Материалдар / ҚМЖ тәрбие сағаттары толық жыл

ҚМЖ тәрбие сағаттары толық жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2024
100
1 рет жүктелген
1710 ₸ 1900 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына-150 жыл.

Сабақ мақсаты

1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми

еңбектері туралы мағлұмат беру.

2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу

3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады.

Ахмет Байтұрсынұлы. Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.

-Ахмет Байтұрсынұлы өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.

1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.

1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.

 Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және аудармашы. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы. (презентация)

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі тәрбие сағатын осымен  аяқтайық.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.


















































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Бір ел, бір тағдыр»

Сабақ мақсаты

1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Мұғалім: Талай ғасырлар бойы ата - бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір - қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- 14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі?
- Иә, балалар, Жолдауын арнады.
Мұғалім сөзі. Ал енді балалар елбасымыз елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт - бағдары» деген тақырыпта дәстүрлі халыққа жолдауын арнады.
Қазақстан – 2050 стратегияның бағыттары – мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында.
Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды деген болатын..
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! – деген болатын.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып - тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ - береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Бір ел ,бір тағдыр» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.










Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Елімнің тұңғыш Президенті»

Сабақ мақсаты

1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. 2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. 3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?

Халықтың бағы баянды болсын – дей келе тәрбие сағатымыз аяқталады.
- Бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарына ризамын.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.








Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1 - қыркүйек – Білім күні

Сабақ мақсаты

Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Мемлекеттік әнұранды орындау. Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (слайдтан қоңырау соққан баланың суретін көрсету).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)

Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.

Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер.

Балалар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтады.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:
Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандары үшін көп рахмет. Бүгінгі 1 - ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.

Балалар бір біріне деген тілектерін білдіреді.







Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Достық.Отаншылдық.Тәрбие.

Сабақ мақсаты

Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, бірлігін, экономикасын, мәдениетін және байлығын насихаттай отыра, достық пен бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, білімді болуға, көп тілді меңгеруге үйрету Ой — өрісі, сөйлеу тілі мен жазба тілі, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.
Әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады. Олар өз өнерлерін көрсетеді.

Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.


Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:
Міне, балалар, осымен біздің

«Достық. Отаншылдық. Тәрбие» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!!!

Балалар бір біріне деген тілектерін білдіреді.



































































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тіл мерейі,ел мерейі

Сабақ мақсаты

Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру;

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде деп білеміз. Бүгінгі біздің «Тіл мерейі-ел мерейі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

 Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.

«2008 - жыл тілдер жылы» болып жариялануына орай бүгін сіздермен тілдер жайлы айтпақпыз.

Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналды. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі». Біздің ақын-жазушыларымыз да тіл туралы керемет айтқан даналық сөздері бар. (Слайдты көрсетілім)

Тіл туралы мақал-мәтелдерге тоқталу.

 1.Ана тілің - арың бұл, ұятың болып тұр бетте.

2. Алтын күн бағасыз бір белгі боп,

     Нұрлы жұлдыз - бабам тілі сен қалдың.

3. Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік.

4. Ана тілін білмеген, ақылы жоқ желік бас

    Ана тілін сүймеген, халқын сүйіп жарытпас.

5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі - ортақ.  6. Ақыл көркі көңіл, тілдің көркі сөз.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:
Міне,балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Және осы сабақпен шектеліп қана қоймай үйге «тіл» туралы тақпақ жаттап келуге тапсырма беремін. Сабаққа ден қойғандарыңызға рахмет!

Балалар бір біріне деген тілектерін білдіреді.





















































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Отбасы—өмір аясы

Сабақ мақсаты

Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.

Балаларға сұрақ қою.

1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
10. Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:
Отбасы: 
• сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді; 
• жақсылыққа жетелейді; 
• еңбектенуге, білім алуға көмектеседі; 
• үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.

Балалар отбасы әр адамның жақсылық бастауы, тәрбие көзі екенін түсіндіріп, оқушылардың бойында өз отбасына деген сыйластық қарым-қатынасының дами түсуіне ықпал жасайды.

Балалар бір біріне деген тілектерін білдіреді.

















































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жаңа келген кітаптармен таныстыру

Сабақ мақсаты

Кітап заманымыздың өмірі. Рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып, үлгі- өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына- кітап әлеміне шолу жасау. Кітап әлемі- адамды арман биігіне самғатып, ақыл- ой сұлулық әлемін шарлатып, білім- ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Адамзат қоғамы тарихында жазу-сызу басталғалы кітап бейне кәусар бұлақтай адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан рухани құндылық есептеледі. Сонымен бірге, кітап ــ қоғамды дамытатын қуатты құрал ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес із болып қалар құнды белгі. Адамзат тарихында әр қоғам өзінің құндылықтарын әр кез соңына кітап арқылы қалдырып отырған. Шындығына келер болсақ, кітап таусылмас рухани қазынаның ең негізі, бастау алар бұлақ көзі есептеледі. Енді бір қырынан кітап оқу деңгейінің азайып бара жатқандығын адамдардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларынан, не базар экономикасының өзіндік кінараттарынан қарастыратын жағдайлар да бар. Бұл орынды көзқарас емес. Өйткені халқымыздың әл-ауқаты төмен делінген жылдардың өзінде де, олардың кітапқа құштарлығы онан ары арта түспесе кеміген жоқ болатын Компьютер керемет, интернет тамаша екені рас. Бірақ, біз кітап оқуды, көркем әдебиетке қызығушылығымызды компьютер әлеміне жұтқызып қоймауымыз керек. Кітаптың құндылығы жәйында дана халқымыз «Білімнің бастауы кітап»,-десе, данышпан Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,-дейді. Ал ұлы драматург Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат»,-деп кітаптың қүдіретін, оның мәртебесін онан ары асқақ көтеріп көрсеткен болатын. «Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбатты қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» Жансызды жандандыратын, жандыны жаңғыртатын –кітап екенін білуге, бұл кітаптар қайдан шығатынын онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері ,қол жетпес мұралары жазылатыны туралы бүгінгі сабағымызда ой бөліссек.

Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз. Кітап өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу,тәрбие құралы.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:
«Мен жастарға сенемін»,-деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, ұлтымыздың болашағы бүгінгі жастардың қолында. Сол жастарымыз рухани сауаттылығы мықты болса, ұлтымыздың ұлағаттылығы мәңгі сақтала бермек.

Халқының көңілінен шығатын, елінің үмітін ақтайтын,өткен ұрпақтың есесін түгендеп,келешек ұрпақтың мерейін үстем ететін Тәуелсіз еліміздің азаматтары рухани сауаттылықпен білім көгіне самғай беріңдер демекпін.

Балалар бір біріне деген тілектерін білдіреді.















































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Менің сүйікті ұстазым»

Сабақ мақсаты

Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Ұстаз....Қандай қасиетті сөз!Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.Адам баласының жүрегінде қадір тұтып,құрметтейтін екі ұғым болса ,оның бірі –ҰСТАЗ!

«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті ,қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөзбен ұштасып жатады. Ұрпақ тәрбиесі ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

Балалар жаттаған тақпақтарын айтады.

1. Ақырын жүріп анық бас,
           Еңбегің кетпес далаға.

2. Ұстаз деген ұлағатты сөз.

3. Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы.

4. Хан бол мейлі, қара бол,
Дарын бол мейлі, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:
Балалар осымен біздің ұстаздарға арналған «Ұстаз аты биік,әрі мәңгілік» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Балалар ұстазына тілектерін білдіреді.



































































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қарттарым асыл қазынам

Сабақ мақсаты

Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

  • Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?

  • Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

  • Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды. Сіз не істер едіңіз?

  • Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?

  • Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың? Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?

  • Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?

Әр оқушының пікірінен кейін өз ойларын айтып, оқушы жауабына сараптама жасйды.

Ой қозғау.

Қазіргі таңда қарттар үйі керек пе?

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай

міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!


Балалар өз ойларын білдіреді.

























Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғат-өз үйің

Сабақ мақсаты

балалардың «табиғат» «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Балалар, табиғатты аң, құстарсыз елестетіп көріңдерші. Құстың сайраған үні жоқ жерде, жан-жануарлардың қайнаған тіршілігі жоқ жерде табиғат сұлу болмақ емес. Олардың да адамдарға үйретері мен оғындырары мол. Сондықтан табиғаттың сәні болған, тіршілікті жандандырған аң, құстардың табиғатқа бізге берген сыйы деп түсініп, оларға қамқор болумыз керек.Балалар, енді «жер», «су», «ауа», «өсімдік»туралы , олардың адамға пайдасы және адамның оларға тигізер пайдасын әңгімелейміз.

  «Жер» 1. Біз адамға нан, жеміс-жидектер береміз. Адам біздің қойнауымызға түрлі дақылдар егеді.Біз ол дақылдарды жомарт қолымызбен молынан қайырамыз. Біздің қойнауымызда әртүрлі жеміс,ағаш, шөп өсіп жетіледі. Қаншама аң-жануарлар, адамдар тіршілік етеді. Осылайша адамдар бізбен жомарттықты, дарқандықты үйренеді.

«Су» 1. Біз барлық адамдарға, тірі жанға тіпті табиғатқа тазалыық сыйлаймыз. Гүлдер мен ағаштары жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береміз. Шөлдегенге сусын боламыз. Шаршағанның денесін сергітерміз. Біздің арқамызда жайқала өскен гүлдер мен өсімдіктер адамға сұлулық сыйлайды.

«Ауа» 1.Адамның жақсы демалып, дұрыс тынығуына ауаның пайдасы мол. Айналадағы жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды.

 «Өсімдік» 1.Адамдар өсімдіктің арқасында таза ауамен дем алады. Өсімдіктер адамға әдемілік, сұлулық сыйлайды. Түрлі гүлдерді бір-біріне сыйлап, адамдар бір-бірінің көңіл күйлерін көтереді.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:

Балалар табиғатымызды аялап жүрейік.
Осымен «Табиғат –тал бесігің» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Балалар өз ойларын білдіреді.





























































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Экологиялық тәрбие-болашақ кепілі

Сабақ мақсаты

 Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!


Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.

Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?

Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.

 Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;

2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,

ластамаймыз

3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.

4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.

Балалар өз ойларын білдіреді.





















































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шырынды жемістердің пайдасы

Сабақ мақсаты

 Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру.Оқушылардың күз байлықтары:

астық,көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын

түсіндіру және табиғатты сүйюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!


Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.

Не қасиет бар дейсің, осы күзде-

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай-талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқпа,

Отанның берекелі қамбасына- деп ақын ағамызМұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызда күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салуға ортаға салайық. Ендеше 1«б» сынып оқушылары өнер көрсетеді. Міне,сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні.Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай.Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да,жомарт күзімізді жеміс-жидектерімен ортамызға шақырайық. (Оқушылар қолдарына вазаға салынған жемістерін ұстап ортаға келеді).

Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз. Олай болса,Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық (Ортаға жемістер шығып тақпақтарын оқиды.)

Жүзім:

Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзінде жеп қойыппын,

Өзім әбден тойыппын.

Алма:

Бір тістеп өзін алғамды

Дәмі аузымда қалғанды.

Домалантып жеймін мен,

Күнде қызыл алмамды .

Қауын:

Жинап жатыр ауылым,

Сап-сары ала қауынын.

Алмақ едім үлкенін,

Ауырын-ай, ауырын.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:

Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.Күзіміздің қоштасатын уақыты да жақын екен.

Осымен балалар бүгінгі Шырынды жемістердің пайдасы атты тәрбие сағатымызда аяқталды.

Балалар өз ойларын білдіреді.













































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек!

Сабақ мақсаты

Отбасы татулығы, ата-ананың баласының тәрбиесіндегі ролі, баласы арасындағы байланыс, бір-бірімен бірлесе отырып, ұжымдасқан түрде, белсенді қабілеті мол үлгі көрсетерлік бәсекеге қабілетті отбасы болуларына ынталандыру.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!


Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.

«Ой қозғау» Енді балалар, топтық жұмыс жасап, бүгінгі сынып сағатының тақырыбын ашайық. Тақтадағы сурет бойынша

1-топ: сурет бойынша әңгіме құрау

2-топ: сөзжұмбақты шешу

3-топ: өлең құрастыру (топ бойынша кері байланыс жасау)

(Әр топтың жауабы бойынша «отбасы» сөзін шығару)

III бөлім: Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары және мақал-мәтелдеріне кезек береміз:

1-оқушы

Бала,бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

2-оқушы

Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мерейі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

3-оқушы

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойында аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.

Не десеңде әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

4-оқушы

Бойға қуат береді.

«Әй, жарайсың» дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

4-оқушы:

Бойға қуат береді.

«Әй, жарайсың» дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:

Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.
«Жүректен жүрекке» шеңбері.
Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүрейік.
Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.

Балалар өз ойларын білдіреді.









Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әдептілік әліппесі

Сабақ мақсаты

балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!


Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?»
- үлкендердің алдынан......(кесіп өтуге болмайды)
- кішкене баланы......... (жылатуға болмайды)
- құстарды........ (атуға болмайды)
- қыз баланы....... (ренжітуге болмайды)
- сабақтан....... (кешігуге болмайды)
- сыныпта....... (айғайлауға болмайды)

Әдептілік ережелері:
- Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
- Әрқашан сыпайы болу керек. сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. – Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
- Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
- Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын -
2. Кішкене баланы -
3. Құстарды -
4. Қыз баланы -
5. Сабақтан -
6. Үйге жүгіріп -
7. Үлкен кісіні -
8. Оқу – құралдарын -
9. Сыныпта айғайлауға -
10. Ысқыруға -

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды:

Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез - келген жағдайды кез - келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Балалар өз ойларын білдіреді.







































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жол жүру белгілері және таңбалары

Сабақ мақсаты

 -Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға  үйрету;
– Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік. Екі оқушы тақтаға шығып сурет арқылы көрсетеді.

  • Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер:
    Сөйлеуді ол білмейді,
    Бірақ, тоқта, жүр дейді.
    – Бағдаршам!
    – Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, бағдаршамға назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар!
    – Мынау қандай белгі?   
    Сақтандыру, ескерту белгісі. (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш)

Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді,
Жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні
Сақтаған, қолдаған!

Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін мына тұрған балалардың есіне салып көріңдер.
1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
2. Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
3. Егер жолдан өтуге үлгірмесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.
3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.
4. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

Ал, қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. (Балалармен бірге жолдан өтеді)
– Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар! (Орнына тұрады)

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Ал, балалар! Міне, сендер жолда жүру ережесін еске түсіріп, жолдан өту қауіпсіздігін сақтауды үйрендіңдер. Жолда, көшеде барлық ережелерді есте сақтаймыз ба?

Ендеше, біз сабағымызды әнмен аяқтайық.

Көшеде сақ бол!

1.Көшеде біз сақ болайық,
Қайғырмасын ата-ана.
Жолда сен бол лайықты,
Оқушылар атына.
Қ-сы: Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.


Тірек сөздермен жұмыс жасау.








































































































































































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тәуелсіз елім-тұғырың сенің биікте

Сабақ мақсаты

1.Оқушыларды   еліміздің  тәуелсіздік  алғаннан кейінгі  жетістіктермен  таныстыру, білімдерін  кеңейту .

2. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Алдымызда еліміздің ұлық мейрамы – Тәуелсіздік күні келеді. Иә, бұл мереке – ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке. Бабалардың талай ғасыр аңсаған арманына біздің ұрпақ қол жеткізді. Бұдан артық қуаныш бар ма! Адамның ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Ұлттың да басты бақыты – осы. Ендеше, барша қазақ өз бақыты үшін   десек қателеспейміз. Біз биыл бұл мерекені 30-шы рет тойлағалы отырмыз.

2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығы мен Тәуелсіздік жылы деп жариялануда үлкен мән бар. Өйткені қорытындылап, барды бағалап, болашақты белгілейтін кезең осы.

Сонау жылы Жер – көркі

Соғыс бұлты торлаған

Сонда мәншүк апамыз

Жаудан елді қорған

Енді, міне, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет  болдық. Өшкеніміз жанып, тарихымызды қайта жаздық. Елдің рәміздерімізді  жаңадан  жасадық  мемлекетіміздің орталығын  өзіміз  таңдадық

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы. Ол оңайлықпен келген жоқ бізге.Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде егемендік пен елдіктің  береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай  сақтап, басқа қонған баытты бағалай білу.

       Азаттық ұраннын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған күн, егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі- Тәуелсіздік құтты болсын!

Тірек сөздермен жұмыс жасау.
























































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кім болғың келеді?

Сабақ мақсаты

1. Оқушының өз еркімен таңдау жасау қабілетін арттыру

2. Жауапкершілікке баулу

3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Қайырлы күн, құрметті балалар және қонақтар! Балалар, бүгінгі біздің ашық сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Балалар, бүгін біз «Мен өскенде кім болам?» тақырыбына ашық сабағын өткізгелі отырмыз. Олай болса, балалар, жақсы сөз жадыратар демекші бір-бірімізге бұрылып қарап жүрегіміздің жан-жылуын сыйлайық.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып, ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан жағым.

Тәрбиеші:

Мамандық алғың келе ме,

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық

Айналаң толған өнеге.

Тыңдайық қане, ойнайық,

Білімге терең бойлайық.

Оқыған маман – шын маман,

Мамандық алмай қоймайық.

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта.

Еңбектің бәрі – мамандық

Жер-көктің бәрі – мамандық.

Мамандық таңдауда мектеп қабырғасынан болады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Балалардың пікірлері тыңдалады.

Тәрбиеші:

Әсемпаз болма әр неге

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан, - деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Біздің таңдауымыз да әр түрлі. Біреуіміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз керек. Жаман мамандық жоқ. мамандықтың бәрі жақсы.

Оқушы: Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда. Адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі. Мамандық бойынша адам жұмыс істейді. Оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық. Белгілі бір кәсіпке ие болу, арманды іске асыру. Мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады.

Тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

Мақал-мәтелдер.

Ендігі кезекте мақал-мәтелдер. Балалар, мамандыққа байланысты кім қандай мақал біледі?

  1. Еңбек түбі – береке,

Еңбек түбі – зейнет.

  1. Еңбегі аздың өнбегі аз.

  2. Ұстаның бізі сүйкімді,

Жақсының сөзі сүйкімді.

  1. Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

  1. Жатқанға жан жуымас,

Жалқауға мал құралмас.

  1. Құс қонбаған көл жетім,

Ел қонбаған жер жетім.

  1. Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

  1. Шебердің саусағы асырайды.

  2. Еріншектің ертеңі бітпес.


«Менен сұрақ, сенен жауап».

- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, зергер, дәрігер, шахтер, тігінші).

- Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? (Машина, ұшақ, кеме, автобус, мотоцикл, велосипед т.б.)

- Қандай мамандық түрлерін көбірек естисіңдер? (Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, зергер, дәрігер, шахтер, тігінші).

Сергіту сәті

Анам менің сауыншы,

Апам менің қауыншы,

Әкем менің қауыншы,

Атам болса ол ұста.

Бәрі-бәрі жұмыста,

Отырмайын мен текке,

Кеттім мен де мектепке.

«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.

  1. Қойшы балаларды оқытып жүр.

  2. Жүргізуші машина жүргізеді.

  3. Аспазшы үй салып жүр.

  4. Дәрігер адамдарды емдейді.

  5. Жазушы хат, газеттер тасып жүр.

  6. Дәрігер етік тігіп отыр.

  7. Мұғалім балаларды емдеп жүр.

  8. Ұшқыш әдемі киім тігеді.

  9. Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.

  10. Суретші сахнада ән айтып тұр.

Тәрбиеші: Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше, әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық. Сен өскенде кім болғың келеді?

Сұрақ-жауап.

  1. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?

  2. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?

  3. Сенің атаң кім болып жұмыс істейді?

  4. Сенің әжең кім болып жұмыс істейді?

  5. Ал сен кім болғың келеді?

  6. Жақсы маман болу үшін не істеу керек?


Сөзжұмбақ: «Бұл қай маман?»


1.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. (Милиционер)


2) Бал тамған мәзір,

Ол бар жерде әзір. (Аспаз)


3) Оқу білім – бағдары,

Заманының бағбаны. (Мұғалім)


4) Өскен шашты жаратпайды,

Қайшы бар жалақтайтын. (Шаштаразшы)


5) Келіп баған қасына,

Өрмеледі басына. (Монтер)


6) Еңбек орны талабы,

Сүйікті әні – дала әні.

Егін салып мәпелеп,

Асырайды қаланы. (Диханшы)


7) Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа

Бұл кім? . (Футболшы)


8) Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды.

Балалар, біз бүгін мамандықтың қандай түрлерімен таныстық?

Жарайсыңдар балалар, мамандықтар туралы жас кездеріңнен өздерің қалаған кәсіпке ерте бастан дайындалған жақсы. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен, ең бастысы қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.














































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:

12.03.2021ж

Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық салт-дәстүрлер-ұлттық бірегейліктің діңгегі.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Бүгінгі наурыз мейрамына арналған 14 - Наурыз Жаңа өмір,жаңа жыл,жаңа күнмен көрісу мерекесі атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі қазақша - Жаңа жыл және Күн - Түн теңесімі. Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 - 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.

Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден - бір салт болып отыр. Бұл күні бауырсақ, тәттілерді оқушылар мен мұғалімдер мектепке де апара береді. Көрісіп болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.
14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық - саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре - сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы - 22 наурыз мерекесін қарсы алады..

Балалар өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Осымен балалар бүгінгі амал мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Бір-біріне өз ойларын білдіру.










































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:

16.03.2021ж

Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қош келдің Наурыз.

Сабақ мақсаты

1.Оқушыларға ұлттық мереке-жыл басы Наурызды халқы-

мыз қалай қарсы алғандығын үйретіп,насихаттау.Наурыз

мерекесі жөніндегі білген,түйгенін одан әрі толықтыру;

2.Оқушыларға ұлттық өнерімізді,ойындарды,салт-дәстүрі-

мізді еркін меңгеріп,шебер орындай білу дағдыларын

қалыптастыру;

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Құрметті балалар!Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді.

Наурыз тойларың құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл болсын.

Аман-есен тойдан тойға жетіп,ескі ауыртпалығыңыз ескі жылда кетіп,жаңа жылда жаңа үміт,жаңа тіршілікпен,осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.Барлық жақсы ниет,тілектеріңіз қабыл болсын!

Наурыз келсе,құт келгені,халайық

Есік ашып,шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (Шашу шашылады)

Оқушы: Уа,жарандар,жарандар!

Көңілің бар алаңдар.

Ата менен анаң бар

Үлкен кіші ағаң бар.

Наурыз тойы басталды

Бәрің бері қараңдар.

-Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз сөзі парсы тілінде "нау"-жаңа,"рыз"-күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні күн мен түн теңелетін,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні"деп атаған.

Балалар,халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап,қуаныш әкеледі,жақсылық шашады екен.

Балалар,бізге де Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Кәне,соны шешіп көрейік.

1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.

-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.

-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,

Басшысы болмаса-ел жетім,

Тыңдаусыз сөз жетім.

2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?

1.Малды теппе,ақты төкпе.

2.Отты шашпа.күлді баспа.

3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.

4.Бүйіріңді таянба.

5.Есікті керме.

6.Тұзды шашпа.

7.Асты оң қолыңмен алып же.

Балалар өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Наурызды халқымыз,

Жыл басы санайды.

Көнермей салтымыз,

Көп елге тарайды.

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Осымен балалар бүгінгі Әз Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Бір-біріне өз ойларын білдіру.










































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:

16.03.2021ж

Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

16 наурыз-жайлау күні.

Сабақ мақсаты

Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Кең-байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды.
Табиғат – ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.
Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес.

Табиғат-Ана ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. 
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.

Балалар өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.

Осымен балалар бүгінгі 16 наурыз-жайлау күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Бір-біріне өз ойларын білдіру.






































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Тақырыбы

Спорт біздің досымыз.

Мақсаты

1. Салауатты өмір салтын насихаттау

2. Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, күштіліктерін байқау.

Жоспар

Кезең

уақыты

Жоспарланған ойын түрлері

Қатысушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі, зейін шоғырландыру Бой сергіту жаттығулары

Топтарды сапқа тұрғызу, сәлемдесу, қатысушыларды түгелдеу, сайыстың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндіру, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру,

саптық жаттығулар, жүру жаттығулары, жүгіру жаттығуларын орындау, тыныс алу жаттығуларын орындау.


Бой сергіту жаттығуларын қайталап,сайыс барысындағы қауіпсіздік ережелерімен танысу.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Ұрпақ керек ертеңгі алда

Болашақты болжайтын

Жаны таза,тәні таза

Елін, жерін қорғайтын

Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар.

