Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
6 сыныптың жаратылыстану пәні, “тірі табиғаттағы үдерістер” тақырыбы бойынша құндылыққа негізделген қысқа мерзімді сабақ жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән |
Жаратылыстану |
||||
Бөлім |
Жанды және жансыз табиғаттағы үдерістер |
||||
Педагогтің аты-жөні |
Тұрар Бауыржан Қожатайұлы |
||||
Күні |
30.10.2023ж. |
||||
Сынып |
6 «» Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Тірі табиғаттағы үдерістер |
||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.4.2.1 – Жасуша компоненттерін анықтау. |
||||
Сабақтың мақсаты |
Білім алушылар жасуша компоненттерінің алуантүрлілігін айқындап, олардың құрылымдық және қызметтік ерекшелігін анықтай алады. |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Cабақтың басы |
Сынып даярлығы тексеріледі. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
Психологиялық ахуал Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек...» дәйексөзін келтіріп, оқушыларды аталмыш қасиеттермен таныстырып, сонымен қатар «толық адам» концепциясын талап, ар-ұят, ұлттық мүдде құндылықтарымен байланыстыра отыра сәттілік тілейді.
Топқа бөлу. «Толық адам» әдісі арқылы оқушыларды 4 топқа бөледі.
Алдыңғы білімді қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар:
Пәнаралық интеграциялаумен «Ой қозғау» әдісі арқылы жадыны жаңа тақырыпты игеуге дайындау әрі назарды шоғырландыру.
Сабақтың тақырыбын болжау. Жаңа сабақ тақырыбын болжау мақсатында экранда көрсетілген коллаждағы суреттердің ортақ мағынасын анықтап, ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау:
Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.
Мұғалім сөзі: Тіршілік – табиғаттың күрделі құбылыстарының бірі. Әр ағзаның бастауында тіршіліктің пайда болу процессі жатады. Сонымен қатар ағзалардың алуандылығы қаншалықты көп болса, олардың тіршілік иесі болып қалыптасуы және жер бетінде пайда болу жолдары да сан алуан. |
Сәлемдесу.
Топқа бөлінеді. Топпен жұмыс жасау ережесін сақтайды: 1.Уақыттың қадірін білу (Талап); 2.Әркімнің ойы құнды (Ар-ұят); 3.Берік ынтымақтастықта болу (Ұлттық мүдде). Интерактивті тақтада көрсетілген жұмбақ жауабын қысқа уақытта табу. Коллаждағы суреттер арқылы олардың ортақ мағынасын анықтап, берілген сұрақтарды талдай отыра, ауызша жауап береді, сыныптастарының пікірін толықтырады, жаңа сабақтың тақырыбына болжам жасайды.
|
|
Интерактивті тақта. 1-слайд.
Таратпа қимақағаздар.
2-4-слайд.
5-6-слайд.
|
|
Сабақтың ортасы |
«Жасуша дегеніміз не?» атты бейнероликпен және тақырып бойынша әзірленген презентациядағы ақпаратпен таныстырады. ТЖ. 1-тапсырма. «Абай үшбұрышы» әдісі арқылы Жасуша компоненттерінің алуантүрлілігін анықтап, олардың құрылымдық, қызметтік ерекшеліктерін талдаңыздар. «Абай үшбұрышы» әдісінің орындалу жолын таныстырады. Оқушыларға үшбұрыш етіп қиылған қимақағаздар таратылады. /тапсырманы орындау кезінде тірек сөздер беру/
Саралау тәсілі: «Дереккөздер арқылы саралау» тәсілімен оқушыларға тапсырманы орындай алулары үшін қосымша баспадан шыққан дереккөздер беремін. Ұсынылған дeрeккөздeр арқылы қолдау бірнeшe қадам арқылы жасалатын тапсырмада көмeк болады. «Қарқын арқылы саралау» тәсілі қолданылады. Көмек қажет ететін оқушыларға уақыт беремін. Құндылықтарға дарыту: Талап құндылығы топта жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтуға, ақпараттық сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, сонымен қатар уақытты тиімді жоспарлауға жетелейді. Жұмысты орындау кезінде, өз ойын жүйелі жеткізеді. Ар-ұят құндылықтары топ мүшелерін адал еңбекті құрметтеуге, сөзіне әрі ісіне адал болуға және бірін-бірі қолдауға шабыттандырады. Ұлттық мүдде құндылықтары арқылы ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді. Мұғалім кері байланыс береді. Ж. Ж 3-тапсырма. «Classtime» платформасы арқылы жасуша компоненттерінің алуантүрлілігін айқындаңыз және олардың ерекшелігін анықтаңыз. Топқа сілтеме жіберіледі. Мұғалім кері байланыс береді. Саралау тәсілі: «Қарқын арқылы саралау» тәсілі қолданылады. Көмек қажет ететін оқушыларға уақыт беремін. Құндылықтарға дарыту: Жеке жұмысты орындау кезінде оқушыларды талаптылыққа (сыни және креативті ойлау, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, жеке жұмыс жасай білу т.б.) шақыру. Мұғалім кері байланыс береді. |
Бейнероликті және презентацияны көріп, ондағы ақпаратпен танысады.
