Материалдар / Қмж Сын есім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қмж Сын есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2021
1030
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 19.01.21ж

Машықкер: Сырлыбай аяжан

ПӘНІ: Қазақ тілі

Мектеп: №37 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясы

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Сын есім


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сын есімді ажырата алады. Сауатты, көркем жазады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.

АКТ

Слайд

Алдыңғы оқу

Болымды жəне болымсыз етістік

Жоспар

Әдіс-тәсілі

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қазақ тілін бастаймыз,

Білімнен біз қашпаймыз.

Ойға түйіп әр сөзін,

Кілең бестік жинаймыз.


(Ұ) «Ой сергек» арқылы сыныпты 4 топқа бөлу.

Топқа бөлу. «Теңіздегі капитан».

Оқушылар ойын шартымен таныстырылады.

Мақсаты: байқампаздыққа, шапшаңдыққа, бір-

бірінің әрекетін бақылап зер салуға қалыптастыру.

«Теңіздегі капитан» дегенде, оқушылар қозғалысқа Түседі.

«Суға адам кетті» дегенде, оқушылар орталарына бір оқушыны алып шеңбер жасап тұрады.«Түскі ас» дегенде, 4 оқушыдан бірігіп, тамақ ішу сәтін бейнелейді. «Еден жуатын адам» дегенде, оқушылар жұптасып қимылдау керек.


Сабақтың ортасы

30 минут
























(Ұ; Ж; Қ)

45-жаттығу Мəтінді түсініп оқы.

- Мен ол ағашты көрмегелі он шақты жылдай бо-

лыпты! Жаяу баралық. Қасиетті ағаш қой, – деді Жам-

был ата.

Ағашқа жақындағанда, шошып қалды. Біреу балта-

мен ағашты сарт-сұрт шауып жатыр.

Ей, тоқта! Сен өзі дені сау адамбысың? Ағашқа

неге балта шабасың?

Жамбыл ата екенсіз ғой! Кешіріңіз! Мен бір бұтағын

кесіп жатыр едім, – деді жігіт.

Жамбыл ата:

Ал, жігітім, жөніңді айтшы. Бұл Сүйінбай атаңның

еккен ағашы екенін білемісің? – деді.

Білемін, Жәке. Біз ауылымыз болып бұл мәуелі

ағашты қасиет тұтамыз. Қураған бұтағын кесіп тастай-

мыз. Күн ыстықта осы ағаштың көлеңкесінде демала-

мыз, – деді жігіт.

Мұхамеджан Етекбаев

Сұрақтар:

Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.

Мәтінде аты аталған адамдар туралы не білесің?

Жамбыл Жабаев туралы айтып бер.

Сүйінбай туралы дереккөздерден ақпарат жина.

Мәтіндегі сын есімдерді тап, сұрақ қой.

(МК; Ө; Ж; Қ)

46-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазады.

Сүйінбай Аронұлы – ақиық* айтыс ақыны. Жасы-

нан жыраулығымен елге танылған. М. Әуезов оны ай-

тыс өнерінің алтын діңгегі* деп атаған.


Сын есімдерді тауып, астын сыз.


(МК; Ө; Ұ; Қ)

47-жаттығу. Мəтінді оқып, ат қою.

Екі бала тоғайға бардық. Қарағайдың, түрлі өсімдік-

тің жұпар иісі мұрныңды жарады. Аласа бұталардың

арасынан сұр торғай, көк шымшықтар пыр-пыр ұшады.

Анадайда ала қанат тоқылдақтың тоқылы естіледі.

Тоғай іші көңілді.

Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

Мәтіннен сын есімдерді тап. Олар қай заттың сынын білдіріп

тұрғанын айт.

(МК; Т; Ө; Қ)

48-жаттығу. Торкөздерге фигураларға сай

әріптерді қойып, өлеңнің атын оқиды.

Шешуі: Алатау.



































Дəптермен жұмыс

Сабақтың соңы 5 минут

Р
ефлексия



Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға

тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?









Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?





Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс




қабілеті жоғары оқушыларға

мәтін құрастырады, сын есім

Смайликтер арқылы көңіл-күйді анықтауды үйренеді.

Әдебиеттік оқу, дүниетану

Топтық жұмыстарда құралдарды сақтықпен пайдалану


Рефлексия


Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.










Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!