Бүгінгі өткелі отырған «Спорт біздің досымыз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Байжанова Р.А. сөз береміз.



Енді бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазыларды таныстырып өтейік.

1.Мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі: Абдықадыров Р.Қ.

2.Мектебіміздің медбикесі: Тілеумұрат Л.Т.



Ал олай болса алғашқы сайысымызды бастаймыз.

Алғашқы сайысымыз «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)



2 - сайыс: «Кім жылдам»
Ойынның шарты: әр топтан 3-оқушыдан қатысады, шыққан әр қатысушы допты екі тізесінің арасына қысып мәре сызығын айналып секіріп қайту керек. Топтың барлық мүшелері межені айналып өтіп шығады.Кім жылдам қимылдаса сол жеңімпаз.



3-сайыс: «Кеңгуру»

Ойынның шарты: әр топтан шыққан бір-бір қатысушы үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып мәре сызығын айналып секіріп қайту қажет .Жарысқа барлық топтан 3-оқушыдан қатысады.



4-сайыс: «Таяқша эстафетасы»

Ойынның шарты: әр топтан 4-оқушыдан қатысады, қатысушылар сөреден бастап мәреге дейін таяқшамен жүгіріп барып таяқшаны қойып жүгіріп қайтады,қалған топ мүшелері осы шарт бойынша жалғастыруы керек.


Берілген сайыстың тапсырмаларына дайындалады.




Форма

тивті бағалау.



.

Доп, ысқырық,эстафета-лық таяқша-

лар.










Соңы

«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығады» демекші міне, сайысымыздың соңына да жеттік.

Олай болса топтарымыздың арасынан озып шыққан жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазы алқасын ортаға шақырайық.


Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда!

Денсаулық бақыт деген терең сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай бабамызда,-

демекші бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

Топтардың бір-бірін құттықтауы.




















Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлт жүрегінен орын алған – Шерхан аға.

Сабақ мақсаты

Ш.Мұртазаның  өмірі, шығармашылығы туралы  тереңірек . түсінік беру

дамытушылық – қазақ  халқының  ашаршылық  жылдарындағы  қайғылы  кезеңдері  мен тарихи  бастан  кешкен қасіретін таныту, оқушылардың  өз  бетімен  ізденіп  оқу, шығармашылық  дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

оқушылар,бүгінгі сабақтан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Біздің бүгінгі іс-шарамыз Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына арналады.

Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын таныстыратын, Құрманәлі Аружан мен Қадырхан Арай. Шерхан Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Шерхан Мұртаза “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы

Балалар өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Бүгінгі өткен Ш.Мұртазаға арналған тәрбие сағатымыздан біраз мәліметтер алдық. Сабағымызды қортындылай келе сұрақ-жауап.

Ш.Мұртаза кім?

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сабақа қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!

Бір-біріне өз ойларын білдіру.
































































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлы қазақ ақыны,ағартушы Абай Құнанбайұлы.

Сабақ мақсаты

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

 Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Ұлы қазақ ақыны,ағартушы-Абай Құнанбайұлы»  шығармашылығына арналады.   Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ ,заңгер ,ақын, аудмашы,сазгер,дара ойшыл ,кемеңгер ,Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің  шығармаларын қазақшаға   аударды.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.

Мені мен, менікінің айырылғанын,

Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Ал енді белсенді тақтаға назар аударайық Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.

Абай – Ибраһим.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. 

Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. 
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
Абай – ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.


- «Қыс»
- «Жазғытұры»
- «Жаз»
- «Күз»
- «Ғылым таппай мақтанба»
- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
Абай – сазгер.

Балалар өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

  1. Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
    Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
    Бар жазғаны даналық боп саналған,
    Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
    Мыңмен жалғыз алысқан,
    Арыстандай ер еді.
    Әр ақынды кезеді
    Абайдың өлең-өзені.

  2. Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды,назарларыңызға рахмет.

Бір-біріне өз ойларын білдіру.




















































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күні-2021ж

Сабақ мақсаты

1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

 Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі
бақытты.
Денсаулық -- тамақ
----------------- күш
----------------- тазалық
- Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға ерекше бір қонақ қатысқалы отыр. Ол тазалықты өте жақсы көреді, және тазалық заттары оның достары. Оны кім деп ойлайсыңдар?

- Кірқоймас.
- Балалар, бүгін біздің тазалық туралы «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатымыз болатынын біліп, арнайы келіп отыр. Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.

Сұрақ - жауап әдісі.
• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?

Оқушылар диалогы.
1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?
2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?
Бұл әдет туралы ақын С. Қалиев
Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?

1. Ерте де қазақ жерінде қонақ келгенде құманға су құйып, кішкентай жез легенмен келіп, қолға су құйған. Сонда үлкен кісілер бұл үйдің баласына батасын берген. Мәселен, «Ғұмыр жасың ұзақ болсың, балам!» — деп айтқан.

2. «Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі»,- дейді халқымыз. Бұл нақыл сөзді бекер айтпаған.
1 - оқушы: Нұрайым: Бетті, қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы - ақ.
2 - оқушы Ақарыс: Нан ұстасаң, қол жумай,
Нанға жұғып, ішке еніп,
3 - оқушы Дильназ Ө.: Микроб жақсы көреді,
Кәмпит - сәмпит шайнасаң.

Тұра алмай дамылдап,
Микробтар тайғанап.
Микробтар көңілі жай,
Отырады түстеніп.
Жылдам өсіп - өнеді,
Ауызыңды шаймасаң.

Балалар өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қымбатты оқушылыр! Тәрбие сағатына белсенлі қатысқандарыңызға көп – көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!

Бір-біріне өз ойларын білдіру.








Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бейбіт күннің қаhарманы ұлы Ғ.Байтасов.

Сабақ мақсаты

Оқушыларға халық қаһарманы Ғ. Байтасов өмірі мен өнегелі ісін жас ұрпаққа насихаттау, елі үшін туған есіл ердің ерлігін ұлықтау арқылы бейбіт өмірдің мәнін ұғындыру.

Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

 Бұл күні елді үрейге бөлеген жиһадшы М. К. Қариев қару – жарақ дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақыр соңында өзін – өзі жарып жіберді. Сол кезде жол полициясының взвод командирі, капитан Ғазиз Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болды.
Естеріңізде болса, М. Қариев, ең бірінші, Мазда – 626 көлігінің иесі Закировқа қарақшылық шабуыл жасап, қорқытып, көлігін тартып алады. Осыдан кейін қару – жарақ дүкеніне шабуыл жасап, күзетші В. Федорченконы өлтіріп, Н. Е. Оразбасовты ауыр жарақаттады. Сосын жартылай автомат және «Сайга» қаруын иемденіп, тайып тұрды. Өзін аңдып жүрген екі полиция сержанты П. К. Аямқұлов пен Н. А. Бәйсейітовты өлтіріп, олардың табельдік қаруын алғаннан кейін Қариев өзінің тұрғылықты жеріне барып, РПГ – 26 гранотометын алып шығады. Одан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ғимаратының қабырғалары мен терезелеріне атады. Бұл жерде адам өлімі орын алмаса да, ғимарат біршама қирады. Ал сағат 12: 45 – тің шамасында Қариев полиция патрулінің екі қызметкерін жарақаттап қашады. Өз кезегінде жол полициясы қызметкерлері оны жаралап, қолға түсіруге ұмтылған кезде, Қариев гранатаны алып шығады да, іске қосады. Оны көрген капитан Г. Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болды. Полиция сержанты С. С. Алашов болса, қатты жарақаттанды.
Бүгінде Тараздағы теракті кезінде қаза болған құқық қорғаушылардың құрметіне естелік тақталар орнатылды. Ал капитан Ғазиз Байтасовтың құрметіне бюст қойылып, қала көшелерінің бірі батырдың есімімен аталды. Сондай – ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мәңгілік ұйқыда жатқан капитан Ғ. Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
ІІІ. Слайдпен жұмыс «Ғазиз Байтасов – ел үшін туған есіл ер»

Ғазиз Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында дүниеге келген. Атпал азамат көзі тірі болғанда 43 жасын ағайын – туыс, достарымен атап өтер еді. Көзі тірісінде өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан Ғазиз құзырлы орын саласында еңбек ете жүріп 28 рет марапатқа ұсынылыпты. Күні – түні таңдаған кәсібінің ауыртпалығын аса ұқыптылықпен сезініп, отбасы мен бауырларына деген қамқорлығын әсте еш төмендетпеген Ғазиздің азаматтық тұлғасы бүгінгі ұрпаққа ұлағат.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. жүктеу

Балалар өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

– әскерге  барып  Отан  алдындағы   борышын  өтеу.

