Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қиял ұғымы мен оның мәні
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
41
Кіріспе
Психологиядағы қиял формасын пайдалану оқушылардың шығармашылығын арттырудың маңызды факторы болып табылады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қиял және оның дамуы» болғандықтан, мен осы тақырып бойынша толық ақпараттарды жинақтап, оларды курстық жұмысыма енгіздім. Бұл жұмысымда қиялды дамытудың теориялық және іс-тәжірибелік мәселелерін талдауға көп көңіл бөлдім.
Ғылыми жұмысымның мақсаты: қиял арқылы оқушылардың шығармашылығын, жасампаздығын, фантазиясын дамыту.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы:
- Теория жағынан реферат, баяндама ретінде қолдануға болады.
- Практика жағынан бастауыш сынып мұғалімдері пайдалана алады.
Өзектілігі: балалар қиялының жадыда сақтау, қабылдау және ойлау спецификаларымен байланысты индивидуалды, типологиялық ерекшеліктеріне үлес қосып, икемділігін, қабілетін, белсенділігін арттыруға үйретеді.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектеп шағындағы балалардың қиялын дамыту жолдары.
Зерттеу міндеті: оқушылардың қиялын дамытуға арналған әдістемелер өткізу.
Бұл курстық жұмысым кіріспе бөлім, негізгі бөлім, зерттеу бөлімі, қосымша бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қиял ұғымы мен оның мәні
1.1.Қиял және қиял түрлері.
Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселердің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейнелер жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың жаңа елестер мен ой пікірлер тудырады. Осындай жаңа бейнелер мен идеяларды қиял деп атайды. Қиял – тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Ал жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял – адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалар мен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Осындай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз – бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Қиял – адамның психикасының ерекше формасы, ол басқа психикалық процестерден бөлек тұратын және қабылдау, ойлау және де жадыда сақтау арасындағы аралық орын алатын психикалық форма. Қиял арқасында адам өзінің қызметін жоспарлап оны басқара алады. Адамның материалды және рухани мәдениеті қиял өлімі болып табылады. Қиялда адам өткенін еске түсіріп, келешек өмірін ашады. Қиялы бай адам әртүрлі уақытта өмір сүре алады. Өйткені жадыда сақталған, ал келешек армен мен фантазияда елестетілген. Қиял адамға практикалық әрекетсіз жағдайларда хабардар болуға және мәселелерді шешетін көрнекі бейнелі ойлаудың негізі болып табылады.
Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынандай етіп топтастырып көрсетуге болады:
-
әрбір адамның қиялы оның жекебасының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат-мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы, жаңадан машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілдіру үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын деп жүрген студенттің іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға болады.
-
Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, өмір-тіршілігінде көрініп білгені мен көкейге түйгені көп білімдар адамның қиялы мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға болмайды.
-
Қиял адамның барлық психткалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады. Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әртүрлі жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-жігері, қайраты оның жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді. Қиялда ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кеңес психологі А.Б.Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі деп санайды. Яғни, ойлау белсенділігі адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттерге жетелейді. Физиолог И.М.Сеченовтың қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның басына оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзін бұл ережеден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан еді.
-
Адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады. Мұндағы шарттар: саналы мақсат, болашақты болжай білу, оны өңдеп елестете алу. Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар психикасынан өзгешелеп тұрады.
Қиял түрлері: активті - ырықты, пассивті - ырықсыз, продуктивті, репродуктивті, түс көрушілік, елестетушілік, қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялы, арман және мұң.
Пассивті (ырықсыз) қиял – қиял бейнелері спонтанды түрде адам еркі және тілегінен туындайды. Яғни, адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ойлау кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қиынсыз шым-шытырық болатыны да – осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағлып өтіп жатуы. Осы екі мысалдардың бірінші жағдайында – қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда – сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес – қиялдың пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі – ырықты (активті) қиял. Активті қиял – адам өзінің тілегімен және еркімен өзінде сәйкес бейнелер тудыра алады. Бұл – адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, мұғалім т.б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырдың жолдары бар. Олар – қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.
Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіш қызметін әртүрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар атқарады. Ал психологиялық құрылысы – екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші сигналдық бейнелерге айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды. Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады. Қайта жасау қиялы – адамның ой-өрісін дамытып отыратын психикалық процесс. Қиялдың бұл түрінің тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы, оқырмандар Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп, пайымы кең, ақыл-парасаты терең кісілердің оқырман адамдардың арасынан да жиі кездескендігіне көз жеткізеді. Мектепте оқытылатын жеке пәндердің де қайта жасау қиялын дамытуда мәні зор. Геометрия, сызу сабақтарында сызба суреттердің мәнісі әрбір машина тетіктері, олардың қызметі, жұмыс принципі арқылы түсіндіріледі. Қайта жасау қиялы адамның барлық қызметі мен іс-әрекетіне қатысты. Өйткені, әрбір адам өзі істеген жұмысының нәтижесі мен пайдасын күеілгері көз алдына келтіріп, қиялы арқылы оларға шолу жасайды. Қайта жасау қиялы адамның білімі мен бұрынғы тәжірибелеріне сүйенеді. Сөйтіп, қиялдың бұл түрі арқылы пайда болатын елестер алға қойған мақсат пен тілекке сай екшеледі, бұрынғы қабылданған процестерді болмыстағы шындықпен жақындатады.
Балалардың қайта жасау қиялын дамытып, нәтижелі іс-әрекетіне күшті әсер ететін жайт – олардың алдына белгілі практикалық міндеттерді қоюы. Айтарлық, заттың суретін салу немесе түрлі материалдардан сол заттың бейнесін жасау т.б. Мұндай істер балаларды сөзбен айтылған объектілерді нақты нәрселерді ұқсас-түйегімен қоса түгел елестетуге баулиды.
Қиялдың ең жоғары түрі – жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындалар – қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Жасампаздық қиял – қоғамдық мәні бар жаңа, соны өмімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс. Машиналардың жаңа түрлерін ойлап табу, бұрынғы машиналарды реконструкциялау, мал тұқымын асылдандыру, өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын өсіріп шығару, ғылымда, өнер мен әдебиетте, құрылыс пен халық шаруашылығының басқа салаларында жаңалық ашу – мұның бәрі де шығармашылық қиялға жатады. Мұндағы процеске тек қиял ғана емес, тұрақты зейін, әр түрлі ойлау әрекеттері, ерік процестері т.б. әрекеттер де қатысады. Дегенмен, ырықты қиял жетекші рөл атқарып, адамның барлық процестері мен істеріне жол сілтейді.
Шығармашылық қиял арқылы жасалатын жаңа туындылар мен өнімдер әрқилы жорамалдар жасап, көп ізденуді талап етеді. Алға қойған міндеттерді шешуде көпке дейін нәтиже шықпай, іздеген образ жасалмайды, зат тетіктері үйлеспейді. Шығармашылық қиялдану үстінде адамның іздегені күтпеген жерден, кенеттен тууы да мүмкін. Адам басында көптен бері жүрген мәселенің кенеттен, күтпеген жерден шешім табуы, оған тиісті жауап алынуы психологияда интуициялық процесс деп аталады. «Интуиция» латын сөзі – шұғылданып қарау деген мағынаны білдіреді. Кертартпа психологтар интуицияға «іштен жарқырау» не «құдіреттің күшімен тану» деген анықтама береді. Дегенмен, бұл шындыққа жанаспайды. Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ, дүниені интуиция арқылы танып білу – ми қабығының белгілі түрде атқаратын қызметі. Бұл мәселені ғылыми-табиғи негізде дәлелдеп берген – И.П.Павлов зерттеулері. Ол «ми алқабы көлемінің белгілі дәрежеде тежеліп жатқан орталықтарында да синтездеу процесі жүріп жатады. Кезінде мұндай әрекет адамға сезілмесе де, оның болып өткені – ақиқат. Сондықтан қолайлы бір жағдай туа қалса, қайдан келгені белгісіз сияқты болып, даяр күйінде шыға келуі мүмкін» деген болатын. Ғылыми жаңалықтарды, келелі мәселер мен істерді шешуге керекті жаңа байланыстар адам өзінің рухани қуатын сол проблемалар төңірегіне шоғырландырғанда ғана туады. Міне, осындай жағдайда адамда шабыт пайда болады. Шабыт билеген адам әрқашан да жемісті нәтижеге жетпек. Осы орайда, ғылым тарихынан бірнеше мысалдар келтірейік:
Ерте заманда өмір сүрген ғалым Архимед заттардың салмағын ажыратып білуді үйіндегі астауға шомылып жатқанда ашады. Сөйтіп, «таптым» - «эврика» деп айғалып жүгіріп кетеді. Ал ағылшын инженері Дж.Уатт жаңа машина жасап шығаруды қиялдап жүргенде, пештің үстіндегі шәйнек қақпағының қайнаған судың буынан діріл қағып, орнынан қозғалғанын аңғарып қалады да, «бұл не деген күш!» деп таңданады. Осыдан кейін Дж.Уатт бу машинасын ойлап тапты деген сөз бар. Кибернетика ғылымының негізін қалаушылардың бірі, атақты американдық оқымысты Н.Винер электрондық-есептеуіш машинасын адамның миының қызметіне негіздей отырып ойлап тапқан. Жалпы алғанда, ғылым мен техника, өнер мен білім жаңалықтарының ашылуы адамның шығармашылық қиялының жемісі болып табылады. Сондай-ақ, әрқилы құрал-саймандардың да адамның әр алуан іс-әрекеттері нәтижесінде жасалғаны белгілі. Мәселен, тырма – қолдың бес саусағының бірігіп әрекет жасауының, ожау екі қолды қосып сұйықты ішудің жемісі деуге болады. К.Э.Циалковский: менің ғарышқа сапар шегу талабым фантастикалық шығармаларды оқудан пайда болды. Ынта соңынан ақыл-ой әрекеті туды. Егер ғылым тарапынан көмек келмегенде, тек ақыл-ой еш нәтиже бермеген болар еді, - дейді. Қазақ халқының ертедегі қиялы да ұшқыш кілем, таусоғар, көлтауысар, желаяқ тәрізді басқа да кереметтер жөнінде қиял-ғажайып ертегілер туғызды. Сол арман-тілектің көпшілігі бүгінде нақты шындыққа айналып отыр. Қазіргі таңда ел қажеттілігін, мұқтаждығын өтеп отырған пойыздар мен автокөліктер, ұшақ типтерінің сан алуан түрі – адамның жасампаздық және шығармашылық қиялының жемісі. Шығармашылық қиялдың көркем әдебиет пен өнер саласында да алатын орны айрықша. Қоғамдық өмір мен әлеуметтік құбылыстарды, адамдардың топтарын, типтерін көрсетуде шығармашылық қиял арқылы сан алуан бейнелер жасалынып, типтік тұлғалар туындайды. Шығармашылық қиялды мүсіншілік, сәулет, сурет, әдебиет, мәдениет сынды өнер салаларына тән деуге болады.
Адам қиялының ерекше бір түрі – арман. Бұл – актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жүзінде асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман – келешектегі әрекеттерге арналған қиял. Ол – шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындықтың бастапқы сатысы. Арманды бағалауда ескеретін жайттар:
-
арманның әрекетке қатысы;
-
шындықпен жанасуы;
-
оның келешек үшін мәні.
Арман бос қиялдаумен түк те жанаспайды. Бос қиялдың өмір үшін ешбір пайдасы жоқ, ол – арманның тиімсіз түрі. Бұл – қажырсыз қиял. Мұндай қиял адамды белгілі бір мақсатқа не нәтижеге жетелемейді. Арман – қиялдың ерікті түрі, ол әрі саналы, әрі белсенді сипатқа ие. Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берілсе, онда оның бұл жағдайы босқа адасу, жігерсіз әрекет болар еді.
Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі бір түрі – мұң. Мұң – адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз оқиғалары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақсатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар жайындағы қиялы. Осындай қолайсыз бейнелердің тізбегі кім-кімнің болмасын тынышын кетіріп, ойын бөледі. Бұл – қиялдың әрекетсіз түрі, сондай-ақ, шындықтан жалтару болып саналады. Әдетте, еркі күшті адам мұндай қолайсыз қиялдан арылудың жолын іздестіріп, мақсатты істі жүзеге асыру әрекетіне ауысады да, өзін-өзі меңгереді. Продуктивті қиял – мұнда шындық саналы түрде құралады. Репродуктивті қиял – шындық қандай түрде бар сондай түрде елестетіледі. Мұнда фантазияның кейбір элементтері бар, мұндай қиял шығармашылықтан гөрі қабылдау және жадыда сақтауды елестетеді. Адам қиялымен көркемдік шығармашылық процесі байланысқан. Бәріне танымал М.И.Шишкин суретінде ботаниктер орыс орманының өсімдіктерін тани алады, мұнда өсімдіктер дәл бейнеленген. Кез-келген өнер бастамасы өмір, ол фантазияның бастапқы базасы ретінде көрінеді. Бірақ ешқандай фантазия адамға белгілі емес нәрсені бейнелей алмайды. Осымен байланысты тек шындық шығармашылық негізі болып табылады. Бірақ бұл шындық бейнелеушілер қиялы арқылы өтеді. Мысалы, П.Пикассо «Герника» шығармасы 1936-1939 жж. Испаниядағы қайғылы оқиға бейнесі. Егер мұның әрбір бөлігін алып қараса, абстрактілі формада нақтылы ой, нақты бейне туады. Егер шындықты реалистік әдіспен қайта құру суретшіге ұнамаса, қиялдың өнімділігімен кездесеміз. Мұндай қиял өнімі болып М.Булгаковтың «Мастер және Маргарита» романы, ағайынды Стругацкий фантастикасы, 14 жасар Москва оқушысы Надя Рушеваның фантастикалық кентавризасы кентавряттары болып табылады. Адам қиялы әдебиет және өнермен шетеліп қана қоймайды. Ол ғылыми, техникалық және т.б. шығармашылық түрлерімен бейнеленеді. Қиялдың тағы басқа да түрлері бар. Бұл түс көрушілік, елестетушілік. Олардың адам өміріндегі мәні әлі анықталмаған, бірақ түс көргенде адам өмірге қажетті қанағаттану алады. Елестетушілік (галлюцинация) – адамның қоршаған шындықпен ешқандай байланысы жоқ, фантастикалық елестеу. Олар әдетте адамның психикалық немесе организм бұзылуының нәтижесі. Мұңның (грезы) елестетушіліктен айырмашылығы – бұл қалыпты психикалық жағдай, ол келешекті елестететін тілекпен байланысты фантазия. Арманның мұңнан ерекшелігі ол көп мөлшерде шындықпен байланысқан. Арман және мұң адамның көп уақытын алады, әсіресе жастық шақ кезінде.
1.2. Қиялдың физиологиялық негізі және органикалық процестер
Қиялдың жаратылыстық-физиологиялық негізі – мидағы оңашаланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен тежелудің іздік процестері, иррадация мен концентрация, оң және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке процестерінің түйісу нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мен елестер туады.
Мұндай жүйкелік байланыстар екі түрлі:
-
сананың қатысуынсыз-ақ, кездейсоқ тітіркендіргіштердің әсерінен ми қабығының жоғары бөліктерінің бақылауы бәсендеп, әлсірегенде туатын жүйкелік байланыстар. Мысалы, түс көру, галлюцинациялар.
-
Адамның өз алдында саналы түрде мақсат қоюы мен ми қабығының тиісті орталықтарындағы қозудың басқа орталықтар қызметімен үйлесуі нәтижесінде туатын жүйкелік байланыстар. Бұл - ырықты қиял. Осы саладағы қиялға жетекші болатын нәрсе – екінші сигнал жүйесі. Ол – сөз. Сөз бұрынғы байланыссыз, уақытша жүйкелік байланыстарды жаңғыртып, заттың сипатын айқын ажыратуға, жаңадан байланыстар тудыруға, қиялды дамытып, өрістетуге жәрдемдеседі. Қиялдың бұл түрінің физиологиялық негізі доминанта принципіне бағынады.
Қиял өзінде субъективтіпсихикалық әрекет елестетеді. Қиял және органикалық процестер тығыз байланысқан. Олардың кейбір дәлелдемелерін қарастырайық. Кейбір фантазиясы бай адамдар нәтижесіндеорганикалық процестері өзгеруі мүмкін. Мұндай фантазиясы сезістал адамдар аурудың кейбір түрлерімен ауырып қалуы мүмкін. Кейбір дәрілер: асқазан ауруы көбінесе біз жейтін емес, бізді жейтін алаңдаушылық сияқты түрлерден пайда болады деп дәлеледеуде.
