 мин


«Шатасқан әріптер» әдісі. Оқушылар шатасқан әріптерді жинау арқылы «Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?» тақырыбын табады. Қалалық мәдениет жайында жалпы пікірлерін тыңдағаннан соң, қаланың пайда болуына қандай факторлардың әсер еткені жайында айтамын.

Сабақтың мақсатымен таныстыру;

Бағалау критерийлерімен таныстыру;


«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»әдіс-тәсілі. (барлық оқушылар жасай алады) Деректермен жұмыс.

(7 мин)

Барлық топқа төрт дерекпен жұмыс жасауға тапсырма беру:

А-дерек: Әл-Идриси: «Қимақ астанасы - Имекия темір қақпалы қорғандармен берік қоршалған, ішінде базарлары, ғибадатханалары бар ірі қала».

В-дерек: Тамим Ібірі Баһр: «Қимақтарда қала мәдениеті мен сауда-саттық істері өрістеді, қимақ қағанының ордасының жанында тұратын қала және оның атырабында егін егетін отырықшы мекендері бар».

С-дерек: «Қимақтарда жазу мәдениеті болды, оларда өздері жазу жазатын қамыс өседі».

Д-дерек:Гардизи: «шаруалар өз мырзаларының малын бақты, ...қысқа арнап қимақтар әрқайсысы өздерінің шама-шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады».

Дескриптор:

«Этнограф» тобы: берілген деректерді кім, қашан, неге, кімге арнап жазғандығын анықтады;Сонымен қатар оқушылар деректерде кездесетін жер-су аттарын жасыл түсті маркермен (мәтінді түрлі түстермен белгілеуші) белгілейді. «Археолог» тобы: қимақтардың шаруашылығы, тұрмысын сипаттайтын ақпаратты сары түсті маркермен белгілейді.;

«Тарихшы» тобы: рухани мәдениет сипаттайтын ақпаратты күнгірт түсті маркермен белгілейді;

Топтар өздерінің анықтаған ақпараттарын кітаптан сай келген сөздермен байланыстырып, басқа топтармен бөліседі. Сұрақ – жауаппен алмасады.


І топқа:

ВЕНН диаграммасы(басым бөлігі орындайды)

Айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы

Shape2 Shape1





Дескриптор:

  • оқушылар «Көшпелілер мен отырықшылар» арасындағы айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазады;


ІІ топқа:«Ақиқат/жалған» әдісі (барлық оқушылар орындайды)

Ақпарат

Ақиқат/жалған

Қалалардың құрылыс жүйесі 4 бөліктен жасалған.


Араб ғалымы әл-Идриси 16 қимақ қаласын атайды.


Қимақтардың ордасы Сауран қаласы болды.


Қимақ тайпалық одағының басшысы қаған лауазымын иеленді.


Қимақ тайпасын печенегтер деп те атады.


Қимақтар оғыздармен бейбіт қарым-қатынас орнатты.



Дескриптор:

  • ақпараттың дұрыс- бұрыстығын анықтайды;

  • қалалардың құрылыс жүйесі бөліктерін атайды;

  • араб ғалымы әл-Идрисидің 16 қимақ қаласын анықтайды;

  • қимақтардың ордасын анықтайды;

  • Қимақ тайпалық одағының басшысы қаған лауазымы болғанын дәлелдейді;

  • Қимақтар оғыздармен бейбіт қарым-қатынас орнатқаны жайында анықтайды



ІІІ-топқа:«Кластер» әдісі(кейбір оқушылар орындайды)

Shape3

Қимақ қағанатының құлауы






Дескриптор:

-негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.


СББР №140 http://e-history.kz/kz/scorm/page-3

Гардизи қимақтар туралы: «...Бұдан әрі Ертіс өзені жатыр. Ол жерден қимақ елі басталады. Өзеннің екі жағалауыңда да жайылып жүрген жылқы үйірлері, олар кейде мыңнан екі мыңға дейін жетеді. Бұл жылқыларды ұстау қиын. Кейде арқанмен ұстап, үстіне мініп, бас білдіреді. Сонда, ғана қолға үйренеді. Ертіс үлкен өзен, бір жағында тұрған адам, арғы жағадағы адамды тани алмайды...Өзеннің суы қап-қара.

Ертістен өтсең қимақтардың шатырларына барасың... Барлығында да табын-табын сиыр, қора-қора қой бар. Түйелері болмайды. Егер саудагер түйе алып келе қалса, ол түйе бір жылдан артық тұра алмайды. Себебі шөптің тұзы жоқ. Егер біреу тұз алып келетін болса, ол үшін бұлғының терісін алады. Жазда бұлар бие сүтін ішеді, оны "қымыз" деп атайды. Қысқа қойдың, жылқының, сиырдың етін кептіріп сақтап, сүр етіп жейді. Бұл елге қар көп жауады, тіпті кейде найза бойына жетеді




Үлестірмелі материалдар (венн диаграммасы, ақиқат/жалған, кластер)


Сабақтың соңы

5 мин

Эссемен жұмыс(кейбір оқушылар)

Дескриптор:

-Жаңа сабақтан түсінгенін, 5-6 сөйлем арқылы қортындылайды.


Қалыптастырушы бағалау:

«Плюс, минус, қызықты»әдісі


Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты


Дескриптор:

Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.



Кері байланыс

«Плюс, минус, қызықты» әдісі





Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлығы: Қимақтардың қала мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейтінін білді.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдіс-тәсілі арқылы «Этнограф» тобы берілген деректерді кім, қашан, неге, кімге арнап жазғандығын анықтады;Сонымен қатар оқушылар деректерде кездесетін жер-су аттарын жасыл түсті маркермен (мәтінді түрлі түстермен белгілеуші) белгіледі.

Археолог тобы: қимақтардың шаруашылығы, тұрмысын сипаттайтын ақпаратты сары түсті маркермен белгіледі.;

Тарихшылар тобы: рухани мәдениет сипаттайтын ақпаратты күнгірт түсті маркермен белгіледі;

Топтар өздерінің анықтаған ақпараттарын кітаптан сай келген сөздермен байланыстырды.

Басым көпшілігі:«ВЕНН диаграммасы» әдісімен «Көшпелілер мен отырықшылар» арасындағы айырмашылығын мен ұқсастықтарын жазды;


Кейбірі:«Кластер» әдісі арқылы -негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімеледі.

«ЭССЕ» жазу әдісі арқылы жаңа сабақтан түсінгенін, 5-6 сөйлем арқылы қала мәдениетінің дамуын сипаттады, қортындылады.

- Қалыптастырушы бағалау бойынша мадақтау арқылы;

- Ауызша қалыптастырушы бағалау;

Қалыптастырушы бағалау:

«Плюс, минус, қызықты»әдісі


Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты


Дескриптор:

Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.


Кабинет қауіпсіздігінің барлық қағидасына сай жабдықталған, оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау, АКТ-ны дұрыс пайдалануын қадағалау.


Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен уақытты тиімді пайдаландым ба?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Бүгін білім алушылар «Қимақтардың қала мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейтінін » білді.

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы айырмашылығын анықтады, талдады.

Қимақ қалалары туралы деректерді жинақтады, эссе жазу арқылы ойын қорындылады.

Сыныптағы ахуал жақсы болды.

Уақытты тиімді пайдаланды.


Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1

2

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1

2

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1

2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.06.2018
1844
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі