400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ. 6 сынып "Бәтеңке, шұжық, балқаймақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға, сабақты өткізу жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Бөлім: Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс тіршілігі

Тақырып: Әнуарбек Дүйсенбиев. «Бәтеңке, шұжық, балқаймақ» өлеңі

Мектеп: СҚО, «Шал ақын ауданының Семиполка орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні: Кайнуллина Гульсим Сапаровна

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;

6.Ж5. Жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

  • грамматикалық тақырыптар бойынша ережелерді біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • тыңдалған мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

  • жазба жұмыстарының барысында орфографиялық нормаларды сақтайды, тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • тыңдалған мәтіннің идеясы бойынша өз пікірін негіздейді.

  • жазба жұмыстарында үндестік заңын дұрыс қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • Мәтінді түсінеді, мазмұндайды

  • Ақпараттарды анықтайды

  • Сұрақтарға жауап береді

  • Өмірмен байланыстырады

  • Өз пікірін негіздейді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

мүлік, мойындаңдар, бітім, керкілдесті, керісті, келісті, жүгінетін, шытынама, балқаймақ, екіленбе

Диолог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

кім пайдалы, кім мықты, мойындаңдар шындықты, бітімге келмеді, екіленбе бетіңмен

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Әнуарбек Дүйсенбиев кім?

2. Ақынның шығармалары кімдерге арналған?

3. Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?

4. Ә. Дүйсенбиевтің «Бәтіңке, шұжық, балқаймақ» өлеңі не туралы?

5. Өлеңнің кейіпкерлері не үшін ұрысты?

6. Олар кімдерден ақыл сұрады?

7. Олардың таласын кім шешті?

8. Бұл өлеңнің идеясы неде?

9. Сенің ойыңша, олардың қайсысы мықты әрі пайдалы?

Не себепті ....... деп ойлайсыз?

Не себепті Әнуарбек Дүйсенбиев бұл өлеңді жазды деп ойлайсың?Автор осы өлең арқылы балаларға не айтпақшы болды?

Алдыңғы оқу:

Әнуарбек Дүйсенбиевтің өмірі және шығармаларымен танысуға берілді.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы



2 мин



3 мин

Ұйымдастыру сәті.

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық тренинг. «Сиқырлы бәтеңке». Оқушылар бәтеңкені киіп алып, өздерінің көңіл-күйлері туралы айтады.

«Сөздерді сөйлет» әдісі. Тақтаға бәтіңке, шұжық, балқаймақтың суреттерін іліп қоямын. Оқушылар осы заттар туралы түсініктерін айтады.



Алдын ала оқушылардың орындықтарына аяқ киімдер мен азық түліктердің аттары жазылған стикерлер жапсырып қоямын. Сол сөздер арқылы «Аяқ киім дүкені» және «Азық- түлік дүкені» болып екі топқа бөлінеді.

Сабақтың тақырыбы ашылып, мақсатымен танысады.

суреттер, стикерлер

Ортасы

7 мин















































8 мин












































8 мин























1-тапсырма:

Ә. Дүйсенбиевтің «Бәтеңке, шұжық, балқаймақ» өлеңін үнтаспадан тыңдап, мазмұнын ашады. Барлық оқушыларға «Денотатты граф» кестесі беріледі (жеке жұмыс).

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білу, түсіну


Өлеңнің мазмұнын түсінеді, грамматикалық ережелерді біледі.

1. Мәтінді түсініп, тыңдайды.

2. Түйінді сөздерді табады.

3. «Денотатты графты» толтырады

(6-6-6)

4. «Денотатты графты» толтыру барысында орфографиялық нормаларды сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады, үндестік заңына сүйенеді.

5. Өлеңнің мазмұнын айтады.

6. Өлең мазмұнын өмірмен байланыстырып, өз пікірін негіздейді.

Қолдану

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды, үндестік заңын, орфографиялық нормаларды сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады


Саралау: «Ресурс немесе мәтін бойынша саралау»:

А деңгейлі оқушы: өлеңді тыңдап, «Денотатты графты» толтырады.

В деңгейлі оқушы: өлеңнің мазмұнын айтады.

С деңгейлі оқушы: мәтінге сүйене отырып, өз пікірін негіздейді.