Құралған үшбұрыншты сипаттайды және қосымша ақпаратты пайдалана отырып, Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы болжамдарды анықтап, ерекшеліктерін айқындайды: 1-топ: «Ядро» компонентінің ерекшеліктерін анықтап, өзге топ мүшелеріне түсіндіреді; 2-топ: «Жасуша мембранасы» компонентінің ерекшеліктерін анықтап, өзге топ мүшелеріне түсіндіреді; 3-топ: «Митохондрия» компонентінің ерекшеліктерін анықтап, өзге топ мүшелеріне түсіндіреді; 4-топ: «Пластидтер» компонентінің ерекшеліктерін анықтап, өзге топ мүшелеріне түсіндіреді.
Ықтимал жауап: 1-топ. Ядро – жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядроның пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша т.б. болуы мүмкін. Ядроның құрамында оның сұйықтығы – құрамында рибонуклеин қышқылы (РНҚ) , дизоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), ядро қабығы және ядрошық болады. Ядро қабығы ядроны цитоплазмадан бөліп тұрады. Тұқымқуалау қызметін атқарады. 2-топ. Жасушаны және оның ішкі ортасын қоршап тұратын мамандандырылған құрылым; жасушаға/жасушадан заттардың енуі мен шығуын бақылайды. Жасуша мембранасы жартылай өткізгіш (немесе таңдамалы өткізгіш) болып келеді. Ол екі қабатты майлар, ақуыздар және көмірсулардан тұрады. 3 -топ. Митохондриялар, көбінесе жасушалық қуат орталықтары деп аталады, эукариоттық жасушалардың цитоплазмасында барлық жерде кездесетін маңызды мембранамен қоршалған компоненттер. Бұл органоидтар жасушаларда энергияны сақтайды және тасымалдайды. 4-топ. Пластидтер өсімдік жасушасының негізгі органоиді. Олар үшке бөлінеді: хлоропластар, хромопластар және лейкопластар. Пластидтер - өсімдік жасушасының органоидтары. Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі. Түсі бойынша жасыл пластидтер, (хлоропласттар), сары-ашық қызыл және қызыл. (хромопласттар) және түссіз, (лейкопласттар) ажыратылады. Сонымен қатар фотосинтез процессін жүзеге асыратын маңызды компонент. Оқушылар ұялы телефонды қолдана отыра «Classtime» платформасында тапсырманы орындайды. Ықтимал жауап: 1) Төрт 2) Опарин. 3) Панспермия. 4) Жаратқан арқылы. 5) Шығармашылық жауап. 6) Рас. 7) Жалған. 8) Жалған. 9) Ғылыми фактілерге сүйенген негіздемесі жоқ. Ғылыми ортада аргументтері тым әлсіз, сондықтан. 10) Ол Кеңес Одағының ғалымы, Мамандығы биохимик. |
Өзара топтық бағалау; «Ақыл, қайрат, жүрек» әдісі арқылы бағалау.
Бағалау критeрийі: Жасуша компоненттерінің алуантүрлілігін анықтап, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктерін сипаттай алады.
Дескриптор:
Бағалау критeрийі: Жасуша компоненттерін құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне сай ажырата алады.
Дескриптор:
|
Интерактивті тақта. Бейнеролик. Слайд.
Үшбұрыш қимақағаздар, оқулық, бағалау парақшалары,фломастерлер, желім.
Интерактивті тақта, ұялы телефон, . «Classtime» платформасы.
Таратпа қимақағаздар.
|
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия «Тикток лайк» әдісі арқылы оқушыларға рефлексия жүргізу. Тақтаға сабақтың тиктогының суреті ілінеді. Балаларға үш түсте – тиктоктағы қызыл лайк, ақ нүктелі бұлт және сары түсті «сақтау» белгілері беріледі. Құндылықтарға дарыту: Талап (Медиа сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, сыни ойлау, технологиялық дағдыларды ілгерілету, мұғаліммен оқушы ортасында дұрыс қарым қатынасты орната білу), Ар-ұят (Әдеп нормаларын ұстану, өзін сыныптың, қоғамның, Отанының маңызды мүшесі екенін сезіну) құндылықтарын қалыптастыру. Оқу тапсырмасы. STEM технологиясын қолдану арқылы жасуша моделін құрастыру. |
Оқшылар рефлексиясы. Сабақтың тиктогына жапсырады: қызыл лайк - Мен бәрін тамаша орындадым, ақ нүктелі бұлт – тапсырманы орындауда сұрағым бар, сары түсті «сақтау» белгісі – сабақтан өзіме керекті білім алдым. |
|
Қызыл, ақ және сары түсті тикток қосымшасының батырмаларының суреттері. А3 форматтағы тикток қосымшасындағы сабақтың тикток публикациясының суреті. Желім. |