Материалдар / ҚМЖ "Ауа райы деген не?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ "Ауа райы деген не?"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2020
1079
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Сынып: 1

Мектеп: ЖББ Ж. Досмұхамедов атындағы орта мектеп – балабақша кешені

Күні:

Бөлім: 2.2 Бізді қоршаған әлем

Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы.

Мұғалімнің аты-жөні : Карасаева Б.О

Сабақтың тақырыбы: «Ауа райы деген не»



Оқу мақсаттары:

1.2.2.1. Ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау.

1.2.3.1. Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау.

Сабақ мақсаттары:

Барлығы: жыл мезгілдеріне орай ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтайды

Көпшілігі: адамдардың жыл мезгілдеріне сәйкес ауа райының өзгерісін сипаттайды

Кейбірі: өзі тұратын елді мекеннің ауа райын сипаттап, табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін баяндайды

Тілдік мақсаттар:


Пәнге тән лексика мен терминология: жыл мезгілдері, ауа райы, қыс, көктем, жаз, күз, ауа температурасы

Диалог пен жазу үшін пайдалы тіркестер:

Жыл мезгілдерін ата?

Ауа райы қалай өзгереді?

Жыл мезгілдеріне орай қалай киінеміз?

Сендерге жылдың қай мезгілі ұнайды?
Шартты белгілерді кестеге орналастыр

Жылдың әр мезгілінде қандай ойын ойнайсың?



Құндылықтарды дарыту

Азаматтық жауапкершілік: қоршаған ортаны қорғайды, елжандылық құндылығын артады (сабақ ортасында)

Ынтымақтастық: (топтық, жұптық,жеке жұмыс)

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу (жыл мезгілдері туралы айтады, бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін әңгімелейді)

Көркем еңбек (шартты белгілерді кестеге салады)

Бастапқы білім

Оқушылардың ауа райы құбылмалы болатындығы мен жыл мезгілдерінің алмасатыны туралы негізгі білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


















Сабақ ортасы

25 мин

Ширату. «Ой қозғау» әдісі . Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

-Балалар жыл мезгілдерін атайық.

-Сенің туған күнің қай мезгілде?

-Жыл мезгілдерін ата?

-Ауа райы адам әрекетіне қалай әсер етеді?

-«Қыс қамын жаз ойла» деген мақалды қалай түсінеміз?

-Ауа температурасын қандай құралмен өлшейміз?

ҚБ: Мұғалімнің қолдауы

Өте жақсы орындағандарға- «тамаша»

Жақсы орындағандарға- «бәрекелді»

Орташа орындағандарға-«талпын»

Сабақ мақсатын таныстыру.

Сабақ мақсаты: ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін түсініп, табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерімен танысамыз.


Жаңа тақырып. Оқулықпен жұмыс, 44 бет

Суретте қандай жыл мезгілдері бейнеленген? Адамдар әр жыл мезгілінде немен айналысады?

Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді ». Дереккөз бойынша саралау.

Критерий: жыл мезгілдеріне орай ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтайды

Тапсырма: Суретке қарап жыл мезгілін анықта. Ауа-райы қандай болатынын әңгімеле. Адамға және оның іс-әрекетіне әсерін талқыла. Ортаға шығып түсіндір.

1-топ 2-топ



3-топ 4-топ


Дескриптор:

-сурет бойынша жыл мезгілдерін ажыратады

- ауа-райы қандай болатынын әңгімелейді

- адамға және оның іс-әрекетіне әсерін талқылайды

ҚБ:

«Күн»- тапсырманы өте жақсы орындағаны үшін

«Бұлтты күн»- тапсырманы жақсы орындағаны үшін

«Бұлт»- тапсырманы орташа орындағаны үшін


Жұптық жұмыс «Сәйкестендіру» әдісі. Нәтиже бойынша

саралау.

Критерий: адамдардың жыл мезгілдеріне сәйкес ауа райының өзгерісін сипаттайды.

Тапсырма: Ресурс бойынша жұпта заттар мен киімдерді ауа райына сай сәйкестендір. Ауа райының өзгерісін әңгімеле.

Дескриптор: -заттар мен киімдерді ауа райына қарай сәйкестендіреді

- ауа райының өзгерісін әңгімелейді.


ҚБ «Мұғалімнің мадақтауы»


Сергіту сәті «Көңілді күн»(іс-қимыл арқылы орындайды)

Жел тұрады гуілдеп,

Ағаш біткен уілдеп.

Аспанды бұлт торлады,

Найзағайлар ойнады.

Жаңбыр жауды себелеп,

Гүлге қонды көбелек.

Кемпірқосақ көрінді,

Жарқыраған күн шықты


Жеке дәптермен жұмыс «Ауа райын бақыла», 29 б. Қарқын бойынша саралау.

Барлығына тапсырма: Оқушылар өздері тұратын елді-мекеннің ауа райын бақылап, шартты белгілерді кестеге орналастырады.

Бақылау уақыты

Бұлттылығы

Желдің бағыты

Жауын-шашын

Таңертең




Түсте




Кеште





Қосымша тапсырма: өзі тұратын елді мекеннің ауа райына байланысты табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін баяндайды.

ҚБ: «Көршіңді тексер»

Оқушылар бірінің жұмысын бірі тексеріп, дәптерлерімен алмасады


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Критерий: жыл мезгілдеріне орай ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтайды.

Тапсырма: Суреттерге мұқият қара. Адамдарға ауа райы қалай әсер етеді? Әңгімеле.


Дескриптор:- ауа райының адамның көңіл күйіне тигізетін әсері туралы айтады;

- адамдардың ауа райына қатысты іс-әрекетін сипаттайды.





Сұрақттарға жауап береді.



Мақал

Термометр


Мұғалімнің бағалауы








Дүниетану. ЖББ мектептің 1- сыныбына арналған оқулық . /Қ.Қ.Байтенова, А.А.Жакеева, Е.Н.Попова т.б. -Астана, «НЗМ»ДББҰ, 2016-96б.















Интернет желісінен алынды
































Дүниетану жұмыс дәптері ЖББ мектептің 1- сыныбына арналған оқулық Қ.Қ.Байтенова, А.А.Жакеева, Е.Н.Попова -Астана, «НЗМ»ДББҰ 2016-96








Мұғалімнің шығармашылығынан












Дүниетану жұмыс дәптері ЖББ мектептің 1- сыныбына арналған оқулық . авторлары: Қ.Қ.Байтенова, А.А.Жакеева, Е.Н.Попова -Астана, «Н.ЗМ»ДББҰ 2016-96











Интернет желісінен алынды

Сабақ соңы

Қорытын-

дылау 5мин







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!