Қиын бала қалай пайда болады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қиын бала қалай пайда болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Киын балалармен жумыс жасауга арналган. Киын баланын психологиялык минез кулкынык калыпты жагдайдан ауыткуы
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚИЫН БАЛА ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

МАДИЕВА ЛЯЗЗАТ

Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі - ата - ана, екіншісі - ұстазы, үшіншісі – құрдасы.

Абай Құнанбаев



Қиын бала- дегеніміз кім? Ол қайдан, қалай пайда болады? Қиын бала болып туылмайтыны бәрімізге мәлім. Қиын бала жүре пайда болатын баланың қалыпты жағдайдан ауытқуы. Отбасындағы ана-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы дүниетаным, адамгершілік қасиет, үлкенді сыйлау, мінез-құлқы, қоршаған орта- осы фактолардың барлығы баланың мінез-құлқының жақсы немесе жаман болып, жас ерекшелігіне сай психологиялық ауытқуларға әкеліп соғуы мүмкін жағдайлар. Отбасындағы бала тәрбиелеуде кеткен жағдайлар.

Қиын балалар қандай отбасында пайда болады? Қиын бала толық емес отбасында ата-ананың біеуінің жоқтығынан мейірімнің жетіспеуінен, жұмысбасты отбасыларда ата-аналарының екеуінің бірдей жұмыста бала тәрбиесімен айналысуға уақыттары жоқ, баланы шектен тыс еркелету,айтқан затын екі етпей сатып әперу, тек жыламаса болғаны деп айтқанын істеу, отбасында ата-аналарының ішімдікке салынуы, қазіргі таңдағы қоғамда болып жатқан жұмыссыздық, жоқшылық, баланың ерте есеюі, жұмыс жасауы осы сияқты факторлардың салдарынан баланың жас ерекшелігіне сай қалыпты жағдайдан ауытқып баланың мінез-құлқында психологиялық өзгерістер пайда бола бастайды. Бірақ, кейде тәрбиелі, өнегелі, дұрыс отбасында да осындайжағдайлар болып жататыны анық. Бала тәрбиесінде өте қырағылық танытпасақ бір кетекен қателікті уақытында берілген тәрбие мен білімді ешнәрсе алмастыра алмайтынын ұмытпау керек. Кейбір отбасыларда адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарна сай келмейтін жағдайлар болып жатады. Осы себепті қиын баланың пайда болуының объективтілік және субъективтілік жағдайында мынадай себептерді қарастыруға болады. Біріншіден, білімі мен тәрбие өрісі төмен ата-аналар өздеріне уақытында жете алмаған, өздерінің қолдарынан келмеген нәрсені баланың жас ерекшелігіне, баланың жан дүниесіне қарамастан педагогикалық заңдылыққа қайшы талап -тілектері. Осының кесірінен бала отбасында өмір талабына сай, отбасында қадір қасиеті мен адамгершілік қасиеті жас ерекшелігіне сай дамымай, балада агрессия пайда болатыны сондықтан. Екіншіден, қазақта мақал бар «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» отбасындағы әрбір ата-ананың балалармен, туыстарымен, отбасы мүшелері арасындағы қарым –қатынас, кикілжің , айғай, ұрыс-керіс, өсек айту, былапыт сөйлеу баланың психолгиясына өте үлкен әсер етері анық. Ұл бала әкесіне, қыз бала анасына қарап өседі, соларға еліктейді, ұқсағылары келеді. Сіздің әрбір айтқан сөзіңізді бала менде осылай сөйлейтін боламын деп есінде сақтайды. Жекіп сөйлесеңіз, бұйрық беріп сөйлесңіз бала соған өзін психологиялық және моральды түрде беріледі. Баланың жасаған әр қылығына, ісіне баға беріп, қателігі болса түсіндіріп, баланың ар-ұжданына тимей, икемі бар жұмысқа итермелеп, дамытып, қоғамдық пайдалы істерге қарай тәрбиелеу керек.

Тынымсыз тәрбие мен білімнің арқасында ған біз «қиын бала» деген терминнен арыламыз. «Баланы жастан» -деп бекер айтпаса керек. Іргетасы мықты үй оңайшылықпен құламайды, сол сияқты дұрыс тәлім-тәрбие алған баланы қоршаған орта да өзгерте алмасы анық























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.07.2018
808
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі