Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ. Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
3. 4. 2. 4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру; 3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқамерзімді жоспар

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыбы: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:

Г.Бейсеева

Күні:

10.10.2024 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3. 4. 2. 4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Өздеріне ұнайтын тақырыптағы компьютерлік ойындарды әңгімелейді.

Жоба скриптерінде жасырыну мен көрсету командаларының қызметін түсіндіре алады.

Scratch-те ойын құру барысында циклдік алгоритмді қолдануды үйренеді.

Құндылықтарға баулу

"Тәуелсіздік және Отаншылдық" құндылықтары ұлттық бірлікті, патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті нығайту

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту: «Ассоциативті қатар» ойыны

Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: дыбыс, «Дыбыс жазу», программа, өңдеу т.б....

Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Топтастыру:

Топтастыру: «Гүлмен тілек жеткізу» әдісі

Оқушыларға түрлі түсті қағаздардан жасалған гүл таратылады. Оқушылар гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

І – топ – «Дыбыстық әуендер»

ІІ – топ – «Дыбыстық файлдар»

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Қандай тақырыптағы компьютерлік ойындарды ұнатасың?

  • 1-суретті қолданып, құрастыруға қандай ойын идеясын ұсынар едің? Ойыңды ортаға сал.


Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші мен түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу: «DEAL» әдісі

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу);

E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу);

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау);

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

Сабақтың ортасы

(31 мин)

Топтық жұмыс

«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі

Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОҮБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет. Ол үшін топпен бірлесе төмендегі тапсырманы орындау тапсырылады.

1- тапсырма

«Еңбекқор кірпі» ойын жобасындағы алма кейіпкерлерінің скриптілеріне талдау жасаңдар.

1) 3, 5, 6-суреттегі алмалардың скриптілеріндегі айырмашылықтарды табыңдар.

2) Алмалардың скриптісіндегі мұндай айырмашылықтардың себебін түсіндіріңдер.

Дескриптор

  • Ойын идеясын ұсынады.

  • Ұсынған ойындарының алгоритмін сөзбен сипаттайды.

Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Жұптық жұмыс

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Төмендегі суреттерді пайдаланып, қандай ойын жобасын құрастырған болар едіңдер? Ойын идеясын ұсыныңдар. Ұсынған ойындарыңның алгоритмін сөзбен сипаттаңдар.

Дескриптор

  • Ойын идеясын ұсынады.

  • Ұсынған ойындарының алгоритмін сөзбен сипаттайды.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай «От шашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері


Жеке жұмыс

«Еркін микрофон» әдісі

  • «Еңбекқор кірпі» жобасына тағы бір алманы қосу үшін жобаға қандай өзгеріс енгізу керек?

  • Жоба скриптерінде жасырыну мен көрсету командалары қандай қызмет атқарады?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа толық жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «От шашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.


Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

(Ұ). «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды әрі бір тілек айтуды сұраңыз.

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат.

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Қалыптастырушы бағалау: мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне қарай «От шашу» әдісімен бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.00.2024
220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12