Материалдар / ҚМЖ 9 сынып

ҚМЖ 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 9 сынып Дыбыс.Дыбыс сипаттамалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1615
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: НЕсеболатов атындағы о/м

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тастанбекова Л.Ш.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Оқушылар шу, тембр,тон жайлы біледі. Оқушыны өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай біледі. Сыни тұрғыдан ойлана алады, өз-өзін және сыныптасын әділ бағалауға үйренеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар Дыбыстың негізгі сипаттамаларын біледі

Оқушылардың басым бөлігі Дыбыстың негізгі сипаттамаларының айырмашылығын ажырата алады

Кейбір оқушылар Дыбыстық құбылыстардың мәнін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Шу, тон, тембр, Бел, камертон

Алдыңғы оқу

Мәтінді оқып талдау жасау. Есеп шығару 25 жаттығу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен сәлемдесу.Сынып бөлмесінің және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Қайырлы таң достар!

Қайырлы күн болсын!

Бейсенбінің сәті

Сәттілікке толсын

Сендердің алар бағаларың

Кілең төрттіктер мен бестіктер болсын!

І топ «Физиктер»тобы

ІІ топ «Музыка» тобы

ІІІ топ «Биология тобы

Мұғаліммен амандасады. Оқушылар сабақ құралдарын тексеріп, орналасады.Топтарға бөлінеді.

Флипчарт, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдары

Сабақтың ортасы

Үй жұмысын сұрау:(Серпілген сауал доп лақтыру арқылы)

Толқын дегеніміз не?

Көлденең толқын қандай ортада пайда болады?

Сейсмикалық толқындар туралы не білесіңдер?

Толқын жылдамдығы деген не?

Толқын ұзындығы деген не?











Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай орындап келгенін тексеру. 25 жаттығуды тексеру




Демонстрация:

1.Темір сызғышты тербеліске түсіріп,дыбыс шығарғанын бақылау

2.Домбыраны шерту арқылы не байқадыңдар

Ой қозғау

1.Біз дыбыстарды көре аламыз ба?

2.Барлық дыбыстарды ести аламыз ба?

3.Дыбыс қандай жылдамдықпен қозғалады?

4.Дыбыс жарық сияқты шағылыса ма?

Тербеліс жиілігі 16 Гц-20000 Гц- ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады.Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп атайды. Грек тілінен akustikos –дыбыс деген сөзінен шыққан.

Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.

Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды.Кейбір тіршілік иелері 20-30 мың Гц –ке (мыс жарқанаттар 21 мың Гц-ке, дельфиндер-28 гц-ке дейінгі тербелістерді), ал, инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.

Дыбыс барлық ортада тарай алады.1-кесте .Қатты ортада жылдам тарала алады,одан кейін сұйықта.Ал, ауада дыбыс баяу тарайды.

Мысалы:күн күркіреп,найзағай ойнаған кезде біз алғаш найзағайдың жарқырауын көреміз де,біраздан кейін ғана күннің күркіреген дыбысын естиміз.

Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы 1-кесте

Ортада

Дыбыс жылдамдығы, м/с

Ауа

330

Су

1480

Болат

4380

Мыс

3800

Темір

5850

Шыны

5600

Сутек

1280

Каучук

50

Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.

Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.

Дыбыстың қаттылығы неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.

Интербелсенді тақтада камертонды видео арқылы көрсету

Камертон – доға тәрізді қысқы сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады. Мектеп камертондары бірінші октаваның “ля” нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.

Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.

Өлшем бірлігі – Децибел (дБ)

1847 -1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш Генри Белдің құрметіне бел деп аталған. 1 бел = 10 дБ –ге тең.

Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндерін 2 кестеден көре аламыз.

Дыбыс көзі

Дыбыс қаттылығы, дБ

Құлақтың ауыртпалықты сезіну шегі

130

Ұшақтың көтерілуі

120

Дискотекадағы музыка

110-120

5-7м қашықтықтағы автомобиль сигналы

100

Жүк машинасының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы

80

Көше шуы

70-80

3м қашықтықтағы шаңсорғыш дыбысы

70

Тас жолдағы автомобиль қозғалысы

50-60

Әңгіме-сұхбат

40

Тұрғын үйлердегі шу нормасы

20-30

Жапырақтың сыбдыры

10

Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.

Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.Интербелсенді тақтадан жануарлар мен құстардың дауысын қосу

Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

Есептер шығару 26 -27 жаттығулар. Барлық топқа бірдей





































Сапалық есептер шығару (кейбір оқушыларға)

1.Көшпенділер жау әскерінің жақындағанын қайдан біліп отырған?


2.Жазық далада жаңғырықтың естілуі мүмкін бе?


