Материалдар / ҚМЖ 5 сынып Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ 5 сынып Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 5 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
11190
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі.

Мектеп: №6 ЖББМ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есдаулетова А.Ж.


Сынып:5

Қатысқандар:20 Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.

Зерттеу сұрағы:Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.2.2.6 -Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.


Сабақтың мақсаты

5.2.2.6 -Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.


Бағалау критерийі


Көшпелілер өркениетінің әлемдік өркениетке қосқан жаңалықтарын түсіндіреді.


Тілдік мақсаттар


«Неліктен көшпелі мал

шаруашылығы тиімдірек болды?» сұрағы бойынша «Фишбоун» кластерін толтыру(жазылым және айтылым дағдысы);

Термин сөздер:көшпелі мал шаруашылығы,қыстау,жайлау,көктеу,күзеу,көші-қон,маусымдық көш.


Көшпелі мал шаруашылығының негізгі шаруашылық түріне айналуы келесі себептермен түсіндіріледі...

Көшпелілер баспанасының ерекшелігі...

Бүгінгі күнге дейін жеткен көшпелілер салт-дәстүрлері...

Берілген дерек бізге қандай мағлұмат береді?











Құндылықтарға баулу





«ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық»




Пәнаралық байланыс

География,бейнелеу.


Алдыңғы білім


Көшпелі мал шаруашылығы ұғымын біледі.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Сабақтың басы


Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.


Топқа бөлу:жыл мезгілдеріне қарай


4 жыл мезгілдерінің суреттері жасырын қойылады:

Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады:

Сурет бойынша топқа бөлінеді.
1 топ:жаз, 2 топ:күз,3 топ:қыс,4 топ:көктем болып оқушылар 4 топқа бөлінеді.




"Миға шабуыл"Оқушылармен сабақ мақсатын анықтау барысында бейнебаян көруін ұсынамын.Көшпелілер туралы бейнебаян.Оқушылар бейнебаянды көріп болғаннан кейін оқушыларға мынандай сұрақтар қойылады:


1.Көшпелілік дегеніміз не?

2.Көшпелілер деген кімдер?

Дескриптор:Білім алушы

1.Көшпелілікті сипаттайды

2.Көшпелілер туралы сипаттайды.

Оқушыларға оқу мақсаты мен сабақтың мақсатын ауызша айтамын.Оқушылардың назарын өзіме аударып,оқу мақсатымен таныстырамын.



Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты:Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.

 





Сабақтың ортасы


Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстырамын.Сабақтың тақырыбын слайдқа шығарып қоямын.Бүгінгі сабақтан біз көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы туралы білеміз.


Топтық жұмыс.

1-тапсырма:Мәтінмен жұмыс."Балалар философиясы" әдісі.

Оқушыларға мәтін бойнша тапсырма беріледі.

Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Оқушылар пікір алмасып, мәселені талқылап, бір тоқтамға келу үшін дауыс береді.

1-топ:Көшпелі шаруашылық түрлері.

2-топ:Көшпелілерде малдың түрлері.

3-топ:Жартылай көшпелі шаруашылық.

4-топ:Көшпелі мал шаруашылығының тиімділігі.

Дескриптор.Білім алушы.


Көшпелі шаруашылық түрлерін сипаттайды

-Көшпелілерде малдың түрлерін сипаттайды

-Жартылай көшпелі шаруашылықты сипаттайды

-Көшпелі мал шаруашылығының тиімділігін анықтайды


Жеке жұмыс.Сәйкестендіру.

Берілген мәтінді мағынасына қарай жыл мезгілдері көрсетілген суреттермен сәйкестендіріңдер.Жыл мезгілдеріне байланысты жайылым атауларын анықтаңдар.Қалай ойлайсыңдар,неліктен көшпелілер жыл мезгілдеріне байланысты көшіп отырған?


Дескриптор.Білім алушы.


-Мәтін бойынша жыл мезгілдерін сәйкестендіреді

-Жыл мезгілдеріне байланысты жайылым атауларын анықтайды


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы


Тапсырма


Мәтіндегі бос орындарға қажетті сөздерді қойып, көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан жаңалықтарын түсіндіріңіз.

Қажетті сөздер: қола дәуірінің соңы, үзеңгi ,меридиан, жылқы.


1. ... қолға үйрету адамзат өркениетіндегі ең үздік жетістіктерінің бірі. Металл ауыздықтың шығуы жылқыны көлік ретінде қолдануға мүмкіндік берді. Атқа мiнген бақташы ендiгi жерде малды ұзатып жаюға мүмкiндiк алды. Көшпелiлер ат әбзелдерiн үнемi жетiлдiрiп отырды. Олар 2. ..., ауыздықты, ердi ойлап тапты. Көшпелілердің қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемдi заттары анағұрлым жұмсақ әрi жеңiл материалдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды. Көшпелі мал шаруашылығы көшпелілердің басты жаңалықтарының бірі. Археолог К. Ақышевтің пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы 3. …, темір дәуірінің басына дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде 4. … бойымен көшу, ал


Дескриптор.Білім алушы

-жылқыны қолға үйрету жетістігін анықтайды


-көшпелілердің ат-әбзелдерін ойлап тапқандығын көрсетеді


-көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастаған уақытын көрсетеді


-көшпелілердің көшу бағытын көрсетеді



«Неліктен көшпелі мал

шаруашылығы тиімдірек болды?» сұрағы бойынша «Фишбоун» кластерін толтыру(жазылым және айтылым дағдысы);


Дескриптор: Білім алушы


1.Неліктен көшпелі мал шаруашылығы басқа шаруашылық түрлеріне қарағанда тиімдірек болды.

2.Көшпелі мал шаруашылығының жартылай көшпелі шаруашылықтан айырмашылығы неде.








 




Сабақтың соңы



Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

« Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?






Саралау


Барынша қолдау көрсету қажет оқушылар.

Сұрақ-жауап.




Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар.

Сәйкестендіру




Қолдау көрсетуді аз қажет ететін оқушылар.

Мәтінмен жұмыс


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сергіту жаттығулары

АКТ-ны қолдану



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.








Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.





Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары шынайы,қолжетімді болды.





Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.





Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.Оқушыларға барынша жеке қабілеттері ескеріле отырып тапсырмалар берілді.



Сабақ кезеңінде уақытты тиімді пайдаландым.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ,себебі барлық іс-әрекет жоспар бойынша жүргізілді.



Жалпы бағалау





Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!