Материалдар / Қ.И.Сәтбаев жазған "Алгебра" оқулығының тарихи жолы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қ.И.Сәтбаев жазған "Алгебра" оқулығының тарихи жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қ.И.Сәтбаевтың жазып кеткен ,бірақ қолдануға берілмеген оқулығы туралы мақала
Авторы:
14 Мамыр 2024
281
4 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Касимбекова Гулшат Меделхановна

М.Жұмабаев атындағы №39 ЖОББМ математика пәні мұғалімі

Шымкент қаласы

Қ.И.Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығының тарихи жолы

Тарих шежіресінде белгілі бір тұлғалар шабыттың шамшырағы болып,адамзаттың алға жылжуына өлшеусіз үлес қосып келеді.Осы көрнекті тұлғалардың бірегейі қазақтың бағына туған, қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына биыл 12- сәуірде 125 жыл толып отыр. Осыған орай 12-сәуірде Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні атап өтілсе, «Қ.И.Сәтбаев – қазақ ғылымның атасы» -деп аса жоғары құрмет көрсетіліп отыр.Осы айтулы мерейтойды атап өте отырып,өмірін ізденуге,жаңашылдыққа және білімге ұмтылуға арнаған адамның мәңгілік мұрасы туралы ой жүгіртіп ,оны жастарға насихаттауымыз орынды.

Отандық ғылым тарихында алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті мен академигі Қаныш Сәтбаевтың тұлғасы шешуші роль атқарды. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған.

Ой-өрісі кең, ғылымның көптеген саласында энциклопедиялық білімі бар, ғылыми қызметті шебер ұйымдастырушы және алдыңғы қатарлы кадрларды тарта білетін адам ретінде Қ.Сәтбаевтың ұлылығы алдымен еліміздің интеллектуалды, ғылыми дамуына бағыт беруінде, қазақстандық қоғамды ағартушылықтан интеллектуалды ғылыми және кәсіби деңгейге көтеруінде. Қ.Сәтбаев басшылығымен жасалған қадамдар халқымыздың, жастарымыз бен еліміздің бүгінгі инновациялық және ғылыми әлеуетінің іргетасын қалады.  

Қаныш Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Семей губерниясы Павлодар уезі Ақкелін болысына қарасты №4 ауылда «қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы) Имантай бидің отбасында дүние есігін ашқан. Шын есімі - Ғабдулғани. Анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған екен. Сөйтіп, ғалым облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Сауатын ауыл молдасынан ашқан ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке бара бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтап, 1911 жылдан бастап Павлодардағы екі жылдық орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын да мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады. 1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болған екен. Еңбек жолын 1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған ауылдық қазақ мектептерінде мұғалім болудан бастайды.Артынша Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болған. Сол себепті Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады.1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский Сәтбаевқа қалада қалуға болмайтынын айтты.Қаныш Сәтбаев өкпе ауруымен ұзақ ауырған. Қуаты тасып, нағыз жұмыс істейтін жасында дертін емдейді. Дәрігерлердің талабы бойынша саумалмен емделу үшін амалсыздан ауылға оралған екен. Алайда ауылда қол қусырып жатқысы келмеген ғалым қазақ тіліндегі алғаш алгебра оқулығын жазған.  Томск технология институтына түсерде ол біраз мектепте істеді. Балаларға сабақ берді. Қай сабақты қалай беру керек екенін көп ойланды. Содан "Математика ең қиын сабақ. Осыны қалай қарапайым тілмен жастарға жеткіземін?" деген оймен кітап жазды. Технологиялық институттың 2-3 курсында жүрген кезде сол кітапты жазып бітірді", - дейді ҚР Ғылым Академиясының Президенті Мұрат Жұрынов Хабар Tanym бағдарламасында.





Бұл еңбек-қазақтың даңқты перзенті Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаған академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 25 жасында жазып бітіріп баспаға тапсырған оқу құралы.Ұлт ұстазы , дана ағартушы А.Байтұрсынұлы Халық ағарту комиссары (министрі) болған жылдары (1920-1921) белгілі оқығандарға әр саладан оқулық жазу туралы тапсырма берген.Осы «Алгебра» жазылып жатқан кезде 1924 жылы 12-17 маусым күндері Орынборда Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі (орысша «Первый съезд ученых-казахов) өтеді. А.Байтұрсынұлы,Ә.Бөкейханов,Х.Досмұхамедұлы т.б.ұйытқы болған осы жиында оқулық жазу мен ғылымды қалыптастыру мәселесі нақты қарастырылады. Осы «Алгебра» оқулығы сол бастаманың жемісі Бірақ ол түрлі себептермен баспадан шықпай қалады.Арада 85 жылдан кейін ғалымның туылғанының 110 жылдығына орай 2009 жылы Еуразия ұлттық университетеінің ғалымдары аталған тарихи мұраны халыққа таныстырады.Жалпы редакциясын басқарған академик М.Өтелбаев.

Кезінде Алаш зиялылары қазақ халқының тез арада өркениет легіне қосылуы үшін бар білімін аямай, тер төге сан салада оқулық жазып шығарған. Мәселен, Әлихан Бөкейханов астрономия мен жағрафияны, Мағжан Жұмабаев педагогиканы, Халел Досмұхамедов анатомия мен зоологияны, Жүсіпбек Аймауытов психологияны, Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Нәзір Төреқұлов тіл білімін, Мұхтар Әуезов әдебиетті жазса, ал Міржақып Дулатов, Сұлтанбек Қожанов, Әлімхан Ермеков математикаға ден қойған. Математиканың ішіндегі күрделі пән «Алгебраны» Қаныш Имантайұлы қолға алып,А.П.Киселевтың алгебрасы негізінде алдымен қазақ тілінде араб графикасымен 1924 жылы жазып шығып (592 беттік қолжазба), соңынан латын графикасына 1929 жылы (1400 бет) көшіреді.

