Материалдар / ҚМЖ Әлемнің жеті кереметі ашық сабақ

ҚМЖ Әлемнің жеті кереметі ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып қмж әлемнің жеті кереметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2024
59
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ықшамсабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Мектеп: Бекет Өтетілеуов атындағы негізгі орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Калиева Айнур Кадырбековна

Сынып: 6


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әлемдік мәдени мұралар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу. Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Сабақ мақсаттары:

Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийлері

Оқушы сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Орфография, дауысты, дауыссыз дыбыстар, емле, заңдылық,дефис.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Әлемнің жеті кереметін адамзат тарихындағы сәулем өнерінің озық үлгісі деуге бол ма?

- Біздің еліміздегі қандай мұраларды әлемнің жеті кереметіне жатқызар едіңдер?

Құндылықтардыдарыту

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік сезімін ояту.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, дүние жүзі тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Презентация,

Алдыңғы білім

Орфографиялық норма,орфографиялық норма туралы түсінік.

Сабақ

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы




Сабақтың ортасы






«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпты анықтау

Балалар, сендер презентациядағы суреттерден нені көріп отырсыңдар?

-Оларды адамзат тарихындағы сәулет өнерінің озық үлгісі деуге бола ма?

-Біздің еліміздегі қандай мұраларды әлемнің жеті кереметіне жатқызар едіңдер?

(«Әлемнің жаңа жеті кереметі» туралы таныстырылымды көрсетемін)

Демек, осы таныстырылымға қарап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әлемдік мәдени мұралар»

Тақырып бойынша ақпарат алу үшін «Әлемнің жеті кереметі» мәтінмен танысу
Адамзат тарихында сәулет және мүсін өнері шеберлерінің қолымен жасалған асыл мұралар – әлем кереметтерінің саны жетеу.
Біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда Вавилонда сәулет өнері жаңа дәрежеге көтеріледі. Вавилонның көшелері таңның атысы, күннің батысы жан-жақтан келген саяхатшыларға толады. Саяхатшылар әңгімесінің басты тақырыбы – патша сарайындағы таңғажайып тамаша аспалы бақ болған. Оны Вавилон патшасы Навуходоносор сүйікті әйелі Семирамидаға арнап салған деседі. Патша әмірімен отырғызылған бұл әсем бақ өз заманында талайдың таңдайын қақтырып, «Әлемдегі жеті кереметтің» бірі аталды.
Біздің дәуірімізге жеткен жеті кереметтің бірі – Мысыр (Египет) пирамидалары. Хеопс пирамидасын нағыз керемет десек қателеспейміз. Оның биіктігі – 147 метр. Әр қырының ұзындығы – 235 метр, пирамиданың алып жатқан алаңы – 55 мың шаршы метр. Көне тарихтың мызғымас куәсі болған пирамидалар уақыт сынынан өтіп, әлі де талай ұрпақтың тамашалап қарайтын сәулет ескерткіші ретінде қала береді.
Көне грек мүсіншісі Фидий биіктігі 17 м, көз тартатын Зевс мүсінін піл сүйегін алтынмен қиыстырып жасаған. Алтын тақта еркін отырған Зевстің қабағы қатулы, жүзі ызғарлы. Бірақ үңіліп қараған адамға көз жанарынан адамдарға деген мейірбандық ұшқындағандай ... Кейінірек Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртеніп кеткен.
Артемида ғибадатханасы – Ежелгі Грекия сәулет өнеріндегі шоқтығы биік үлгілердің бірі. Оның атағы ел ішіне кең тарап, аңызға айнала бастайды. Грекияда осы ғибадатханаға ұқсас құрылыстар бой көтереді. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармаған. Қараңғы түндердің бірінде белгісіз біреу сәулетті сарайдың төрт бұрышынан от қояды.
Эгей теңізінің Родос аралында IV ғасырларда жүзге тарта ірі ескерткіштер салынады. Солардың ішінде ең көрнектісі – Родос алыбы. Родос тұрғындары күн құдайы Гелиосқа ерекше табынғандықтан, оның бейнесін күміс ақшалардың бетіне салып, дәріптеген. Қоладан құйылған алып мүсіннің биіктігі 35 метр болған. Алайда аралда болған қатты жер сілкінісінен кейін ескерткіштің күл-талқаны шыққан.
Әлемнің жеті кереметінің бірі – Галикарнас кесенесі. Оны грек еліне белгілі әйгілі қолөнерші, мүсіншілер тұрғызған. Кесене екі қабатты, бірақ айтарлықтай биік болған. Биіктігі 40–45 метрлік кесене көптеген мүсіндермен көркемделген.
Көне дәуірде Александрия маягынан (бағдаршырақ) ірі құрылыс ешбір жерде, ешбір елде бой көтермеген болатын. Тұтас мәрмәр тастан қашалған, қалыптан шыққандай қаланған маяктың биіктігі 150 метр болған. Ол өлім мен өмір, от пен оқ арасында жанын шүберекке түйген теңізшілерге үміт шырағындай еді. Тастай қараңғы түндерде шексіз-шетсіз теңіз үстіндегілерге талай-талай жол сілтеп, бағыт берген.
(Б.Мекішов «Әлемнің жеті кереметі»)

Тапсырма. Оқылған мәтіннен тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді іріктеңіз. Орфографиялық нормаға сай жазыңыз.Себебін түсіндіріңіз.

Бірге жазылады

Бөлек жазылады

Дефис арқылы жазылады

Неге? Түсіндіріңіз Дәлелдеңіз





Дескриптор:

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

балл

Оқушы сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады

1

1.Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді іріктейді

2.Орфографиялық нормаға сай жазады

3.Себебін түсіндіреді

1







1




1

ҚБ "Көршіңді тексер" тәсілімен жұптардың бірін-бірі бағалауы.

Оқушылар үлестірмелі карточкаларымен алмасып, жұптар бірін – бірі тексереді









Суреттер













Слайд



















Оқулық

https://okulyk.kz/wp-content/books/166/166.pdf



































































Үлестірмелі материалдар















Сабақтың аяғы

Сабақты қалай аяқтайсыз?

Кері байланыс жасау. "Кіру билеті, шығу билеті"
"Шығу билеті"
1. Бүгінгі сабақта үйренгенім?-------------------------------------------
2.Маған түсініксіз болды?------------------------------------------------
3. Сабақты жақсарту үшін қандай ұсыныс айтасыз?--------------
Топта білім алушылар сабақта нені түсінгенін, не түсініксіз болғанын, сабақты жақсарту үшін ұсыныс айту арқылы кері байланыс беріледі.
Үй тапсырмасы: беріледі

Слайд





Кері байланыс парағы

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