Қиял дамуы және функциясы.
2.1. қиял және жеке адам
Адам ойы жұмыс істеп тұрғандықтан, олар көп армандайды. Адам миына жаңа мәлімет келіп түспесе де жұмыс істеуін тоқтатпайды. Дәл осы кезде қиял жұмыс істей бастайды. Адам өзінің тілегімен ойды, қиялды тоқтата алмайтындығы беліленген.
Адам өміріне қиял спецификалық функция қатарын толтырады. Соның 1-сі шындықты бейнелі түрде елестету, 2-сі эммоционалды жағдайларды реттеу. Адам өзінің қиялымен көптеген қажеттліктерін қанағаттандыра алады. өмірге басты функциялар психоанализде жиналады.
3-ші қиял функциясы адамның жағдайы және танымдық процестерді реттеуде қатысуымен сипатталады. Бейнелер көмегімен адам басты жағдайларға көңіл бөле алады.
4-ші қиял функциясы – ішкі жоспар әрекетін құру бейнелеу көмегімен ойда орындай алуі қабілеттілігі.
5-ші функция – бұл шындықты жоспарлау және бағдарламалар.
Қиял көмегімен біз көптеген психофизиологиялық жағдайларды басқара аламыз.
Фантазия бейнелері ешқашан шындықтан алшақтаған болмайды. Қиялдың жадыда сақтау, қабылдау және ойлау спецификаларымен байланысты қиялдың индивидуальды, типологиялық ерекшеліктері бар. Кейбір адамдарда нақты, әлемді бейнелі қабылдау бар. Мұндай индивидтер жақсы ойлаудың шығармашылық түрімен икемделген. Ол физиологиялық түрде мидың оң жақтағы шарымен байланысқан. Басқалар белгілер және түсінікпен бейнелеуге икем келеді. Қиял адамның жеке тұлғалық ерекшелігі, оның нақты сәттегі психологиялық жағдайы. Шығармашылық өлшемі, мазмұны мен формасы бейнелеушінің жеке тұлғасын жақсы бейнелейді. Бұл дәлеледеме психологияда, әсіресе психодиагностикалық әдістеме құрылуында кең таралған.
Қиял өзінің дараланған күйінде әр жеке адамның өте мәнді, ерекше қасиеттерін айқындайды. Қиял әрбір жеке адамда бірнеше белгілерімен айқындалады. Фантазия бейнелері жаңалығы, қайталанбастығы және дәлдігімен бөлектенеді. Ең алдымен қиял даралығы бейнелердің жарқындылығымен еленеді. Кей адамдардың қияли бейнелерінің айқындығы соншама, тіпті тікелей қабылданған немесе ес елестеріндегі бейнелерден бірде-бір ажырамайды. Мұндай жағдайда болмыс шындығы мен қиялдағы бейнелер өздерінің ұқсастығымен ерекшеленеді. Мысалы, Л.Бетховен ән-күй әуенін соншалықты дәл елестете алатындығынан, тас керең болып қалған күнінен де ғажайып музыка туындыларын шығарудан қалмаған.
Қиялдың жарқындығы мен қуаты адамның көңіл-күй болмысымен тығыз байланысты. Көрікті картиналар тұлға фантазиясында оның терең сезімталдығының арақатынасында өрбиді, өріс алады. Қорқыныш сезімі адамға алдағы қатерді сездіреді, керісінше, сол қатерді қиялдаудан адамдағы қорқыныш сезімі ұлғая түседі. Сезім күшті болған сайын, қиял бейнелері де жарқырай түседі. Сезім күшті болған сайын, қиял бейнелері де жарқырай түседі. Ал сезімталдығы кем адамның қиялы да көмескі, бұлдыр келеді. Әрқандай жеке адамдағы қиял даралығы шындық дүние, болмысқа жақындық дәрежесімен айырылып тұрады. Осыдан кей адамдар «өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» етіп бейнелеуге шебер келеді, ал екінші біреулері көрген, білгенінен асып қиялдауға марқұм болады. Қиялдың бұл ерекшелігі жеке адамның болмыс шындығын қайта түзу қабілетінің артық не кем болуынан туындайды. Шынында да, кейбір ойға шорқақ адамдар «мұрын астынан әрідегіні көрмей», қоршаған дүниемен қатынасын шектеп алады да, сүрлеу жолдан шыға алмай, өз фантазиясын өрістетуге шамасы жетпейді.
