Материалдар / ҚМЖ, Бензол молекуласының құрылысы. №1 зертханалық тәжірибе "Бензол және толуол молекуласының моделін құрастыру"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ, Бензол молекуласының құрылысы. №1 зертханалық тәжірибе "Бензол және толуол молекуласының моделін құрастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар үшін: Көміртегі атомын будандастыру түрін және бензол молекуласының құрылымын анықтайды Көпшілік оқушылар үшін: Бензол формуласының құрылымын және ароматтығын сипаттайды. Кейбір оқушылар үшін: Молекуланың құрылымдық ерекшеліктерін және бензолдың қасиеттерін анықтайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
3024
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Бензол молекуласының құрылысы.

1 зертханалық тәжірибе "Бензол және толуол молекуласының моделін құрастыру"

Бөлім:

11.1 A Ароматты қосылыстар қатары

Педагогтің аты-жөні:

Малкаева Ш.Д.

Күні:

02.09 - 04.09.2021

Сыныбы:11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бензол молекуласының құрылысы. №1 зертханалық тәжірибе "Бензол және толуол молекуласының моделін құрастыру"

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.4.2.12 бензол молекуласының құрылымын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар үшін:

Көміртегі атомын будандастыру түрін және бензол молекуласының құрылымын анықтайды

Көпшілік оқушылар үшін:

Бензол формуласының құрылымын және ароматтығын сипаттайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Молекуланың құрылымдық ерекшеліктерін және бензолдың қасиеттерін анықтайды

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы



(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Бензол молекуласының құрамында қанша -байланысы бар?



2.Бензол молекуласының құрамындағы байланыстың қай түрі

локализацияланған?



3.Неліктен бензол молекуласындағы көміртек атомдары арасындағы байланыс ұзындығы бір және қосарланған болып кезектесіп орналасқан?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу 26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Бензол формуласының құрылымын және ароматтығын сипаттайды..


Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

Қай суретте бензол молекуласында - байланыс түзілу схемасы дұрыс көрсетілген?

2-тапсырма

5.Бензол молекуласындағы -электрон бұлттың орналасуын қай диаграммада дұрыс көрсететілген?

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Суретті талдау

.




























ДК экраны

11-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жеке жұмыс

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1 зертханалық тәжірибе "Бензол және толуол молекуласының моделін құрастыру"

Жұмыстың барысы:

Атом модельдерін қолдану арқылы төмендегі заттардың молекуласын жасап шығарыңыз.

а) бензол

б) метилбензола (толуола)

в) этилбензол

Кестені толтырыңыз:

Қосылыс аты

Қосылыстың молекулалық формуласы

Қосылыстың құрылымдық формуласы

1










2










3












Дескриптор: Жалпы - 3 балл



1.Тәжірбиені орындайды



ДК экраны

11-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!