Материалдар / ҚМЖ " Периодтық кестенің құрылымы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ " Периодтық кестенің құрылымы"

Материал туралы қысқаша түсінік
4К моделі-сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты, ынтымақтастықты өлшеу құралы негізінде құрылған сабақ жоспары
Авторы:
01 Қырқүйек 2024
175
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Периодтық кестенің құрылымы

Мұғалімнің аты-жөні: Бегайдарова Г.Б.

Күні: 29.02.2024

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.2.1.2 -периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен периодтар

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Жеке және жұптық жұмысты орындайды. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Периодтық кестенің құрылымы


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)








«Аялы алақан»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну.    

«Қызығушылығын ояту»

Бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырады, жаңа ақпаратпен толықтырады.

Мақсаты:

—         оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен  түсініктерін өзектендіру;

-       оқылатын тақырыпқа танымдылық қызығушылығын ояту;

оқушының белсенділігін арттыру.

Жаңа тәсілдер: 1. «Меннен сұрақ, сізден жауап?»

2. Семантикалық карта

А,В деңгей

  1. Химиялық элемент дегеніміз не?

  2. Химиялық элементтер қалай жіктеледі?

  3. Химиялық элементтерді қалай таңбалайды?

  4. Атомдық номері 6 –химиялық элемент

  5. Атомдық массасы 16 тең химиялық элемент

  6. Атақты ғалымдар құрметіне аталған химиялық элементтер

  7. Ғаламшар атымен аталған химиялық элементтер

  8. Атом қандай бөлшектерден тұрады?

  9. Кальций атомында қанша протон, қанша электрон болады?

  10. Д.И. Менделеев химиялық элементтерді жіктеуде нені негізге алды?


Деңгейі -Қолдану

Тапсырма

И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің элементтерді жіктеуін атауы және

мәні бойынша сипаттап, кестені толтырыңыз. Әрбір теорияның артықшылығы мен

кемшілігін салыстырыңыз. Химиялық элементтердің периодтық кестесінің жаңашыл

түрін жасау үшін әрбір ғалымның қосқан үлесін көрсетіңіз.

Қорытынды

И. Дёберейнердің қосқан үлесі ____________________________________________

Дж. Ньюлендстің қосқан үлесі _____________________________________________

Д.И. Менделеевтің қосқан үлесі ___________________________________________










Оқулық,

мәтіндер.







Ортасы

10 минут







Сабақтың тақырыбын ашу: сурет /құрылым, кесте/

Бүгін сабақта:

1.Периодтық жүйенің құрылу принципін түсінеміз                         

2.Период пен топтың жіктелуін білеміз

3. ХЭПЖ заманауи кестесімен танысамыз және сипаттамыз.



І. Проблемалық сұрақтар /СТО/

  1. Д.И. Менделеев химиялық элементтерді жіктеуде нені негізге алды?

  2. 1-8 элементтерді ретімен орналастырып көрейік.

  3. Периодтық жүйенің / 3 период/ қарап шығып, қай элементтердің орналасуы олардың атомдық массаларының өсуіне сәйкес келмейтінін табыңдар?

Аргон мен калий, теллур мен йод

Реттілік бұзылған, орындарын ауыстырса болады ма?

Сондықтан периодтық кестенің қазіргі нұсқасында хэ атом ядроларының зарядтарының өсу ретімен орналасқан.

Демек, элементтерді салыстырмалы атомдық массаларының өсу ретімен орналастырып, оларға атомдық /реттік/ нөмір тағаындады, оның физикалық мәні – ядро заряды.

ІІ. Периодтық кестемен танысу /оқулықпен жұмыс §14/

«Қыдырып қайтайық!»

топқа бөлу

Топтық жұмыс

Креативті периодтық кесте жасап шығару және оған сипаттама беру.

І топ

1/ қысқа нұсқасы мен ұзын нұсқасын салыстыру

2/ Период дегеніміз не?

ІІ топ

1/ Топ дегеніміз не?

2/ Ұқсас элементтер тобы, атаулары



               

Талдау

Әр топ алға шығып өз пікірін айтып, жобаларын қорғады.



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.




Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

«Фоторобот» тест




"Фоторобот" әдісі

Бағалау


5 минут







Кері байланыс

3 минут

«Жетістік» баспалдағы.

Рефлексия

1.Не жоспарланды?

2. Неге қол жеткіздік? (тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыздар, қандай сезімде болдыңыз.)

3. Нені өзгертер едіңіз? (тағы не білгіңіз келеді, топтық нәтиже мен өз үлесіңізді жақсарту үшін ұсыныстар.)

Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдағы.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Тест «Периодтық жүйенің құрылымы»

І нұсқа

  1. Массасының өсу ретімен орналасқан химиялық элементтердің көлденен қатары:

Беті а/ Топ [сопақша]

ә/ топша [дөңгелек]

б/ период [үшбұрыш]

в/ кесте [үшбұрыш]





  1. Ядро заряды 14 –ке тең элемент

Көзі а/ көміртек [көк, квадратты]

ә/ азот [жасыл, төртбұрышты]

б/ сутек [қара, дөңгелек]

в/ кремний [қоңыр, үшбұрышты]



  1. Реттік саны сегізінші элемент

Шашы а/ оттек [шашы жоқ]

ә/ азот [қара бұйра]

б/ кремний [қара, тік ұзын]

в/ бор [қысқа, қызғылт-сары]

  1. Топ дегеніміз не?

Мұрын а/ химиялық элементтердің вертикаль қатары [төртбұрышты]

ә/ химиялық элементтердің горизонталь қатары [үшбұрышты]

б/ кіші период элементтер қатары [дөңгелек]

в/ үлкен қатар [квадрат]

  1. Галогенді тап:

Ерін а/ оттек [кішкене кескін]

ә/ хлор [квадрат]

б/ калий[дөңгелек]

в/ сутек [сопақша]









Тест «Периодтық жүйенің құрылымы»

ІІ нұсқа

  1. Химиялық элементтердің тігінен орналасқан қатары:

Беті а/ Топ [сопақша]

ә/ топша [дөңгелек]

б/ период [үшбұрыш]

в/ кесте [үшбұрыш]





  1. Атомдық массасы 32-ге тең элемент

Көзі а/ темір [көк, квадратты]

ә/ күкірт [жасыл, төртбұрышты]

б/ натрий [қара, дөңгелек]

в/ оттек [қоңыр, үшбұрышты]



  1. Протон саны 12-ге тең элемент

Шашы а/ мыс [шашы жоқ]

ә/ күміс [қара бұйра]

б/ магний [қара, тік ұзын]

в/ бор [қысқа, қызғылт-сары]

  1. Сілтілік металдар:

Мұрын а/ І А [төртбұрышты]

ә/ ІІ А [үшбұрышты]

б/ ІВ [дөңгелек]

в/ ІІІ А [квадрат]

  1. Фтор қандай ұялас топқа жатады:

Ерін



а/ халькогендер

[кішкене кескін]

ә/ сілтілік металл [квадрат]

б/ инертті газ[дөңгелек]

в/ галогендер [сопақша]









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!