Қиялдың кеңдігі, аумақтылығы, әр адам қиялына қатысты болмыс дүние салаларының сан-алуандылығына тәуелді. Қиял өрісі кең адамдар бір мезеттің өзінде табиғат, адам, қоғам тарихының өткені мен болашағынан, жер тұңғиығы мен ғарыш әлемінен, техника мен өнер саласынан бірдей дерек елестерді қамти алады. Кейде мұндай қиялдауда шындыққа жанаспайтын фантастикалық бейнелердің де қалыпты қабылдануы ғажап емес.
Өрісі кең қиял мазмұны жағынан да ауқым келеді. Мысалы, «Абай жолы» романын жазған М.Әуезов мазмұнды қиялдың кемеңгері десе де болады. Даналық қиялдау үлгілерін О.Бөкеев, Ш.Айтматов шығармашылығынан да таныған жөн.
Қиялдың даралық сипаты оның ерекшелігінен, яғни қиялды алға қойылған міндетке ойыстырып, қажетті нәтижеге ерісу үшін пайдалана білу. Жоғары кемелденген қиял иелері ойға келген бнйнелердің әр түрлілігіне қарамастан, негізгі бағыттан алшақтамай, оларды қажетті байланыстарға келтіріп, бір идея төңірегіне орайластыру қабілетіне ие. И.А.Гончаров өз шығармашылық ісіне орай келесідей ой топшылайды: «Менің алға жетелейтін бір бейнем мен басты неиетім болады, ал жол-жөнекей кездейсоқ қолға ілінгендерді негізгі бейнеге қатысы болса, тере барам».
Ой түйіні кем қиял фантазиялық бағдарлаушы міндеті болмаған, байланыссыз желек ойлар төңірегіндегі арманшылдыққа өтеді. Әр қилы адамдар қиялы олардың кәсіби қызметімен байланысып, негізгі қажеттіліктеріне тәуелді келеді. Жеке адам бағыты оның жоғары сезімталдығын көтеріп, осыған орай жарқын және сан-алуан қияли елестерді туындатады. Жеке адамның даралық ерекшелігі оның аса көп қолданымындағы елестету типіне де байланысты келеді, мысалы көз елестері, қозғалыс не есту елестері.
Шығармашылық қиялдың көрінісі осы процестің тұрақтылығына да тәуелді. Шығармашылық – ауытқуы мол, үздіксіз әрекет. Оның шарықтауы, тоқырауы және құлдырауы алмасып отырады. Шығармашылықтың ең жоғары деңгейі – шабыт. Шабыттың сипаты – көңіл-күйі шарықтауы, ой жарқындығы мен дәлдігі, қарқындылығы мен жеке күйзеліс кемдігі. П.И.Чайковский өзінің шығармашылық кейпі жөнінде мынаны жазды: «кейбірде ойда жоқ дербес жаңа күй әуені аян болады. Оның қайдан келетіні – ашылмас сыр».
Шығармашылық шабыттың жарқын дәлелі ретінде Аманқос мектебінің майталман күйшісі Шәміл Әбілтай тегінің күй шабыты жөнінде жазған «Сиқырлы әуен, Сырлы саз» мақаласынан үзінді келтіргенді жөн көрдік: «Шәмілді толғантқан бір ой жиі-жиі мазалай беретін. Ол арманы – күйден соғылған Бекет Атаның күмбезін тұрғызу еді...Майталман күйші...Бекет Ата зиратына әдейілеп бұрылып, әулиге тәу етіп, басына түнейді...Ымырт ілгеріліп, түн қараңғысы қоюланған шақта Шәмілдің тұла бойын тер басып, көкірегін күй кернеп қоя берді, пірдің пәтихасын алған сыршыл сазгердің өзегін жарып, күй шалқыды...Қас қағым арасында Шәміл дегбір таппай, күй туып, жарылып кете жаздайды... Әлгі әуелді тыңбастан пернеден іздеп, құмарынан шыққанша үкілі домбырасын безектетеді...Аңсары ауған сазды тартқан сайын Шәміл тұяғы қызған тұлпардай ашыла түседі. Сөйтіп, келесі күні қанат қаққан Бекет Ата күйімен Шәміл Алматыға оралады...».
