400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ 130 бұйрықпен жасалған.9 сынып Тербелмелі қозғалыс тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 130 бұйрықпен жасалған.9 сынып Тербелмелі қозғалыс тақырыбында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Бөлім:

Тербелістер және толқындар

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тербелмелі қозғалыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.5.1 еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру;
9.2.5.2 эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау;
9.2.5.3 формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау

Сабақтың мақсаты

  • Еркін және еріксіз тербелістердің ерекшеліктерін сипаттайды, формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтайды


  • Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіреді.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі;

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушыларды түгелдеу;

- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру;

«True/ False» әдісі арқылы өткен білімге шолу жасау (жеке жұмыс)


Тапсырма №1

Сыныпта оқушылар сәлемдеседі, оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа дайындалады.




Өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау мақсатында берілген сұрақтарға ақиқат/жалған деп жауап береді.










Ресурс 1


Сабақтың ортасы

35 минут

«Миға шабуыл» әдісі

Тақырып туралы ой шоғырландыру мақсатында оқушыларға суреттер беремін.

  • Балалар суретте берілген денедердің барлығына тән қандай қасиетті білесіңдер?

  • Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта болмақ?

  • Қалай ойлайсыздар?


Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийімен таныстырамын.


Бағалау критерийі:

Еркін және еріксіз тербелістердің ерекшеліктерін ажыратып, мысалдар келтіреді.

Оқушылар суретке қарап, өздерінің ой-пікірлерін білдіреді.

Оқушылардың жауаптарына қарай мұғалім қалыптастырушы бағалау жүргізеді.

Слайдтағы суреттер

«Кинометафора» әдісі

Оқушылардың тақырып туралы түсініктерін кеңейту мақсатында тербелмелі қозғалыс тақырыбына байланысты бейнематериал көрсетіледі.



«РАФТ» әдісі

Бейнематериалдан көрген және оқулықтан түсінген ойларымен бөлісу мақсатында оқушыларға еркін және еріксіз тербелістердің рөліне еніп, тербелістер туралы толық мәлімет беруді тапсырамын.

Тапсырма№2

Білім алушылар бейнематериалмен танысады, тақырып туралы ой жинақтайды.






Оқушылар еркін және еріксіз тербелістердің ерекшеліктері туралы өз ойларын хат, эссе, монолог, баяндама, жоба түрінде айтып жеткізе алады

















Дескриптор (1-топ)

1.Еркін тербелістерге анықтама береді.

2.Еркін тербелістердің өшу себебін түсіндіреді.

3.Еркін тербелістер тоқтамау үшін жасалатын әрекеттерді сипаттайды.

4.Еркін тербелістерге мысалдар келтіреді.

Дескриптор (2-топ)

1.Еріксіз тербелістерге анықтама береді.

2.Еріксіз тербелістердің еркін тербелістерден ерекшелігін түсіндіреді.

3. Еріксіз тербелістердің амплитудасы мен жиілігінің арасындағы байланысты сипаттайды.

4.Еріксіз тербелістерге мысалдар келтіреді.



Қалыптастырушы бағалау:

Топтар өзара бағалау жүргізеді, бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді.

Бейнематериал







Ресурс 2


Оқулық


Рафт кестесі


«Сенімді серіктес» әдісі

Оқушыларға еркін және еріксіз тербелістерді график бойынша ажыратуға тапсырма беремін.

Тапсырма № 3


Білім алушылар еркін және еріксіз тербелістердің айырмашылықтарын график бойынша ажыратып, ерекшеліктерін кестеге сипаттап жазады.

Дескриптор

  1. Суреттен тербеліс түрін ажыратып, анықтайды.

  2. Графиктің ерекшеліктерін сипаттап, жазады.

  3. Еркін және еріксіз тербелістерге тән екі ерекшелік жазады.


Қалыптастырушы бағалау


Дескрипторлар бойынша өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

Ресурс 3


«Ойлар ағыны » әдісі

Оқушыларға өмірлік жағдаятпен байланысты құрылымдалған тапсырма беріледі.

Тапсырма №4

Білім алушылар пәндік білімдерін пайдаланып, тапсырма қадамдарын орындайды.

Дескриптор

а)Көпір тебелісі тербелістің қай жүріне жататынын ажыратады.

б) Көпірдің тербелісіне сәйкес келетін тербелмелі жүйелерге мысал келтіреді.

В)Еріксіз тербеліс шарттарын атайды.

г) Көпір шынжырларының үзілуінің себептерін сипаттайды.

д)Көпірдің тербелі жүйе ретінде жұмысын жақсартуға тиімді ұсыныс айтады.

Қалыптастырушы бағалау


Дескрипторлар бойынша өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

Ресурс 4

Сабақтың соңы

5 минут

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы сабақ бойынша рефлексия жасайды.

«Бүгінгі сабақта білгенім ...»

«Бүгінгі сабақта маған қиын болғаны ...»

«Бүгінгі сабақтан үйренгенімді өмірде қолдана аламын ...»

«Мен әлі де жақсартқым келеді ...»


Сабақ бойынша білім алушылар рефлексия жасап, өз ойларымен бөліседі.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекетіне мұғалім кері байланыс беріп, бағалайды.

«Бүгінгі сабақта тапсырмаларды толық әрі, дұрыс орындай алдың, жарайсың!»

«Еркін және еріксіз тербелістердің ерекшеліктерін ажыратуда өз жауабыңа біршама толықтырулар енгізу керек»

«Өз жауабыңды тағы да қалай толықтырар едіңіз»

Слайд







Ресурстар

Тапсырма №1 (ресурс 1)

  • Тербеліс периоды-дене қозғалысы толығы мен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы.

  • Тербеліс жиілігі-бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны.

  • Тербеліс амплитудасы-дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ауытқуы.

  • Тербелмелі қозғалыстар-бірдей уақыт аралығында қайталанып отыратын қозғалыстар.



Тапсырма №2 (ресурс 2)

Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып

I топ


Сынып оқушылары


Еркін тербеліс

II топ


Сынып оқушылары


Еріксіз тербеліс



1 топ тапсырмасы

  • Еркін тербелістер деп қандай тербелістерді айтады?

  • Еркін тербелістер неліктен өшеді?

  • Еркін тербелістерді өшірмеу үшін қайдай әрекеттерді орындау қажет?

  • Еркін тербілістерге мысалдар келтіріңдер.



2 топ тапсырмасы

  • Еріксіз тербелістер деп қандай тербелістерді айтады?

  • Еріксіз тербелістер өшеді ме? Неліктен?

  • Еріксіз тербелістердің амплитудасы жиілікке тәуелді ме?

  • Еріксіз тербілістерге мысалдар келтіріңдер.



Тапсырма №3 (ресурс 3) (ЕБҚ)

  1. Суретте берілген тербелістердің қай тербеліске жататанын анықтаңдар?

  2. Еркін және еріксіз тербелістер кезінде дене координатасының уақытқа тәуелділік графигі қалай өзгеретінін түсіндіріңдер.

  3. Еркін және еріксіз тербелістердің ерекшеліктерін сипаттаңдар.



Еркін тербелістер

Еріксіз тербелістер





Без названия.jpg Тапсырма №4 (ресурс 4)

1940 жылы АҚШ-тың Вашингтон штатында орналасқан Такома аспалы-тербелмелі көпірі іске қосылып, тұрғындардың игілігі үшін қолданылуға берілді. Бір күні көпір үстінен әскери-солдаттар саптық шерумен жүріп өту кезінде, көпір қатты тербеліп, көпірдің тоқыма шынжырлары үзіле бастады. Осы оқиғадан кейін көпір қолданыстан шығарылды.









  1. Тербелмелі көпірдің қозғалысын қай тербелістің түріне жатқызуға болады?

___________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

  1. Өмірде көпір тербелісіне ұқсас қандай тербелі жүйелерді білесің?

___________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________



  1. Жүйеде еріксіз тербеліс орындалу үшін, қандай шарттар сақталу керек?

__________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________



  1. Көпірдің шынжырлары солдаттардың саптық шерумен жүріп өту кезінде неліктен үзілді?

___________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

  1. Көпірдің шынжырларының үзілмеуін болдырмау үшін қандай сақтық шараларын ұсынар едің?

___________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі