Материалдар / «Қиын» балалар және оның отбасымен жұмысты ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қиын» балалар және оның отбасымен жұмысты ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Қиын» балалар және оның отбасымен жұмысты ұйымдастыру

  Мақсаты: сынып жетекшілер мен тәрбиешілерге әр түрлі әлеуметтік топтағы отбасылар «мінез-құлқы қиын балалар және отбасылардың  психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.

 және отбасылармен қарым-қатынас жасау  »

 Сергіту

Тапсырма: Алдарыңыздағы қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті  құндылықтарды жазыңыздар. Саны  - 11. Мысалы, ақша, денсаулық, білім

     Енді төртеуін шығарып тастаңыздар, тағы үшеуін шығарыңыздар. Енді екеуін шығарыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды және ол  көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала - ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.

         «Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден;

            Бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі;

            Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса,    бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы» - деген М.Жұмабаев.

     Ал біз, мұғалімдер, «қиын» деген сөзді көбіне-көп жасөспірімдерге  қарата айтамыз. Оған себеп не?

       Қиын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу  қазіргі таңда педагогикалық-психологиялық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырған мәселе «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға артуы. «Қиын оқушылар» тек жасөспірімдер арасында емес, бастауыш сынып оқушыларының арасында да бар. Сондықтан оқушыларды ерте жастан, бастауыш кезеңінен бастап қолға алу керек. «Қиын бала» деп тек тек қана сабақ оқымайтын, қиқар, тәртіпсіздікке бой алдырған балаларды ғана атауға болмайды. Психологияда үндемейтін, ішімдегіні біліп ал деп томаға тұйық жүретін балаларды да «қиын балаға» жатқызады. Осы орайда ғалым педагог В.Трифонов тәрбиесі нашар балалардың пайда болуына қоршаған  шағын ортасы, отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсетті. Зерттеу барысында қиын балалардың 44%-ы толық отбасы болмағанынан, 30%-да жақын туыстарының заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15%-да әке-шешенің біреуі ішімдікке салынғандар екен. Бұдан шығатын қорытынды: қиын балалардың пайда болуының себебі – отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы.     Тіпті жағымды отбасының өзінде бала тәрбиесіне 18 минут қана бөлінеді екен. Қалған уақытта бала компьютер, телефон, телевизор, дискотека,  т.б. сияқты балаға өзіне ұнайтын нәрселермен айналысады.

    ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары да «қиын» балалардың шығу себептеріне бей-жай қарамаған.  Ж. Аймауытов «Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты бұзақылықтарды жасауы тәрбиенің жеткіліксіздігінен баланы бұзуға,  яғни түзетуге себеп болатын бір шарт жас күнінде алған өнеге» - деген. Мектеп пен отбасы байланысының дұрыс жолға қойылмауы да бала мінез-құлқына теріс әсер етеді. Үшіншіден, бұқара халықтың, қоғамдық ұйымдардың тәрбие ісіне немқұрайлы қарауы, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінбеуден туындайды.

     Қиын балалардың пайда болуының әлеуметтік себептерімен бірге экономикалық жақтарын да ескеру  керектігі туралы белгілі педагог А.С.Макаренко былай деді: «Ерекше заң бұзушылар жоқ, тек қиын жағдайға тап болған адамдар бар, яғни белгілі бір ортасыз, достарынсыз қалған, жанашыры жоқ, тұрмыстың бар ауыртпашылығы бір өзінің мойнына түскен өмірлік тәжірибесі жоқ кез-келген бала заң бұзушылыққа барады». Ғалымдардың анықтамасына сүйенсек, «қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын мінез-құлқында өзгерістер орын алған, қозу күйін дәрі-дәрмекпен тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы жасөспірімдер жатады. Соңғы жылдары қоғамда жүріп жатқан түрлі өзгерістер, әсіресе, ел экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі ұрпақ тәрбиесіне өз салқынын тигізді. Күн көрістің қамымен көптеген отбасылар сауда-саттықпен айналысып, бала тәрбиесін босаңсытып алды.

     Өкінішке орай жастардың әрекеттерінде негізінен физиологиялық күштер мен еліктеу басым болады. Бұл осы жас кезеңіне сай нәрсе, бірақ кейде осының  әсерінен жаманшылықтарға ұрынады. Адам балаға жақсылықты түсіну және жасай білуді үйрету керек. Әрине бұл жерде отбасының рөлі өте зор, оның балаға тигізетін әсерін алмастыра алатын ешқандай мемлекеттік мекеме жоқ. Баланың әлеуметтенуі толығымен негізінен отбасында жүреді. Сондай-ақ балалардың мінез ауытқушылығына ұшырауына сол отбасындағы тәрбиенің қателіктері әсер етеді. 