Әр адамдағы шабыт шабысы, он.ың туындау себебі әр түрлі. Шығармашылық қиялдың жемісті болуы адамның ерік-күшіне, үздіксіз қажымас еңбегіне байланысты. И.Е.Репин айтқандай: «шабыт – маңдай тер мәуесі».
2.3. Бастауыш мектеп шағындағы
балалардың қиялын дамыту жолдары
Жүйелі оқу ісі балалардың қиялы сияқты маңызды психологиялық қабілетті дамытуға көмектеседі. Бастауыш мектеп оқушыларының мұғалімнен еститін және кітаптан оқитын мәліметтерінің көпшілігі картиналар мен схемаларды сөзбен бейнелеу түрінде болады. Оқушылар болмыс бейнелерін әрдайым есте жаңғыртып отыруы тиіс.
Қабілеттің дамуы бұған басты екі сатыдан өтеді. Алғашында жаңғыртылатын бейнелер нақты объектіні тым тұспалмен сипаттайды, детальдарға кедей болады. Оларда объектілердің өзгерісі мен іс-әрекеті, олардың өзара байланысы көрсетілмегендіктен бұл бейнелер статикалық болады. Мұндай бейнелерді жасау сөзбен сипаттауды немесе картинаны талап етеді. ІІ кластың соңында, одан кейін ІІІ класта екінші саты басталады. Алдымен бейнелердің белгілері мен қасиеттерінің саны айтарлықтай көбейеді. Олар бірқатар толық та нақтылы бола бастайды, бұл негізінен оларда сол объектілердің іс-әрекет элементтері мен өзара байланыстарының жаңғырығуы есебінен болады. Бірінші класс оқушылары көбінесе қандай да бір өтіп жатқан объектінің бастапқы және ақырғы жайын ғана елестетеді. ІІІ класс оқушылары объектінің көптеген аралық жағдайларды тура тексте көрсетілгені сияқты да және сол іс-әрекеттің сипатына қарай жобалап та нәтижелі елестете және айтып бере алады. Балалар болмыс бейнелерін оларды тікелей сипаттамай-ақ немесе ерекше нақтыламай-ақ немесе жалпы схема-графикті басшылыққа алып отырып жаңғырта алады. Мысалы, оқушылар сабақтың басында тыңдаған әңгімелері бойынша үлкен шығарма жаза немесе шарты абстрактылы графикалық схема түрінде берілген математикалық есепті шеше алады.
Бастауыш мектеп шағында қайта жасау қиялы мектептегі барлық сабақтарда, біріншіден, объектілерді жобалау жағдайында сипаттауда тура көрсетілмеген, бірақ солардан заңды түрде туындайтын анықтай және бейнелей білуді, екіншіден, кейбір объектілердің, олардың қасиеттері мен күйлерінің шарттылығын түсіне білуді қалыптастыру жолымен дамиды.
Енді қайта жасау қиялы болмыс бейнелерін қайта жасап шығарады. Балалар әңгіменің сюжеттік жүйесін өзгертеді. Оқиғаларды уақытына елестетеді. Бірқатар объектілерді жалпылап сығып көрсетеді. (Оған көбінесе түсініп есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуы көмектеседі). Бейнелерді былайша өзгерту және құбалту фантазиялаудағы, бұйымдарға эмоциялық сезім көрсетудегі баланың қажеттіліктерін қанағаттандырғанмен де оқу процесінің мақсаттары тұрғысынан қарағанда көбінесе кездейсоқ, өзін-өзі ақтамайтын сипатта болады. Бұл жағдайларда балалар өздерінің ойдан шығаруларының шарттылығын артық түсінеді. Объектілер және олардың пайда болу жағдайлары туралы мәліметтердің игеруіне қарай бейнелерді бірқатар жаңа түрлендірулер негізделе және логикалық дәлелге ие бола бастайды. Мұнда іскерлік негізделуді не толық сөзбен айту формасында, не мынандай типтегі: «егер соларды , соларды және соларды орындаса, бұл міндетті түр