Материалдар / ҚМЖ "Инерция құбылысы" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ "Инерция құбылысы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал физика пәнінің мұғалімдеріне керек. Яғни 7 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2018
6296
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Мектеп: Қайыңды ОЖББМ

Сынып: 7

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Мұғалім: Гумарова Ж.А


Сабақ тақырыбы:

Инерция құбылысы

Сабақ түрі:

Жаңа тақырыпты түсіну және өтілген тақырып бойынша білім мен біліктілікті дамыту.

Сабақтың оқу мақсаттары:

  • 7.2.2.1 инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру.

Жетістік критериялары

  • Инерция ұғымына анықтама бере алады;

  • Инерция құбылысына мысалдар келтіре алады;

Құндылықтарды дарыту:


  • Оқушылардың танымын кеңейту;

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту;

  • Оқуда өзінділік пен жауапкершілікті дамыту;

  • Логикалық ойлау, салыстыру, өздігінен қорытынды жасау дағдыларын дамыту;

  • Белсенділік, шығармашылық қызығушылық ояту..

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар «инерция» терминдерін жазбаша және ауызша біледі.

Арнайы пәндік лексикалық терминология:

Инерция

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиет

Алдыңғы білім:

Тығыздықты есептеу

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин.


3-5 мин.




(Т) Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім сыныптың сабаққа даярлығын тексереді.

Картамен топқа бөлемін. «Қыздар» тобы және «Балталар» тобы

Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырады.

Негізгі міндет инерция құбылысының мән-мағынасы туралы білетін болады.



Карталар







Үй тапсырмасы

5 мин

«Ашық микрофон» әдісі.

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

Қ/Б: жұлдызша арқылы

Микрофон


DrawObject1


Жаңа білім

7-8 мин

Білу және түсіну

(Т) Жаңа тақырыпты меңгеру. Инерция анықтамасы енгізіледі.

Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды.

Мұның дұрыстығына мына тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады:


Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция деп аталады.

Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалдар:







Презентация

Оқулық, мәтіндер



Ортасы


10 мин















Қолдану

  1. Тапсырма

а) Неліктен, жүргізуші тежеген кезде автомобильдің артқы қызыл жарығын жағады?

б) Қозғалып бара жатқан пойыздың вагонының еденінде тыныштықта тұрған доп, пойыздың қозғалысына қарсы бағытта домалап кетті. Пойыздың жылдамдығы қалай өзгереді? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

Дескриптор Білім алушы

  • Инерция құбылысымен байланыстырып түсіндіреді.

ҚБ: мадақтау (жарайсың, дұрыс )

2 – тапсырма

Берілген мысалдардың ішінен инерция арқылы қозғалысты таңдаңыз.

А) Кілемді ұрғышпен қаққанда, шаңның ұшып шығуы.

В) Сүрінген адамның алға қарай құлауы.

С) Автомобильдің қозғалысы.

Д) Жердің өз осінен айналуы

Дескриптор Білім алушы

  • Инерция құбылысын белгілейді

Қ/Б: жұлдызша арқылы

3 – тапсырма

Массалары 1 кг және 3 кг екі арбаша өзара әсерлескен кезде, үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады? Арбашалар жылдамдықтарын салыстырып, олардың мәнінің массаға тәуелділігін анықтаңыз.

Дескриптор Білім алушы

  • Екінші арбаша жылдамдығын анықтайды;

  • Дене жылдамдығы мен массасы арасындағы байланысты анықтайды.

Қ/Б: жұлдызша арқылы


суреттер















Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

«Өрмекші» әдісі

Оқушыларға постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.

Плакат, маркерлер

Сабақтың соңы

37-38 мин















38-40 мин

Үй тапсырмасы:

§ 10 оқу, эссе жазу


Рефлексия. Өз жетістіктерін өздері анықтау мақсатында жазбаша өткізіңіз.

«Бес саусақ» әдісі

  1. Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

  2. Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза еттім?

  3. Ортан терек – ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

  4. Шылдыр шүмек – шынайлық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  5. Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар білуі қажет:




Оқушылардың көбі білуі қажет:


.

Кейбір оқушылар білуі қажет:









Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?




Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?





Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!