Материалдар / ҚМЖ жазу барысында оқу мақсатына сай тапсырмалар дайындау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ жазу барысында оқу мақсатына сай тапсырмалар дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге ҚМЖ жазу үлгісін көрсету. Оқу мақсаттарына сай тапсырмаларды құруға үйрету. Берілген әрбір оқу мақсатына сай тапсырмалар үлгісі берілген, мұғалім және оқушы әрекеті, дескриптор мен бағалау түрлері де ұсынылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
1580
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бөлім:

1-бөлім:

Менің Отаным – Қазақстан. Лексикография

Педагогтің аты-жөні:

Байсенгирова Д.А.

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көркем табиған және көрікті жерлер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.1.1. Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.

6.3.3.1 Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру.

6.4.1.1. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды

Білім алушылар ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырады

Білім алушылар тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуды үйренеді

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу


«Рухани әңгіме»

Қазақстанның қандай табиғаты көрікті жерлерін атай аламыз?

Өз ауылымызда қандай табиғаты әсем жерлер бар?

Дәл қазіргі табиғат көрінісін, ауа-райын сөзбен суреттеп көрші


Инклюзив оқушыға

Біздің Көкпектінің табиғаты саған ұнай ма?

Оқушылар үлкен шеңберге тұрады



Осыған дейінгі білімін еске түсіреді

Солтүстікте Көкшетау, Сарыарқа, Астана

Шығыста Алтай, Катонқарағай, Сарыбел, Марқакөл

Оңтүстікте Сарыағаш, Түркістан

Батыста Каспи, Ақтау, Маңғыстау





Айтылым дағдысын бағалаймын

Оқушылардың осыған дейінгі білімі

Сөз саптауы, тілі, ой жүйріктігі

«Жарайсың»

«Тамаша ой айттың»


Жаңа сабақ

10 мин

«Миға шабуыл»

Тыңдаған мәтіннің тақырыбы не?

Тыңдаған мәтінде қандай пікірлер айтылды?

Ол пікірлерге қандай дәлелдер келтірілді?

Мәтіннің алғашқы бөлігінде қандай мәлімет берілген?

Мәтіннің соңғы бөлігінде қандай мәлімет берілген?

Инклюзив оқушыға

Осы тыңдаған мәтінде қандай жер-су атауын естідің?

Дисктегі «Қазақстанның көрікті жерлері» дыбыс мәтінін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.



Тыңдалым және айтылым дағдысын бағалаймын


Мәтіндегі пікірлерді, дәлелдерді айта алуы-1 ұпай

Мәтіндегі негізгі мәселені тауып айта алуы-1 ұпай

Мәтіннің бөліктерін /басы, соңы /болжауы -1ұпай

Диск

Сабақтың ортасы

10 мин

Оқушыларды топқа бөледі. Тапсырманы түсіндіреді

1-топ Шығыс

2-топ Батыс

3-топ Оңтүстік

4-топ Солтүстік


1-тапсырма

Оқулықта берілген мәтінді оқиды

ғаламторды пайдаланады

Қазақстанның көрікті жерлері туралы деректерді жинақтайды

графиктік мәтін, сызба, кесте түрінде жазба жұмысын орындайды



Оқылым, жазылым дағдысын бағалаймын

Деректердің көптігі, шынайылығы-1 ұпай

Мәтін, сызба, кестенің дұрыс жасалуы-1 ұпай

Сауатты жазылуы-1 ұпай

Оқулық, ұялы телефон

7мин

Оқулықтағы 2- тапсырманың орындалуын түсіндіреді, орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



2-тапсырма

Оқулықта берілген шағын мәтінді оқиды

бірге, бөлек, дефис арылы жазылатын сөздерді тауып, дәптеріне жазады, парталасына дәлелдейді



Инклюзив оқушы

Шағын мәтінді оқиды

Бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді дәптеріне көшіреді

Оқылым, жазылым дағдысын бағалаймын

Мәтіннен бірге жазылатын сөздерді табады- 1ұпай

Бөлек жазыатын сөздерді табады-1 ұпай

Деффис арқылы жазылатын сөздерді-1 ұпай

Сауатты жазады-1 ұпай

Дәлелдейді-1 ұпай

Оқулық

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон»

Оқушылардың бүгінгі сабақ туралы ойларын тыңдайды

(осы жерде егер оқушылар мәтінді талқыладық, деректер жинадық, бірге, бөлек, деффис арқылы жазылатын сөздерді таптық деген пікір айтса сабақ мақсаты толық орындалды)

Үйге тапсырма

Басқа облыстағы досыңа өз ауылыңның табиғатын сипаттап хат жаз

Оқушылар осы сабақты қорытындылайды, әр жұмысты бағалайды, пікір айтады, ескерту айтуы да мүмкін


«Дұрыс»

«Келісемін»

«Жарайсың»



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: «Рухани әңгіме» оқушының білімін, сөйлеу мәнерін, сыни ойлануын, пікір айтуын, дәлел келтіруін бағалай алдым. Болашақта эссе жазуға бағыттай аламын

2: «Топтық жұмыс» оқушының шығармашылығы, креативтілігі, зерттеушілігін көре аламын.

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: Ресурстың сапалы болуы

2: Оқушының еркіндігі

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1: Тақырыпқа байланысты «Рухани әңгімені» жиі қолдану керек.

Үй тапсырмасына үнемі шығармашылық жұмыс ұсыну керек




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!