3.Қару жаратқан оқ атқанда неге дыбыс шығады?



4.Қамшыны кенеттен сермеп қалғанда неге дыбыс шығады?





5.Киіз үйдің ішіндегі дауыстардың шығуына кілемдер мен түс киіздердің әсері қандай болады?



6.Күндізгіге қарағанда дауыс түнде неге қаттырақ шығады?


7.Немістің ұлы композиторы Бетховен өзінің кездегі симфонияларын,сонаталарын, басқа да тамаша шығармаларын саңырау кезінде жазған,сонда Бетховен шығармаларын қалай жазды?



Әр топқа бір жұмыс сабақты қортындылау үшін

Топ мүшелері сұрақтардың жауабын айтады.

Тербелістің кеңістікте таралуы

Көлденен толқындар бір қабаттың екінші қабатқа қатысты ығысуы кезінде пайда болатын серпімділік күштері әрекетінен ғана туындайды

Үлкен ауқымдағы қатты денелердегі толқындық қозғалысқа жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы

λ толқын ұзындығының бөлшектердің Т тербеліс периодына қатынасы арқылы аңықталатын физикалық шама

Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық

υ=20м∕с м/с *0,5с = 1 м

T=0,5 c

λ = ?


(дыбыс шығару)




Дыбыстың айырмашылықтарын болжап айту керек, қатты не бәсең, музыкалық дыбыс т.б



Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жазадыда керек деректерді өздерінің дәптеріне жазып отырады


































































1 Дыбыс таралу үшін дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыш арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болуы тиіс.

2 №2.

Бер: Шешуі:

ν=510Гц υ=λν

υ=340м/с λ= = =0,7м

т/к λ-?

3

Бер: Шешуі:

t=10с υ=

υ=343 м/с s=υt=343м/с·10с=3430м

т/к s-?

5

Бер: Шешуі:

ν=740Гц υ=λν

υ=1480м/с λ= = =2 м

т/к λ-?

27- жаттығу

1.

Бер: Шешуі:

s=200м s= t= = =1,2с

υ=340м/с

т/к t-?

2

Бер: Шешуі:

t=4,5с s= = =765м

υ=340 м/с

т/к s-?

4

Бер: Шешуі:

ν=435Гц υ=λν

υ=340м/с λ= = =0,78 м

т/к λ-?

1. Жауабы:жер үлкен арақашықтықта дыбыстарды жеткізеді.Адамның жерге жатып тыңдаған.Көптеген әскердің дауысы гуілболып алысқа естіледі.

2.Жауабы: жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ

3.Жауабы:Патронның атылуынан тез сығылған ауа дыбыс толқынын тудырады.


4.Жауабы:Қамшыны сермегенде шығатын дыбыс ауаның тізбекті тербелісінен туады.Тербеліс жиілігі қамшының қозғалыс жылдамдығына байланысты болады.


5.Жауабы:Жұмсақ маталар және кілемдер дыбыс толқынының энергиясын өшіреді, дыбыс қаттылығы азаяды.Осыдан дыбыс тыныш естіледі.

6.Жауабы:түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады.

7.Жауабы: (таяқшаның бір ұшын рояльдің қақпағына тіреп қою арқылы байланыстырған)

Оқушылар тапсырманы орындайды

Сабақтың соңы

Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу. Есептерді шығару.

Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды. Блум баспалдағы бойынша бүгінгі дәрежесін бояу арқылы көрсетеді.

Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді.

Топтарды бағалау парағы № 1

Күні: ----------------------- Пәні: Физика Сыныбы: 9 « »

Оқушының аты-жөні:­­­­­­­­­­­­ -----------------------------------------------------------------------

Мақсаты: Дыбыс. Дыбысты сипаттау

Критерий

Дескриептер

Рубрика

А.

Берілген жаңа тақырыпқа сәйкес тапсырманы орындауы

1

В.

Тақырыпты аша білу, ойларын еркін жеткізу

Топ мүшелерінің сенімді жауап беруі

1

1

С.

Топ мүшелерінің қатысуы, топтық жұмыстың ұйымдастырылуы

Топ мүшелерінің белсенді қатысуы

Уақытты үнемдеу, уақытқа сай жұмыстану, жауап беру

1

1

1

Ж и н а ғ а н б а л ы


Барлығы: 6 балл

1-2 балл- «3» қанағат

3-4 балл-«4» жақсы

5-6 балл-«5» өте жақсы






К үтілетін нәтиже:

А. Тапсырманы орындайды

В. Тақырыпты түсінеді, біледі

С. Топ мүшелері уақытқа сай жұмыстанып, белсене қатысады

Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