Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ 3 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Күні:13.12.2019ж

Сынып: 3 а-сынып

Мектеп:М.Арын атындағы ҚҚОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Мамбетниязова Жанар

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Тұрлаулы мүшелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ажыратады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай

алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай

алады.

Бағалау критерийлері

Қаратпа сөздерді анықтай алады.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Тіл жəне сөйлеу, мəтін, мəтін жəне оның түрлері, сөйлеу мəдениеті.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Алфавит» әдісі бойынша жүргізіледі. Мұғалім кез-келген дыбысты айтқанда, оқушылар сол дыбыстан басталатын қаланың атын айтулары тиіс. Материк, өзен-көл атаулары есепке алынбайды. Мысалы, «Қ» дыбысы - Қарағанды т.б. Жылдам әрі дұрыс айтылуы тиіс.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы




















Мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою. Оқушылар үш тапсырмадан тұратын тест орындайды.

1.Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?

А) бастауыш та, баяндауыш та сын есім болғанда;

Б) бастауыш та, баяндауыш та зат есім болғанда;

В) бастауыш та, баяндауыш та етістік болғанда. 2.Сөйлемдерді оқы. Тиісті жерге сызықша қой.

Дәулет атақты мүсінші.

Сәулет құрылыс өнері.

Түрлі -түсті тастардан, боялған әйнектен

3. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын бір сөйлем құрастырып жаз. _____________________________________________ Дескриптор:

-бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін анықтайды;

-сөйлемдегі сызықшаның орнын анықтайды;

-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға сөйлеммен мысал келтіреді.

Қ.б. мұғалім бағалауымен жүзеге асырылады. Оқушылардың жұмыстары жинап алынады.

Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

1.Оқулықтан 18-жаттығуды оқу тапсырылады.

Оқушылар мәтінді оқып шығады. «Консенсус» әдісі бойынша таладанады.

Тірек сөздерді табады: көне, қыш ыдыстар, сәулетті сарайлар, мешіттер, жәдігерлер, Әбу Насыр әл-Фараби.

2. Зерттеуші күнделігін толтыру. Оқушылар қиялын дамыту мақсатында «Егер сен осы Отырар қаласында болса, нені, кімді көрер едің? Не істер едің?» сұрағына жауап береді.



Белсенді оқу тапсырмалары.



Қосымша материал №1























слайд№1









Қосымша материал №2


Қимыл-қозғалыс жаттығу

лары


Ой сергек!

«Күн, жер, су» ойыны.

«Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді.

«Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек

қозғайды.

«Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді.



Слайд№2



















4.Тапсырма жұппен орындалады. Әр жұпқа бір қағаздан беріледі. Бұл тапсырма «Қиын» және «оңай» сұрақтар кестесі бойынша орындалады. Диалог құрастыру үшін сұрақтарды дұрыс құру қажеттігі айтылады. Ол үшін сурет мазмұнына қарай сұрақтарды оңай сұрақтардан күрделігіне қарай жариялау-кестесіне жазып, тұжырымдайды. «Оңай» сұрақтар – бір сөзді жауап талап етілетін сұрақтар. Ал «қиын» сауалдар – ойлануды, қосымша білімді талап ететін, талдай білу дағдысын қажет ететін сұрақтар. Сабақ үстінде төмендегідей кесте пайдаланылады.

Оңай сұрақтар – бір рет қана дәлелді жауап та-лап ететін сұрақтар

Қиын сұрақтар – күрделі, толық жауап беріп, талдауды қажет етеді.

Мысалы, .... кім? .... не? қашан...? ...болуы мүмкін? .... болады ма? .... қалай аталады? ...болды ма? .... келісесің бе?

түсініктеме беріңдер, неге... ? неге олай ойлайсың? ...айырмашылығы неде? ... болса, не болады?

Берілген қағазға сурет бойынша диалог құрастырады.Жұптың бірі сұрақты жазады, екіншісі жауап береді. Уақыт беріледі. Әрі қарай орын алмастырылып, екінші жұп сұрақ дайындайды, бірінші жұп сұраққа жауап береді. Оқушылар өзара бағалайды. Оқушылар стикермен өз ой-пікірлерін жазады.

Дескриптор:

-тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;

- сұхбаттасына сұрақ қояды;

- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;

- өз ойын жүйелі жеткізеді;

-сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

«Кең ауқымды дәріс» әдісі арқылы жұмыс жүргізіледі.

Оқушыларға сызба беріледі.

Бастауыш + баяндауыш= тұрлаулы мүшелер. Берілген сызба бойынша бұрыннан өздеріне таныс ақпараттың тізімін жасайды. Содан соң жұпта талқылайды.

Бірінші жұп өздерінде бар ақпаратты белгілеп отырады. Екіншісі өздерінде жоқ ақпаратты жазып алып отырады. Соңынан қорытындыланады.Қосымша.«Тұрлаулы» деген тұрақты деген сөз.

6. Оқушыларға оқулықтан 20-жаттығу беріледі. Тапсырма өзбетінше орындалады. Тапсырма «Семантикалық әдіс» бойынша кестеге түсіріледі. Саралау оқушылар сөздерді сөз құрамына талдайды.Үлгерімі төмен оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды.

Тұрлаулы мүшелер

Бастауыш

Баяндауыш

1


2


3


4


Оқушылар өзін-өзі тексереді. Балмұздақ таяқшасы бойынша тапсырма орындалады. Оқушылар өз жұмыстарына «+», «-» таңбаларын қойып отырады. Дескриптор:

-қатесіз көшіреді;

- бастауышты анықтайды;

- баяндауышты анықтайды.

















Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.











Қосымша материал №3





Сабақтың соңы

Рефлексия.

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Қол белгісі» стратегиясы қолданылады. Осылайша, олардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетулері сұралады.

Мен тұрлаулы мүшелер туралы түсініп отырмын және түсіндіре аламын (қолдың бас бармағын жоғары көтереді). Мен тұрлаулы мүшелер туралы әлі түсінбей отырмын (қолдың бас бармағын бір жанына қарай бұрады).

Мен тұрлаулы мүшелер туралы түсінгеніме сенімді емеспін (қолды бұлғау).

Үй тапсырмасы оқулықтағы 19-жаттығу:

-ребусты шешу;

-«қала» сөзіне екі сөйлем ойлау;

- екінші сөйлемдегі сөздің бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болу.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.









Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12