2-тапсырма:

Тыңдалған мәтін мазмұнына сүйеніп және қосымша ақпарат көздерін (ғаламтор желісін, газет-журналдарды) пайдаланып, үндестік заңын ескере отыра, орфографиялық нормаға сай, тыныс белгілерді дұрыс қолданып мәтін құрастырады, бір фирманың және бір фабриканың логотипін әзірлейді.

1-топ: «Әлемдік бәтеңке фирмалары»




2-топ: «Балқаймақ пен шұжық - ұлттық бренд»



ҚБ.: «Түйінді сәттер» әдісі.

Оқушылар орындалған тапсырмалардың түйінді сәттерін айтып, сөздік қорларын байытады.


Саралау: Мазмұн бойынша саралау.

А деңгейлі оқушы: Тақырыпқа қатысты қосымша ізденіп, ақпаратты жинақтайды.

В деңгейлі оқушы: Қосымша ақпараттың сапалық мазмұнына көңіл аударады.

С деңгейлі оқушы: Уақытты тиімді пайдаланып, орфографиялық нормаларды сақтап, тыныс белгілерін дұрыс қолдана отырып, мәтін құрастырады және бір фирманың логотипін әзірлейді.


3-тапсырма: (топтық жұмыс)

Өлеңдегі кейіпкерлерге сипаттама береді.

1-топ: «Драма» әдісі, топ ішінде ақылдасып, өлеңде берілген кейіпкерлердің мінезін сипаттап, шағын қойылым қойып береді.

2-топ: «Қабырғадағы сурет» графикалық органайзері бойынша, сиырға сипаттама береді.


ҚБ.: «Жетістік баспалдағы». Оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.


Саралау: Қарым-қатынас формалары бойынша саралау.

А деңгейлі оқушы: Кейіпкердің мінезін сипаттайды, қойылымға қатысады.

В деңгейлі оқушы: Өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қосады.

С деңгейлі оқушы: өз ойын шығармашылық тұрғыдан дәлелдейді, жағдаяттан шығу жолын табады.

Қазақ тілі мен әдебиеті,

6-сынып,

1-бөлім.

Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, А.Қ. Рауандина, Р.С.Рахметова, А.Н. Юсуп. Көкжиек-Горизонт, 2018ж,

33-34- беттер





























қосымша мәліметтер ұсынылады


интернет ресурс

https://go.mail.ru/search_images?rf=google.kz&sbmt














































Соңы

7 мин


















































5-мин

4-тапсырма: (сыныппен жұмыс)

Оқушылар мәтін бойынша Блум түймедағы ретімен сұрақтар түрін дайындайды, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

«Блум түймедағы» әдісі.

Мысалы:

Қарапайым сұрақ:

Шығарманың авторы кім және ол туралы не білесің?

Анықтаушы сұрақ:

Бәтеңке балқаймақ пен шұжыққа «Мен күшті әрі мықтымын» деп айтты ма?

Интерпритациялық сұрақ:

Неліктен Әнуарбек Дүйсенбиев бұл өлеңді жазды деп ойлайсың?

Тәжірибелік сұрақ: Өлеңдегі кейіпкерлердің орнында болсаңдар, сендер не істер едіңдер?

Шығармашылық сұрақ: Егер сен автор болсаң, өлеңді қалай атар едің?

Бағалау сұрағы: Осы өлеңнің құндылығы неде деп ойлайсың?



ҚБ.: «Не жақсы?» әдісі.

(Өзара бағалау) – жұмысқа қатысты жақсы жақтарын айтады.


Саралау: Таңдау бойынша саралау:

А деңгейлі оқушы: өз мүмкіндігіне сай келетін сұрақтарды құрастырып, жауап береді.

В деңгейлі оқушы: ауқымы кеңейтілген, өздерінің қабілетіне қарай сұрақтар құрастырып, жауап береді.

С деңгейлі оқушы: Шығармашылық, бағалаушы сұрақтарды құрастырып, сұранысы мен қабілетіне сәйкес келетін сұрақ түрін таңдап, өмірмен байланыстыра жауап береді.


Үй тапсырмасы: Еңбек тақырыбына мақалдар жаттау.


Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісімен сабаққа кері байланыс жасаймын.

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

Ортан терек – ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкене бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?






























https://go.mail.ru/search_images?rf=google.kz&sbmt
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
25 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
13182
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі