Материалдар / ҚМЖ 7 сынып. көркем еңбек, сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.

ҚМЖ 7 сынып. көркем еңбек, сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге тамақтану мәдениеті бөлімінен, қазақтың ұлттық тағамдары туралы және тамаққа кеткен шығынды есептеу туралы ақпарат беру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім беру ұйымының атауы

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі КММ

Бөлім:

Тамақтану мәдениеті

Педагогтің аты-жөні

Таутекова аксамал Каиргалиевна

Мерзімі: 

15.04.2024ж

Сынып: 7

Қатысушылар саны: 

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық тағамдары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.4.2 ұлттық тағамдардың жасалу технологияларын зерделеу және қолдану.


Сабақтың мақсаты

Ұлттық тағамдардың әзірлеу технологиясын зерделеу, танысу және практика кезінде жасау.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурсы


1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:

Сабақтың басы

10 минут




Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа техникалық дайындығына зер салып, Оқушыларға психологиялық ахуал тұғызатын әдіс таңдау.


Өткен сабақты еске түсіру.
«Қонақты күтеміз» атты викторина жүргізу.
Оқушылар мен қазақ мәдениетіне тән дәстүрлі тағамдар мен қонақ күту ережелерін талқылайды.

Табақ тарту – халқымыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі. Тартылған табақ қонаққа деген құрмет пен сыйластықтың белгісі, өлшемі. Жалпы табақ тарту турасында қалыптасқан ережелер бар. Сыйлы кісіге тартылатын табақта малдың қандай мүшелері салынуы керек? Осыны қай-қайсысымыздың да біле жүргеніміз жөн.

үлкендерге бас табақ, одан соңғыларға орта табақ, аяқ жағында отырғандарға аяқ табақ тартады

бас табаққа Оған салынатын кәделі мүшелері: бас, жамбас, ортан жілік, белдеме (ол жамбастың серігі) сүбе қабырға,жасына қарай кәрі жілік те салынады, жылқы етінен — қазы, қарта, жал, жая.

Екінші табаққа - Орта табақ – бас табақтан қалған еттердің кәделі жіліктерінен , ортан жілік, қабырға, арқа, белдеме, кәрі жілік сынды сүбелісін төрдегілерден кейін отырған жасы кішілеу қонақтарға тартады.

Үшінші табақ - Аяқ табақ –. Оған асық жілік, төс, құйымшақ, қабырға, арқа, белдеме сынды кәделі жіліктерді тартады.

Сыйлы табаққа өкпе-жүрек салынбайды. Өкпе берсе, өкпешіл болып кетеді деген ырым бар.

Блоктың соңында мұғалім келесідей сұрақ қоя алады: «Неге, сіздің пікіріңізше, қазақта табақ тарту маңызды?». 


«Бір сөзбен» әдісі — Оқушылар өздеріне берілген сөздердің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай үш сөзді таңдап айтады.

(Төзімсіздік, Ашу,  Қуаныш,  Немқұрайлылық,Қанағаттану, Шабыт,Зерігу, Алаңдау,  Тыныштық, Сенімділік,  Сенімсіздік, Рахаттану.)


Оқушылар тақтада көрсетілген төрт түрлі табаққа, дұрыс жауаптарды сәйкестендіреді.

Дұрыс- бұрыстығы тақтада ашылған дұрыс жауаптарымен салыстырылады.


Оқушылар: «Салтымызда табақ тарту неге маңызды?»  екенін өз мысалдарында түсіндіруге тырысуы керек.





Оқушылар әртүрлі мал мүшелерінің иллюстрациясы бойынша кәде табақтарды ыдыстарға салып түсініктеме береді.



Оқушылар сыйлы табаққа өкпе-жүрек салынбайтынын түсінеді. Өкпе берсе, өкпешіл болып кетеді деген ырымды пайдаланады.

Блоктың соңында оқушылар келесідей сұраққа жауап іздейді: «Неге, сіздің пікіріңізше, қазақта табақ тарту маңызды?». 




ҚБ:

«Марапат қағазы» Блумның жетістік баспалдағы арқылы көтерілу















Дескриптор: Әрбір дұрыс жауапқа бір балл. Балалар қолдарына таратылған басқыштың баспалдақтарына көтеріліп, белгі қойып отырады.