Академие-математик ғалым М.Өтелбаевтың бастамасымен 2005 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетеінің бір топ математиктері автордың араб және латын графикасымен жазылған еңбегінің кириллицаға көшірілген түпнұсқасын дайындады.Олар оқулықтың тарихи құндылығын түсіне отырып автордың сол заманға сай жазылған стилін сақтауға тырысты.Кітап жатық ,дәл және түсінікті тілмен жазылған.Оқырмандардың ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізетін көптеген есептер мен олардың әдістемесі келтірілген Кітаптың ерекшелігі – оның сапасында.Ол кезеңде бірыңғай талаптарға сай жазылған оқулықтар болмаған және әр мұғалім орысшадан өз шама-шарқынша аударып түсіндіретін болғандықтан ортақ терминдер жүйесі болмаған. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, Сәтбаев «Алгебрасының» тілі жатық, есеп беру логикасы берік, есеп шығару түзілімдері ширақ та шымыр.Аталмыш басылымдағы атаулы терминдер халқымыздың төл сөздерімен сипатталған. Мәселен: формула – өрнек, рациональная величина – өлшемді шама, иррациональная величина – өлшемсіз шама, диаметр – өре, квадратное уравнение – шаршылық теңдеу, биквадратное уравнение – қос шаршылы теңдеу, сопряженные числа – түйіндес сандар, прогрессия – дәуірлеу, пропорция – тең ара, числитель – жарнақ, невозможность – болымсыздық, коэффициент – сан өсіргіш,, теорема – түйін, функция – берне, тождество – бірдейлік, равнозначность – мәнілестік, приближенный корень – жуықтас түбір, корень с недостатком – олқы түбір, корень с избытком – қалқы түбір, выражение – әлпет, комплексные числа – шоғырлы сандар, симметрия – үйлесім, мнимые числа – күмәнді сандар, кратное – бөлінбе, предыдущие члены – ілгері мүшелер, последующие члены – кейінгі мүшелер, бином Ньютона – Ньютонның қос мүшелігі, т.с.с.

Кітаптың ең маңызды мақсаттарының бірі – алгебраның алғашқы ұғымдары «әріптік есептеулерге»- өрнектерді түрлендіріп теңдеулерді құру және шешуге,теңсіздіктер мен олардың жүйелеріне баса назар аударылған.Көпмүшеліктерге ,рационал бөлшектерге,дәрежелер мен түбірлерге байланысты есептерді шығарумен қатар жоғары дәрежелі теңдеулерді,комбинаторика элементтері мен комплекс сандарды да қарастырған.Кітапта оқушыларға түсіну жеңіл болу үшін дидактиканың «жүйелілік және бірізділік» принципі сақталған.Жеке мен жалпының арасындағы байланыс құрылымдық ұқсастық пен ерекшелікті салыстыру арқылы қарастырылған.

Оқулық мазмұны жағынан қазақ өмірі ,тұрмысы және мәдениетімен сабақтас.Сонымен қатар,автор оқу материалын қазақ баласының шағын,жергіліктікөлемді мүддесін ғана байланысты тарылытпай , оның танымдық ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізетін материалдарды кеңінен пайдаланған.Оқулықтың білімдік,тәрбиелік және дамытушылық сипаты күшті.Оқулық алгебраның бастауыш ұғымдарынан бастап,оның жүйелі курсының ,яғни,мектеп бағдарламасындағы алгебралық материалдардың барлығы қарастырылған.

Автор оқулықтың I-бөлімінің I-бабында ,1-параграфының атауын Алгебра дегеніміз не? деген сұрақпен береді де , қысқаша жауабын былай көрсетеді:

« Густов Ньютон дейтін ғалым алгебраны «сандардың жалпы жүйесі» (всеобщая арифметика ) деп атаған.Бұл арадан алгебраның көздейтін мақсаты:

1)сандардың жалпы құрылу ережесін көрсету;

2)әртүрлі ұқсас есеп мәселелерінің жалпы шешу тәсілдерін қарастыру.»

Ана тілімізде өткен ғасырда тұңғыш жазылған осынау «Алгебра» оқулығы 11 бөлімнен, оның ішінде 40 баптан тұрады, кітап соңында термин –сөздік берілген,ұзын-ырғасы – 442 бет.

Бұл кітап әлі де өз құнын жоймаған, қазіргі сапалы оқулыққа қат заманда оқушыларға да, мұғалімдерге де баға жетпес асыл қазына. Мұны қосымша хрестоматиялық кітап ретінде әбден пайдалануға болады. Бір әттеген-айы, басылымның таралымы аз, бар-жоғы 500 дана

Қаныш Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Семей губерниясы Павлодар уезі Ақкелін болысына қарасты №4 ауылда «қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы) Имантай бидің отбасында дүние есігін ашқан. Шын есімі - Ғабдулғани. Анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған екен. Сөйтіп, ғалым облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Сауатын ауыл молдасынан ашқан ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке бара бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтап, 1911 жылдан бастап Павлодардағы екі жылдық орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын да мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады. 1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!