Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым министірлігі
Жамбыл облысы Әкімдігінің
білім басқармасы
Қаратау технология, білім және
бизнес колледжі
"Бекітемін"
Директордың оқу
және
тәрбие
жұмыстары
жөніндегі
орынбасары
_________Б.Жилбаева
«___»__________2020ж
Тақырыбы:
«Қиял. Қиялдың
физиологиялық негізі»
(Тренинг)
Пән: Психология
Топ: 0105-18-9-1,
0103-18-9-1
Педагог-психолог: Ғ.Тулегенова
Қаратау
Сабақтың
тақырыбы: «Қиял. Қиялдың физиологиялық
негізі».
Сабақтың
мақсаты: 1.Табысты қарым-қатынас
орнату.
2.Жеке тұлғаның арман қиялын
дамыту.
Білімділік: Қиялға байланысты студенттер
білетін мәліметтерді
тексере отырып, алған
білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Студенттерге тапсырмалар бере
отырып, ізденіс
жұмыстарына баулу , ой-өрісін,
рухани жан дүниесін
байытып , өз ойларын жүйелі
айта білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілікке,
елжандыққа, сұлулыққа ,
Сыпайылыққа, мейірімділікке,
туған елге, жерге, тілге,
Отанға деген сүйіспеншілік
қасиеттерінің оянуына әсер
ету.
Сабақтың
түрі: Сабақтан тыс
тренинг.
Сабақтың
әдістері: Танысу, сабақ түсіндіру,
сұрақ-жауап, кестелер, сергіту,
Венн диаграммасы, «Т»
кестесі.
Сабақтың
көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, слайд,
кестелер, плакаттар,
акварель
краскалар.
Сабақтың
барысы: Ұйымдастыру
кезеңі
Қатысушылармен
амандасу
Қатысушылардың назарын
тренингке аудару.
1. «
Танысу» Өз есіміңізге сын есім қосып
айтайық.
Ғажайып-Ғалия,
Әдепті-Әлия,
2. Жаңа сабақты
түсіндіру.
А)Қиял жөнінде
түсінік.
Ә) Қиялдың физиологиялық
негізі.
Б) Қиялдың
түрлері.
Қиял дегеніміз-сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан
жаңартып, өңдеп, бейнелеуде қөрінетін, тек адамға ғана тән
психикалық процес. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында
бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де
жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады.Адамдардың қиялына тән кейбір
ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға
болады.
1) Әр адамның қиял
ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған
мақсатына байланысты болып келеді.
2) Қиялдың мазмұны мен формасы
адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де
байланысты.
3) Қиял адамның өскен
ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршаған ортасына
да байланысты көрініп отырады.
4) Қиял адамның барлық
психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын
процесс.
5) Адам қиялы еңбек
процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып дамып
отырады.
Қиялдың адам қажетіне асуы,
оның шындықпен байланысуы, адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері
өрлеуіне себепші болады.
Қиял түрлері енжар және
белсенді болып екіге бөлінеді. Енжар қиялдан тұрмиысқа аспайтын,
қажетсіз не болуы мүмкін емес бейнелер қалыптасады. Енжар қиял
ниеттелген не ниетссіз болып екіге бөлінеді. Ниеттелген енжар қиял
ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Ниетсіз енжар қиял
сана қызметінің босаңсып не зақымдануынан, мүлгіген халде, ұйқыда
және т.б жағдайларда пайда болады. Ниетсіз қиялдың жарқын көрінісі
галлюцинациялық кейіпте, адамның жоқ затты бар етіп, одан шошынып,
не қорқып , күйзеліске түсуін айтамыз.
Белсенді қиял жасампаз және
шығармашыл болып екіге бөлінеді. Жасампаз қиял негізінде алдын ала
берілген көрсетпелерді басшылыққа ұстаумен бейнелерді түзу
жатады.Шығармашыл қиял жаңа қайталанбас бейнелер мен идеялардың
қайнар көзі. Мұндағы жаңа түсінігі объективті жаңалық және
субъективті жаңалық. Объективті жаңа бейне- бұл заттық идея күйінде
дүниеде бұрын соңды болмаған бейне. Субъективті жаңа бейне- әрбір
жеке адамның оқу тәрбие , күнделікті тұрмыс жағдайында өз басы үшін
ашатын жаңалығы. Қиял нақты және абстракты түрлеріне бөлінеді.
Қиялдың ерекше түрі- арман. Арман ол өзімізге ұнаған болашақ
бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпес бірақ келешекте орындалса
деген адамның өмірлік мүддесін қанағаттандыруға қажет зат немесе
әрекет. Арман адам үшін өзінің шығармашыл күш-қуатын жүзеге асыруға
бола беретін жұлдыз сипатты. Арманды сөз еткенде оның іске асатынын
не аспайтынын ескерген жөн.
3.
Сұрақ-жауап: 1)Қиялдың түрлері және олардың
сипаттамасы қандай?
2)Жасампаз және шығармашыл
қиялдар арасындағы
айырмашылық
қандай?
3) Шығармашыл қиял дегеніміз
не?
4) Арман дегеніміз
не?
5) Енжар қиял және белсенді
қиял дегеніміз не?
6)Ойлау дегеніміз не? Ойлаудың
түрлері?
Студенттерді екі топқа
бөлеміз: 1-Ғажайып
2-Арманшылдар
4. Өзіндік
жұмыс: Гүл кестесінде «қиял түрлері»
және олардың сипаттамасы бейнеленген соны рет-ретімен қойып әр топ
жеке-жеке жауап береді.
1) Енжар
қиял
2)
Ниеттелген
3)
Ниетсіз
4)
Галлюцинациялық
5)
Белсенді
6)
Жасампаз
7)
Шығармашыл
8) Нақты және
абстракты
9)
Арман
5. Топтық жұмыс «Арт
терапия» Екі топқа бірдей баяу музыка
қойылады. Музыка ырғағы мен студенттер арман қиялындағы
саябақтарының суретін акварель бояуымен саусақтары арқылы салады.
Салған суреттегі бақтарына «үлестірмелі карточка» алма жемісіне
тілектерін жазып ілдіреді.
6. Сергіту «Корабль
ойыны»
1)Полубадағы
капитан
2)Пол жуған
матрос
3) Борттан тыс
адам
4)Түскі
тамақ
5)Қайықтағы
адамдар
7. Вен
диаграмма: Қиялдың физиологиялық негізін
қорыту үшін.
Ойлау
Қиял
8. «Т»
кестесі:Тренингтен алған әсерлерін
жазады.
-
-
Қиялдың әсер
еткені
|
Қиял туралы
пікіріңіз
|
|
|