Дескриптор бойынша оқушылар «Біледі», «Түсінеді» баспалдағына көтеріледі






Дескриптор бойынша оқушылар «Қолданады» баспалдағына көтеріледі



https://youtu.be/m5pRKhBOQgQ?si=oKL9cr4uDW3I9Q_4

Табақ тарту ережесі мен қазақы әдебі.














https://u.to/rVT_Gg


Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдар

Қарма тағамы.






Әртүрлі мал мүшелерінің иллюстрациясы.


2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы

25 минут




Қызығушылықты ояту. Сабақ тақырыбын ашу.

Тәжірибелік жұмыс.

Оқушылар ашытқы дайындау технологиялық үрдісіне эксперимент өткізеді.


1)Салқын сұйықтықты қолданып, ашытқы дайындау;


2) Жылы сұйықтықты қолданып, ашытқы дайындау;


3) Ыстық сұйықтықты қолданып, ашытқы дайындау;


Мағынаны тану. Оқушының өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.

Берілген ссылка арқылы оқушыларды бауырсақ тарихы мен түрлері ондағы организмге қажетті витаминдер туралы танысады.



Жұмыс жасаудың технологиялық картасы:

Ашытқы қосылмаған бауырсаққа қажетті өнімдер:
200 мл кефир
300 гр. ұн
1 шай қасық өсімдік майы
0,5 шай қасық ас содасы
1 шай қасық қант
1 дана жұмыртқа.


Дайындалу тәсілі: Табаққа жұмыртқа мен кефирді құйыңыз. Оған қант, тұз бен ас содасын салу керек. Барлығын жақсылап араластырып, бірер минутқа қалдырамыз. Содан соң бір шай қасық өсімдік майын құямыз. Осындай араласпаған ұн салып, жұмсақ қамыр илеу керек. Бірақ та ұнды бірден салуға болмайды. Лажы болса, аз-аздан салған дұрыс. Дайын қамырды 5 минуттай жылы жерге қойып қою керек. мұнан соң пісіре беруге де болады. Қамырды екі бөлікке бөліп, жаямыз. Сосын қамырды өзіңіздің қалауыңызша кесіп, пісіріп ала бересіз


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:


Салқын сұйықтықты қолдану барысында белгілі уақытта «ашу» үрдісінеге нәтижесіз болады?


Жылы сұйықтықты қолдану барысындағы ашу үрдісі неге нәтижелі?


Ашытқыны ыстық суға салсаң не болады? Неге ашу үрдісі жүрмейді?


Дәптермен жұмыс: бауырсақ түрлері,пайдасы, артық пайдалану салдарынан болатын аурулар туралы мәліметті жазып алады. Алдын ала дайындалған технологиялық карта арқылы оқушылар тәжірибелік жұмысқа кіріседі.

Жұмыс жасаудың технологиялық картасы бойынша оқушылар бауырсақ істеуге кіріседі.

Оқушылар төрт топқа бірігіп,екеуі бауырсақ пісіріп жатқанда екеуі бауырсаққа кеткен шығынды есептеп, нақты бір бауырсақтың құнын шығарады.



200 мл кефир- 250 т
1 кг ұн -500т
1 литр өсімдік майы-700т
ас содасы -150т
қант 1кг-600т
1 дана жұмыртқа.-50т

20% адам еңбек құны.

5%-газ,су құны

Әрбір дұрыс жауап бір баллмен бағаланады.



Дескриптор бойынша оқушылар «Талдау» баспалдағына көтеріледі









Дескриптор бойынша оқушылар «Жинақтау» баспалдағына көтеріледі







Жұмыс дескрипторы:

Ұлттық тағамдарды әзірлеу технологиясын біледі және практика кезінде қолданады,

Ұлттық тағамдарды әзірлеу үшін керекті құралдар мен ингредиентті дұрыс қолданады.





Дескриптор бойынша оқушылар «Бағалау» баспалдағына көтеріледі



















Оқулық, маркерлер тақта немесе плакат

https://youtu.be/DDX7OwHejDc?si=JrdJKnlt2VntHFa_


3-кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы:

Сабақтың соңы

10-минут

Сабақтың соңында дәмді ортаға қойып, барлығы ауыз тиеді.

Сабақты бата тілекпен қорытындылаймыз.

Оқушылар тілектерін стикерге жазып тілек ағашына іледі.





Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілетті оқушыларға:

Көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларға:

.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!