Материалдар / ҚМЖ 6 сынып Түстері мен фактурасы әртүрлі тоқыма материалдарын зерттеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ 6 сынып Түстері мен фактурасы әртүрлі тоқыма материалдарын зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінен сабақ жоспары, 6 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2019
2728
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Дизайн және технология

Мектеп: Абай атындағы жалпы білім беретін

мектеп - интернат

Күні:19.04.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Джунусова Алия Сагатовна

СЫНЫП: 6 сынып

Қатысушылар саны:

6А......6Ә......6Б.......6В........

Қатыспағандар:

6А......6Ә......6Б.......6В........

Сабақтың тақырыбы:

Түстері мен фактурасы әртүрлі тоқыма материалдарын зерттеу

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.3.Тоқыма материалдары мен бұйымдарының түстері, қасиеттері мен фактурасын анықтау және зерделеу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Тоқыма материалдарының қасиеттерін, фактураларын түсіне сәйкес анықтайды

Көпшілігі: Материалдарды қасиеті, фактурасы мен түсіне қарай қолданады

Кейбіреуі: Материалдарды қасиеттеріне қарай салыстырып, зерделейді

Бағалау критерийі

1.Тоқыма материалдарының қасиеттерін, фактураларын анықтайды

2.Тоқыма материалдарын фактурасы мен түсіне қарай үйлесімді қолданады.

3. Маталардың қасиеттері мен фактураларын салыстырып, зерделейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер: Фактура - texture

Мата қасиеті - свойства ткани -

tissue properties

Сыныптағы диалог / жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Матаның қандай қасиеттері анықталды?

2.Бұйымға қандай материалдар пайдаланылған? Себебі.

3.Бұйымға материалдардың түстері, фактурасы қалай таңдалған?

Құндылықтарға баулу

1.Ұжымда жұмыс дағдыларын құру.

2.Барлық өмір ұзақтығында білім алу.

3.Басқа ұлт өкілдеріне, олардың мәдениетіне деген құрмет.

Пәнаралық байланыс

Физика, химия

Алдыңғы білім

Табиғи және жасанды талшықтардан жасалған тоқыма материалдарын ажырата біледі. Тоқыма материалдарынан бұйым дайындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут.





Сәлемдесу.

«Шаттық шеңберін» құрып, «Шынтақпен амандасу» әдісі арқылы ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. Төрт түрлі фактуралы «мата қиындыларының беті» әдіс бойынша топқа бөлу. Оқушылармен бірге оқу және сабақ мақсаттарын анықтау. Сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау.Топтарға мата түрлерінің атауларымен атаймыз. Сатин, барқыт, парча, букле.

Түрлі фактуралы мата қиындылары. Топтарға біріктіру.

Сабақтың ортасы

30 минут.


Түсініктеме беру.

1.Тоқыма материалдарының қасиеттері.



Физикалық- гигиеналық технологиялық

механикалық



мыжылуы ылғал өткізгіштігі сетінегіштігі

беріктігі жылу сақтағыштығы отыруы

жиырылуы ауа өткізгіштігі

төзімділігі шаң жұтуы

2. Материалдың, матаның фактурасы – ол мата бетінің сипаты, яғни сыртқы көрінісі.

Фактура түрлері:

  • тегіс (шыт, габардин т.б.)

  • жылтыр (атлас, сатин, жылтыр жасанды тері т.б.)

  • металлдандырылған (парша)

  • бұдыр (букле)

  • түкті (барқыт, велвет т.б.)

  • шығыңқы суретпен (жакарт)

Тапсырма 1. «Зерттеу» әдісі. Оқушылар өздері сабақ басында таңдап алған әртүрлі мата түрлеріне топта эксперимент жасайды, бір-бірімен салыстырады. Өз зерттеулерін кестеге жазады.

Дескриптор

  • мата үлгілерінің бетінің тегістігін, жұмсақтығын, жіптерінің өрімін, артықшылықтар мен кемшіліктерін салыстырады.

  • матаның қасиеттерін анықтайды.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Тапсырма 2.Құпия зат әдісі. Орындаған жұмысқа бес сурақ дайындайды. Топ мүшелеріне «Құпия костюм» жиынтығы мен қуыршақ трафареті конвертке салынып ұсынылады. Мата түстері мен фактуралары дұрыс пайдаланылғанда, белгілі ұлттық костюмдер коллажы құрастырылатын болады. Постер арқылы «құпия костюмді» дайындауда қолданылған материалдар туралы мәлімет береді.

Дескриптор

  • маталарды фактурасы мен түсіне қарай үйлестіре алады.

  • бұйым дайындауда матаның түсі мен фактурасын сәйкес қолданады.

  • елімізді мекендейтін ұлт өкілдерінің мәдениетінің ерекшеліктерін біледі.

  • техника қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

ҚБ: БББ кестесін толтыру арқылы бағалау

2 слайд.

АКТ www.ask4style.ru

Фактура ткани в одежде.

Түрлі фактуралы маталар жиынтығы















Оқулық 18, 50 бет

















Қазақ, өзбек, корей, орыс ұлттық костюмдеріне қажетті материалдар, қуыршақ трафареттері. Қайшы, желім.Турлі улттық нақыштағы таспалар

БББ кестелері








Сабақтың соңы

5 минут








Рефлексия және бағалау:

Топтың жұмысын талдау. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Тақтаға жабыстыру арқылы стикер (жапсырма) қағазы көмегімен оқушылардың кері байланысы.

Нені білдім, нені үйрендім?

- Не түсініксіз?

- Немен жұмыс істеу қажет?

-Келесі практикалық жұмыста мен қандай қабілеттерімді жетілдіруім қажет?

-Тағы қандай көңілді және тартымды жұмыс істегіңіз келеді?

- Мұғалімнің кері байланысы.Мұғалімнің ескертулері мен тілектері.

  • Жұмыс орнын жинастыру.


Стикер









Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтық жұмыс.

А деңгейге мата түрлерінің фактураларын салыстырады,анықтайды.

В. Матаның шығу тарихын, түрлерін, қасиеттерін, фактурасын, пайдасы мен зиянын салыстыру, анықтау.

С. Бұйымдар дайындауда қасиеттерін ескере отырып,салыстыру,зерттеу, қолдану.

Бағалау дескриптор және бағалау өлшемдері бойынша жүргізілетін болады, олармен оқушылар тапсырманы орындауға дейін танысады. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.Бас бармақ әдісі және БББ кестесін толтыру арқылы бағалау

Қайшы мен желіммен,матамен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік және тазалық ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!