– туған   жердің  табиғатын  қорғау

– адал  еңбегіңмен  еліңнің  көркеюіне  үлес қосу

– білімгерлердің  қазіргі  міндеттері – білім  алып, елінің  болашағын жақсарту, дамыту   үшін  білім  алу.

– еліміз  үшін  күрескен  батыр  бабаларымызды  құрметтеу , олардың ерліктерін  ұмытпай  дәріптеу.

Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

Туған жерге деген ыстық сезім;

Ата- баба өсиетіне адал болу;

Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

Балалар осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

Бір-біріне өз ойларын білдіру.














Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық мұражайға саяхат

Сабақ мақсаты

- Мектеп мұражайының қызметімен танысу;

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

  қушылар, бүгінгі сабағымызда «Туған ел» бағдарламасын іске асыру мақсатында Мектеп мұражайына саяхатқа шығамыз. Биыл мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өткелі отыр.Жүзжылдық тарихымыз туралы сыр шертетін мұражайдың тарихы,қызметі,мақсаты туралы білетін боламыз.

Мұражай тарихымен танысу

«Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің тарихи мұражайының негізі 1997 жылы қаланды. Білім ұясының 80 жылдық мерейтойына орай ашылған бұл мұражай мектеп ғимаратының бірінші қатарында орналасқан және 78 шаршы метр орынды алады. 10 жылдан кейін, яғни 2007 жылы мектептің 90 жылдық, осы мектепке есімі берілген, ұлағатты ұстаз – Жұмабай Мырзағалиевтың 100 жылдық мерей тойы қарсаңында мұражай қайта жаңғыртылды.

Мұражайда мектеп тарихы мен оқу-тәрбие қызметін баяндайтын, осы мектепте еңбек еткен барлық ұстаздар мен одан түлеп ұшқан мектеп түлектері туралы мәлімет беретін, олардың осы білім ордасындағы қызметтері туралы естелік-сыр шертетін 690- дай заттық, жазба жәдігерлер, 2000-нан астам фотоматериалдар жинақталған.Барлық жәдігерлер 3 экспозиция (жартақта) мен жәдгерелер қойлған бірнеше сөрелерге жинақталған. Мұражай 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім мектеп тарихы мен осы мектепке 1992 жылы есімі берілген Ж.Мырзағалиевтің өмірдеректерін,мектеп басшылары мен орынбасарлары туралы мәліметтерді паш ететін «Мектептің қысқаша тарихы», «Ж.Мырзағалиевтің өмірбаяны мен ұрпақтары», «Мектеп директорлары» мен «Мектеп директорларының орынбасарлары» атты төрт жартақтаны қамтиды. Бұл бөлімнен 1917 жылы қараша айында Нарын құмындағы Бегайдар мекенінде ашылып, қазірде мыңға жуық шәкіртке дәріс беріп жатқан мектебіміздің өсіп-өркендеу жолынан толық мағұлмат алуға болады.

«Ашық микрофон» әдісімен сабақты қорытындылау

1.Мұражайдың мектепте алатын орны қандай?

2.Мектебіміздің тарихы туралы қысқаша баяндаңыздар?

Балалар өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

«Мұражай- мектептің айнасы» тақырыбында ойтолғау жазып келу

Кері байланыс: 2 жұлдыз,1 тілек


Бір-біріне өз ойларын білдіру.












































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ер есімі-ел есінде.

Сабақ мақсаты

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары және 28 панфиловшылардың ерліктері жайлы мағлұмат беру, білімдерін тиянақтау. Батылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл - қыздары мен 28 панфиловшылардың ерлігі мен батырлығының арқасында жеңіске жету жолдары.
1 - слайд
Фашистік Германия 1941 жылы 22 - маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
2 - слайд
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам адам қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңнан астамы қазақстандықтар болатын.
3 - слайд
1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316 - атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы - батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
4 - слайд
Мәскеу түбіндегі шайқаста 316 - атқыштар дивизиясы командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болған.

1 - оқушы
Тастар көкке атылды,
Жамылды жер тұманды
Орман шулап, тау құлап,
Өрт ішінде қалды бақ.
2 - оқушы.
Жиырма сегіз батырды,
Жиырма сегіз қыранды,
Жеңе алмады жау бірақ
Жеңе алмады жау бірақ.
3 - оқушы
Оқ астынан зулаған
Жау жеңілді ақыры,
Туған жермен бір болып.
Атты бейбіт таң күліп.

Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы.. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшылық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

1941 - 1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Миллиондаған адамның өмірі мен қолға тиген 1945 - жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата - әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданда өздерінің жас жанын қиып, жаумен шайқаста ерлік көрсеткен ата - апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз. Оларды әрқашан жадымызда ұстаймыз.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.


































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

 «Отбасы – өмір аясы»

Сабақ мақсаты

1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;

2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға

деген қызығушылығын арттыру;

3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Отбасында адам бойындағы  асыл  қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,  туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған тәрбиелік шараны ашайық!

-Адамзат бесігін тербеткен ұя

-Үлгі – өнеге бастауы

-Жағымды қасиеттерге  баулиды

Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

Oтбасым— менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Тәрбиелік  сағатымызда А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.

Мукушева Г.Р

Тірек сөздермен жұмыс жасау.
































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Аналар асыл қазынам

Сабақ мақсаты

Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Балалар бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!


Бүгін наурыздің 8 - і
Сүлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар:

1-оқушы: Таң қалғандай ғалам
Кім сұлу адам
2-оқушы: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
3-оқушы: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
4-оқушы: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.
5-оқушы: «Боташым» дер саған
Кім сүйікті адам
Ол - менің анам.
6-оқушы: Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
7-оқушы: Анам менің «Күнім» дейді
Мен қуансам күлімдейді.
8-оқушы: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
9-оқушы: Анам менің «Айым»дейді
Мен мұңайсам «уайым» жейді.
Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар:

Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Інжу: Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Арсен: Қуанышы баланың
Бізді өсірген анашым.
Бинұр: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Диана: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!Белсенділік танытқандарың үшін үлкен рақмет!

Тірек сөздермен жұмыс жасау.




















Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы.

Сабақ мақсаты

білімділік – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;

дамытушылық – жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы (экраннан дыбыспен)

1 - жүргізуші: Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Гимн, Елтаңба, Ту.

Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ ол мұндай дәрежеге оп - оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата – бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр - қайрат көрсетті. Ұлан байтақ жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап, болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттігін қалпына келтіре алды.

2-жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн қабылданды.

1-жүргізуші: Рәміздер – бұл адамдар топтары үшін ерекше мән - мағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер. Олар көне замандардан бері бар. Жиырмасыншы ғасырда әр елде заңмен бекітілген өз мемлекеттік рәміздерін міндетті түрде қабылдау дәстүрі орнады.

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы – Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.

2-жүргізуші: Балалар, бүгін біздің ортамызда елімізге танымал суретші, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков ағамыз қонақта. Ол кісі біздің жаңа типтегі мектебіміздің ашылу салтанатына арнайы келіп отыр. Ендеше ағамызды қошеметпен ортамызға шақырайық. (сұхбаттасу, оқушылар сұрақтар қояды)

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Рәміздерге мақтанышпен қараймын,

Үш рәмізді бақытыма балаймын.

Ту, Әнұран, Елтаңбасы бар елді –

Әлемдегі бақытты ел деп санаймын.

Осымен балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.








































Педагогтің аты-жөні

Жиенбаева Э

Күні:

27.09.2022ж

Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ә.Бөкейханұлының туғанына-155 жыл!

Сабақ мақсаты

қушыларға алаштың Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановты таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу. Қазақ автономиясының құрылуын насихатау. Тәуелсіздігімізді айқындау.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Бүгін Ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін салған, қазақтың заманауи, демократиялық мазмұндағы тұңғыш үкіметі – «Алашорданың» көшбасшысы болған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туған күні.

Кеше…
Кеңестік бодандық
Менің күп-күрең қаныма суарып,
Қып-қызыл ту  ілген
Кермек жасымды
Кекете сімірген.
Мен содан…
Алаш боп үзіліп
Азат боп қайтадан тірілгем,
Тірілгем…
Жусанның бұрқырап бүрінен..