         Жасөспірімнің мінез-құлқы -  отбасындағы қарым-қатынас қалыптасуының нәтижесі. Сондықтан тәрбиені отбасынан бастаған жөн. Отбасындағы өзара қарым-қатынасты түзеу керек. Сынып жетекшісі әрбір отбасы ерекшелігіне байланысты өзінше жол таба білуі қажет. Ол үшін сәтсіз отбасының пайда болу себептерін анықтау керек. Ол әр отбасында әртүрлі болуы мүмкін. Ондай отбасын бес түрге бөлуге болады.

     



1.Толық емес отбасы.

      Жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған отбасында «қиын» бала көбірек кездеседі. Бұндай отбасындағы жағдай өте салқын, немқұрайдылық, ішкі сезімталдықтың жоқтығы аңғарылады. Сынып жетекшісі осындай отбасымен жұмыс жүргізуде жетістікке жету үшін мынадай бағыттарды ұстануы қажет:

  • Баланың анасының сеніміне кіру, баланың анасының орнына өзін қойып көру,. Себебі ол оған деген көзқарасын бақылай білуге көмектеседі.

  • Баланың болашағына қызықтыру, балаға деген ананың және баланың анаға деген жауапкершілігін ояту. Баланың жан дүниесін түсінуге, ойын бөлісуге шақыру. Баласына ашылып, өзінің жоспарын айқындау жөн екендігін түсіндіру.

 

     2. Балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ отбасы.

     Бұндай отбасында әдетте ата-ана арақ-шарапқа үйір болып келеді. Мұндай отбасындағы әке-шешенің міндеті шектеулі, баланың жан дүниесіне деген түсіністік, тіпті бала мен ата-ана арасындағы байланыстың болмауы. Бұл жағдайда сынып жетекшісі не істеуі қажет?

       Біріншіден, шыдамды түрде ата-анаға өмірде бұл қылықтың өзіне немесе баласы үшін зиян келтірер зардабын түсіндіру, көздерін жеткізу. Сонымен қатар әке-шешенің осындай жүріс-тұрысы үшін баланың көретін азабы, ұяты мен қиналысына көңіл аударту. Отбасында ата-ананың қайсысының беделі жоғары екендігін анықтап, оның отбасы өмірін өзгеруіне көзін жеткізу. Бұл отбасындағы жасөспірімді айналадағы адамдармен көбірек дидарластырып, қолдау көрсету, бақылап отыру қажет.

 

    3. Педагогикалық жағынан сауатсыз отбасы.

    Бұл отбасындағы ата-ана баланы түсінбейді. Баланың теріс қылығына әсер ету әдісін білмейді.  Тек мектеп пен мұғалімді кінәлап, баланың көзінше беделін түсіреді.

    Бұл ата-анамен қажетіне қарай кеңес, дәріс, іскерлік ойындар өткізу, мектеп жұмысына араластырып отыру қажет. Ата-ананың ой-өрісін көтеруге қызығушылығын ояту, әр бала ата-анасының сауатты болғанын қалайды деген ой туғызу қажет.

 

    

4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын отбасы.

     Бұндай отбасындағы бала өзімшіл келеді, ата-анасы баласының бұл қасиетін байқамай, үнемі марапаттап отырады.

     Бұндай жағдайда сынып жетекшісі басқа отбасындағы жан дүние байлығын, қайырымдылық, ізгілік туралы әңгіме айтып, көзқарасын өзгертуге тырысу қажет.

 

     5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кездесетін отбасы.

     Бұлар баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып жазалауды жөн деп санайтын ата-аналар. Әдетте бұл үйдің баласы өте қатыгез, ашушаң болып келеді.

      Бұндай жағдайда ата-ана қылығының дұрыс еместігіне көздерін жеткізу керек. Балаға өзінің қатарындай қарап, күш көрсетуден аулақ болуға шақыру, бала тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екендігін түсіндіру. Сыныптағы тәрбие жұмыстарына ата-ананы араластыру қажет. Себебі, педагогикалық іш-шараға араласқан ата-ана баласын басқа қырынан көреді. Баламен өзара қарым-қатынасын өзгертеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!