Материалдар / ҚМЖ.8-сынып. Тақырыбы:Көлдер мен мұздықтар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ.8-сынып. Тақырыбы:Көлдер мен мұздықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ.8-сынып. Тақырыбы:Көлдер мен мұздықтар 8.3.3.5- көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша сипаттайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2021
978
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 сынып

Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні:География

ҰМЖ: 3.3Гидросфера

Мектеп:№59 жом.

Пән мұғалімі: Ералиев Аман Айтбаевич

Күні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:27

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Көлдер мен мұздықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сәйкес)

8.3.3.5- көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша сипаттайды

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Дүниежүзілік және Қазақстанның көлдері мен мұздықтарына сипаттама бере алады

Көпшілік оқушылар: Көлдер мен мұздықтардың қалыптасу ерекшеліктерін, әлемдегі ерекше көлдер мен мұздықтарды атай алады және семантикалық картамен жұмыс жасай алады.

Кейбір оқушылар:Жергілікті жер компаненттерін қамту негізінде Қазақстан көлдері мен мұздықтарының шаруашылық маңызына баға береді

Бағалау критерийі

  • Дүниежүзі және Қазақстанның көлдері мен мұздықтарын біледі, олардың түрлерін анықтай алады.

  • Көлдер мен мұздықтардың қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіре алады, картадан көрсете алады

  • Көлдері мен мұздықтарының шаруашылыққа қолдануын біледі және экологиялық мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқылым–айтылым:Оқушылар ауызша және жазбаша сөйлеу нормаларын сақтай отырып,өз ойларын жинақы және логикалық сабақтастыққа жеткізе алады.

Тыңдалым – жазылым:Оқушылар көл мен мұздыққа қатысты географиялық терминдердің дұрыс айтылуы мен жазылуын,үш тілде аудармасымен жұмыс жасай алатын болады

Пән бойынша сөздер мен терминдер: морена, трог, альбедо, глетчер, фирн, наматак

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары:Қазақстан патриотизм және азаматтық жауапкершілік,құрмет,ынтымақ -тастық,еңбек пеншығармашылық,ашықтық және өмір бойы оқып үйрену және табиғатты қорғауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика-көлдер мен мұздықтардың ауданын,тереңдігін өлшейді.

Химия - сулардың химиялық қасиеттерін анықтайды

Информатика – ғаламтордан ақпараттар алады

Алдыңғы білім

Гидросфера және оның құрамдас бөліктері


Жоспар

Сабақтың жоспарланған уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дерексөздер, ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Топ ережесін еске салу.Picture 8

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бірігеді.

1-топ «Каспий»

2-топ «Байкал»

3-топ «Титикака»

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқулық, АКТ жұмыс дәптері, топ ережесі, карта, кескін карта, тапсырма конверттері. Бағалау парақшалары





Сабақтың ортасы


25 мин

Білу және түсіну


1-тапсырма. «Жариялау» әдісі бойынша әрбір топ берілген мәтіндерді оқиды, топта талқылайды.

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

1-топ Көлдердің қалыптасуы және олардың түрлерін сипаттау.

2-топ Мұздықтардың пайда болуы және олардың түрлері.

3-топ Тау мұздықтарының ерекшеліктері.

Дескриптор:

1.Көлдерінің пайда болуын біледі және түрлерін айтады;

2.Мұздықтардың пайда болуын біледі және түрлерін айтады;

3. Тау мұздықтарының пайда болуын біледі, ерекшеліктерін түсіндіреді.

Бағалау : Бағдаршамның түстері арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

2- тапсырма

«Семантикалық карта» әдісі бойынша сәйкестендіру тапсырмасы беріледі .


Ең үлкен материктік мұздық

Ең терең көл

Ең биікте орналасқан көл

Д/ж ең үлкен тау мұздығы

1

Хабборт





2

Байкал





3

Титикака





4

Антарк тида





Дескриптор:

  1. Ең үлкен материктік мұздықты анықтай алады.

  2. Ең терең көлді картадан көрсетеді,ең биікте орналасқан көлді біледі.

  3. Д/ж ең үлкен тау мұздығын көрсетеді.

  4. Көлдер мен мұздықтардың қалыптасу ерекшеліктерін сипаттайды.

Бағалау:«Бас бармақ» әдісі арқылы өзара топтық бағалау

3-тапсырма. «Серпілген сауал» әдісі бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

1.Қазақстан көлдерінің шаруашылыққа маңызы.

2.Қазақстан тау мұздықтарының шаруашылыққа маңызы

3.Еліміздегі көлдер мен тау мұздықтарының экологиялық жағдайы

Дескриптор:

1.Қазақстан көлдерінің шаруашылыққа маңызына баға береді.

2.Қазақстан көлдерінің шаруашылыққа маңызына баға береді.

3. Еліміздегі көлдер мен тау мұздықтарының экологиялық жағдайын анықтайды.

4.Экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара топтық бағалау.























Сабақтың соңы


5 мин











Сабақты пысықтау.«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.


Бағалау


5минут





«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5



Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады

Саралау- сіз оқушыларғақандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз

оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану

Сабақ барысында саралап оқыта отырып, оқушылардың білімге деген құштарлығын және білімді қабылдау қарқынына негізделген тапсырмалар құрастырдым.

1.Қызығушылығы төмен немесе ойлау дағдысы мұғалімнің көмегін қажет ететін, өзінше тапсырманы орындай алмайтын оқушылар «Жариялау» әдісі бойынша әрбір топ берілген мәтіндерді оқиды, топта талқылайды.

2. Зейіні шоғырлданған, тапсырманы өз бетінше орындай алатын, кейде сыныптастары мен мұғалімнің қолдауына жүгінетін оқушыларға «Семантикалық карта» әдісі бойынша сәйкестендіру тапсырмасы беріледі .

3.Ақыл – ой деңгейінің даму қарқыны жоғары, қосымша ақпараттарды қолдана алатын, ешкімнің көмегіне зәру емес оқушыларға зерттеу дағдысын дамытуға арналған қарапайымнан күрделіге бағытталған «Серпілген сауал» әдісі бойынша берілген сұрақтарға жауап береді, еліміздегі көлдер мен тау мұздықтарының экологиялық жағдайы туралы өз ойларын жеткізеді.


Критериалды бағалау кезінде оқушылар алдын ала белгіленген критерийлер мен дескрипторлар бойынша бағаланады. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын – ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Кері байланыс сабақтың барысында үздіксіз берілу арқылы оқушылардың жіберген қателіктерін түзетуге көмектеседі.

Өзін-өзі бағалау, яғни дайын бағалау парақшаларына стикер жапсыру арқылы бағалайды.

Түйінді ойларды қорыта алу мүмкіндіктері, шынайылық, әділ бағалануы ескеріледі.

Топ аттары

Түрлі-түсті стикер арқылы әр топ өзара бағалайды

Каспий


Байкал


Титикака



Математика-көлдер мен мұздықтардың ауданын,тереңдігін өлшейді.

Химия - сулардың химиялық қасиеттерін анықтайды

Информатика – ғаламтордан ақпараттар алады. Оқушыларға жағымды орта әзірлеу, сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. АКТ тиімділігін қолдануға жағдай жасау, техника қауіпсіздігін ескеру.




578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!