Әнұран орындау

Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан- төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23-ші ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан, Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес- оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында  Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы- екіұшты рөл атқарды: бір жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру-тайпалардың бірігіп, жаңа және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші жағынан- олардың билік үшін ішкі күрес-тартысы салдарынан «қазақ»этнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық пісіп-жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде «үштік одаққа»бөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне,соңғы жайтты терең зерттеп білген Әлихан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»-деп ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Бірақ  өзінің шыққан тегін мақтан тұтты, шыққан тегінің абырой-намысын көзінің қарашығындай қорғады және атақты хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің өтпес-өтелмес борышы, ер-азаматтық парызы санады.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Әлихан Бөкейханов қазақтың қабырғалы қайраткерi ғана емес, Мұстафа Кемал Ататүрiк, Махатма Ганди се­кiлдi әлемдiк деңгейдегi алып тұлғалардың бi­рi. Ұлт көсемiнiң мұраттары мен асқар мақсаттары, күрескерлiк келбетi мен қымбат мұралары. Ол бүгiнгi қоғам үшiн ауадай қажет, келер ұрпақ үшiн таптырмас қазына.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.












































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен үйде тазалық ережелерін қалай сақтаймын?

Сабақ мақсаты

Оқушыларды тазалыққа,салауаттылыққа өмір сүруге баулу.

Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Тұрмыс гигиенасының негізі — пәтерді күтіп, таза ұстау. Бөлмеге жиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бен кілемдерді шаңсорғыш пен тазалаған жөн. Бөлменің ауасы таза болуы үшін терезе желдеткішін күніне 3 мәрте: таңертең дене шынықтырған кезде, бөлмені жинастырғанда және ұйықтар алдында (пешпен жылытылатын үйлердерде пеш жағылатын уақытқа туралаған жөн) 30 минуттай ашып, желдетіп алу қажет. Жазда терезелерді ашып қойған дұрыс. Егер отбасыда балалар, жасы ұлғайған немесе аурушаң адамдар болса, оларға жел қарысып қалмас үшін бөлмені сақтықпен желдеткен жөн. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер де пайдаланылады. Ас үйдеваннададәретханада желдетуге арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді жинастырған кезде торды жиналған шаңнан тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап ауа алмасады, сондықтан тұрғын үй қабырғасын майлы бояумен сырлауға болмайды. Мүмкіндігінше, бөлме температурасы жылдың жылы мезгілінде 22˚С-тан 25˚С-қа дейін, қыста 20˚С-тан 22˚С-қа дейін (алайда 18˚С-тан төмен емес) бірқалыпты болғаны абзал. Есіктер мен терезе рамаларындағы саңылауларды тығындап бөлмені жылы ұстауға болады. Температураны жоғарылату үшін электр каминдерді т. б. жылыту аспаптарын пайдалану керек. Пеш жаққан кезде иіс тиіп қалуынан сақталған жөн. Пешке от жағуды кешкі 20 сағаттан кейін тоқтатқан дұрыс. Отын толық жанып болғаннан кейін ғана пештің жаппасын жабады.

Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда (іргесі сыз тартқанда, төлені су басқанда, үйдің төбесінде, жабындысында ақау болғандағыдан басқа): пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауа ылғал тартады. Сыз адамды науқасқа шалдықтырады, үй қабырғасы мен жиһаздарының бүлінуіне әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып, балконда немесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн. Адам көбірек бас қосатын бөлмелердің таза болуына ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, ас үйді таза ұстау қажет. Бөлмелерде шыбын, тарақан, кеміргіштер пайда болмау үшін тамақты ашық, ыдыс-аяқты жуылмаған күйінде қалдырмай, тағам қалдықтарын жабылатын шелекке салып, уақытында шығарып отырған жөн.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Мен үйде тазалық ережелерін қалай сақтаймын? тақырыбындағы тәрбие сағатымызды қорыта келе, үйдегі тазалық ережелерін міндетті түрде қадағалап тұруымыз керектігін ұмытпауымыз керек екен.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.




































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жақсы мінез-құлық ережесі

Сабақ мақсаты

  • оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту;

  • мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

  • жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Топтастыру

2 түсті стикерлерді бір-бірден таңдап,бірдей түстілер бір топ болады.

Оқушылар стикерлердің түстеріне қарай 2 топқа бөлінеді.

«Ой қозғау» әдісі

«Ата ана мен бала» бейне жазбадан көрсетемін.

Жетелеуші сұрақтары:

Мына бейне жазбадан не байқадыңдар?

Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

Оқушылар бейне бойынша өз ойлаын ортаға салады.

Постер қорғау

«Жақсы адам», « жаман адам» қасиеттер жиынтығынан постер қорғау

Оқушылар берілген тақырыпшалар бойынша постер қорғайды

Іскерлік ойын – «Өзімді бағалаймын»


Таратылған парақтарды толтыру
Жағымды қасиеттерім , Жағымсыз қасиеттерім
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазамыз.1.Қандай қасиетеріңізді көп жаздыңыздар?
2.Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
3.Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
4.Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болады.

Оқушылар өз бойларында бар жақсы және жаман қасиеттерін парақшаға жазады.

Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнеге тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Рефлексия

Өзіңе пайдалы мәлімет ала алдың ба?

Қандай әсер алдың?

Тілегің мен ұсынысың бар ма?

Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.


Тірек сөздермен жұмыс жасау.




































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«15 қараша – Ұлттық валюта теңге күні»

Сабақ мақсаты

Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Қайырлы күн, оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Бүгінгі іс-шарамды жұмбақпен бастамақшымын:

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі

Ол не? -... (ақша, теңге)

Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық валюта-теңге күні» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,

Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.

Осы теңге арқасында келешек,

Елге келер тойымшылық, берекем.

Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.

Сәлемдесу:

Сәлемдесіп алдымен,

Басымызды иеміз.

Бүгінгі күн баршаға

Сәттілікті тілейміз

Топқа бөлу: І топ- теңге

ІІ топ –евро

ІІІ топ- доллар

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын қыруар адам тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен байланыста болады. Ақша дегеніміз не?

Топтық жұмыс: І топ: Ақша(теңге) деген не?

ІІ топ: Ақша не үшін қажет?

ІІІ топ: Ақша қайдан келеді?

Ақша-жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады? ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем құралы. 7 ғ. ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды. Алтын айналысына бірқатар елдер 19 ғ. екінші жартысында өтті.

Түсіндірме жұмыс: теңгенің шығу тарихы туралы баяндалады

(Алғашқы қағаз ақшалар қай елдерде пайда болды?

Алғашқы қағаз ақшалар б.з. 12 ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.

Мақал – сөз мәйегі.

1. Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер. 2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады. 3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды. 4. Ақша ашпайтын құлып жоқ. 5. Ақшада көз жоқ. 6. Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың әңгімесі.

2 дос саябақта келе жатып, біреуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады. Екіншісі оған:

- Оны қайтесің, оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы:

- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем, - деп жауап беріпті.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.


















Педагогтің аты-жөні

Жиенбаева Э

Күні:


Сынып: 4 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әр баланың өз құқығы бар.

Сабақ мақсаты

Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.
Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Қанатты сөздер:
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз».
Н. Назарбаев.
«Бала бол, басқа бол – бәріне заң біреу - ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ».
Ж. Баласағұн.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.

«Балалар құқығының» заңдары.
Ой – талқы
- Бала деп кімді айтамыз?
- Баланың қандай құқығы бар?
- Еңбек етуге;
- Өз пікірін білдіруге;
- Баланың өз атын, әкесінің атын алуға;
- Мүлікке ие болу;
- Қорғалуға;
- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге;
- Ұлтын таңдауға;
- Дем алуға;
- Денсаулығын сақтауға құқылы.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.
Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.
Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті».
Мен міндеттімін:
- білім алуға
- тәртіп сақтауға
- мектеп мүлкін сақтауға;
- үлкендерді сыйлауға;
- ана тілдің тазалығын сақтауға;
- әрдайым таза, ұқыпты жүруге;
- темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге.
Бүгінгі іс – шарамызды қорытындылай келе, сіздерге көп алғыс айтамын.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.










Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғат cенің өз үйің

Сабақ мақсаты

: Туған жерге, отанға деген сүйіспеншілін арттыру , экологиялық білімді қалыптастыру, тұған жер табиғатты қорғауға баулу.

Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға , сақтап қорғауға , өз үлестерін қосуға жамылдыру,мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Табиғат жүрекке жылы, көңілге қонымды терең мағыналы сөз. Табиғатсыз өмір жоқ . Ол бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Табиғат біз қоршаған дүние,аспан , жер , тау, су жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда табиғат әсемдігіне, сүлулығына тамсанып таңдаған қуанып шабыт алған және қамқор жасаған

Тұған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай . Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке , жарасымдылыққа шақырып тұрғандай . Тұған жеріміздің табиғатын гүлдендіру өз қолымызда.

Қазіргі кезде экологиялық біліммен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Біз оқушыларға экологиялық білім бере отырып, экологиялық сананы , тәрбиені қалыптастырумыз керек. Жалпы айтқанда экологиялық мәдениетті жасаймыз. Экологиялық мәдениет-қоршаған ортаға деген сүйішпеншілік пен экологиялық білімнің қалыптасуына , дамуына үздіксіз жетіле беруіне ықпал ететін , санамен рухани құндылық жиынтығы. Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайды. Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққаннан бастап , есі кіргенде санасына қалыптастыру.

Гүлдей бер , жер -Ана

Аспаның ашық болсын

Аспаныңды бұлт торламасын

Тоғайың аң мен құсқа толсын

Суың мөлдір , таза болсын

Өзен , көлің,теңізің балықтарға толсын!

Орманың қызыл , жасыл гүлдерге толсын!

Табиғатты қорғау - бәріміздің борышымыз. Өйткені, қазір теңізіміз тартылып орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды, осының бәріне кім кінәлі Әрине ,адам бәрі адамдардың рақымсыз істерінен , кешегі табиғаттың тамаша кездерінде өмір сүрген ата- бабаларымыздың ескерпелерін орындаманың кесірінен десекте болады.

Ойын "Табиғатты аялайық". Әр бала табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелейтін тиым сөздер айтады.

1. Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.

2. Ағашты кесуге болмайды.

3.Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ.

4. Күнімізді бұлт баспасын.

5. Көбелекті өлтірмеңдер, ол әдемілік белгісі.

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғай.

Табиғатпен достасып,

Жақсы істермен қолдайық.

Табиғат деген не

Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүре алмайды. Өйткені адам баласы табиғатта тіршілік етеді. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Қазіргі таңда табиғаттың ластану үлкен мәселе болып отыр. Барлық дүние жүзінде қорғау шаралары қарастырылуда. Табиғат бізден үлкен көмек күтеде.

Табиғаттың зардаптарын болдырмау үшін және табиғатты мен не істеуім керек . Міне осы сұрағыма жауап тапқан сияқтымын. Күнделікті өмірдегі автокөліктерден шыққан ұлы газ өнер кәсіптік құбырлардан шыққан химиялық ұлы қалдықтардан табиғатты қорғауға менің шамам келмес. Ал өзің шомылатын Тобыл өзеніне қоқыс тастамасам , басқаларға тастатпасаң бұл менің суды қорғағаным. Көктемдегі құстар келіп жатқан сәтте бұзақы балалар рогаткамен құсты атып жатуы жиікездеседі. Осындай сәтте біз оған жол бермесек құстар түрі біздің елімізде көбейеді.

Табиғат тіршілік иелерінің бәріне де керек, ауа, су, жылу, жарық қажет. Бұл тіршілік қажеттерін алар табиғаттан алады. Осының өзіде адам, өсімдік пен жануар сияқты тірі табиғаттың перзенті екеніне дәлел бола алады. Табиғатқа тау, тас, ауа, жан - жануар, шатырлаған найзағай, жауын - шашын, ақ ұлпа қар сияқты құбылыстарды жатқызуға болады. Осы құбылыстарды 4 мезгіл арқылы баяндай аламыз.



Жұмбақты шеш Табиғат құбылыстары тұралы

1) Қолы м енен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп. (Аяз)

Күн сәулесін төгілгені әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.

Биік-биік шыңдарымда әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі

Сұңқар құстың самғағаны әдемі

Даланы әнге бөлген құстарым қандай әдемі

Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі

Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі

Сары түске боялған күзім қандай әдемі.

Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Гүлдей бер , жер -Ана

Аспаның ашық болсын

Аспаныңды бұлт торламасын

Тоғайың аң мен құсқа толсын

Суың мөлдір , таза болсын

Өзен , көлің,теңізің балықтарға толсын!

Орманың қызыл , жасыл гүлдерге толсын!

Қорытынды


Табиғат сені сүйеміз,

Басымызды иеміз.

Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.




































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ ән әлемінің падишасы Роза Бағланова

Сабақ мақсаты

Қазақ халқының әншісі Роза Бағланова өмірімен, шығармашылықтарымен таныстыру

Ұлтымыздың вокалді оркестрінің қайраткерлер өмірімен таныс болу

Музыкалық білімдерін,ән орындауға дағдыландыру

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Білу және түсіну 10 минут

Әнші Роза Бағланова туралы видеоролик көрсеіледі Оқушылар негізгі тақырыппен танысады

Бағланова Роза Тәжібайқызы

Қазақстан және КСРО халық әртісі. 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған.
1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды.
1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші-солистік қызмет атқарды. Сол ансамбльмен Ұлы Отан Соғысы жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 ж. 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.

1947-1949 жж. Қазақ Опера және балет театрының, 1949 жылдан қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады.
Роза Бағланова эстрада артистерінің Бүкілодақтық II конкурсының дипломанты (1946 ж.), Жастар мен студенттердің Будапештте өткен II Халықаралық фестивалінің лауреаты (1949 ж.).
Р. Бағланова Кеңес сазгерлерінің, Кеңес Одағы халықтарының, сондай-ақ шетел халықтарының (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді, т.б.) әндерін орындайды.
Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда және т.б. елдерде концерттік сапарда болды.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
Одан бергі жарты ғасырдан астам уақыт бойы Р. Бағланова қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арнаға шығуына үлкен үлес қосты.
Р. Бағлановаға арнап сазгерлер - Ә. Есебаев, Б. Байқадамов, Ш. Қалдаяқов, Б. Жамақаев, Н. Тілендиев ән жазған.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Синтез

Ұжымдық жұмыс

Роза Бағланова апамыз жайында не білесіңдер?

Әнші мамандығы қандай мамандық?

Қай елдерге гастрольдік сапарда болған?

Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.
































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Семей ядролық полигонының жабылуына-30 жыл

Сабақ мақсаты

Оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. Қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру. Семей полигонын жабуға күш салған Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев, Х. Матаев, Н. Сабильянов, М. Аймақов сынды қоғам қайраткерлерімен таныстыру, олардың өнегелі өмірлерін үлгі ету.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің!

Кең пейілді, дархан жүректі, қонақжай елімнің байтақ жерінен басқа жер таппағандай Абай, Шәкәрім сынды ғұламалар туған жерді атом бомбасының сынақ алаңына айналдырғандар талай жанның көз жасына қалғаны хақ.

1947 жылы 21 тамызда КСРО Үкіметінің арнайы қаулысымен «Семей - 21» деген шартты атаумен жаңа жасырын қала пайда болды. Қала әскери - өнеркәсіптік кешеннің мүлде жаңа құрылымына яғни ядролық сынақ полигонына толық қызмет етуге тиіс болды. Алға қойылған міндеттерін бұрын соңды көз көріп құлақ естімеген құрамы ескеріле отырып, ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан жайылымдар, шабындықтар, таулы қыраттар есебінен 18 мың шаршы км - дей жер бөлініп берді. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын, реакторлар кешенін, «Балапан», «Г»(Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш»сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты (жылына 14 - 18 сынақ) құрады. Олардың 116 - сы ашық болды, жер бетінде, әуе кеңістігінде жасалды. Сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

1949 жылы 29 тамызда тұп - тура таңғы сағат 7 - де Семей ядролық сынақ полигонында тұңғыш рет КСРО мемлекетінің ядролық қаруы сыналып, қуаты 20 килотонналық РДС - 1 плутоний заряды жер бетінде жарылды. Көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп аспанға көтерілген. Таяу жердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от - жалынға таңырқап қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан - тәсілім алдында жанталасқан тышқан, қарсақ, кесірткелердің өлі денесі табылған.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

«Тәрбие - тал бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау - әрбір адамның міндеті. Ендеше, табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуларыңа тілектеспін.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.
































Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына -180 жыл

Сабақ мақсаты

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.

2. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,  өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

3. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Ыбырай туралы мәлімет

Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның

қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық

тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым

В.В Григорьевпен жақын танысып алды.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды. (слайд 2)

1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап,

халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсыкүрестің бір жолы есебінде қарайды.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын»

балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды.Олардың бірқатарын өзі жазды.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов.

(білім шырағын жағу)

Алтынсарин – қазақтың жарық  шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин – елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды

Алтынсарин – даланың қоңырауы.


Тірек сөздермен жұмыс жасау.
























Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Су тіршілік көзі

Сабақ мақсаты

Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Көзімізді жұмамыз. Еркін отырамыз. Мен орманға бардым. Орманның табиғаты өте тамаша. Аспандағы күн біздің денемізге шуағын шашып тұр. Күн мені жылытты. Күннен ләззат алдым, орманның ауасы не деген таза. Таза ауасымен дем алдым. Айналамда сарқырап су ағып жатыр. Суға беті - қолымды жудым. Таза суынан іштім.

- Балалар, біз қай жыл мезгілімен қоштасып жатырмыз?

- Күз мезгілімен.

- Дұрыс айтасыңдар!

- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалардың жауабы

- Ал енді қай жыл мезгілі келіп жатыр?

- Қыс мезгілі.

- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалардың жауабы

- Балалар, таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?

- Әке, ана, ата, әже

- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?

- Аспан, бұлт, машина, ит,

ағаш, мысық, жер т. б

- Балалар, қалай ойлайсыңдар,

күн, су, ауа керек па?

- Ия, күн, су, ауа бізге керек.

- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?

- Табиғат

- Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат болып.

- Қане бәріміз қайталайық.

- Өлі табиғат және тірі табиғат.

- Өлі табиғатқа: су, ауа, жер күн, бұлт, құм, жаңбыр жатады.

- Ал тірі табиғатқа: адамдар,

құстар, өсімдіктер, гүлдер, жан - жануарлар, балықтар жатады.

- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап, шешуін табыңдар!

Жұмбақ

Аспан түстес сұйық,

Әркім ішер құйып. (су)

(Осы сәтте магнитофон арқылы жаңбырдың тамшысының тырсылы естіледі).

- Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдайтын сияқты.

(Балалар таңырқай қарап, тыңдайды.)

Ғажайып сәт

- Бізге қонаққа Тамшы келіпті.

- Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік.

Балалар сәлемдеседі.

Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып, оқығым келеді.

- Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.

- Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?

- Тамшы: Әрине білгім келеді.

- Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр.

Балалар экранға назар аударады.

- Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.

- Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.

Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар, мына ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2, 5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы. Суға қоқысты тастауға болмайды, жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.

- Ал балалар, су туралы кім қандай мақал - мәтелдер, тыйым сөздер біледі? Қане кім айтады?


1. Судың да сұрауы бар.

2. Су анасы - бұлақ

Сөз анасы - құлақ

3. Сумен ойнама - батарсың

Отпен ойнама - жанарсың

4. Сулы жер - нулы жер

5. Су - табиғаттың ажары

Су - тазалықтың досы

6. Суды шашып ойнама

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытындылау:

- Су қандай табиғатқа жатады?

- Өлі

- Бізге қонаққа кім келді?

- Тамшы келді.

- Адамдарға су не үшін керек?

- ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз.

- Өсімдіктер, жануарлар, балық -

тар сусыз өмір сүре ала ма?

- жоқ

- Судың иісі, дәмі,, түсі бар ма?

- жоқ

- Адамдар қандай су ішеді? Тұщы су ма, ащы су ма?

- тұщы су

- Ненің суретін салдық?

- жаңбырдың

- Суды үнемдеу керек пе?

- ия

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет!


Тірек сөздермен жұмыс жасау.






















Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мұқағали Мақатаевтың туғанына-90 жыл

Сабақ мақсаты

Ақын өмірі мен өлеңдері туралы оқушылардың жан – жақты білуі. Балаларды ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп, көркем оқуға дағдыландыру. Отанды елді сүюге, имандылыққа, өнерге деген құштарлық сезімін ояту.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Биыл М. Мақатаевтың туғанына 85 жыл толады.Ақын 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Мұқағалидің әкесі 1941ж Калининград майданында қаза табады.

М.Мақатаевтың "Арыз жазып кетейін" өлеңін тыңдау. Ақтоты: "Қарасаз"

· 1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

· 1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;

· 1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдерін жариялады;

· 1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;

· 1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;

· 1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;

· 1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;

· 1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;

Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. М.Мақатаевтың сазды лирикалық өлеңдерін оқыған сазгерлер үлкен әсерде болады. Мұқағали өлеңдеріне көптеген әндер шығарылды. Бұл Мұқағали өлеңдерінің өте бір нәзіктігі. Сазгерді ән салуға жетелеп, өмірге талай тамаша ән әкелді. Мұқағалидың жырлары жастардың жүрегіне, халқының жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Оқыған сайын жаңа сырларын, сырлы саздарын төгуде.

М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ.

Ақын поэмаларының ішіндегі ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағына жарияланды.

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» -деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.

Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

Деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдері еш уақытта өлмейді.

Әттең, шіркін!

«Үш бақытым »

Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, халқымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз.

М” дегеніміз-Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі-Мұхамедқали “Ұ” дегеніміз- ұрпаққа ұлағатты ұлан-ғайыр жырларын Мұқағали атамыз зор сеніммен аманат етті. “Қ” дегеніміз-Қарасаз ,яғни Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылы , Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл. “А” дегеніміз- “Аманат”, “Аққудың қанатына жазылған жыр” кітаптарының авторы Мұқағали Мақатаев . “Ғ” дегеніміз-Ғасыр. Яғни Мұқағали Мақатаев “Ғасыр ақыны”.Ғасырдан ғасырға өз оқырманын тауып , жырларын мәңгілікке қалдырған. “А” дегеніміз-Асқар Оразақын. Асқар-ақын , зерттеуші. Мұқағалидың бар шығармаларын зерттеп ,4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы. “Л” дегеніміз-Лашын,Мұқағалидың өмірлік жары . Шын аты Ләсима Әзімжанова . “И” дегеніміз-имандылық .Адамзатқа ең бірінші имандылық керектігін Мұқағали “Дүние жүзі мұсылмандарына хат” деген өлеңінде жырлайды.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытындылау:

- "Сәби болғым келеді"

Құс та болғым келмейді қанатым бар Қанатым бар күмістен жаратылған

Сәби болғым келеді, сәби болғым Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған

дей келе бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.


Тірек сөздермен жұмыс жасау.















Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен және менің бақытты отбасым

Сабақ мақсаты

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз

  1. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?

  2. Әкелеріңнің анасы кім болады?

  3. Отбасының тірегі кім?

  4. Үйдегі алтын қазық кім?

  5. Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?

  6. Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?

(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару)

    ІІІ. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.

    ІV. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:

1-оқушы  Роллан

Бала,бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

2-оқушы Шыңғыс

Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мерейі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

3-оқушы Айдана

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойында аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.

Не десеңде әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

4-оқушы Рахима

Бойға қуат береді.

«Әй, жарайсың» дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

5-оқушы Аружан

Әкем шытса қабағын,

«Байқа, балам» дегені

Алған көп-ақ сабағым

Жақсы көрем мен оны.

6-оқушы Бақытжан

Сабағымнан қалмаймын

Бес аламын бәрінен

Озат оқып әрдайым

Қуантамын әкемді

7-оқушы Аян

Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.

8-оқушы Айдана

Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,

Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

9-оқушы Адалхан

«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,

Қуат алдың, анажан, өзің неден?!

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірін түсінбеген

10-оқушы Бақдәулет

Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Қорытындылау:

Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.





















Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:


Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алғыс айту

Сабақ мақсаты

 -Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға  үйрету;
– Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым - қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Жер - Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде
Бастысы – алғыс айта білу...

1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2.
Әкеге – қорған болғаны үшін,

3.Ұстазға білім бергені үшін
4. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
5. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..

Бірге: Рахмет айтамыз!
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





.











Соңы

Ал, балалар!

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тірек сөздермен жұмыс жасау.


























Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!